Стресске төзімділік психологиялық саулықТЫҢ кепілі б. Е. Күребай



Дата09.03.2017
өлшемі89.01 Kb.
#5736
СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Б.Е. Күребай

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлеттік университеті, Талдықорған қаласы.,

Ғылыми жетекші: К.Н.Ахмедиева



balzhan.kurebay@mail.ru

Психологиялық денсаулықтың бұзылуына əсер ететін факторлардың ішінде кең тарағандары – эмоционалды тұрақтылықтың бұзылуы, іс-əрекеттегі ауытқушылық жəне гиперактивтілік.

Стрессор – стресс жағдайын тудыратын фактор. Стрессорларға адамды рухани тепе-теңдіктен шығаратын сыртқы жəне ішкі жағдайлар жатады. Шеффердің айтуы бойынша адамның ішкі қысымын білдіретін жағдайлар: шоғырлана алушылықтың төмендеуі; жұмыстағы жіберілетін қателіктердің жиілеуі; тез шаршағыштық; жылдам сөйлеу; ойдың жинақталмауы; бас, омыртқа, асқазанның жиі ауыруы; жоғары қозушылық; жұмыс істеудің қуаныш əкелмеуі; қалжың сезімінің жоғалуы; шылым шегудің жиілеуі; алкогольді ішімдікке əуестену; тойымсыздық сезімі; тəбеттің жоғалуы; өз уақытында жұмысты аяқтай алмау.

Эмоционалды стресс өзінің тегі бойынша əлеуметтік болып табылады. Ғылыми- техниканың дамуы, өмір қарқынының жылдамдығы, ақпараттың көп болуы, адамдар арасындағы қақтығыстық жағдайлар, экологиялық жағымсыздық нəтижесінде олардың кездесуі өте жиіленді. Эмоционалды стресс салдарынан туындайтын ағзадағы өзгерістер өте көп. Əр адамда оған қарсы тура алушылық та əр алуан. Балаларда стресс салдарынан туындайтын клиникалық жəне соматикалық аурулар бірнеше жағдайларға байланысты. Мұндай жағдайларға индивидтің психикалық жəне биологиялық ерекшеліктерін, əлеуметтік ортасын жəне салмақты эмоционалды реакция тудыратын оқиғалардың сипаттарын жатқызуға болады.Отбасындағы бірнеше рет қайталанған күрделі жағдайлар жəне одан тыс жағымсыз жағдайлар эмоционалды стресстің туындауына əсер етеді. Эмоционалды стресс адамның əлеуметтік ортаға бейімделуінің психологиялық механизмдерінің бұзылуы жайлы белгілер береді [1].

Балалардағы эмоционалды стресс көп жағдайда олардың мінез-құлық үлгісін қалыптастырып алуына байланысты туындайды. Күнделікті өмірде кездесетін немесе əдеби шығармалардағы кейіпкерлерге өздерін ұқсатады. Ерте жəне мектепке дейінгі кезеңдегі стреске əкелетін жоғары тəуекелдікке ие жағдайлар: қорғанысты жоғалту немесе болмауы; жауласқандық, қатаң, эмоционалды жылылығы жоқ отбасы; жақсы күтім жасай алмайтын, жақын адамын жоғалтқан немесе үйлесімділік жоқ отбасы; шектен тыс қатал талап қоюшы отбасы; отбасында жаңа мүшенің пайда болуы; қарама-қайшылықты тəрбие немесе оның типінің өзгеруі; отбасынан алшақтануға байланысты қорғаныстың болмауы: бөтен отбасында немесе балалар мекемесінде тəрбиелену.

Мектеп кезіндегі балалар да шынайы немесе қиялдық қорғанысты жоғалтуды өте ұшқыр бастан өткізеді. Олар үшін өте маңызды өзіндік «Менінің» құндылығын төмендетумен байланысты жағдайлар – ата-анасының, мұғалімдерінің күтулерін, үміттерін ақтамау, өзінің денсаулығы немесе өмірі үшін қорқыныш сезімі эмоционалды стрестің туындауының жиі себептері бола алады.

Баланың педагогпен қатынасының дұрыс болмауына баланың оқу міндеттерін меңгере алмауы себеп болады. Педагогті түсіне алмауына немесе қорқуына немесе көңіл аудармауына байланысты мектеп талаптарына нашар бейімделеді. Мұндай жағдайда психологтар бұл балаларға мектепке бейімделе алмаушылық синдромын қояды [2].

Кейбір кездерде оқушы барлық талпыныстарына қарамастан, құрбылары түсінбейтін күрделі жағдайларда қалады. Бала неғұрлым ересек болса, құрбыларының қатынасы соғұрлым маңызды жəне олардың өзіне деген мазақтарын, көңіл бөлмеушіліктерін өте ауыр қабылдайды. Əсіресе, мұндай жағдайларда басқа сыныптан ауысып келген бала болуы мүмкін. Бала жаңа əлеуметтік ортада жағымды бейімделе алмауын өте ауыр бастан кешіреді.

Отбасында күрделі өзгерістер баласының өтпелі кезеңге өтуімен байланысты да туындап жатады. Жеткіншектік кезең (10-11- ден 15-16 жасқа дейін) дербес болудың маңызды кезеңі. Дербестікке жетудің табыстылығы көп жағдайда отбасы факторларымен, дəлірек отбасынан бөлектену процесімен жүзеге асады. Жеткіншектің отбасынан бөлінуі жеткіншек жəне оның отбасы арасындағы өзара қарым- қатынастың, яғни қолпаштауға емес, серіктестікке негізделген жаңа типінің қалыптасуымен байланысты. Бұл кезеңде мектепті , ересектенудің маңызды психоəлеуметтік қақтығыс, сонымен бірге еркіндік пен дербестік мақсатына жету орны ретінде қарастыруға болады. Нəрестелік кезеңнен жеткіншектік кезеңге дейін психологиялық денсаулыққа сыртқы орта факторларының əсері азаяды. Сондықтан, ересектерге бұл факторлардың əсер етуін сипаттау күрделірек. Психологиялық сау ересек кез келген факторға өзінің денсаулығына зиян келтірмей адекватты бейімделе алуы керек.

Осы позициямен келісе отырып, ішкі субъективті факторлардың психологиялық саулыққа əсерін қарастырайық. Психологиялық саулық стресс жағдайларына төзімділікті білдіреді, сондықтан стреске төтеп бере алуды – толеранттылықты азайтатын психологиялық қасиеттерді анықтайық. Осы орайда индивидуалды типологиялық қасиеттердің ішінде темперамент елеулі роль атқарады. Ең алдыме А.Томастың классикалық эксперименттерінен бастайық, ол темпераменттің «қиын» деп атаған қасиеттерін бөліп көрсетті: ырғақсыздық, бейімделудің төмендігі, қашқақтау тенденциясы, нашар көңіл-күйдің басымдылығы, жаңа жағдайлардан қорқу, шектен тыс қыңырлық, шектен тыс көңіл бөлушілік, жоғары немесе төмен белсенділік. Мұндай темперамент күрделілігі мінез-құлық бұзылуының жоғары тəуекелдігінде [3]. Бірақ аталған бұзылулар қасиеттерден туындамайды, қоршаған ортамен ерекше өзара əрекеттестік тудырады. Темпераменттің индивидуалды қасиеттерін психологиялық денсаулықтың бұзылуы жағынан Я. Стреляу қарастырды.

Я. Стреляудың пікірінше, темперамент – бұл мінез- құлықтың қуаттық деңгейінде жəне реакциялардың уақытша параметрлерінде көрінетін, мінез-құлықтың тұрақты сипаттамаларының жиынтығы. Жеткіншектік кезең өсіп келе жатқан бала үшін де, эмоционалды шектен тыс шығып кетуіне мүмкіндік жасайтын, баланы түсіне алмаушы ата-ана үшін де өте ауыр, стрессогенді болып табылады. Белсенді үміткерлік көңіл-күйі адам ғұмырын ұзартады, əрі тəннің ауруға қарсылық қуатын күшейтеді. Ал соңғы жылдары, көңіл күй мен денсаулық арасында қатыстылық болатындығын ғалымдар тағы бір тұрғыдан растады. Олардың көрсетуінше, егер адам жыл бойы жабығып, торығып жүретін болса, онда қан құрамындағы холестерин шамасы артады жəне адам тəнінің ауырсыну түйсігі ұлғаяды.

Ғалымдар мынаны байқаған: егер адам өзінде бардың бəріне разы болса, мысалы, жанашыр жұбайының болғанына, белгілі табысқа жеткендігіне, тіпті өзінің тірі жүргендігі сынды болмыстың өзіне де разылық сезіммен қарай алатын болса, бұндай разылық сезім иммунитеттік қуатты арттырып, қан қысымын төмендетіп, тұтас тəннің қалпына келу қарқынын тездете түседі. Көптеген адамдардың өмірінде мынадай кешулер болған: қайғырып, жабыққан сəттерде басы, асқазаны ауырып, ұйқы қашу, қан қысымы өрлеу сияқты сырқат белгілері байқалады. Таяуда АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің зерттеушілері мынаны байқады: егер жыл бойы жабығып, басылып жүрген болса адамның қанындағы глюкоза мен май қышқылының шамасы артып, сусамыр (диабет) ауруы мен жүрек ауруының қатері күшейеді, бұдан сырт, қысым адам денесіндегі холестерин шамасын арттырып, жүрек-қантамыр ауруларына оңай душар етеді.

Көңіл күй не үшін адам денсаулығына ықпал жасайды? Осылай деудің ғылымилығы бар ма, жоқ па? Мамандар көңіл күйдің сырын Қытай дəстүрлі медицинасы тұрғысынан ашып берді. Əр түрлі түйсік-сезімдер мен көңіл-күй адамдардың бəрінде болатын жəйт. Жайшылықта бұл қалыпты рухани физиологиялық құбылысқа тəн. Əр алуан көңіл күй əрекеттерінің бəрінде сезімді ояту, физиологиялық əрекеттерді сəйкестіру рөлі болады. Дей тұрғанмен, клиникалық тəжірибелер, адам жанының ызалануы, қайғыру, ой соқты болу, уайымдау, үрейлену сияқты жағымсыз көңіл-күйлері меңдеп алып, ол толық бейнеленіп шықпаса, денсаулыққа аса зиянды болатынын, тіпті, дертке шалдықтыратынын дəлелдеген. Бұндай аурулар да көңіл-күйден болған аурулар делінеді.

Стресске төзімділіктің төмендігі қандайда бір тұлғалық факторлармен байланысты екендігін қарастырайық. Қазіргі кезде бұл мəселеге қатысты нақты позиция жоқ. В.А.Бодровтың пікірінше, өмірде ақ-жарқын адамдар психологиялық табанды болып келеді, көңіл-күй фоны төмен адамдар керісінше, психологиялық төзімділігі де төмен болып келеді. Сонымен қатар төзімділіктің үш негізгі сипаттамасын бөліп көрсетеді: бақылау, өзіндік баға, сынау.

Адам денсаулығының деңгейі оның мəдениетіне тікелей байланысты. Адам бойында денсаулықты сақтауға деген тұрақты мотивация, ұмтылыс, мақсат болуы керек. Адам өзінің генетикалық, физиологиялық, психологиялық мүмкіндіктерін білуі, өз ағзасының резервті мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, оны рационалды білуі тиіс. Сонда ғана адамның стресске төзімділігі айқындала түседі [4]. Белсенді өмір сүретін ағза стрестік тітіркендіргіштердің əсеріне ұшырамайды. Г.Селье стреспен күрестің келесі құрамын ұсынды: салауатты өмір салты; позитивті ойлау; стресті фармокологиялық түзету, яғни фитоадаптогендерді қолдану; белсенді өмірлік бекіту позициясы; ертеңгілік дене шынықтыру.

И.В. Дубровина: «Психологиялық саулық тұлғаны толық қамтиды, адам жан дүниесінің жоғары сатыларымен тығыз байланысты, психикалық саулықтың психологиялық аспектісі» десе, О.В. Хухлаева: «Психологиялық саулық – психикалық саулықтың психологиялық аспектілері: адамның жас ерекшелік, əлеуметтік, мəдени рольдерін адекватты орындау шарты; адамның өмір бойы үздіксіз даму мүмкіндігіне байланысты» деп көрсетеді. [3]

М.Р. Роговин бойынша адамның стресске төзімділігінің сипаты сыртқы жəне ішкі реттелу функцияларының сақталуына негізделеді. Б.С. Братусь тұлғалық – мəнділік немесе тұлғалық саулық, индивидуалды психологиялық денсаулықтың жоғары деңгейі ретінде – мəнді талпыныстардың адекватты тəсілін құру қабілеттілігі жəне психикалық іс-əрекеттің нейрофизиологиялық ұйымдастырылуының ерекшелігі ретінде психофизиологиялық саулық деңгейін көрсетеді. Қорыта келе, психологиялық əдебиеттер негізінде адамдардағы психологиялық саулықтың үш деңгейі кездеседі, жəне бұлар адамның стресске төзімділік көрсеткішін білдіреді.

Психологиялық денсаулықтың жоғарғы деңгейі – креативтілікке – ортаға тұрақты бейімделушілігі, стрестік жағдайларды меңгеруге резервті күші бар жəне шындыққа белсенді шығармашылық қатынас құру позициясын ұстанатын адамдарды жатқызуға болады.

Орташа деңгей – бейімделушілікке – социумға толық бейімделген, бірақ біршама жоғары мазасыздығы бар адамдарды жатқызамыз.

Төменгі деңгей – бұл дезадаптивті. Мұнда ассимиляция жəне аккомодация процестерінің тепе-теңдігі бұзылған жəне ішкі қақтығысты шешуде ассимиляцитивті немесе аккомодативті құралдарды қолданатын адамдарды жатқызамыз. Ассимилятивті мінез-құлық стилі ең алдымен адамның сыртқы жағдайға өз тілектеріне жəне мүмкіндіктеріне зиян келтірумен сипатталады. Қоршағандардың тілектеріне толығымен сəйкестенуге тырысады.

Аккомативті – мінез – құлық стилі керісінше, қоршағандарды өз қажеттіліктеріне

бағындырғысы келеді [5].


ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Г.С. Никифоров "Практикум по психологии здоровья".

2. Петровская Л.А. Гуманистический контекст психологической помощи//Социальная психологияв современном мире/ Под ред.Г.М.Андреевой, А.И.Донцова. М.: Аспект Пресс, 2002.

3. Практическая психология образования / Под ред.И.В.Дубровиной.М.; ТЦ«Сфера», 1997.

4. Михайлов А.Н., Ротенберг В.С. Особенности психологической защиты в норме и при

соматических заболеваниях // Вопросы психологии. 1990.



5. Никифоров Г.С. Психология здоровья: Учебник для вузов СПб. - Питер, 2006.
Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> ТалдықОРҒан қаласы бойынша жартылай дайын ет өнімдерінің сапасын анықтау
2016-04 -> ТҰТЫҚпаны түзету әдістері ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
2016-04 -> Азаматтық ҚҰҚЫҚ Қатынастардағы заңды тұЛҒалар түсінігі имангалиев Самат Сайлаубекович
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Желтоқсан оқИҒасына қатысқан жастардың ерлік мұрасы арқылы жасөспірімдерге патриоттық ТӘрбие беру боранбай Қуат
2016-04 -> Балқаш ойысындағы рай көлінің емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы алатын орыны
2016-04 -> Тері ауруларына қолданатын негізгі дәрілік өсімдіктердің ТҮр ерекшеліктерін, химиялық ҚҰрамын зерттеу. Б. Б. Мұхамедярова
2016-04 -> Исследование степени загрязнения тяжелыми металлами поверхностных вод, почвы в районе расположения озера алаколь


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет