Дәріс 2
Тақырыбы: Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Жоспар:
-
Сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдары
-
Етті бағыттағы ірі қара тұқымдары
-
Сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары:
Күнделік тәжрибеге сай ірі қараны олардан өндірілетін өнімге қарай топтастырған жөн. Осыған орай ірі қара тұқымдары етті, сүтті және етті-сүтті немесе сүтті-етті бағыттағы деп үш топқа бөлінеді.
1.Сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдары:
Бұл топқа жататын ірі қара зат алмасуның ерекшеліктері-оның азықтық заттарды барынша сүтке айналдыра алатындығы.
Сүтті бағытағы малға голланд сиыры, қара ала сиыр, қырдың қоңыр сиыры, аулие ата, ангельн, айршир және басқа сиырлар жатады.
2. Етті бағыттағы ірі қара тұқымдары:
Бұл топқа жататын ірі қараның зат алмауыеың ерекшеліктері азықтық заттарды ет пен майға айналдыра алатындғы. Сондықтан да бұл бағытағы азықтық заттарды қосатын қосымша салмағымен өтейді.
Етті бағытты ірі қара тұқымына-герефорд, қалмақ, абердин ангусс, шартгорн ірі қарасы, қазақтың ақбас сиыры, галловей, санта-гертруда, шарлое, лимузин, қиан ірі қаралары жатады.
3. Сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары:
Бұл топқа жатаын ірі қараның ерекшелігі-олардың азықтық заттарды сүт түзумен бірге етке де пайдалана алатындығы. Сонымен, сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымына-швиц, симментал, сычев, кастрома, алатау, леведа, кавказдың қоңыр сиыры болады, қарпаттың қоңыр сиыры, бестужев, горбатов қызыл сиыры, қорған, тамбовтың қызыл сиыры, украиының сұр сиыры және т.б. тұқым малы жатады.
Осы арада айта кететін бір жайт-бұл тұқымға жатаын малдың өскен ортасында, азықтандыру және жер жағдайна қарай сүт бағытына немесе ет бағытына ауытқи беретіндігі.
Кейбір жағдайда ірі қара тұқымдарын географиялық принципті қолданып бөледі. Мұндай жағдайда ірі қара тұқымдарын ойпандық, таулық және далалық деп бөлінді. Бірақ қазіргі кезде бұлай бөлу ірі қара тұқымдарның арасындағы айырмашылықтар ашып бере алмайды.
Табиғи тұқым деп табиғи жағдайлар әсерінен пайда болған мал тұқымын айтады. Оларға кавказ, қырғыз, қазақ, сібір ірі қараларын жатқызады.
Зоводтық мал тұқымы деп ұзақ уақыт адамзат араласып, сұрыптау, жұп таңдау, жеткілікті азықтандыру нәтижесінде пайдалы тұқымдық қасиеті бекіген малды айтады. Тұқымдық қасиет дегенді олардың өнімділік ерекшеліктері, сырт пішіні, дене бітімі деп білу керек.
Ауспалы мал тұқымына сыртқы орта мен мал өнімін жасартуға тырысқан адам еңбегі нәтижесінде пайда болған мал жатады. Ғалымдар бұл үшініші топқа лебеда, истобе тұқымдарын жатқызып жүр.
Келешекте мал тұқымын асылдандыру-селекциялық жұмыстарды дұрыс жүргізілсе, бұл мал тұқымын заводтық тұқымға аусытыруға әбден болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Ірі қара малдарын өнңмдңлңгңне байланысты қандай тұқымдарға бөледі?
2. Сүтті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарын атаңыз
3. Сүтті- етті бағыттағы мал тұқымдарын атаңыз
Қолданылған әдебиеттер:
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Б.Б Ысқақбаев. Сиырды қолда өсіру оқу құралы- Алматы, Қайнар, 1987-114 бет
Достарыңызбен бөлісу: |