Таңба тағу және кемсіту



Дата28.05.2017
өлшемі26.02 Kb.
#11550
Таңба тағу және кемсіту

ЖИТС—ғаламшарымыздағы көптеген адамдарды сәт сайын өмірден әкетіп жатқан қатерлі және басты бес аурудың қатарына жатады. Бұл індет күн өткен сайын жаңа өңірлерде шарпып, жайыла түсуде. Осы жылдары АИТВ және ЖИТС жөніндегі біліммен қатар қоғамның аталмыш проблемаға деген көзқарасы да өзгерді. Адамзат белгісіз аурудың алдында білімсіз болды және орынсыз үрейленді, ал саламатты ой арқылы есіру мен житсфобияны жеңуге қол жетті.

Гректер жеке адамның моралдық күйінің әлдебір әдеттен тыс немесе нашар жақтарын көрсету үшін, дене белгілерін атау мақсатында «стигма», яғни, «таңба тағу» деген терминді ойлап тапқан. Адам денесінде ойып жазылған немесе күйдіріліп жазылған белгілер осыны иеленген–құл, қылмыскер, сатқын дегенді білдіретін болған, яғни өзінің абыройына кір келтірген адам дегенді білдіреді, ал сол кісі, әсіресе, көпшілік жиналатын орындардан қашық жүруі тиіс болған.

Қазіргі кезде де осы термин кеңінен қолданылады, алайда, ол денедегі қаншалықты белгіні емес, жеке дара адамның осындай күйінің соншалықты кемсітілгенін көрсетеді.

Біз күнделікті өмірде ойланбастан осының бастапқы мәніне көңіл бөлместен, образды тұжырым ретінде таңба тағуды айқындауға арналған мынадай ерекше терминді пайдаланамыз:

-жарымжан

-кемтар

- ЖИТС-пен ауру

- Даун

- шизофреник.



Таңба тағу кемсітушілікпен өзара байланысты.

Кемсіту–бұл таңба тағудан туындайтын келеңсіз қылық және таңба тағылатын адамның өмір сүру мүмкіндігін арзандату (бағасыздандыру) және мүмкіндігін төмендету мақсатында жасалады.

Таңба тағушылық кемсітушілікті туғызады, ал ол өз кезегінде, көтермеленетін және таңба тағушылықты күшейтетін ішкі таңба тағушылықты туғызады, осылайша жасалатын, қайталама тұйық.

Таңба тағушылық пен кемсітушілік АИТВ/ЖИТС-ке байланысты тиімді алдын алу мен медициналық күтім жасау ісін жүзеге асыру жолында елеулі кедергі болып табылады. АИТВ инфекциясының алғашқы оқиғасын моральдық бейнесіне осындай диагноз қойылған адамға жапсыра салған, бұл проблема тұрғын халықтың басым көпшілігіне қатысы жоқ деп есептеу жалғасып келеді.

Оған қарамастан, уақыт өте келе індет те өсе түсуде. Отандастарымыздың көпшілігі АИТВ-мен өмір сүруге үйрене бастады, Қазақстандық отбасылардың көпшілігі осы індетке шалдығып, қоғамдағы соқыр наным мен кемсітушіліктен зардап шегуде, проблемаға көз жұмып қарап және зардап шеккендердің барлығына кінә артудан жазбауда.

Үрейлену кемсітушілікке шалдықтырады, адамдарды ЖИТС-ке байланысты емделуге немесе өзінің АИТВ күйін ашық мойындауға жүгінуі осыны тежей алады. АИТВ жұқтырылған адамдарға немесе осыған күдік тудырған адамдарға, осыған байланысты медициналық-санитарлық қызметтен, тұрғын үйден немесе жұмыстан, сақтандырудан немесе шет мемлекетке шығуына бас тартылуы мүмкін, бұдан достары мен әріптестері де сырт айналуы мүмкін. Кейбір жағдайда осыларды өз отбасы үйінен қуып жібереді, оның жұбайы ажырасуға өтініш береді; күштеп зорлық-зомбылық көрсетудің немесе тіпті өлтіріп кетудің оқиғалары белгілі болып отыр. АИТВ/ЖИТС төңірегінде өз ата-анасының ЖИТС-тен қайтыс болуының салдарынан, иығына түскен ауыртпалықты еңсеруге талпынған балалардың бойындағы таңба тағушылық, келер ұрпаққа да ауысуы мүмкін.



Қазіргі кезде індет сипатының өзгергенін, сондай-ақ үкіметтің, мамандар көзқарасының, осының алдын алуға және күтіп баптау тәсілінің өзгергенін атап өткен жөн. ЖИТС бар жердегі елде өмір сүріп жатқан жекелеген адамның көзқарасы да өзгеруде. Осыған қарамастан, біз АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өз күйін жасырмау және қоғамның қолдауын алу мүмкіндігіне ие болуы үшін осындай жағдайға қол жеткізуге тиіспіз.

Г.Н. Жүсіпбекова,

дәрігер эпидемиолог.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет