Т. М. Блисов Қоршаған орта туралы ілім



бет1/3
Дата06.07.2017
өлшемі482.47 Kb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы

Т.М. Блисов



Қоршаған орта туралы ілім
Тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

5В080100 – Агрономия мамандықтарына арналған

Қостанай, 2012

ББК 20.1

Б 69


Автор:

Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.


Пікір білдірушілер:

Ахмет А.З., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.

Жемпиисов Ш. С., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.
Блисов Т.М.

Б 69 Қоршаған орта туралы ілім: Әдістемелік ңұсқаулар - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2012. – 30 б.


Әдістемелік нұсқауларда тәжірибелік жұмыстар және оларды орындау реті, бақылау сұрақтар және ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

5В080100 - Агрономия мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған

ББК 20.1
Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, ___ ___2012 ж. мақұлданған № хаттамасы

Қостанай мемлекеттік университеті, 2012


Мазмұны
Тақырыбы: Атмосфера биосфераның құрауышы......................................4

1 Атмосфераның құрылысы және химиялық құрамы..............................4

2 Атмосфераның ластануының табиғи және антропогендік

ошақ-көздері..........................................................................................................4

3 Атмосфераның ластануы және оның тірі организмдерге әсері.............5

Тақырыбы: Гидросфера биосфераның құрауышы....................................6

1 Су қасиеттері және тірі зат........................................................................7

2 Жер планетасы және гидросфера..............................................................9

3 Мұхит тіршілік ортасы, мұхиттың атмосфера және құрлықпен

қарым-қатынасы..................................................................................................10

4 Су проблемасы...........................................................................................13

5 Табиғи және ақаба суларды тазарту........................................................15

Тақырыбы: Тірі организмдерге теріс әсер-ықпал етуші

табиғи факторлар................................................................................................16

1 Тірі организмдердің қажетті тіршілік жағдайларын құраушы

табиғи факторлар................................................................................................16

2 Химиялық элементтердің биосферадағы таралуы және табиғи геохимиялық провинциялар...............................................................................18

3 Радиоактивтілік және тіршілік................................................................19

4 Магниттік өріс және тірі организмдер....................................................21

Тақырыбы: Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары........................22

1 Қазақстан республикасы қоршаған ортасының проблемалары...........22

2 Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру.................................................27

3 Қорықтар территорияларының торабын ұлғайту..................................28

Ұсынылған әдебиеттер тізімі......................................................................30


Тақырыбы: Атмосфера биосфераның құрауышы

Мақсаты: атмосфераның құрылысы және химиялық құрамымен танысу, атмосфераны ластау көздері және олардың тірі оргагизмдерге әсерін талдау.

Жоспар:

1 Атмосфераның құрылысы және химиялық құрамы

2 Атмосфераның ластануының табиғи және антропогендік ошақ-көздері

3 Атмосфераның ластануы және оның тірі организмдерге әсері


1 Атмосфера — Жердің тұтас ауа қабықшасы. Атмосфера Жерді 3 мың. км. биіктікке дейін қоршаған. Ол газ қоспасы мен ауа тозаңы бөлшектерінен тұрады. Атмосфералық таза ауа құрамында 78,09 % азот, 20,94 % оттегі, 0,9 % аргон, 0,03 % көмірқышқыл газы бар, ал қалған 0,003 % басқа неон, гелий, криптон, ксенон, азот оксиді, метан, сутегі, су булары, озон және т.б. газдардың үлесіне тиеді. Атмосфераның көлемінің 3 % дейін су буларына келеді. Атмосфераның құрамындағы тозаңның көп бөлігі Жердің үстінен көтерілген, бірақ ғарыштық және бактериалдық тозаңда бар.

Атмосфераның құрамы және қасиеттері әртүрлі биіктікте әртүрлі, сондықтан оны тропо-, страто-, мезо-, термо- и экзосфера деп бөледі. Ақырғы үш қабатты кей кезде ионосфера деп қарастырады.

Тропосфера (полюстарда 0 ден 7 км дейін және экваторда 18 км дейін). Тропосферада бар су булары және атмосфераның массасының 4/5 шоғырланған. Осыған орай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға байланысты. Жердегі ауа райы және климат атмосферада жылу, қысым және су буларының бөлінуіне байланысты болады. Су булары күннің радиациясын сіңіреді, ауаның тығыздығын арттырады және барлық жауын-шашынның көзі болып саналады. Тропосфераның температурасы биіктеген сайын төмендейді және 10— 12 км биіктікте минус 55°С жетеді.

Стратосфера (40 км дейін). Температура бірте-бірте 0°С дейін артады. 22—24 км биіктікте озонның (озон қабаты) максималды концентрациясы байқалады. Ол тірі организмдерге Күннің зиянды қатігез сәулелерінің көп бөлігін сіңіреді

Мезосфера (80 км дейін). Температура минус 60—80°С дейін төмендейді. Газдарда иондардың мөлшері жоғары болады, соның салдарынан полярлық шұғылалар пайда болады.

Термосфера (800 км дейін). Температураның артуымен сипатталады. Жеңіл газдар – сутегі және гелийдің және зарядталған бөлшектердің мөлшері артады.

Экзосфера (1500—2000 (3000) км дейін). Бұл қабатта атмосфералық газдардың ғарыштық кеңістікке шашырауы (диссипация или рассеяние) байқалады.
2 Ластаушы заттар атмосфераға табиғи және жасанды ошақ-көздерінен енуі мүмкін.

Табиғи ошақтар шартты түрде шыққан тегіне байланысты жерден тыс (космостық шаң) және жерде континенталды және теңіз текті деп бөлінеді.

Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады, жыл сайын жерге 2 — 5 млн. т. космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және неорганикалық, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі: тау-кен жыныстарның және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілілуі, жанартаудың атқылауы, орман, дала және шымтезек өрттері, теңіз бетінен судың булануы.

Атмосфералық ластанудың жасанды көздері негізінен техногендік болады, оларға кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, термоядерлік қаруларды сынау, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортағаа әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жадықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ,бу, ауа тозаңы), энергетикалық шағарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б.

Табиғи ластануларды биосфера жоюға, ассимиляциялауға және рециклизициялауға мүмкіншілігі бар. Атмосфералық ластанулар атмосферада шашырайды, жауын-шашындармен Жерге түседі, әрі қарай микроорганизмдермен зиянсыз заттар қосындыларына түрленеді. Атмосфераға антропогендік көздерден оразан зор ластағыш заттардың түсуі биосфераның оларды рециклизациялау мүмкіншіліктерінен асырып түсіреді.

Атмосферада ластағыш заттардың тәртібін зерттеу үшін келесі оның ерекшеліктерін білу керек. Ауа жеңіл жылжитын немесе ауысатын орта. Ауа құрамына тотықтырушылар кіреді, ал күннің сәулелері химиялық тотығу процестерінің жүруіне мүмкіншілік жасайды. Суда еритін заттардың айналымына атмосфералық ылғалдың агрегаттық күйінің тұрақты алмасуы едәуір әсер етеді. Жоғарғыда көрсетілген жағдайларға байланысты жердегі көздерден түсетін ластағыштар көп жағдайда басқада заттармен қосылып шыққан жерінен алыста байқалады. Химиялық өзгерулерден кейін алғашқы және жерге түсетін ластағыштар өзінің химиялық құрамына қарай өзгеше және өте бұзғышты болуы мүмкін. Заттардың жауын-шашынға шығуы (эмиссия) және түсуі қатты және сұйық аэрозолдық бөлшектердің пайда болуы мен атмосфералық жауын-шашындармен шайылуынан болуы мүмкін.



3 Ақырғы жылдары ауаның ластануы өнеркәсіп зоналарының өсуіне, біздің өмірдің технизациялануы және моторозациялануына байланысты артуы байқалады. Ауаға түсетін заттардың зиянды әсері олардың өзара реакциялары және метеорологиялық жағдайдарға байланысты артуы мүмкін. Халық тұғыздылығы жоғары және сонымен қатар зауыттар мен фабрикалар шоғырланған аудандарда ауаның ластануы өте тез өріс алады. Ауа райына байланысты ауаның циркуляциясы шектелген күндері тұмша пайда болады. Тұмша – тұрғын және өндіріс кварталдары үстінде жай көзбен көрінетін атмосфераның ластануы. Ол жылу энергетикасы, өнеркәсіп түтіндерінен және транспорт түрлерінен шыққан газдардан пайда болады.

Адамға ерекше қауіпті автомобилдерден шығатын газдар, оларда қорғасын тотықтары бар. Тіпті қорғасынның шығарынды газдағы аздаған концентрациясы адамның денсаулығына қауіпті, себебі олар өкпе және асқазан-ішек тракті арқылы организмге тез түседі, ал оны шығару өте қиын. Оның салдарынан гемоглобиннің синтезі, бауыр және мыйдың құрылымы бұзылады, бұлшықтардың әлсіреуінен сал (паралич) ауруы пайда болады.

Қышқыл құрайтын жауын-шашындар жер үстіндегі сулардың бұзғыштығын арттырады, себебі құрамында фтор, металлдар, оның ішінде стронциийдің мөлшері артады. Өнеркәсіп қалаларының шығарындылары, ағындыларында және қатты қалдықтарында қорғасын, мырыш, мыс, хром, никель, кадмий, ванадий және басқада металлдардың мыңдаған тоннасы болады. Ластағыштың көп бөлшегі топырақта жиналады, жер астындағы суларға қосылады, одан құдықтарға және су құбырына түседі. Ауаның қышқыл құрайтын шығарындылармен ластануы респираторлық ауруларды, астматикалық құбылыстарды туғызады, өкпе ткандарын бұзады.

Атмосфераны қорғаудың негізгі бағыттары. Атмосфераны сақтаудың негізгі шаралары кәсіпорындар мен тұрғын үйлердің маңында зиянды заттардың мөлшері ШРК деңгейінде болуына бағытталған.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін іс-шараларды төмендегідей 3 топқа бөлуге болады:

1. Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту және мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды енгізу.

2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.

3. Зиянды қосылыстарды бөлетін объектілерді тиімді орналастыру және жасыл өсімдіктерді көптеп отырғызу, егу.
Бақылау сұрақтары

1 Қоршаған ортаны сауықтыруда табиғи ауаны сақтау неге маңызды проблема болып саналады?

2 Жердің негізгі қабықшаларын атаңыз.

3 Атмосфералық ауаның негізгі ластағыштарын атаңыз.

4 Озон қабаты қалыңдығының азаюы неге әкеліп соғады?

5 Қалаларда тұмша қалай пайда болады?



Әдебиет: 1, с.207-407; 2, с.48-88; 3, с.236-366; 6, с.116-124; 7, с.156-176; 9, 39-179б; 10, 89-126б; 11, 216-230б; 13, 4-29б.
Тақырыбы: Гидросфера биосфераның құрауышы

Мақсаты: гидросфера, оның құрауыштары, гидросфераның ластану көздері мен гидросфераның ластануының экологиялық зардаптарымен танысу.

Жоспар:

1 Су қасиеттері және тірі зат

2 Жер планетасы және гидросфера

3 Мұхит тіршілік ортасы, мұхиттың атмосфера және құрлықпен қарым-қатынасы

4 Су проблемасы

5 Табиғи және ақаба суларды тазарту


1 Су табиғатта үш агрегатты күйде: сұйық, қатты және газ тәрізді түрде бола алатын жалғыз зат болып саналады. Мұхиттарда мұздар және айсбергтер қалқып жүреді. Қыста өзендер бетін мұз басады, ал аспанда жылдың кезкелген уақытында біз бұлттарды көреміз.

Біздің жанымызда мұз, су және су булары бір мезетте бола алады. Олардың рөлдерімен ауысып отыруға, біріне- бірі айналуға мүмкіншіліктері бар, бірақ планетада ешқашанда бір түрде ғана болмайды.

Жер бетіндегі барлық заттар, қатты дене, сұйықтық және газ болсын, суыған кезде сығысылады. Кезкелген сұйықтық мұз болып қатқан кезде олардыңөте тығыздалған қатайған және ауыр фракциялары батады және түбіне түседі. Кез келген, тек судан басқалар. Су – мүлде басқа.

Су булары, басқада газдар сияқты, көлемі азаяды. Қайнап жатқан сұйықтық, сууған кезде, алдында өзін басқада нормалды сұйықтар сияқты ұстайды, ал температурасы +100° С ден +4 °С дейін түскенде өзін басқаша, керісінше көрсетеді: +4°С - тан и толық қатқанға дейін су көбейеді, көлемі ұлғаяды. Мұздың көлемі, судың қатқанға дейінгі көлемінен, 1/11 артық. Бұл ұлғаю су құбырларына қауіпті, егер аязда оларда су қалатын болса, себебі олар болаттан болсада, қағаздан сияқты жарылады.

Су – Жердегі жалғыз сұйықтық, қатқан күйінде батпайтын. Ал енді су өзінің ерекше қасиеттерін өзгертсе не болар еді, соны байқап көрейік. Көлдер, өзендер, теңіздер және мұхиттар қыста түбінен бастап бетіне қарай қата бастайды, қыс ішінде жазғы айларда еріп үлгермейтін үлкен мұз сеңдеріне айналар еді. Теңіздер, мұхиттар және көлдердегі барлық тіршілік үсіп қалар еді. Су қоймаларының түбіне дейін қатуы буланатын судың көлемін, онымен бірге атмосфераға берілетін жылу көлемін де азайтады. Жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашындардың түсуі тоқтайды. Полюстардан құрғақ аязды суықтар экваторға жылжи батар еді. Бұндай жағдайда Күнге адамзаттың тіршілігі үшін жіңішке жолақ жерді алып қалаудың өзі оңайға түспес деуге болады. Бар болғаны біздің планета тұтас тіршіліксіз мұздыққа айналар еді.

Жерде бірде-бір зат су сияқты жылуды сіңірмейді. Басқа заттардың сыбағалы (удельная) жылылық сыйымдылығымен салыстырғанда судың сыбағалы жылулық сыйымдылығы өте жоғары. Мысалы, судың жылулық сыйымдылығы болаттың сыйымдылығынан 10 есе, сынаптан 30 есе артық. Су өзінің барлық үш күйінде жылуды тасымалдауда өте жақсы құрал болып саналады, бұл Жерде тіршілікке жағдай жасауда өте маңызды болатын.

Су – атмосфераның сенімді фильтрі болып саналады. Бірде-бір сұйықтық, су сияқты газды қомағайлықпен сіңіре алмайды. Бірақ, белгілі бір жағдайларда сіңірген газдарынан өзі айрылады.

Қоршаған ортаның қысымы неғұрлым төмен болса немесе неғұрлым су ыстық болса, соғұрлым ондағы еріген ауа қарқынды бөлінеді, судың бұл қасиеті гидроқұрылысшыларға үлкен жағымсыз жағдайлар жасайды.

Су - өзінше минерал болып саналады, ол өзінің өте құнды қасиеттерімен Жерде тірі организмдердің тіршілігін және дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.

Су табиғи сулардың бірнеше түрлерінің қоспасы болып саналады: жеңіл, жартылай ауыр, ауыр және өте ауыр. Олар сутегі және оттегі молекуларынан құралған. Сонымен қатар, кәдімгі су өзінің құрамына 18 әртүрлі заттарды, оның ішінде газдар және қатты заттарды қосады, олармен оның дәмі, исі және басқада сапалық қасиеттері байланысты болады.

Барлық сұйықтықтар ішінде су ең жақсы еріткіш және ең үлкен жылусыйымдылықпен қамтамасыз етілген. Тірі организмдер сусыз өмір сүре алмайды. Су кез келген жануарлар мен өсімдіктер клеткасы мен ткандарының (ұлпа) құрамына кіреді. Өсімдіктер мен жануарлар организмдеріндегі күрделі реакциялар тек қана судың қатысуымен жүреді. Судың физиологиялық қажеттілігін тек қана су қанағаттандыра алады. Адамның ас қорыту процесі тәулігіне кем дегенде 9—10 л судың қатысуымен жүреді. Жануарлар организмі 10—20 % суды жоғалтқанда өлімге әкеліп соғады.

Жер су болмағанда құр жалаңаш топырағы және атмосферасы жоқ тасты шар болыл көрінер еді. Су көптеген миллион жылдар шойтастарды бұзды, бейорганикалық қосылыстарды ерітті, жануарлар және өсімдіктер организмдерімен бірге топырақтың түзелу процестерін қарқындатқан болатын.

Жердегі климат және ауа райы көп жағдайда су кеңістіктері мен атмосферадағы су буларына байланысты болады. Мұхиттар мен теңіздер судың үлкен сыйымдылығы арқасында жылу жиғыш болып саналады және планетадағы ауа райы мен климатты өзгерте алады.

Былайша айтқанда су - бұл планетаны тірілтетін «өмір элексирі», планетаның үстін құраушы «ұлы мүсінші», климат пен ауа райының «бұрау доңғалағы».

Өзендер мен көлдер су көлік мәселесінде де маңызы өте зор. Цивилизация орталықтырының пайда болуы да су жолдарымен байланысты. Өзендер энергия көздері болып қызмет етеді. Өзендерде гидроэлектростанция және басқада құрылыстар жасалады..

Өнеркәсіпте судың негізгі массасы энергияны өндіру және салқындату үшін пайданылады. Көптеген өндірісте суды қызып кетудің (жылдам кесуші құрал-саймандар,) алдын алу және жылыту үшін пайдаланады.

Біз өзімізді құрлықтағы тұрғындар болғандықтан, Жерді құрлық деп түсінеміз. Дегенмен, оны «су планетасы» деп қараған дұрыс болады.

Теңіз суы – Жердегі ең керемет химиялық қосылыс, бағалы сұйықтық, біздің планетадағы табиғаттың берген сыйы. Ол осы мөлшерде Жердегідей Күн жүйесінің еш жерінде жоқ.

Мұхит... Оның Жерге деген маңыздылығы сондай, тіпті көз алдында елестетудің өзі қиын. Аспандағы бұлттар, жаңбыр және қар, өзендер мен көлдер, бұлақтар – бәрі мұхиттың, оны тек уақытша қалдырып кеткен, бөліктері.

Мұхиттың сферасында судың барлық мөлшерінің 97% шоғырланған. Бұл сулар Жерде тіршілікті сүйемелдеуде ең маңызды рөлі бар. Олар жылуды жиады, оны атмосфераға береді, ылғалмен қамтамасыз етеді, бір бөлігін құрлыққа алып барады. Мұхитты Жер бетінің жылу күйін реттеуші деп санайды.

Мұхит атмосфераның газды құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Суда еріген ауада, атмосферадағы ауаға қарағанда оттегінің мөлшері екі есе артық болады. Мұхит суларының үстіңгі қабаттары оттегін фотосинтез нәтижесінен ұсақ балдырлардан – фитопланктон алады. Бұл оттегі атмосфераның астыңғы қабатына түседі. Мұхитқа жақын жерлерде ылғыйына «тыныс алу жеңіл», бұл маңайдағы курорттардың әйгілі болуы себебі содан.

Мұхит атмосферадағы көмірқышқыл газының артығын ерітеді және өзін мекендейтіндерге қаңқасын, бақалшақтарды, коралл рифтарын құрауға береді. Мұхит біздің планетаның тірі материяларына үлкен әсер етеді. Ол барлық тіршіліктің бесігі, оның суында құрлыққа қарағанда көнезамандық түрлер, «жойылған» жануардар жиі кездеседі.

Ол климат, топырақ, құрлықтағы өсімдік және жануардар әлеміне үлкен әсер етеді. Адамның іс-әрекетінде де оның рөлі өте зор. Мұхит – атмосфералық ылғалдың негізгі көзі, олай болса тұщы ауыз судың да. Оны теңіз суын жасанды түрде тұщыландыру арқылы алуға да болады, сонымен қатар айсбергтерден және т.б. тәсілдермен.

Бактериялардың арқасында мұхиттың өзін-өзі тазарта алатын қабілеті де бар (белгілі бір деңгейге дейін), сондықтан Жерде пайда болған қалдықтар онда жойылады.

Жаңа жер қыртысы пайда болаған аудандарда мүлде ғажап құбылыстар байқалған болатын. Мұнда Жердің тереңінен ыстық магма көтеріледі. Мұхиттың суық суы онымен жанасқанда тұздар және газдармен қанығады да қара гейзер болып тереңнен жоғары атқылайды. Бұның бәрі жарық жоқ және оттегі жоқтың ғасы 2-4км тереңдікте байқалады. Бірақ мұнда да тіршілік бар: бактериялар, ұзындығы 1м дейін құрттар және басқа да организмдер мекендейді. Бұл тіршілік фотосинтезге емес, мүлде басқа принципке негізделген.

Қара гейзерлер аймағында организмдер 250 °С температура мен жоғары қысымда өмір сүреді. Бұл жерде тіршілік күкіртпен қоректенетін бактериялардан басталады. Бұл организмдердің мәлім болуы тіршіліктің дамуын, Жерде оның пайда болуын түсінуге маңызды.


2 Гидросфера — Жердің үзілісті су қабықшасы. Ол атмосфера мен литосфераның арасында орналасқан және өзіне барлық мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер, сонымен қатар жер астындағы сулар, мұздар, полярлық және биіктаулы аудандар қарларын қосады. Гидросфераны жер бетілік және жер астылық деп бөледі. Жер бетілік гидросфера —Жердің үстіңгі су қабаты. Оның құрамына мұхит, теңіз, өзен, көлдер, су қоймалары, батпақ, мұздық, қар жамылғысы және басқада сулар кіреді. Жер бетілік гидросфера жер үстінің 70,8 % жабады.

Жер астылық гидросфера жер қыртысының үстіңгі бөлігіндегі сулардан тұрады, оларды жер асты деп атайды. Жер астылық гидросфера үстінде жердің бетімен шектелген, төменгі шекарасын белгілеу қиынға түседі, себебі гидросфера жер қыртысы қабатының тереңіне дейін енеді.

Жер шарының көлеміне гидросфераның жалпы көлемі 0,13 % аспайды. Гидросфераның негізгі бөлігін (96,53 %) Дүниежүзілік мұхит құрайды. Жер астылық сулардың гидросфераның жалпы көлемінен үлесі 1,69 %, қалғандары - өзендер, көлдер және мұдықтар сулары.

Жердің барлық су ресурстарының 98 % артығын мұхиттар, теңіздер және басқада тұзды сулар құрайды, тұщы сулар 2 % шамасында. Тұшы сулардың негізгі бөлігі мұздықтарда, бірақ олар әзірше аз пайданылады. Тұщы сулардың сумен қамтуға жарамды қалған бөлігіне гидросфера көлемінің тек қана 0,3 % келеді.


3 Мұхит туралы осы күнге дейін көптеген сыры ашылмағын құпиялар толып жатыр. Теңіз тереңдіктерін батискаф және басқада аппараттар арқылы зерттеушілер белгісіз организмдерді әлі кездестіреді.

Теңіз организмдері өмір сүру үшін мұхиттан энергияны алады және олармен зат алмасады. Барлық организмдер әлде бір бірлік құрайды, онда әрбір жануар мен өсімдік бір-бірімен тығыз байланысқан және барлығы бірге теңіз ортасының жағдайына байланысты.

Теңіз организмдері түрлерінің әралуандылығы. Құрлықтағы сияқты, мұхитта да көптеген әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар мекендеген. Олардың мөлшерлері жәй көзбен қарағанда көрінбейтін бір клеткалы өсімдіктерден ұзындығы 30 м жететін теңіз балдырларына және микроскопиялық жануарлардан үлкен – көк китке, Жерде қашанда мекендеген ең үлкен организм, дейін құбылады.

Теңіз организмдері өмір сүруінің мекендеу орнына байланысты топталады, теңіз түбінде (табаны) немесе одан жоғарғы су қабатында. Түбінділік организмдер (донные организмы, оларды бентос деп атайды) мұхит түбінің үстінде немесе түптік шөгінділерде тіршілік етеді. Су қабатында мекендейтіндердің бірі белсенді орын ауыстырады (нектон), ал бірі судың қозғалысына төтеп тұра алмайды (планктон).

Мұхитта тіршіліктің бөлінуі. Шеті көрінбейтін мұхит суларында тірі организмдердің бөлінуіне нелер әсер етеді? Бес негізгі факторларды бөледі: тұздылығы, күн сәулесінің (жарық) өту тереңдігі, еріген оттегі мөлшері, судың температурасы және қоректік элементтердің бар болуы. Жасыл балдырлар тіршілік ету үшін негізге шарт – жарық, ал олармен басқада организмдер қоректенеді. Суда жарықтың түсуі, ауаға қарағанда, аз және тереңдеген сайын азаяды. Сондықтан судың жоғарғы 50-мет­рлік қабаты ең мекенделген.

Тірі организмдердің мұхитта таралуына ағындар, судың вертикальды араласуы, теңіз түбін құрайтын таужыныстар қасиеттері да әсер етеді. Бұл барлық жағдайлар мұхитта әртүрлі қабысады. Мысалы, қасиеттері және шыққан тегі әртүрлі сулар қосылған аудандарда тіршілік мол. Өзендердің құяр жерлерінің алдында, суық және жылу ағындары шекараларында және ағындар мен қарсы ағындар көршілес болғанда, планктон өте өріс алады, балықтардың толып жатқан үйірлері қоректенеді, көптеген теңіз құстары мекендейді. Бұл «сулардың түйісу» аудандарын ертеден балықшылар іздеді, бірақ мұхитта тіршілік мол жер бұл ғана емес. Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында және Африканың оңтүстік-батыс жағалауында мұхиттың тереңінен судың қарқындығы көтерілуі байқалады. Бұл тереңдік сулар оттегі және қоректік заттармен қаныққан, қандай тіршілікке болсын оңтайлы жағдайлар жасайды.

Құрлықтағы сияқты мұхитта да тірі организмдердің жоғары және төмен деңгейдегі массаларының алмасуы байқалады.

Тірі организмдердің мұхитта таралуының тағы бір ерекшелігі бар. Егер құрлықта жануарлар өсімдіктермен қатар өмір сүрсе, онда мұхитта 200—250 м тереңдікте органикалық заттар құрайтын жасыл өсімдіктер қабаты бітеді. Бұл қабаттынң астында тек жануарлар организмдері мен бактериялар мекендейді.

Егер құрлықта тірі организмдердің таралуы географиялық ендікке байланысты болса, онда мұхитта тірі организмдердің таралуы ең алдымен судың ағысымен қоректік заттардың түсу жылдамдығына байланысты, немесе судың ағысына

Тағы бір ерекшелік – мұхитта тіршілік материктік қайраңда (шельф) немесе таяз жердерде шоғырланған. Бұл жарық түсетін және жақсы жылынатын таяз сулар қоректік заттарға бай келеді. Шельфтер құрлықтың толысу сызықтарынан материктік беткейлердің шетіне дейін созылған, мұхиттың жалпы көлемінің 10% алады. Осында мұхиттық өсімдіктер мен жануарлар биомассасының 90% шоғырланған. Мұнда жағалаулардың толқындар мен ағындардың шайылуынан өзен суларымен көптеген қоректік заттар түседі. Мысалы, балдырлар мұндай жерлерде оразан зор су асты шалғындарын құрайды. Жылы тропикалық сулардың таяз жерлерінде және материктік беткейлерінде теңіздік омыртқасыздар – коралллдар мекендейді, олар мұхиттың жалпы көлемінің 10% кем бөлігін алады. Олардың құрылыстары кедертастар (рифы) және аралдарды құрайды.

Мұхит бұрынғыдан адамдардың қоректендірушісі болып саналатын. Теңіз сыйы – белоктық тағамның ең маңызды көзі. БҰҰ деректері бойынша, планетамыздың барлық тұрғындарының 1/5 дұрыс тамақтанбайды. Бұл ғаламдық проблема болып саналады, бұны шешуде ең маңызды мәселе мұхиттың байлығын пайдалану.

Мұхиттан алатын биологиялық байлықтардың 90% балықтарға келеді. Қалған бөлігін теңіз жануарлары (киттер, сойдақ тістілер-морждар, итбалықтар және т.б. ескекаяқтылар-ластоногие), шаянтәрізділер (асшаяндар-креветки, теңіз шаяны-крабы, ома­ры, қысқышсыз шаяндар-лангусты — үлкен, массасы 4—6 кг, теңіздік шаяндар-морские раки), ұлулар-моллюски (устрицалар, мидилар, кальмарлар және б.). Таяз суларда әртүрлі балдырларды жинайды (ламинарияны – теңіз қырыққабаты- капуста, филлофора, фукус және б.).

Әзірше планктон шамалы пайданылады. Бұл аса мол химиялық, техникалық, медициналық және мал-азықтық шикізат көзі.

Планктондық организмдерден нағыз келешегі бар - криль. Бұл мөлшері 4—6 см антарктикалық рачок – киттердің негізгі тағамы. Оның қоры өте мол және біздің планетада жануарлар белогінің үлкен резерві деуге болады.

Теңіздік организмдер, сонымен қатар, дәрі-дәрмек препараттары және химиялық өнеркәсіп үшін өте жақсы шикізат. Мысалы, балдырлардан йод, натрий, желатиннің орнын басатын агар-агарды алады.

Сонымен, дүниежүзілік мұхит үлкен, бірақ шектелген биологиялық байлықтармен қамтамасыз етілген. Адамзаттың алдында тұрған негізгі міндет – оның байлығын парасатты тиімді пайдалану, қорғау және арттыру.

Жоғарыда айтылғандай, мұхит біздің планетаның табиғатына үлкен ықпал етеді. Атмосфера және мұхит бір-бірінсіз, бірімен-бірі үздіксіз қарым-қатынаста болмай өмір сүре алмайды. Атмосфераны қорғамаса мұхит тез құриды. Ауасыз кеңістікке күшті булану мұхит бассейндерін айдың «теңіздері» сияқтыларға айналдыруы мүмкін.

Ауа массалары неге қозғалады? Планетаның тіршілік етуінде мұхиттың рөлі судың керемет қасиеттерімен анықталады. Оның бірі- судың ең жылусиымдылығы жоғары зат болуы, сондықтан мұхит құрлыққа қарағанда жылуды әлдеқайда көп сіңіреді. Судың құрлықтан айырмашылығы баяу жылиды, бірақ жылуды ұзақ ұстайды.

Мұхиттың орасан зор үстіңгі беті Күннен Жерге түсетін жылудың 2/3 сіңіреді. Мұхиттың үстіңгі 10 метрлік су қабатындағы жылу мөлшері бар атмосфераның жылуынан да артық. Ал мұхиттың тереңіндегі жылу оның үстіндегіден жүз есе артық болады, сондықтан мұхитты планетада жылу қорының жинаушысы деп атайды. Ол атмосфераға жылу апарады, құрлықты және барлық су қоймаларын жауын-шашынмен толтырады.

Судың булану және желмен шашырау процесінде ылғалмен бірге ауаға мұхитта еріген тұздар мен газдар түседі. Атмосфераға көп тұздар әсіресе шашырауы қарқынды болатын жағалаудағы толқын алқабына түседі. Бұл қабат аэрозольдарға (аудағы ұсақ бөлшектер ) айналады және атмосфералық жауын-шашындардың тұзды құрамын анықтайды.

Мұхит – атмосфераға ылғал түсудің негізгі көзі. Су айналымы – құрлықта судың пайда болу, топырақтың ылғандану, құрлықта әртүрлі организмдердің тіршілік ету негізі болып саналады.

Сонымен, мұхит планетада болып тұратын барлық процестерді реттеуші рөлін атқарады.

Адамзаттың 1/2 артығы мұхит жағалауында және оның маңындағы 50 км жиекте тұрады. Адамның іс-әрекетінің ықпалы табиғатқа саябырламайды. Жағалауларды негізгі ластағыштар – теңіз порттары және өзен сағалары. Мұнайды танкерлермен тасымалдау кей-кезде мұхит суларын және жағалауларын апатты ластауға дейін әкеліп соғады. Сондықтан осы әлемдік үлкен алып – мұхит бүгін қорғауды талап етеді.

Дүниежүзілік мұхит – адамзаттың келешегі, сондықтан біз оны тек зерттеп қоймай, онымен ұқыпты, сүйіспеншілікпен келісімге келу керек, үйткені мұхитсыз Жердегі тіршілік жоғалар еді.


Каталог: files -> book


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет