Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы
Т.М. Блисов, Ж.Т.Нурканова
Жер ресурстарының шектелуі, пайдалану проблемалары және мемлекеттік жер кадастры
Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
5В060800 – Экология мамандықтарына арналған
Қостанай, 2014
ББК 40.3 Б 69
Авторлар:
Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.
Нурканова Жазгуль Темирбековна, экология кафедрасының магистранты
Пікір білдірушілер:
Ахмет А.З., агрономия және инновациялық технология құжырасының профессоры, а.ш.-ғ.к.
Жокушева З. Г., экология кафедрасының аға оқытушысы
Т.М.Блисов, Ж.Т. Нурканова
Б 69 Жер ресурстарының шектелуі, пайдалану проблемалары және мемлекеттік жер кадастры: Әдістемелік нұсқаулар - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2014. – 17 б.
Әдістемелік нұсқауларда тәжірибелік жұмысты орындау нұсқаулары, бақылау сұрақтар және ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
5В060800– Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған
ББК 40.3
Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, _____.______2014 ж. мақұлданған № хаттамасы
© Қостанай мемлекеттік университеті, 2014
Мазмұны
Жер ресурстарының шектелуі, пайдалану
проблемалары және мемлекеттік жер кадастры..........................................4
1 Жер табиғи ресурс ретінде..................................................................4
2 Қазақстанның жер ресурстары және олардың қазіргі жай-күйі......6
3 ҚР жер кодексі және мемлекеттік жер кадастры..............................7
4 Топырақты бонитеттеу және жерді экологиялық бағалау..............11
5 Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар..........................14
Ұсынылған әдебиеттер тізімі................................................................17
Жер ресурстарының шектелуі, пайдалану проблемалары және мемлекеттік жер кадастры
Мақсаты: Жер ресурстары, оларды пайдалану проблемалары және мемлекеттік жер кадастрымен таныстыру.
Жоспар:
1 Жер табиғи ресурс ретінде
2 Қазақстанның жер ресурстары және олардың қазіргі жай-күйі
3 ҚР жер кодексі ждәне мемлекеттік жер кадастры
4 Топырақты бонитеттеу
5 Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
1 Қазіргі кезде қоғам жыл сайын артып келе жатқан ресурстардың жетіспеушілігіне тап болады. Энергетикалық ресурстар, азық-түлік, ормандар, мақтаның, терінің, жүннің натуралдық бұйымдары жетіспейді, кейбір жағдайларда судың жетіспеушілігі байқалады, кейде ауа жетіспейді. Әртүрлі елдерде ресурстардың жетіспеушілігі бірдей емес, бір жерді мұнай жетіспейді, ал бір жерде керісінше тағамдар және су жетіспейді немесе керісінше тағамдар бар, ал мұнай мен көмір жоқ.
Бұл мәселеде жер ресурс ретінде ерекше қаралады, үйткені ол ауыл шаруашылығының дамуына, қалалар салу, жолдарды жайғастыру және с.с. үшін қажет.
Жер ресурстары – бұл қоғамның өндіріс күштерінің қазіргі даму деңгейінде адамның бірнеше қызмет ету саласында (ауыл, орман, су шаруашылығы, елді мекендер, жолдар салу және б.) пайданылатын немесе пайдалануы мүмкін ауыл шаруашылығы жерлері мен басқа да жер алқаптары.
ҚР Жер кодексінің 12-бабында былай деп жазылған: жер ресурстары – қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайданылатын немесе пайдалануы мүмкін жер.
Қазіргі уақытта бір адамды азық-түлікпен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 0,3-0,5 га жыртылатын жер қажет етіледі. Жер шарындағы қазіргі халық саны шамамен 6, 2 млрд, олай болса бір адамға келетін жыртылатын жер шамасы 0,2-03, га-дейін кемиді, ал жерді басқа ресурспен ауыстыруға болмайды.
Осыған орай соңғы уақытта барлық әлемде табиғи ресурстарға, оларды зерттеуге, пайдалануға, қалпына келтіруге және олардың оң қасиеттерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Табиғи ресурстарға ең бірінші ауа бассейні, су ресурстары, флора мен фауна жатады. Әрине, олардың қатарына ең алдымен Жерді, оның кендерін, табиғаттың адамға тиымды пайдалануға берген барлық минералдық және шикі зат ресурстарын жатқызу керек.
Жер бетінің көп бөлігін Дүние жүзілік мұхит алып жатыр, оның ауданы 361,1 млн. км2, немесе планетаның 70,8%. Құрлық ауданы 149,1 млн. км2, немесе 29,2% және алты материктер пен аралдардан құрайды. Ол Дүние жүзілік мұхит деңгейінен 875 м-ге жоғары. Құрлықтың 1/3 бөлігінен артығын таулар алып жатыр, шөлдің ауданы шамамен 20%, ормандар шамамен 30%, мұздақтар 10%-дан артық. Құрлықтың тек 10% артығын ауыл шаруашылық алқаптары алып жатыр.
Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері табиғи кешеннің басқа құрауыштарымен – климат, су ресурстары, өсімдік епен жануарлар дүниесі өзара қатынаста ғана жүзеге асырылады. Жер – бұл кешеннің, биосфераның маңызды құрауышы, былайша айтқанда жер беті және оған жанасқан литосфера, гидросфера және атмосфера.
Жаратылыстану ғылымының негізінде Жердің биосферасы өте күрделі өзін-өзі реттейтін тірі заттар жүйесі ретінде қарастырылады. Ол энергияның орасан зор қорын жинайды және қайта бөледі, сонымен қатар жер бетінің, атмосфераның және гидросфераның құрамы мен динамикасын белгілейді.
Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғи кешен ретінде қызметін белгіленген заңдар арқылы атқарады. Адам мен табиғи кешеннің өзара әрекеттестігін анықтайтын заңдарға келесі заңдар жатады: минимум, төзімділік заңы, факторлардың жиынтық әсері, табиғаттық белдемділік.
Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдайлардың орташа көрсеткіштерімен емес, олардың имнималды көрсеткіштерімен анықталады. Табиғи факторлардың жиынтық әсер заңы бойынша өнім мөлшері жеке, тіпті шектейтін факторға емес, бір мезгілде экологиялық факторлардың барлық жиынтығына байланысты болады. Бұл заңды жерді пайдалануда есепке алу керек.
Шелфордтың төзімділік заңы экожүйенің тіршілік ету шекарасы бар екенін білдіреді, одан тыс ол өмір сүре алмайды.
Табиғи биоценоз табиғи белдемдерге байланысты өзгереді, бұл ауыл шаруашылығы өндірісінде маңызды мәселе.
Жер – қоғамның байлық көзі, ол еңбек, су және биоклиматтық ресурстармен бірге өндіріс құралы болып саналады.
Қазіргі кезде адам басына орташа есеппен барлығы 0,28 га егістік немесе жыртылатын жерлер келеді. Жекеленген әртүрлі елдердегі жағдай мынандай: ТМД – 0,81; АҚШ – 0,63; Қытай – 0,16; Германия – 0,15; Ұлыбритания – 0,13; Жапония – 0,04 га, ал Қазахстан Республикасында адам басына - 2,25 га келеді.
Дегенмен мәселе адам басына қанша жер келетіндігінен емес, ең маңыздысы қандай жерлер, қай аймақта, сапасы қандай және т. с. с. Жердің жалпы мөлшерін болжамдау үшін, оның қанша мөлшерін құрылысқа және қоғамның басқа да қажеттілігіне беру керек екенін білу керек.
Жалпы жер мөлшерінің кемуімен қатар, оны арттыру процестері де жүріп жатыр, олардың ішінде – жаңа жерлерді игеру, ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту және бұзылған жерлерді қалпына келтіру.
Сонымен жер ресурстарын пайдалану көп жоспарлы, көп жақты процестер, бірақ оларды басқаруға болады. Қоғам өнеркәсіпке, қала құрылысына жерлерді бөлуде белгілі деңгейде реттеуге болады, сонымен қатар ауыл шаруашылық алқаптарының сапасын арттыруға болады.
2 ҚР жер қоры 272 млн. 490 мың. гектар болып табылады және нысаналы мақсатына сәйкес келесі санаттарға бөлінеді. 2006 жылғы мемлекеттік есепке алу бойынша олардың аудандары мынандай:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - 85,0 мың. га;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық мекендердің) жері - 21,2 мың. га;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығына арнлмаған жер - 2,5 млн. га;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жер - 3,3 млн. га;
5) орман қорының жері - 23,4 млн. га;
6) су қорының жері - 3,7 млн. га;
7) босалқы жер - 122,0 млн. га.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 222,6 млн. га немесе барлық жердің 81,7 %, оның ішінде: егістіктер - 23,2 млн. га; көп жылдық екпелер егілген жер - 115,5 мың. га; тыңайған жер - 5,4 млн. га; шабындықтар - 5,0 млн. га; жайылымдар - 189 млн. га.
Жер қорын табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша былай бөлінеді: орманды дала - 0,8 млн. га (0,3 %); дала аймағы - 26,5 млн.га (9,7 %); қуаң дала аймағы - 62,4 млн. га (22,9%); шөлейтті - 37,2 млн.га (13,7%); шөлді аймағы - 112,1 млн.га (41,1%); тау етегі-шөлді-далалық - 12,3 млн.га (4,5%); субтропикалық шөлді - 4,4 млн.га (1,6%); субтропикалық-тау етегі-шөлді - 3,5 млн.га (1,3%); орта азиялық таулы - 10,1 млн.га (3,7%); оңтүстік-сібір таулы аймақтар - 3,2 млн.га (1,2%).
Қостанай облысы жерінің аумағы 19600,1 мың. га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары (01.11.2002 ж.) 7849,5 мың га., олардың ішінде егістік дерлер - 4944,8 мың. га; көп жылдық екпелер егілген жерлер - 9,8 мың. га; тыңайған жерлер - 3,9 мың. га; шабындықтар - 45,6 мың. га; жайылымдар - 2845,1 мың.га; бақшалар - 0,3 мың. га.
Қазақстанның жер ресурстары оларды тиымды пайдаланғанда және жақсартып отырғанда ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерімен ішкі және сыртқа шығару қажеттілік мөлшерлерін қамтамасыз ете алады. Бірақ, олардың құрамындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының 121,8 млн. га топырақ эрозиясына душар, оның ішінде 27,8 млн.га егістіктер, 63 млн. га артығы кебірлер кешендері және олардың 6,9 млн.га ауыл шаруашылығы дақылдары себіледі. Осыған орай бұндай жерлер пайдалану кезінде ұқыпты болуды, оны қорғауды және олардың өнімділігін арттыруға үлкен мән беруді қажет етеді.
Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер нәтижелері бойынша егіншілікке қажетті жерлердің сапалығы жағынан мелиоративтік шараларды талап етпейтін жерлер көлемі 21,8 млн. га (барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 9,7 %), оның ішінде егістіктер 18 млн. га. Ауыл шаруашылығы алқаптарының қалған көлемі мелиоративтіктік шараларды қажет етеді. Оларға кебірлерді қалпына келтіру, тұзданған жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту, су және жер эрозиясының алдын алу жатады.
В.И. Крохмальдың мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамында тұзданған және кебірленген жерлер 93,5 млн.га (42%) алып жатыр, оның ішінде егістік жерлер 8,8 млн.га (жалпы егістіктер көлемінің 26,2 %).
Республикада эрозияға шалдыққан жерлер көлемі 26,7 млн. га (11,9 %), оның ішінде егістік жерлер 1,6 млн. га (4,8%) алып жатыр.
Жалпы ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамындағы жайылымдардың ең көп үлестік салмағы Қазақстанда байқалады, ол шамамен 70% (ТМД елдерінің жалпы жайылымдар көлемінің 55%).
Ақырғы он жылда шабындықтар көлемі 0,7 млн. гектарға кеміді және қазіргі көлемі 5,1 млн. га.
Ақырғы он жылдықта шаруашылық қызметтерінен (ашық тәсілмен пайдалы қазбаларды шығару) бұзылған жерлер ауданы бір деңгейде қалуда және көлемі 182,1 мың. га болады.
Барлық өнеркәсіп аумағында экологиялық жағынан қауіпті әсер ететін аймақтар кездеседі. Олар: террикондар, үйінділер, карьерлер, бұрғылау скважиналары, тау-кен өндірісінің қалдықтары (60 мың. га), бұлар топырақты ластайды.
Техногендік ластаудың ерекше түрлері қорғаныс, ғарыштық және бұрынғы ядерлік полигондар аумағында байқалады (еліміздің жалпы аумағының 6%).
Шөлдену процесіне шалдыққан жерлер көлемі шамамен 179,9 млн. га, немесе еліміздің жалпы аумағының 60% артығы.
Республикамызда 20 млрд. т артық өндіріс және тұтыну қалдықтары жиналған. Қара және түсті металлургияның, алтын өндірісінің қалдықтары 14 млрд т құрайды және 50 мың. га алып жатады. Жыл сайын 14 млн. м3 тұрмыстық және 500-700 млн. т өнеркәсіптік қалдықтар пайда болады, оның ішінде улы қалдықтар көлемі 92 млн. т.
3 Қазақстанда жер реформасы 1991 ж. маусым айында «Жер реформасы туралы» Заңды қабылданған кейін жүзеге асырыла бастады.
Жер реформасының негізгі мақсаты – жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау және жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау.
ҚР Жер Кодексі 2003 жылдың 20 маусынында қабылданды, осыдан жер реформасының жаңа даму сатысы басталды.
Жер реформасы жүзеге асырылу жылдары республикамызда жаңа жер қатынастары пайда болды, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасалды, жер ақылы пайдалану принциптеріне негізделді.
Жер реформасының әрі қарай дамуы еліміздің ең негізгі байлығы жерді ұтымды пайдалану бағытында қажетті жағдайларды жасауға және қорғауға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардык сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу – жер иелену мен жер пайдалану құқығын рәсімдеу; жер пайдалану және жер алқаптары бойынша мөлшерлік және сапалық есепке алу; топырақты бонитеттеу – топырақтар құнарлылығын салыстырмалы бағалау (салыстырмалы баллдармен); жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау – жердің өндіріс құралы ретінде салыстырмалы құндылығы.
ҚР Жер кодексі бойынша жер кадастрының кұрамдас бөлігі болып суармалы жердің мелиорациялык, кадастры саналады, ол суармалы жер учаскелерінің мелиорациялык жай-күйі, олардык табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалык сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың ece6i туралы мәліметтер жүйесін құрайды.
Казахстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын баскару жөніндегі орталык уәкілітті орган – ҚР жер ресурстарын басқару агентствосы мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасынын мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын баскару жөніндегі орталык уәкілітті орган өздеріне катысты алғанда мемлекеттк басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалык мемлекеттік кәсіпорындар Қазакстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының. мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фо-тограмметриялык, кадастрлық, суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялык және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалык және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар аткару аркылы жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қopғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қopғayғa байланысты баска да ic-шараларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін калыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айкындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің кұнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердін құнын есепке алу ушін негіз болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау 6ipлiri тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы катынастары субъектілеріне бектілген жер учаскесі болып табылады.
Жерге меншік нысанына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұксат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық есепке алуға жатады.
Мемлекеттік жер кадастрының мазмұнына қарай мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық iciн калыптастыруды;
2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ак жер құқығы катынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ баска да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
9) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
10) жер учаскесіне кұқықты куәландыратын кұжаттарды дайындауды қамтиды.
Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алуда жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті тіркеу мақсатында есепке алу меншік құқығын және баска да кұкыктарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты мемлекеттік тіркеуд1 кқмтамасыз ететін қажетт1 шарт болып табылады.
Жер учаскелерін тіркеу максаты үшін есепке алу жұмыстарын жүргізу тапсырыс берушілердің каражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудің бірлігі есептік кварталдар болып табылады.
Орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында әp6ip жер учаскесіне кадастрлық нөмірлер беріледі.
Кейіннен құқық кадастрында пайдаланылатын есептік кварталдардың шекарасы мен кодтары сәулет және кала кұрылысы органдарымен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу органдарымен келісім бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі аумактық органдар айқындайды және тиісті атқарушы органдар бекітеді.
Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін түзу мақсатында облыстарға, республикалык манызы бар қалаларға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларга берілетін кодтардың тізбесін Қазақстан Республикасынык Үкіметі белгілейді.
Жер-кадастр кұжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде: базалық, мезгіл-мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.
Базалык, жер-кадастр кұжаттамасына:
1) жер-кадастр icтері;
2) жер-кадастр кітабы;
3) жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
4) жер-кадастр карталары жатады.
Жер-кадастр icтері – жаңа және қайта құрылған бұрынғы жер учаскесін рәсімдеу ісі, мұнда жер учаскесі жайында құжаттар болады.
Мемлекеттік жер-кадастр кітабы – есепке алынатын жер учаскелері жайындағы құжат, онда жердің кеңістіктегі, табиғи және шаруашылық жайы туралы анық мәліметтер болады.
Жер-кадастр карталары – жер учаскелерінің көлемі мен шекараларын көрнекті көрсету, олардың біріктіру мен бөлу кезінде өзгеруін есепке алу үшін құрылады және жүргізіледі.
Жер кадастр кұжаттамасынык құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібіне сәйкесті мемлекеттік жер кадастры кағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өндеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Белгілі 6ip жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері осы жер учаскесі есепке алынган орын бойынша үзінді түрінде беріледі.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін құжаттау қағазға түсіріліп және электрондық тасығыштарда жүзеге асырылады. Қағазға жазылған мәліметтер мен электрондық тасығыштарда жазылган мәліметтер арасында алшақтықтар болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қағазға түсірілген мәліметтер басымдыққа ие болады.
Жер учаскелері туралы кадастр мәліметтері жер-кадастр карталарымен (жоспарлармен) арақатынаста болады.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін түзу топографиялық-геодезиялык, аэроғарыштык, картографиялык, жерге орналастыру, түгендеу бойынша, топырақты зерттеу, геоботаникалык, бағалаушылық және өзге де зерттеулер мен іздестірулер жүргізумен камтамасыз етіледі.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен лауазымды адамдар жер-кадастр құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.
Жер кадастрының мемлекеттік кұпия мен өзге де шектеулерді камтымайтын мәліметтері баршаға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Жер кадастрының мәліметтерін мемлекеттік органдарга беру ақысыз негізде осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4 Топырақты бонитеттеу, бонитет (bonitas) латын тілінен аударғанда «сапалық» немесе топырақтың сапасын бағалауды білдіретінін білуі керек, - бұл топырақтың сапасын, олардың потенциалды құнарлығын табиғи немесе фитоценоздарға, әсіресе ауыл шаруашылық дақылдарына қарасты салыстырмалы бағалау. Топырақтың бонитеті – оның сапасының көрсеткіші, ол баллмен көрсетіледі, әдетте жақсы топыраққа қарасты, оның баллы 100 тең деп алынады. Осыған орай, топырақты бонитеттеуді бір белгілі мақсаттар және талаптар үшін топырақтарды онда өсіп-өнетін өсімдіктердің өнімділігі мен олардың сапасы байланысты болатын табиғи нышандары және қасиеттері негізінде топтастыру мен бағалау деп түсінеді.
Топырақты бонитеттеу жер кадастрының құрамды бөлігі бола отырып, халық шаруашылығы мен адамдардың әлеуметтік өмірінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың жалпы бағалануының бір бөлігі ретінде қаралады. «Кадастр» сөзі латынның capitastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық алынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр де салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Сонымен жақты түсінікте жер кадастры – жер салығы алынатын заттар туралы кітап, ал кең түсігнікте – жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша жүргізілетін әрекеттер жүйесі.
Бүгінгі күнде жерді бағалаудың қажеттілігі жер қатынастарының өзгеруіне және жерді, жер пайдалану құқығын сату-сатып алу мүмкіндігінің пайда болуына байланысты өсуде.
Ресейде топырақты бонитеттеу әдістемесінің және теориясының дамуының негізін В. В. Докучаев қалады. Бұл ғалымның ойлап тапқан табиғи-тарихи топырақты бағалау әдісі 1882-1887 ж.ж. Нижегород губерниясында жүргізілген бағала жұмыстарында іс жүзінде қолданылған. Ол топырақтарды бағалауда ең алдымен топырақты табиғи дене ретінде бағалады. Мұнда адам қатынасы және уақыт жағдайлары ескерілмеді. Сол үшін топырақ құрамын зерттеп, оның физикалық қасиеттерін топырақ астындағы қабаттармен байланысын біліп алып, топырақтардың салыстырмалы құндылығын ұсынған.
Бұл теориялық жайларды кейін басқа да ғалымдар әрі қарай дамытты.
Бағалау жұмыстарын жүргізіуде далада топырақ құрылымы, қалыңдығы, бедер, өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрлері (топтары) анықталып, карталарда және жергілікті жерлерде олардың шекаралары белгіленеді, жиналған мәліметтер лабораторияда өңделеді. Топырақтың әр түрі бойынша қарашірік, азот, су мөлщері, механикалық құрамы, сіңіру қабілеті анықталып, топырақтың сығындысы талданады. Әрине мұндайда, топырақ абсолютті емес, салыстырмалы түрде бағаланады. Сонымеен, топырақты бонитеттеу кезінде топырақтың табиғи қасиеті және нышандары алынады, олар өз кезегінде дақылдардың шығымдылығы немесе өнімділігі, топырақтарды топқа бөлудің дұрыстығын дәлелдеу үшін пайдаланылады.
Қазіргі уақытта қолданылатын әдістемелік ұсыныстарға сәйкес топырақтарды бонитеттеу деп салыстыруға келетін егіншілік қарқындылығында және агротехника деңгейінде топырақтарды олардың құнарлығы бойынша сапасын салыстырмалы түрде бағалау түсініледі. Көрсеткіштер ретінде дақылдардың өнімділігі және онымен тығыз байланыстағы топырақтың ең орнықты қасиеттері бойынша құрылған шкала көрсеткіштеріне (балл) өнімділік бойынша балдарды ескеріп, түзетулер енгізіледі.
Жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға, оның принциптері мен міндеттеріне ерекше көңіл беру керек. Жерді экономикалық бағалау мемлекеттік жер кадастрының қорытындылаушы құрамдас бөлігі болып саналады, ол қалыптасқан топырақ құнарлығына объективті сандық сипаттама береді.
Экономикалық бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады.
Студент жерді бағалаудың барлық негізгі экономикалық тәсілдері үш тәсілге негізделуін ұғып білуі керек, олар табыс, салыстырмалы және шығынды.
Табысты тәсіл. Сатып алушы бағалау объектісін алуға және ол үшін белгілі бір қосындыны төлеуге келіседі, егер кейін бірнеше жыл оған табыс әкелетіне көзі жетсе. Олай болса объектің қазіргі нарықтық құны оның иесінің келешекте алатын табыстарының қосындысы және жерді бағалауда табысты амалдың негізі болады. Бұл амалдың кең таған екі тәсілі бар: дисконттандырылған табыс және тура капиталдандыру.
Салыстырмалы тәсіл. Бұл амал жер нарығы болғанда пайда болады, онда осындай бірнеше объектер ұсынылады.
Былайша айтқанда, сатылатын осындай объектердің құны бұл объектің құнын есептеуде алғашқы анықтама болып саналады, немесе үнемді сатып алушы салыстырған объектің құнынан артық бермейді.
Шығынды тәсіл. Объекті бағалаудың негізгі құрауышы оның шығындары, үйткені оның құны шығыннан жоғары болады. Осындай жағдайда ғана сатып алушының қызығушылығы танытылады. Осыған орай, объекті бағалауда шығындарға негізделген тәсіл негіз болады.
Экологиялық бағалау – бұл белгіленген немесе жоспарланған іс-әрекеттің зардаптарын жүйелі талдау процесі, сонымен қатар бұл іс-әрекеттің түрін жоспарлау, жобалау және іске асыру барысындағы талдау мен кеңестердің нәтижелерін есепке алу.
Экологиялық бағалау процесіне енгізіледі: жоспарланған іс-әрекеттің қоршаған ортаға деген потенциалды әсерін болжау және оның маңыздылығын бағалау; мүдделі жақтардың өзара оңтайлы шешімдерін табу мақсатындағы кеңестер; шешімдерді қабылдау процесінде белгіленген іс-әрекеттке қарасты әсерлерді бағалау нәтижелерін пайдалану.
Экологиялық бағалау үш негізгі принциптерге сәйкес жүреді: превентивтік (сақтандыратын, алдын алу), комплекстік және демократияшыл.
Превентивтік принцип бойынша экологиялық бағалау белгіленгін іс-әрекет бойынша негізгі шешімдер қабылдауға дейін жүргізіледі, сонымен қатар оның нәтижелерін шешімдерді дайындау және қабылдауда пайдаланады. Шешімді қабылдағаннан кейін зардаптарды талдау экологиялық бағалау болып саналмайды.
Комплекстік принцип бойынша белгіленген іс-әрекеттің әсер ететін факторларын және оған байланысты барлық табиғи ортадағы өзгерістерді, сонымен қатар әлеуметтік ортадағыны да бірге қарау болып табылады.
Демократияшыл принцип бойынша экологиялық бағалау кезінде барлық мүдделі жақтарға сәйкесті белгіленген және түсінікті ережелер арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық бағалаудың міндеті табиғи ортаның әр құрауыштарында «стандарттар мен нормативтер» қанша сақталады немесе орындалады, сонымен қатар табиғи-әлеуметтік орта жалпы белгілінген іс-әрекетке орай әрекеті қандай соны бақылау.
Экологиялық бағалаудың заты болып қоршаған ортаға белгіленгін іс-әрекеттің әсері саналады. Әсер немесе ықпал деп қоршаған ортадағы белгіленгін іс-әрекеттің толық немесе жартылау нәтижесінен болған өзгерістерді айтады.
Экологиялық бағалау келесі критерийлер арқылы сатылы жүргізіледі: 1) қоршаған ортаға деген әсердің масштабы; 2) әсер ету объектісі; 3)экологиялық жағдай; 4) қоршаған ортаға деген болдырмайтын әсер түрі; 5) қауіп-қатер жасайтын іс-әрекеттің экологиялық аспекті.
Жерді пайдаланудың экологиялық тиімділігін есептеу әдістемесі тура және жанама әсерді анықтауға негізделген.
Тура экологиялық әсер дегеніміз қарастырылатын іс-әрекет объектісінің жерді пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға деген ықпал деңгейінің өзгеруінен қоршаған орта сапасының және адамдардың мекендеу ортасының, олардың денсаулығының жақсаруын айтады.
Жанама экологиялық әсер егіншілікті экологиязациялау барысында күтіледі, онда бұрынғы егіншілік жүйесіндегі өндіріс өнімі өзінің сұраныс қасиеттеріне сай өзгереді, бұл өнімнің өндіру және сұраныс балансы өзгереді және табиғи ресурстарды пайдалану, жерлерді алу, шығарындылар жаңа экологиялық жүйе бойынша азаяды.
Толық экологиялық әсер – бұл жаңа егіншілік жүйесін енгізу барысында қоршаған ортаның ластануының төмендеу (арту) және табиғи ресурсты шығындану дәрежесін анықтау болып саналады.
5 Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент жерді пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптарды білу керек және ең алдымен жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегi экологиялық талаптар; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.
Ал жалпы оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi негізгі экологиялық талаптар мынандай болады:
1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;
2) барлық санаттағы жердiң ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты негiздеу және iске асыру;
3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi құнарлы жердi сақтау;
4) экологиялық негiзделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн қалыптастыру және орналастыру;
5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтiп ұстау және жердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
6) жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
7) жерге түгендеу жүргiзу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жердi анықтау;
8) жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақтау мүддесiне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтау және күшейту;
9) биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.
Табиғат пайдаланушылар жердi пайдалану кезiнде төмендегідей экологиялық талаптарға сәйкес болуы керек:
1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi;
2) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi;
3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.
Бақылау сұрақтары:
1 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiнде қандай жағдайлар қамтамасыз етілуі керек?
2 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу экологиялық қолайсыздық дәрежесiнiң қандай көрсеткiштерiне негізделеді?
3 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.
4 Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.
5 Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшiн пайдаланылған жағдайда олар қандай талаптарға сай болуы керек?
6 Табиғи ресурстар дегеніміз не?
7 ҚР жер санаттарын атаңыз.
8 ҚР жер қоры және ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемдері.
9 ҚР Жер Кодексі қашан қабылданды?
10 Мемлекеттік жер кадастры дегеніміз не?
11 Жер кадастрының құрамдас бөліктері.
12 Қандай орган мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастыру, жүргізу және қамтамасыз ету рөлін атқарады?
13 Мемлекеттік жер кадастры қандай жұмыстар түрлерінен тұрады?
14 Мемлекеттік жер-кадастр кітабы дегеніміз не және онда қандай мәліметтер бар?
15 Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері қандай жұмыстарды жүргізуде негіз болады?
16 Базалық жер-кадастр кұжаттары.
17 «Шөлдену» ұғымы нені білдіреді және оның табиғи алғышарттарын атаңыз.
18 Қазақстан попырақтарының экологиялық проблемаларын атаңыз.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
-
Емельянов А.Г. Природопользование: Учебник. – М.: Академия, 2004. – 304с.
2 Воробьев А.Е. Основы природопользования: экологические, экономические и правовые аспекты: Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 542 с.
3 Оспанова Г.С., Босшатаева Г.Т. Экология. – Алматы: Экономика, 2002, 402 б.
4 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі: Ресми мәтін. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. –496с.
5 Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық. – Алматы.: Экономика, 2006. – 480 б.
6 Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан: Учебное пособие- Алматы,2003. - 328с.
7 Экологиялық энциклопедия / А.Ж.Ақбасова және т.б. – Алматы, 2007,
303 б.
8 Панин М.С. Экология Казахстана: Учебник для вузов. – Семипалатинск. – Семипалатинский государственный педагогический институт, 2005. – 548с.
9 Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану экономикасы: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. –368 б.
10 Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. – Алматы: Бастау, 2003. – 292б.
11 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған А.Қ. Құсайынов – Алматы: Мектеп, 2002. – 392 б.
12 Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. –126с.
13 Экологический мониторинг: Учебно-методическое пособие. / Под редакцией Т.Я.Ашихминой. М.: Академический Проект, 2006. – 416 с.
14 Қазақстан Республикасының Жер кодексі: Ресми мәтін. - Алматы: Жеті жарғы, 2003, - 256 с.
15 Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология: Оқулық. – Алматы: Ғылым, 2001. – 238 б.
16 Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. – Алматы.: Каз НИИЭОАК, 2000. – 225 с.
17 Муха В.Д., Картамышев Н.И., Муха Д.В.Агропочвоведение: Учебник. – М.:КолосС, 2003 – 528 с.
18 Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. – Алматы: Зият, 2003, 124-176 б.
Достарыңызбен бөлісу: |