Тақырыбы: Адам ағзасына химиялық элементтердің әсері



Дата01.04.2018
өлшемі236.46 Kb.
#64055
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ

№15 «ТӨРТКҮЛ-ТӨБЕ» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ


Химия пәнінен ғылыми жұмыс



Тақырыбы: Адам ағзасына химиялық элементтердің әсері

Орындаған: Елданова Диана, 8-сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Наурызбаева Ақнұр, химия пәні мұғалімі

Мазмұны


І Кіріспе...................................................................................................................2

1.1. Химиялық элементтерге жалпы сипаттама....................................................3

1.2. Адам ағзасын құратын химиялық элементтер................................................4

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Химиялық элементтердің азық – түлік және жеміс – жидектердегі мөлшері...................................................................................................................10

2.2. Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы...........14

2.3. Адам ағзасындағы химиялық биогендік элементтердің ролі.....................16



ІІІ Қорытынды бөлім

Қортытынды...........................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................18

Кіріспе

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау ісіне айрықша мән беріліп, байыпты да жүйелі өзгерістер талап етілуде.

Ешқандай байлыққа бағаланбайтын халықтың денсаулық жағдайын тексеруден өткізу, ол жүйеге қолдау көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау қай кездегіден де маңызды сипат алып, медицина саласы қызметіне айрықша серпін беретіні анық. Мемлекетімізде соңғы жылдары тиісті қаражаттар бөліп, халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлініп, ғалымдарымыз табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасына бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететінін анықтал­ған. Олардың табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50 пайызын оттек, 25 пайыздан астамын кремний құрайды. Оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт,азот,марганец, фтор, барий жер массасының 99,8 пайызын құраса, ал қалған 0,2 пайызы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.

Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында неміс ғалымдары Вальтер мен Ида Ноддактар Менделеев кестесіндегі элементтер әр жұмыртаста кездесетіндігін айтқан. Әуелгіде бұл пікірдің қолдаушысы табылмады. Кейін ғалымдар химиялық элементтерге талдау жасап, зерттеп, зерделеп, шындыққа көз жеткізді.

Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен хи-миялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды.



Химиялық элементтерге жалпы сипаттама

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады.

Атап айтар болсам, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.

3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.



Адам ағзасын құратын химиялық элементтер

Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий — шашта, кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Жетіспесе, ауырасыз.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғай-ған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.

Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады.

Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді.

Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.

Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.

Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 - әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О

Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.

Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.

Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді.

Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады.

Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады.

Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.

Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады.

Фосфор тұздары . Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады.

Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 – 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін.

Ал фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де керек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.

Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.

Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Сүйек пен тісте фосфор қышқылының тұздары өте – мөте көп.

Көміртек, сутек және оттек көмірсулар мен липидтердің(майлар) де құрамына кіреді.Ал фосфор фосфолипидтердің құрамына фосфатты топтар түрінде кіреді. Көп мөлшерде липидтер бас миында (12%), бауырда (5%), сүтте(2-3%) және қан сұйықтығында (0,6%) концентрленеді. Фосфордың негізгі бөлігі сүйек ұлпасында-600г.Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%-ын құрайды.Фосфор-органогенді элемент, зат алмасуда басты роль атақарады. Жасушаішілік құрауыш АТФ-тің құрамына енеді және адам қаңқасы мен тісте фторапатит түрінде болады. Тірі ағзалар фосфорсыз дами алмайды. Адамдарға тәуліктік қажеттілігі 1,3г.

Күкірт- адам ағзасында 0,16% массалық үлесте кездесетін микроэлемент. Ересек адамның тәуліктік қажеттілігі 4-5 г-дай.Ол көптеген биомолекулалар-ақуыз, амин қышқылдары(цистеин, цистин, метионин) гормондар (инсулин, дәрумен –В1) құрамына енеді. Шаштың каротининде, сүйекте, жүйке ұлпаларында көптеп кездеседі.

Магний-ағзадағы мөлшері 20г. Адам ағзасында тіс кіреукесінде, сүйек ұлпаларында, ми, бауыр, бұлшықет, ұйқы безінде кездеседі. Калий мен магний жасушаішілік сұйықтарда, натрий мен хлор жасушааралық сұйықтарда болады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек.

Натрий- адам ағзасының миына, сүйегінде, бүйрегінде, ас қорыту сөлінде, жұлын сұйықтығында, көз шырынында, қан түйіршіктерінде болады. Натрий ионы адам ағзасының ішкі ортасының қалыпты болуы үшін үлкен роль атқарады. Олар су мөлшерін реттейді, ферменттердің жұмысын жақсартады. К+, Мg2+, Ca2+, Cl-, Na+ иондары жүйке импульстері мен бұлшықет жасушаларының жұмысына қатысады. Ағзада натрийдің өзгеруінен жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары, бұлшықет қызметтері бұзылады.Әр күні адам ағзасына 1г натрий қажет, оны ас тұзы түрінде қабылдайды. Сау адамның ағзасында Na+ қажеттілігі мен ағзадан бөлінген Na+ тепе-теңдігі сақталады. 90 пайыздай натрий несеппен бірге шықса, қалған мөлшері термен шығарылады.

Калий ионы- жүрек соғысын қалыптандырады, зат алмасуға әсер етеді, бұлшықеттердің жиырылуы мен жасуша ішіндегі ферменттерді белсендіреді. Ересек адамдар ағзасы күніне 2-3г. Калийді қажет етеді. Калий қан қысымын төмендетеді. Жүрек қағысын реттейді.

Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғар-ғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланыс-ты екендігі түсінікті.

Микроэлементтер деп аталатын ағзадағы мөлшері 0,02 % болатын йод, мыс, мышьяк(күшән), фтор, бром, стронций, кобальт жатады. Бұл элементтер ағзада жүріп жататын биохимиялық процестерге тікелей қатысты. Олардың ішінде мыс-ересек адам ағзасында 100мг,бұлшықет, бауыр мен мида болады. Күнделікті ағзаға қажеттілігі 2,5-5мг.

Кобальт пен стронций – ересек адам ағзасында 1,2 мг болады. Олар эритроциттердің түзілуі мен лейкоз ауруын болдырмауға қатысады.

Ал фтор кальций және калий, натриймен қосылыс түзіп сүйектің, тістің кіреукесінің мықты болуын қамтамасыз етеді. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып қалады. Ол суда кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз, немесе кездеспеуі мүмкін. Мұндай жерде тұратын халықтардың тісі жақсы деп айту қиын. Тіс жолақ -жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Жан азабын қатты тарттырады. Фтор жетіспегендіктен тістерді кариес қаптап кетеді. Ал суларында фторы көп жерлерде тұратын халықтар арасында тістерін де кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдеген де, балалардьщ тістері тез жазылып кеткен. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде мынандай оң қорытынды бермеген. Суларында фтор аз жерлердің тұрғындарына химиялық құрамындағы фторы бар препараттарды беріп отыруды дәрігерлер жөн көреді. Мұның бәрі арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылары деп түсіну керек. Сондай-ақ, өмір тәжірибесінде алынуы сөзсіз.

Ал мышьяк(күшән)- өте аз мөлшерде ми ұлпалары мен бұлшықетте болады. Оның көп мөлшері өте улы.

Ультрамикроэлементтер біздің ағзадағы мөлшері міз 10-5 пайыздан төмен. Оларға сынап, алтын, күміс, уран, торий, родий жатады.

Ересек адамдар ағзасында 1мг күміс, 10 мг алтын кездеседі. Күміс пен алтын тұздарының ежелден антисептикалық қасиеті бар.

Родий-ағзадағы мөлшері10-11-10-12 пайыз. Ол сүйек ұлпаларын азықтандырады, зиянды ісіктерді болдырмауға көмегі бар.

Мырыш – ұйқы безінде, алюминий, мышьяк, ваннадий-шашта, кадмий, сынап-бүйректе, молибден- бүйректе және мидың ақ затында, қалайы – ішек ұлпаларында және тілдің сілемейлі қабықшасында, стронций – қуық безінде,сүйек ұлпасында, барий – көздің торлы пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде, никель-ұйқы безінде, бор-май ұлпаларында, темір – қанда, етте жинақталған. Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш.

Рубидий, цезий, франций элементтері онкологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын радиоактивті элементтер екені белгілі.

10 металды Ca, К, Na, Mg, Fe, Zn, Cu, Mn, Мо, Со жатқызған. Шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады: кальций-1700г, калий, натрий -250г, магний – 42г, темір – 5г, мырыш – 3г, мыс – 0,2г, марганец, молибден, кобальт- бірге есептегенде 0,12г болады. Өздеріңіз көріп отырғандай осыншама адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді біз ағзаға қоршаған ортамен тікелей байланыстың арқасында ауадан, судан, өсімдіктен және жануарларды тамақ ретінде пайдалану арқылы толықтырып отырамыз.

Селен де микроэлемент. Ағзада селенопротейндердің азаюы әртүрлі вирусты, инфекциялы аурулардың туындауына әкеп соғатынын, селен тапшылық жерлерде ісік онкологиялық аурулар жиі кездесетінін, селеннің адам ағзасында азаюы, иммунитет тұрақтылығын бұзатынын да ғалымдар зерттеп дәлелдеген. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді. Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі.

Алтын. Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.

Күміс. Бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажа-йып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиетте-ріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған.Сірә, алтын-күміс қасықпен ас ішу тек қана байлықтың көрінісі ғана емес, салауаттылықтың да белгісі болса керек.Күміс бактерияларды залалсыздандырады. Осы қасиетіне байланысты баланың кіндігі түскенде, бала қырқынан шыққанда күміс қасық не күміс білезік салынған суға шомылдыруды атам қазақ ертеден білген деседі.



Химиялық элементтердің азық-түлік және жеміс-жидектердегі мөлшері

Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады.

Ағзада кальций құрамы көп болып кетсе, адам цистит ауруына шалдығады. Ал кальций цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян болады.

1 – сурет.





Сүт ірімшік сүт сірне (сыр)








Қара нан Жұмыртқа сарысы
Құрманың зияны жоқ. Кептірілген құрма – адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның құрамында ақуызбен көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец, магний, калий, кальций, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.

Құрма құрамындағы амин қышқылы жөнінен алма, апельсин мен бананды жолда қалдырады. Бұрынырақта халық емшілері құрманы асқазан, ішек ауруларына ем ретінде қолданған. Құрма күш – қуаттың қайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді.

Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 – 15 түйірден артық жеуге болмайды.

1 – сызбанұсқа.



Fe

K Ca 10-15 түйір күніне

Mg Көмірсутек



Mn Ақуыз




Ішек ауруына көмек етеді

Cu Бұлшық ет нығаяды

P Se асқазанға пайдалы Ана сүті молаяды
Тамақ рационында фосфордың қажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп. Әр өнімнің 100 г мөлшеріндегі фосфор төмендегі мысалда келтірілген.

2 – сурет.





Қара нан 100-200 мг Сүт сірне (сыр) 400-600 мг Жұмыртқа


Қырыққабат 31 мг Ет 150-200 мг



Ірімшік 217-224 мг Балық Лобия 541 мг
Асқабақ Латын Америкасынан шыққан, бірақ ол біздің жерімізде де орнықты. Қызғылт, сары, дәмді балдырынан басқа оның емдік қасиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе қауын тәрізді емес, дөңгелек асқабақтың тұқымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36 – 52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар, Е, А дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.

Құрамындағы мырыш бойынша асқабақ пен күнбағыс ерекше даңққа ие болады, өйткені осы өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан соң екінші орынды иеленеді. Ал мырыш әйелдерге қарағанда ер адамдарға 5 – 8 есе артық қажет.

Нәруыздың құрамына көміртек 51-55%, оттек 22-24%, азот 15-20%, сутек 6,5-7%, күкірт 0,3-2,5%, фосфор шамамен 0,5%-ды құрайды.

Калий бананда, өрік-мейізде, картопта мол болады.

Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.

Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады.

Қазақта «Тамақ дәмін тұз келтірер, тұз болмаса не келтірер» деген сөз бар. Ас тұзы адам ағзасындағы заттар тұрақты болу үшін және биосұйықтықтың осмос қысымын тұрақты ұстау үшін үлкен роль атқарады. Ол ағзаға толық тарай отырып, қан сарысуында, арқа-жұлын сұйықтығында, көз сұйығында, ас қорыту сөлінде, өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпасында, өкпеде, мида хлоридтер, фосфаттар, гидрокарбонаттар түрінде кездеседі. Сондықтан қазақ халқы тұзды нанмен бірдей қадірлеген, мақал-мәтелге қолданған және тұзға байланысты ырымдар мен тиым сөздер де бар.Мысалы: «Ас иманы-тұз», «Доссыз өмір-тұзсыз ас», «Тұзды шашпа, аяқпен баспа»т.б. Әрине көп мөлшерде пайдалану ол да зиян, ал мүлде тұзды пайдаланбау ол да зиян екенін ұмытпайық.

Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, темірі бар ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал өте аз мөлшерде тіршілікке маңызды болып табылатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе, улы болып табылады. Сурьма, висмут микроэлементтерінің артық мөлшері ағзада эндемиялық зоб ауруын тудыратыны анықталған. Тағамдағы заттардың концентрациясына ағза реакциясының тәуелділігін анықтағанда егер қажетті элементтер ағзада төмен болса ағзада дефицит яғни жетіспеушілік болады да ағзада өзгеріс болады, ал оптималды болса қалыпты денсаулық сақталады, егер қажеттіліктен жоғары болса ағзаға улы тіпті өлім қаупін туғызады.



Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы

Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Кальций-ағзада 1,4% болады. Тіс ұлпасында, жүрек, бауыр, бүйрек, сүйек ұлпаларында кездеседі. Орта есеппен ересек адамға күніне 1г кальций қажет. Тамақ құрамынан келген кальций ішек жолдарында гормондардың түзілуіне әсер етеді.Сүйекте, тісте кальций ерітілмеген кристалдар түрінде, лимфа қан тамырларында иондалған түрінде болады. Қанның ұю механизмі, бұлшық еттің жиырылуы, жүрек қан тамырларының жиырылуы, жүйке жүйесінің жұмысы да иондалған кальцийге байланысты.

Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғаш-қы кезекте қалқанша безінің ау-руын қоздырады.

Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр.

Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.
1 – кесте. Йодтың күндік нормасы


Йод мөлшері (мкг)

Категориясы

Жасы

50

Емізулі сәби

Алғашқы 12 айда

70

Ерте жастағы балалар

1- ден 2 жасқа дейін

90

Мектеп жасына дейінгі балалар

2- ден 6 жасқа дейін

120

Бастауыш және орта сынып оқушылары

7- ден 12 жасқа дейін

150

Жасөспірімдер, ересектер

12- ден жоғары жастағылар

200

Аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдер



Ең жоғарғы мөлшердегі өнімі – теңіз өнімдері (800 – 1000 мкг/кг). Теңіз балдырлары мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті азықта тіпті аз.

Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80 – 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:


  1. йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет.

  2. микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.

  3. кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.

  4. йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.

  5. йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін

Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.

Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады.

Мырыш жетіспесе нәрестелердің өліп кетуі де мүмкін екен. Содан соң жасөспірім шағында ер балаларды безеу, шаштың майлы себореясы. Бұдан құтылудың жолы – мол мырыш жеу, мысалы, асқаьақ тұқымын немесе күнбағыс пістесін шағу.

Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.

Ағзада мырыштың жетіспеушілігі адамның сусамыр ауруына шалдығуына әкеп соғатыны анықталған, сонымен бірге әртүрлі тері ауруларына да ұшырайды.Кейінгі кезде ғалымдардың зерттеуі бойынша арақ-шарапқа көп үйір адамның қанында мырыштың мөлшері жетіспейтіні анықталыпты.Егер мырыш ағзада көбейіп кетсе кальцидің құрамы төмендеп остеопороз (сүйек сынғыштығы) ауруы пайда болады.

Мыс жетіспесе мыс жеткіліксіз анемия ауруы пайда болады. Онда ұлпалардың қалыпты дамуы нашарлайды.Көздің қалыпты көруі бұзылады. . Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші — адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі.


Адам ағзасындағы химиялық биогендік элементтердің ролі.

Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық ролі әртүрлі, әрі өте маңызды болып келетінін білдік. Бірақ ағзаға биогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялық гомеостаз бұзылады.

Гомеостаз деген термин ол грекше тұрақты, біркелкі деген мағына береді. Яғни тіршілік деңгейінде жүретін биологиялық процестердің сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне қарамай, өзінің құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын сақтай алатын жағдайы. Мысалы, тағамда марганец артық мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді(марганец пен мыс синергизмі), ал бүйректе азаяды (антогонизм).

Көптеген элементтер (күміс, сынап, қорғасын, кадмий, күшән(мышьяк) және т.б.) улы болып табылады, олар ағзаға мөлшерден сәл артығырақ түскеннің өзінде ауыр патологиялық әсер қалдырады.



Қорытынды:

Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде орын алған 118 элементтің 80-ге жуығы тірі ағзаның құрамында кездесетіндігі дәлелденді.

Химиялық элементтердің биологиялық ролін зерттеу, осы элементтердің алмасуының ара қатынасын және басқа да биологиялық белсенді заттар – ферменттерді, гормондарды, дәрумендерді анықтау арқылы жаңа дәрілік препараттарды жасауға және оларды реттеудің оптималды режимін табуға мүмкіндік береді деп қорытындылаймын.

«Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» жөн ғой. Ағзада үнемі элементтер қоры болуы үшін уақытында әрі құнарлы тамақтанып жүрген абзал.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. - А.: Дәуір, 2001. 715-б

2. Кузнецов В.И. Принципы активной педагогики. – М.: Академия, 2001.-95с.

3. Сеитов З. С. – Биологиялық химия. Алматы. Қайнар», 1992 ж.

4. Сейтембетова А. Ж., Лиходий С. С. – Биологиялық химия., Алматы. «Білім», 1994 ж

5. Ж.Ә. Шоқыбаев –Бейорганикалық және аналитикалық химия., Алматы «білім» 2003. 262 бет

6. «Химия мектепте» журналы №1/2009, 29-31 бет

7. «Денсаулық» журналы №2/ 2007, 13-14 бет



8. «Денсаулық» журналы №1/ 2009, 28-бет





Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет