Суицид жағдайында тұЛҒаның – психологиялық Өзгерістері



Дата03.07.2017
өлшемі87.23 Kb.
СУИЦИД ЖАҒДАЙЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Тара зинновациялық гуманитарлық университеті Тараз қ.

Құрманбекова А.С.

Медетбаев Р.М.
Қазіргі кезде «Суицидалогия» деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып, осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысады.

Суицид және аутоагрессивті тәртіп мәселесі қазіргі заманның аса маңызды мәселелерінің бірі. Статистика бойынша жер шарында 600 мың адам жыл сайын өзіне –өзі қол жұмсайды. Соңғы онжылдықта жастардың арасындағы өзін-өзі өлтіру 3 есеге өсті. Суицидтің негізгі себептері: ата-анасымен және өзімен жасты баларлармен қақтығыс, жауапсыз махаббат, болашақтың алдында қорқыныш сезімі, жалғыздық. Жыл сайын әрбір он екінші жасөспірім 15-19 жас аралығында өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды. Ресейде жастар арасындағы суицид көрсеткіші 100 мыңның 20 % құрайды, бұл әлемдік көрсеткіштен орташа есеппен 2,7 есе жоғары [1].

Қазақстан суицидтер санынан алғашқы орында. Әлемде орташа алынған мәліметтер бойынша 9-шы орында. Жылына жержүзінде миллионға жуық адам өз- өзіне қол жұмсаса, оның сегіз мыңы – қазақстандықтар және олардың көпшілігі еңбекке қабілетті жаста

Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.

Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.

Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін-өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.

Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.

5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталған.

Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.

Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.

Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін-өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгоисттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалар мен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді .

А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездесетіндігін көрсетеді

Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез-құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.

А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.

Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді [2].

Психолог мамандар өзiне қол жұмсаған адамдарды психологиялық күйзелiске ұшырағандардың қатарына жатқызады. Гарвард университетiнiң зерттеушiлерi медицина мамандарына өзiн өлтiрген жандардың ауру кiтапшасына диагноз қоюын сұраған.

Шынайы суицидальді мінез-құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін-өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды.

Шантажды мінез-құлық көбінесе бала кезден пайда болады. Мысалы, Лилияны алатын болсақ ол кішкентай кезінен бастап барлығына да истерика арқылы қол жеткізетін. Ол төрт жасынан бастап-ақ дүкеннен ұнаған нәрсесін алмай кетпейтін. 13 жасында ол мен ешқашан мектепке бармаймын деп әке- шешесін қорқытқан, ол музыкалық орталық саттырып алады. 15 жасында әке-шешесі оны туған күнге жібермеген үшін ол терезеге шығып өлемін деп шошытқан. Шошыған әке-шешесі оны туған күнге жіберіп қана қоймай оның қолына ақша да ұстатқан. Уақыт өткен сайын Лилияда шантажды мінез-құлық пайда болған. Өзіне қолайлы жағдайда ол өзін өлтірем деп барлық адамдарды манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізген. Алайда, бұл «өзін-өзі өлтіру ойыны» көбінесе қайғылы болып аяқталады, өйткені өліммен ойнамайды.

Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.

И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі.

Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз-өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз.



Суицид қаупі мына адамдарда жоғары:

      1. Жақында айқындалған прогрессивті ауруы бар. Прогрессивті ауру факторы - оның ауыртпалығы немесе еңбек қабілеттілігінен айрылудан маңыздырақ.

      2. Экономикалық ретсіздіктермен соқтығысқан адамдар. Әрине бұл аспен, киіммен немесе қаржымен байланысты проблемаларды тудырады. Өмірі сәтті құрылмаған адамдар өздерін сәтсіз деп санайды. Болашақ оларға өте анықталмаған болып көрінеді.

      3. Жақсы көретін адам өлімінен кейін өмір ешқашан бұрынғы қалыпта болмайды. Отбасылық өмірдің әдеттегі стереотипі құлдырайды. Өлімнен кейін көп айлар барысында келген шынайылықты терістеу байқалады, соматикалық дисфункциялар, паникалық бұзылулар, кінәлік сезімі, айрылудың идиализациясы, апатия, сонымен бірге көмек беруге дайын достары мен туыстарына деген жауластық қатынас. Адам жалғыздықты және өмірдегі босқуыстықтан ба тартады.

      4. Көп жағдайда ажырасу және отбасылық конфликттер өлімнен ауыр жағдай болып қабылдануы мүмкін. Егер адам өлгенде, оған рационалды, діндік түсіндіру болады. Ажырасу кезінде ақылдық және тәңірлік түсіндірулер негізсіз болып көрінеді. Пайда болған мәселелер ата-анаға да, балаларға да терең психологиялық зақымдайтын әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей, өзіне қол жұмсайтындардың көбі толық емес отбасында тәрбиеленген [3].

Отбасылық факторлар. Суицидентті түсіну үшін оның отбасылық жағдайын жақсы білу керек, себебі ол отбасы мүшелеріндегі эмоционалды бұзылуларды көрсетеді. Жасөспірімдер суицидінің көбінде олардың ата-анасы суицид жайлы ойлағаны, өзін жоюға әрекет жасағандары байқалған. Жанұяда жақындарының өлімі, ажырасу, ауыр дауа, жұмыстан айрылу сияқты дағдарыстық жағдайлар тууы мүмкін.

Эмоционалды факторлар. Потенциалды өзін өлтірушілердің көбі депрессияға шалдыққан. Депрессия біртіндеп басталады, қобалжу және уайым пайда болады. Адам оның басталғанын түсінбеуі мүмкін. Ол тек соңғы уақыттарда басыңқы, уайымшыл болғанын байқайды, болашақ түнерген болып көрінеді және оны өзгертуге болмайды деп санайды. Ол жиі рак, психикалық немесе емделмейтін аурумен ауратыны туралы ойларға келеді. Оған әуелі қарапайым міндеттерді істеу, қарапайым шешім қабылдау қиынға түседі. Ол өмірлік энергия жетіспеуін, шаршағыш болғанын айтады. Депрессияның тағы бір белгісі сексуалды белсенділіктің төмендеуі, құрсақ көтере алмау, импотенция болып табылады.

Эмоционалды бұзылулардың белгілері:

  • аппетиттің жоғалуы немесе импульсивті шеттен тыс тамақтану, ұйқы бұзылуы немесе тым жоғары ұйқыға бату,

  • соматикалық ауруларға жиі шалдығу,

  • өз сыртқы келбетіне немқұрайлы қатынас,

  • әркез жалғыздық, пайдасыздық, кінә немесе уайым сезімі,

  • әдеттегі ортада уақыт өткізгенде немесе бұрын рахат әкелетін жұмыс істегенде жалыққандық сезімі,

  • байланыстан қашу, достары мен отбасынан изоляция, жалғыз адамға айналу,

  • істеген жұмыс сапасы төмендеу мен зейіннің төмендеуі,

  • өлім жайлы ойларға бату, болашаққа жоспарлардың болмауы,

  • жиірек ұсақ мәселелердің әсерінен пайда болған кенет ашу-ызаның лап етуі.

Суицидпен қалай күресуге болады ?

Суицидке қарсы күресуге болады. Суицидке бейім адамдармен жеке, топтық немесе отбасылық психотерапия өту. Мұндайда балалардың қандай факторлардың әсерінен өзін-өзі өлтіруден бас тартуға болатынын анықтау қажет. Бұған жүйке жүйесі ауруымен ауырмайтындар, бірақ дағдарыс жағдайындағы адамдар жатады. Жанұядағы бірлік, когнитивтік қызмет, мәдени, діни факторлар, жеке терапия – суицидтің алдын алу жолдары.



Дағдарыс (торығу).

Көбіне суицидке адам торығу кезінде барады. Ал адамды дағдарысқа (депрессия) апаратын жол – ол көңілі толмау. Кінәшілдік, өзіне наразылық, ашуланшақтық, қимылының нашарлауы немесе көп ретсіз сөйлеп, жылану.

Ұйқышылдықтан кейде қобалжу пайда болады, денесін ауыр сезініп, өзін керексіз, жарамсыз деп есептеу – мұның бәрі «өмірім мәнсіз» деген ойға әкеледі.

Дағдарысқа - жақын адамының қайтыс болғаны да әсер етеді. Жақын адамынан айырылса, торығу түгілі жек көру , қайғысын көтере алмай, өзін кінәлау пайда болады. Дегенмен, дағдарыстағы адамды суицидке барады деп есептеуге де болмайды.

Психиканың бұзылуы әр түрлі аспектіден болады. Бұл аурудың үш түрі болады: Біріншіден, ол – невроз: адамда қорқыныш, мазасыздық пайда болады. Мұндай адам айналасынан сырт қалмайды, бірақ ешкімге сенбейді, күдікпен қарайды. Олар ауруға жатпайды, бірақ олардың моральдік нормасы төмен, қарым-қатынасы қиын.

2. Психоз неврозға қарағанда ауыр өтеді. Психозға шалдыққандар өмірге оң көзбен қарамайды. Мұндай адамдарға маньяктар жатады. Психоз ауруына шизофрения да жатады. Оларға елестер, тосын дауыстар естіледі. Бұлардың түнгі ұйқысы шошынумен аяқталады. Психозбен ауыратындар, маньяктар, шизофрениктердің суицидке баруы көбірек кездеседі, яғни ¼ суицидтер – осылар. Бұл адамдар суицидке ауруы қозған кезде барады. Шизофрениктердің

3-20 % -ы өзіне қол жұмсайтындар. Олар суицидке қатты қобалжып, торыққан кезде барады.

3. Ұзаққа созылған жабырқау (депрессия) қатер төндіреді:

- бұрын жақсы қарым-қатынаста болған адамдарға зұлымдықпен қараса;

- еш қызығушылығы болмаса;

- науқастанса;

- ішімдікке салынып, жалғыздықты қаласа;

- өлімді көп ойласа..

Суицидтік әрекеттің алдын алу.


  • Психикалық қобалжуын басу, яғни күйзеліс жағдайынан психологиялық ықпал ету арқылы шығару;

  • Суицидке апаратын себептерді азайтып, жаман ойдан арылтуға әсер ету;

  • Жақсы әдеттерді қалыптастыру;

  • Өмір мен өлімге бірдей қарау;

  • Суицидті білу - оның алдын алу, сауықтыру.

Келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Профилактика немесе «превенция» деген сөз латынша «praevenire»- «алдын алу» деген мағынаны білдіреді. Әлеуметтік және психологиялық нышандарын білу- суицидтік жағдайды білуге және оны тоқтатауға мүмкіндік береді.

Социологтар өзін-өзі өлтіруді - әлеуметтік ширығумен теңейді. Психологтар - жеке адамның өзін басынуы деп есептейді. Дегенмен екі жақ та суицидке адам тек өмір сүруге жарамсыз екенін сезінгенде ғана барады деп есептейді. Бірақ барлығы бірдей өмірінде қатесін сезінгеннен өзін өлімге қия бермейді. Өз өмірін өлімге қандай да бір себептен ғана қияды деу мүмкін емес.

«Егер оның осындайын білгенімде ғой!» деп, болары болғаннан кейін өлгеннің жақындары өкінеді. Әйткенмен суицидке баратынын адам әрдайым білдіріп отырады. Адам өз-өзін өлтіруге бірден, аяқ астынан бармайды. Ол оған басқа амал жоқ екендігін сезінгенде барады. Оның 70-75 %-ы суицидке ашық айтып барады. Кейде ол жай тұспалдап сөйлеуі мүмкін.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Толстикова А.Ю. Суицидальное аутоагрессивное поведение при зависимости от психоактивных веществ (по материалам литературы) //Вопросы наркологии Казахстана». - Павлодар, 2010. – С. 75-8

  2. Актуальные проблемы суицидологии./ Под ред. А.Г. Амбрумовой М., 1981.

  3. Р. Сағидуаллаева. Суицидтік мінез-құлықтық өзіндік психологиялық ерекшеліктері, Алматы.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет