Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет4/42
Дата26.10.2018
өлшемі5.07 Kb.
#94842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Ким  Бусик.  Самгук  Саги  (Исторические  записи  трех  государств)  Кн. 2. Летописи 
Когуре. Летописи Пэкче. Хронологические таблицы. Издание текста, перевод, вступ. статья 
и коммент. М.Н. Пака. – М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1995. – 405, 
VIII, 344, VII с. (Памятники литературы народов Востока. Тексты. Большая Серия. I, 2). 
2.  Курбанов  С.  О.  История  Кореи:  с  древности  до  начала XXI в. – СПб.:  Изд-во  С.-
Петерб. ун-та, 2009. – 680 с. 
3.  Гумилев Л. Н. Көне түріктер: көпшілік оқырман қауымға арналған. Алматы. «Білім», 
1994 – 480 бет. 
4.  Бернштам  А.  Социально-экономический  строй  орхоно-енисейских  тюрок VI–VIII 
веков. – М.Л., 1946. 
5.  Файзрахманов  Г.Л.  Древние  тюрки  в  Сибири  и  Центральной  Азии. Казань,  Мастер 
Лайн, 2000. – 188 с. 
 
АҚЫРТАС САРАЙ КЕШЕНІ 
Берикалиева Т.Т., 
Ғылыми жетекшісі:  т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б. 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Елімізде 25 мыңнан астам мəдени ескерткіш – кешен бар деп есептелсе, осынау мол 
мұраның 1100-ден  астамы  Тараз  топырағында  жатыр.  Айша  бибі  кесенесінен  кейін  ауызға 
ілгері – Орта Азия құрлығында теңдесі жоқ Ақыртас сарай – кешені. Ақыртас сарай кешені – 
Тараз  қаласынан  шығысқа  қарай 40 шақырым  жерде,  Ақшолақ  теміржол  станциясынан 6 
шақырым  оңтүстікте,  Қырғыз  Алатауының  етегінде  орналасқан.  Кешеннің  құрамына  сарай 
құрылысы  жəне  өзеннің  құрғақ  арнасының  екі  жағындағы  оған  жанасып  жатқан 
территорияда  шоғырланған  объектілер  кіреді.  Олар  қала  сыртындағы  үй-жай,  қамал,  парк, 
тас  алатын  карьер,  саз  балшық  карьері,  хауздар  (су  қоймасы).  Ақыртас  кешенін  зерттеу 
тарихы 130 жылдан артық. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

19 
Ақыртас  сарай – кешенін  сумен  қамтамасыз  ету  үшін  таудағы  бұлақтардан 
əрқайсысының  ұзындығы 50-60 см  болатын  қыш  құбырлар  тартылған.  Осы  ирригациялық 
жүйе  арқылы  аққан  су  хауыздарға,  тұрғын  үйлерге  жеткізілген.  Мұнда  «Хан  Ордасы», 
«Шеберлер  ауылы», «Тас  кеніші», «Қарауыл  төбе»  секілді  орындарға  бөлінген.  Шығыстық 
сəулет өнерінің керемет нұсқалары саналатын Қарахан жəне Дəуітбек кесенелері де осында. 
Еліміздегі ең ежелгі Шығыс моншасы да осынау киелі мекенде тұрақ тапқан. Анықталғанына 
1,5 жарым ғана ғасыр болған əйгілі Ақыртас кешенінің əлі де ашылмаған сыры көп. Айтулы 
Ақыртас кешенінің əлемдегі тастан қашап жасалған жалғыз мұра екені дəлелденді [1, 146 б.]. 
Зерттеу ісінің көрсетуі бойынша Ақыртас салынып бітпеген феодал сарайының тозған 
іргесі  болып  табылады.  Ол  төңірегіндегі  жерлерге 25-30 километрдей  арадан  көрініп 
тұратындай етіліп, тау бөлектеріне салынған. Оның солтүстік фасады далаға қарай созылған 
кең жазыққа, оңтүстік фасады тау бетіне қаратылған. Шығыс жəне батыс фасадтары биік тау 
тізбегінің  баурайында  бытырап  жатқан  шоқырлармен  ұштасады.  Жобасы  бойынша  ол  ішкі 
кең  ауланың  төңірегіне  топтастыра  салынған  тұрғын  үй,  қызмет  үйі  жəне  шаруашылық 
үйлердің  кешенінен  тұрады.  Ауланың  түкпіріндегі  (оңтүстік  есік  жақтағы)  үй  Ақыртас 
иесінің  жататын  үйі  мен  қонақ  үйі  болған.  Солтүстік  есік  жақтағы  үйлер  қызмет  ететін 
адамдар мен күзетшілерге, бір бөлігі ат қораға арналған болу керек. Су қоймасы бар орталық 
аула  қорған  əскерлерінің  плацдармы,  арнаулы  жарлықтарда  жариялау  орны,  немесе  діни 
салттарды  атқару  мақсатын  көздеген  адамдардың  жиналатын  орны  болған.  Ақыртасқа 
қарағанда  масштабы  əлдеқайда  кішкентай,  тастан  жасалған  басқа  бір  осындай  құрылыс 
Қазақстан  мен  Қарақалпақстан  шекарасында  бұзылып  жатқан  ескі  орыннан  кездеседі.  Бұл 
Білеулі  құрылысы.  Білеулі  керуен  сарай  болмаса  керек,  бұл  Үстірттің  құлама  шыңына 
(Үстірт  пен  Үргеншінің  арасында)  орналасқан  тас  мұнара  жүйесіне  кіретін  əскери  қорған 
болуы ықтимал. Осы болжаудың ыңғайына қарай халық аңыздарында Ақыртас пен Білеуліні 
салған алыптар туралы əңгіме бар. Ақыртастың аты қазақша малға шөп салатын «тас оттық» 
деген сөз, олай аталуы бұл құрылысты салған тас блоктар шынында ақырға ұқсайды. Қазіргі 
кезде  салынып  бітпеген  қабырғаларының  сақталған  сілемдері 160, 146 жəне 140 метр 
шамасындай. Ақыртастың солтүстік фасадының екі бұрышынан 1953 жылы  тауып алынған 
мұнаралардың  болуы  бұл  құрылысты  VІІ-VІІІ  ғасырларға  жатқызудың  дұрыс  екендігін 
анықтай  түседі.  Бұл  ескерткіштің  декорынан  тас  бетіне  салынған  геометриялық  оюдың 
фрагменті ғана белгілі. 
Ақыртастың  салына  бастаған  кезі,  біздің  заманымыздың 751 жылында,  Талас 
өлкесінде болған арабтар мен қытай əскерлері арасындағы шешуші шайқасқа дейінгі уақытта 
болса керек. Осы уақиғадан кейін қорған салынып бітпеген күйінде қала берген. Осы орасан 
зор  құрылысты  салуға  кіріскен  бектің  ой-пікірінің  батылдығы,  масштабының  орасан 
зорлығы,  материалдық  жабдықтары  мен  еңбек  ресурстарының  шамадан  тыс  молдығы  таң 
қалдырады [2, 4 б.]. 
1953 жылы осы жерден фундамент  астындағы екі метрден гөрі тереңіректен металл 
құрал-сайманның  бір  бөлігін  тапқан.  Сірə,  бұл  қазу  жұмысына  қолданылған  аспап  болса 
керек. Қабырға қалдықтары қалауын мұқият зерттеудің көрсетуінше тасты ганч ерітіндісімен 
қалағаны көрінеді. Бұл ганчтың біздің заманымыздың VІІ-VІІІ ғасырларында құрылыс ісіне 
қолданыла басталғанын дəлелдейді. Ақыртастың қабырғаларының мөлшері 40х70 (80) см ірі 
тас  блоктардан  қаланған.  Бұл  сəулетшінің  мүлде  жаңа  құрылыс  материалы  мен  құрылыс 
ісінде  жаңа  жұмыс  əдістерін  енгізуге  ұмтылғанын  көрсетеді.  Сондай – ақ  сəулетші 
конструкцияны  жеңілдетуге  ұмтылған,  бұл  үшін  ол  дөңбек  тастарды  астау  тəрізді  қуыстай 
шауып,  біріне  бірін  жымдастыра  қалаған.  Бұл  фактілер  сол  кездің  өзінде – ақ  ірі  блок 
құрылысының  басталуына  себеп  болған  сəулетші  ақыл-парасатының  жаңалығын,  оның 
талабының батылдығын көрсетеді. Ақыртасты зерттеу ісі əлі  аяқталған жоқ. Бірақ жаңадан 
табылған  əрбір  деректер  осы  архитектуралық  ескерткіш  туралы  біздің  білімімізді  
тереңдетіп,  Қазақстандағы  құрылыс  ісінің  дамуы  туралы  біздің  ұғымымызды  ашығырақ 
суреттейтін материалдармен бізді кеңелте түседі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

20 
Ғалымдардың айғақтауынша ежелгі өркениетіміздің бүгінге жеткен айшықты мұрасы, 
баға  жетпес  тарихи  жəдігер – Ақыртас  қалашығының  ауқымы,  құрылысының  күрделілігі, 
ондағы  су  жинақтайтын  орындар  мен  Қырғыз  Алатауының  Ұзынбұлақ,  Қызылқайнар,  Саз 
өзек деп аталатын шатқалдарындағы бұлақтардың бастау – қайнар көзінен су тартатын жер 
асты  құбырларының  құрылымдары  аумақтағы  Қарлұқ  қағанатының  соңғы,  Қарахандар 
əулеті  үстемдік  құруының  бастапқы  кезеңіндегі  сəулет  өнерінің  мүмкіндіктерінен хабардар 
ететін көрінеді. Мысалы, елімізде қабылданған «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша 2004 
жылы Ақыртаста археологиялық қазба жұмыстары басталған кезде археологтар қалашықтың 
қабырғасын  құрайтын  тас  блоктарды  қалау  кезінде  лай  қоспаның  мүлдем 
қолданылмағандығын      анықтаған.  Орта  ғасырлардағы  құрылысшылар  жалпы  құрылыстың  
бұрыштары  өтуге  арналған  күрделірек  бөліктерінде  айрықша  формадағы  тас  блоктарды 
пайдаланыпты. Бұл ретте, блоктардың бір жақ беті астау немесе бесік түрінде, ал қарама – 
қарсы  жақ  беті  қиық,  шошақ  формасында  қашалған.  Мұның  өзі  тас  блокты  өзіне  қарама-
қайшы пішіндегі басқа блокқа тығыз тереңірек енгізіп кіріктіріп қалауға мүмкіндік туғызған. 
Сірə,  алып  құрылысқа  қажетті  құрылыс  материалдарын  əзірлеуші  шеберлердің  тас 
блоктарды  өздеріне  қажетті  формаға  келтіріп  өңдегеннен  кейінгі  оның  сырт  көрінісі, 
Азияның  орталық  бөлігіндегі  осынау  теңдесі  жоқ  ғажайып  құрылыстың  ел  аузында 
«Ақыртас» атануына себепші болса керек [3, 5 б.]. 
Қырғыз Алатауының баурайындағы Ақыртас кешені жайындағы алғашқы дəйек даос 
монағы  Чань-Чуньнің  Самарқандағы  Шыңғыс  ханмен  кездесу  үшін  Қытайдан  шығып, 
Сайрам  арқылы  өткен  сапары  барысы  туралы  жазып  қалдырған  деректерден  мəлім.  Ол 
Ақыртас  кешені  туралы «...жол  бойында  қызыл  тастардан  тұрғызылған  тас  қалашыққа  тап 
болдық.  Көне  дəуірдегі  əскери  тұрақтың  орны  бар.  Батысында  үлкен  Аю  жұлдыз  шоғыры 
сияқты шашырай орналасқан бейіттер жатыр», деп жазған. 
Ресей  империясының  генералы  Черняев  Əулиеата  өңіріне  жасаған  жорығы  кезінде 
оның  құрамында  болған  орыс  суретшісі  М.С.  Знаменский 1864 жылы  шығыстанушы 
зерттеушілердің  арасында  бірінші  болып,  Ақыртас  қалашығы  қабырғаларының  жалпы 
панорамасы  мен  фрагменттерінің  кескіндемелерін  қағазға  түсірген. 1867 жылы  тарихи 
жəдігерді  белгілі  ориентарист–ғалым  П.И.  Лерх  зерттеп,  тас  қалашықты  құрылысы 
аяқталмай  қалған  Будда  монастыры  ретінде  санайтынын  білдіреді.  Зерттеуші – 
шығыстанушы Д. Иванов 1885 жылы Ресейдің қазіргі Санкт–Петербург қаласында шығатын 
«Известия  императорского  Русского  географического  общество»  деп  аталатын  журналда 
жарық көрген ғылыми мақаласында «Ақыртас Түркістандағы ғажайып көне архитектуралық 
жəдігерлердің  бірегейі.  Мұндай  ғаламат  алып  құрылысты  салуды  ойластыру  үшін  қыруар 
байлық  пен  толып  жатқан  құлдардың  болуы  шарт.  Ондай  қадамға  бару  тек  құдыретті 
əміршінің ғана қолынан келеді», деп жазған. Ақыртас туралы Түркістан əуесқой археологтар 
үйірмесінің  мүшесі,  Əулиеата  уезінің  бастығы  В.А.  Каллаур    да  көп  зерттеу  еңбектерін 
жазып  қалдырған.  Шығыстанушы  ғалымдардың  арасынан  бесінші  болып  Ақыртасқа  аяқ 
басқан  академик  В.В.  Бартольд 1893 жылы  тарихи  ескерткіштің  христиан,  соның  ішінде 
кезінде Рим папасы шіркеуден аластап қуғындауға ұшыратқан əрі соның салдарынан біздің 
дəуіріміздің V-VІ ғасырлары аралығында Кіші Азия мен соған шектесетін аумақтардан Орта 
Азия мен Қазақстанға, сəл кейінірек Алтай мен моңғол үстіртіне қоныс аударған несториан 
қауымдастығының діни мінəжат ету орны болуы ықтималдығын айтқан. 
Тарихи  кешен  қай  кезеңде  де  ғылыми  ортаның  басты  назарында  болды.  Танымал 
археолог,  академик  А.Н.  Бернштам  өзі  жетекшілік  еткен  Жетісу  археологиялық 
экспедициясы 1936-1938 жылдар  аралығында  Талас  жазығында  археологиялық  қазба 
жұмыстарын  жүргізген  кезде,  Ақыртас  қалашығында  болады.  Сондай-ақ, 1945 жылы    Ұлы 
Отан  соғысы  аяқталысымен,  іле–шала  Қазақ  КСР  министрлер  Кеңесі  жанындағы  сəулет 
істері  жөніндегі  экспедициясы  тарихи  қалашықтың  орнында  зерттеу  жүргізіп,  соның 
нəтижесінде  Ақыртастың  жоспары  жасалады  жəне  белгілі  сəулетші,  КСРО  сəулет 
академиясының  корреспондент-мүшесі,  Қазақ  КСР  Министрлер    Кеңесі  сəулет 
басқармасының  бастығы  Т.К.  Бəсенов  экспедицияның  зерттеу  материалдарының  негізінде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

21 
ғылыми  мақала  жариялайды.  Онда  ғалым  өзіне  дейінгі  зерттеушілердің  Ақыртасты  Будда 
немесе Несториан монастыры деген болжамдарын теріске шығарып, көне жəдігерді VІІІ-ІХ 
ғасырлар аралығында салынған қамал – сарай деген тұжырымға тоқталғанын айтады. Тағы 
бір кеңестік шығыстанушы ғалым Л.Ю. Маньковская ескерткіштің жоспарын талдап саралай 
келе,  оны  керуен  сарай,  аралық  пункт  жəне  алып  сауда  орталығы  деген  болжамын  ортаға 
салады.  Ориенталист  ғалым  онда  қалашықтың  салыну  кезеңіне  Т.К.  Бəсеновтың  пікірін 
қолдайтындығын білдірген. Сондай – ақ, кейбір зерттеушілер сияқты өзінің де Ақыртас пен 
Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы    араб  жиһанкездері  Ибн  Хордадбек  пен  Ибн  Кудамның 
жазбаларында сипатталған Касри – басты бір нысан деп санайтындығын атап көрсеткен. 
Еліміз  тəуелсіз  алғаннан  кейінгі  кезеңде  атап  айтқанда, 1997 жылы  Париждегі 
Сорбонна  университетінің    профессоры  Амрст  Нордхедж  бен  екі  жас  əріптесінің 
жетілдірілген лазерлік қондырғымен Ақыртас кешенін зерттеуі  жəне 2007 жылы италиялық 
жəне бельгиялық ғалымдар Ренато Сала мен Деом Жан Марктің ұшатын арнайы аппаратты 
пайдаланып,  лазерлік  камера  арқылы  Ақыртасты  əуеден  фотосуретке  түсіруі  бұрын 
шығыстану  ғылымына  беймəлім  болып  келген  көптеген  археологиялық  мəні  бар 
құндылықтарды  ашуға  мүмкіндік  берген.  Бұл  ретте,  басты  табыс  ретінде  қабырғалардың 
бұрыштарында  дөңгелек  пішінді  мұнаралардың    болғандығы  анықталғандығын  жəне 
негізінде  тас  тіректері  сақталынған  колонналары  бар  үлкен  ауланың  жəне  кешеннің  жалпы 
орналасуының  анағұрлым  айқынырақ  жоспарының  жасалғандығын,  сол  сияқты,  қамалдың 
аршылып тазаланған іргетасының биіктігі 3,5-4 метрге дейін жететіндігі белгілі болғандығын 
əрі  тарихи  кешеннен  мұсылмандар  діни  мінəжат  рəсімін  орындайтын  мешіттің  орны 
табылғандығын айтуға болады. Соңғысы бұған дейін Ақыртастың Будда немесе Несториан 
монастырына  қатыстылығы  туралы  болжамдарды  жоққа  шығарғандығы  жəне  қазақстандық 
жетекші археолог – ғалымдардың ертедегі қалашық құрылысының VІІІ ғасырдың ортасынан 
былай қарайғы кезеңде басталған деген тоқтамға келуіне ықпал еткендігі белгілі [4, 4 б.]. 
Еліміздің  жəне  франциялық  ғалымдардың  бірлесіп  жүргізген  зерттеу  жұмыстары 
барысында  лазерлік  қондырғының  көмегімен  нақтыланған  Ақыртастың  орналасуы 
жоспарының Таяу Шығыстағы Сирия мен Иордания сияқты араб елдеріндегі, сондай-ақ араб 
халифаларының  жазғы  резиденциясы  болып  саналатын  Самаррадағы  сарайлардың,  əсіресе 
өзінің    сəн-салтанатымен  əлемге  əйгілі  Каср  аль  Хайр  Тарби  сарайының  жоспарлануына 
ұқсастығы  Əлкей  Марғұлан  атындағы  археологиялық  институттың  директоры,  белгілі 
археолог,  Ұлттық  ғылым  академиясының  академигі  К.Байпақовтың  ескерткішті  Қарлұқ 
қағанының  жазғы  резиденциясы  ретінде  тұрғызыла  бастаған  деген  ұйғарымға  келуіне  негіз 
болған.  Оның  үстіне  осы 1996-1999 жылдар  аралығында  жəне  республикалық  «Мəдени 
мұра»  бағдарламасы  аясында 2004-2006 жылдары  Ақыртаста  жəне  оның  айналасында 
жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ғибадатхана, ауқымды сауда 
орталығы,  керуен – сарай,  бекініс,  билеушінің  резиденциясы  ретіндегі  қамал – сарайдан 
тұратын көне заман ескерткіштері тарихи орынды орта ғасырлық қала нысандарының кешені 
тұрғысында қарастыруға жол ашып отыр. 
Жалпы,  ғимарат  негізі  төрт  бөліктен  тұрады.  Одан  басқа  шығысы  мен  батысында 
біркелкі  орналасқан  қосымша  нысандары  тағы  бар.  Шамада 500 шаршы  метр  ашық  алаң 
құрылыстың қақ ортасында, ал су толтырылып сақталатын екі тоспа немесе хауз ғимараттың 
оңтүстігінде  шыға  беріс  бөлігінің  алдында  қатар  жалғасқан.  Кіре  беріс  үлкен  қос  қақпадан 
кейін,  ұзындығы 18 метр  ұзын  ені 4 метрлік дəліз  басталады.  Оң  жағы  қапталында  ауданы 
18х13=234  шаршы  метр  үлкен  зал,  жалғыз  есік,  қамалдың  келесі  екінші  бөлігімен  қарама-
қарсы  залдың  аулаға  шығар  жағында  үш  есік  қатар  орналасқан.  Есіктердің  екі  жағында 
қарулы күзетші-сарбаздарға арналып 6 адамға тұратын орын əдейі қалдырып кеткен. 
Ақыртастың  сырт  қабырғалары 2 метр  тереңдіктен  орналасқан.  Мұндағы  басты 
мақсат, жау қамалдың астын қазып кіре алмауын қатаң ескерген. Міне, осыларды сараптай 
келе  айтарымыз,  қамалдың  қабырғалары  қалың,  бұзу  амалы  қиын,  су  шаймайды,  жел 
мұжымайды,  үстінен  асып  түсе  алмайды,  биік,  астынан  қазып  кіре  алмайды,  табаны  терең. 
Іргесіндегі  бұлақ  суын  бөгеп  тастаса,  жасырын  жер  асты  су  құбырын  жүргізген.  Қысында 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

22 
қатты суықтарда бұлақ қатқанмен су қамалға тоқтаусыз келіп тұрған су құбырларын сақтық 
жасап,  іргесінен  емес  бұлақтың  басынан 3-4 шақырымнан  мол  судың  қатпайтын,  табынан 
тартылған. Күн астында жаз айларында жуынып шайыну үшін, қамал ішінде су толтырылған 
хауыздармен,  мəртебелі:  хан-ханзадаларға,  олардың  жанұясына  əдейі  арналып  тастан  ойып 
ванналар  (ақыртас)  жасаған.  Ғимараттың  бас  корпусынан  басқа  қалған  бөліктері  əлі 
топырақтан  толық  аршылған  жоқ.  Дегенмен,  жобасына  қарап  сипатын  толық  аңғаруға 
болады. Оңтүстік бөлігінде орналасқан бұл екі бөліктің кіріп шығар қос қақпасы, одан басқа 
өздерінше    кіріп  шығар  сыртқы  есіктері  бар.  Ендеше,  қамалдың  бұл  бөлігінде  əр-түрлі 
қызмет атқарып, жалпы шаруашылыққа басшылық ететін тұрғындарға лайық. Құрылыстың 
кескін-келбеті оның жүргізу амалдарын сараптай отырып, қазақ топырағындағы адамзаттың 
тым  əрідегі  жүзеге  асырмақ  болған,  көпсалалы  инженерлік  құрылыс  нысаны  деп  айтуға 
болады [5, 12-13бб.]. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасының  тарихи  жəне  мəдени  ескерткіштер  Жынтығы.  Жамбыл 
облысы. – Алматы: РМК «ММЕ ҒЗЖИ», 2002. – 364 б. 
2. Көшерова Г. Ақыртас кешені //Алаш айнасы. – 2012. – 3 тамыз.  
3.  Байбосынов  К.  Ақыртас  ғасырлар  куəсі: [Жамбыл  облысындағы  ескерткіш  жайлы 
археологиялық зерттеулер] // Лениншіл жас. – 1978. – 7 қаңтар.  
4. Сəттібайұлы Қ., Мамыт А., Əлібай С. Ақыртас түркі өркениетінің қастерлі қазынасы // Ақ 
жол. – 2014. – 11 қазан. 
5. Шекеев Қ.Ақыртас ақиқаты толық ашылды // Мəдени мұра. – 2013. – 15 сəуір. 
 
 
К ИСТОРИИ БУКЕЕВСКОЙ ОРДЫ 
Елтайев Ж.Н., студент 3 курса факультета  
Научный руководитель: д.и.н., профессор Калыш А.Б. 
КазНУ имени аль-Фараби 
 
История  Букеевской  Орды  представляет  большой  исторический  интерес.  Русские 
ученые  начиная  с 20 века  изучали  Букеевскую  Орду  с  первых  же  дней  образования  и 
собирали  весьма  ценный  материал.  Но  изучение  в  основном  велось  с  точки  зрения 
колониальных  целей  Российской  империи,  а  казахи  рассматривались  как  объект 
колониальной политики царизма. Связи с этим, почти все факты и материалы, относящиеся к 
Букеевской  орде  можно  найти  только  в  трудах  русских  историков,  ученых, 
путешественников, военных людей и в российских архивах. 
Например  можно  назвать  некоторых  крупных  трудов,  которые  являлись  в  то  время 
полноценным  источником  для  исследования  Букеевской  орды:  А.  Харузин  "Киргизы 
Букеевской  орды",  Н.В.  Ханыкова  "О  населении  киргизских  степей,  занимаемых 
Внутреннею  и  Малою  ордами",  М.  Китгара: "Ставка  хана  Внутренней  киргизской  орды", 
статья  А.  Еврейнова  "Внутренняя,  или  Букеевская  орда"и  др [1, с.17-18].  Но  эти  все 
исследования  не  дало  полностью  раскрытию  истории  Букеевской  орды.  И  тем  самым  это 
дало большой толчок нашим казахским исследователям, историкам полностью изучить этот 
регион, так как Букеевская степь – часть казахской земли, и что история этого края является 
одной из составных частей истории нашего народа. 
В  начале  ХІХ  века  между  Уралом  и  Волгой,  на  территории  нынешней  Западно-
Казахстанской  области  образовалась  казахское  ханство  под  названием  Букеевская 
(Внутренняя) орда. Им управляли султаны и ханы. Знаменательную роль в  основании этой 
орды принадлежит султану Букею. И ханство было названо именно по ему имени [2, с. 141]. 
Султан Букей  переговаривая с Царским правительством делал всевозможные действия для 
облегчения  жизни  своего  народа.  Букей  хан провел  в  орде  нечто  вроде  административного 
деления.  Для  этого  он  распределил  все  кочевья,  летние  и  зимние,  между  отдельными 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

23 
родовыми  общинами.  Каждая  община  должна  была  кочевать  на  том  участке,  который 
закреплялся за ней ханом Букеем[2, с. 143]. 
Закрепление  кочевий  проводилось  ханом  через  старшин  этих  общин  и  устно,  и 
письменно.  Он  правил  Букеевской  ордой 14 лет (1801-1815), и  сделал  немалый  вклад  в 
развитии своего ханства [4, с. 90]. 
После него по устному завещанию Букей хана законным наследником ханской власти 
в  Букеевской  Орде  провозглашался  его  родной  сын,  султан  Жангир,  а  до  наступления 
совершеннолетия  султана,  управление  ханством  передалось  младшему  брату  Букея  хана, 
султану Шигаю (1815-1824) [3, с. 32]. 24 июня 1824 в г. Уральске состоялся торжественный
 
 ритуал,  султан  Жангир  был  объявлен  ханом  Букеевской  Орды [4, с. 91]. С  этого 
момента началась новая эпоха в истории Букеевской Орды, характеризовавшаяся развитием 
процессов  централизации  власти  и  новыми  переменами  в  экономической  и  социально-
культурной жизни Букеевского ханства. 
Хан  Жангир  был  образованным  человеком,  обладал  широким  мировоззренческим  
кругом. Он пытался укрепить и усилить ханскую власть в Букеевском ханстве, преобразовал 
некоторые реформы и определенные изменения в политике, для развития своего ханства. 
В 22 года  своего  правления  Жангир-хан  открыл  в  Орде  казахско-русскую  школу  в 
1804 г., две мечети, врачебный пункт, аптеку, первое в истории Казахстана казначейство. Это 
были серьезные реформы с европейским оттенком в казахской степи. Сказалось полученное 
ханом российское образование, которое само в то время находилось под влиянием Европы. В 
собственном дворце, имевшем  23 комнаты, Жангир имел богатую библиотеку и оружейную 
комнату – в духе заморских традиций [2, с. 57]. 
Поселок,  который  начинался  с  дома  хана,  вырос  в  ханскую  ставку,  стал  первым 
центром  политико-экономической  и  культурной  жизни  Букеевской  орды.  Сегодня  Город 
Жангира  практически  восстановлен  и  стал  музейным  комплексом.  В  состав  историко-
музейного комплекса входит и пантеон памяти из трех мавзолеев Жангир-хана, Даулеткерея 
(двоюродного брата хана) и Мухамедсалыка Бабаджанова (ученик хана, историк и этнограф) 
 [6, с,2]. Все три мавзолея построены в разных архитектурных стилях.Особо следует сказать 
о здании ханской мечети. В нем органично сочетаются восточный и европейский стиль. Это 
не случайно. Жангир-хана считают первым евразийцем, учившим свой народ жить в мире и 
согласии с людьми других национальностей. 
В  здании  бывшего  казначейства  сейчас  находится  историко-краеведческий  музей.  В 
зале  дореволюционного  периода  собраны  экспонаты XIX века,  рассказывающие  о  времени 
правления  Жангира.  Это  уникальные  документы,  фотографии.  Кольчуга,  колчан  и  стрелы, 
седло  и  упряжь,  сабли  и  кинжалы,  старинная  домбра  и  различные  этого  рода  предметы.  В 
гостиной и столовой и мебель, и убранство, и даже посуда - XIX века[6, с,3-4]. Именно так, 
по  мнению  ученых,  краеведов  и  историков,  жил  хан  Жангир.Сегодня  город  Жангира 
практически восстановлен и стал музейным комплексом. 
Начало к созданию этого музея было положено еще в советские годы, т.к. интерес к 
эпохе Букеевского ханства был всегда. В 1962 г. был создан музей при Урдинской школе, где 
собрали всего 35 экспонатов. 
При  хане  Жангире  площадь  лесов  составляла 16 тысяч  гектаров.  Заботясь  о 
сохранении  леса,  Жангир-хан  назначил  объездчиков.  Вечнозеленый  бор – это  тоже 
своеобразный  памятник  мудрому  правителю.  Ханская  Роща  сегодня – часть  музейного 
комплекса и живая память о предках. 
С именем Жангир хана  связано развитие медицины, судопроизводства, торговли. Как 
свидетельствуют  историки,  Букеевское  ханство,  входившее  в  состав  Российской  империи, 
сохраняло самостоятельность в решении вопросов внутреннего управления и хозяйственного 
устройства. Это удалось благодаря прозорливости и дипломатическому таланту хана. Своим 
городом  Хан  правил,  опираясь  на  местных  родоначальников  и  административную  систему 
России. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

24 
В период правления хана Жангира на территории Букеевской Орды  стали строиться 
мечети,  было  довольно  много  мусульманских  мектебов,  практически  каждый  род,  каждое 
отделение  рода  имело  своего  муллу.  Укрепление  позиций  ислама  в  Букеевской  Орде  во 
многом было связано с именем хана Жангира. Известно, что хан Жангир проявил себя как 
реформатор  и  преобразователь  во  многих  сферах  общественной  жизни,  в  том  числе  и  в 
религиозной.  О  его  религиозной  образованности,  знаний  языков,  мерах  по  подготовке  и 
увеличению  числа  религиозно  грамотных  и  просвещенных  людей  из  числа  собственно 
казахов в последнее время говорится во многих работах. 
В  результате  образования  Букеевской  орды  сложились  совершенно  новые  условия 
жизни для казахов; под влиянием разных факторов и в хозяйстве, и в общественном строе их 
происходили  глубокие  перемены.  Казахи  перешли  к  оседлости,  начали  заниматься 
земледелием. Тесное общение с русским народом благотворно повлияло и на экономику, и 
на культуру, и на быт казахов. Постепенно разрушилась патриархально-родовая замкнутость 
казахов,  ликвидировалось  их  хозяйственное  однообразие,  ускорился  процесс  перестройки 
хозяйства на 63новых, более передовых началах. 
В 2001 г.  в  Западно-Казахстанской  области  отметили 200-летие  Букеевской  Орды  и 
200-летие Жангира, последнего казахского хана. Именно здесь два века назад была положена 
своебразная история рассматриваемого региона. 
 
Каталог: bitstream -> data


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет