Ұстаз психологиясы
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс – тұрысымен, жайдарлы мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
М.Ғабдуллин.
Жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда,оның жеке «менің» қалыптастыруда оқытушының рөлі ерекше.Жеткіншек жастың нәзік жанына білім ұрығына себуші, оны мәпелеп тәрбиелуші-ұстаз. Ұстаз адамның өнегелі озық бейнесін сонау бір алыс заманның өзінде әл-Фарабидей жеріне жеткізе айтқан адамды табу қиын.Ғұлама ұғымында нағыз ұстаз айтқанын екі еткізбейтін,үстінен ешкім шағым жасауға бытылы бармайтын,білімі телегей геңіз ақыл-ой,парасатына да,ерік-жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам.Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана оқшысына үлгі-өнеге өрсете алады,ол халықта соңынан ертіп,оның мұң-мұқтажын,талап-тілегін орындай алады.
Ы.Алтынсарин оқытушылардың оқыту әдісін жетілдіріп отыруын,олардың педагогикалық және оқытушылық тәсілдерін меңгеру қажет және педагогикалық такт мәселесіне ерекше мән берді.Нағыз оқытушы болу үшін оқушылардың өзіндік ерекшеліктерімен санасу қажет,ол үшін педагогикалық сезімтал,бала жанын жазбай танитын адам болу керек екенін айта келіп,осындай қасиеті жоқ оқытушылар оқушыларды адастырып,сонан кейін қойылған сұраққа оқушылардың жауап бере білмеген ренжіп,өздері де ашулана бастайды,тіпті оқушыларға өшігуге дейін барады дейді.
Ұстазға қажет саналар.Мұғалім этикасын құрайтын компоненттер көп.Олардың бастылары:педегогикалық такт,байқағыштық пен психологогиялық қырағылық,педагогикалық оптемизм,әділдік,күшті-жігер,сөйлеу мен сезім мәдениеттілігі,қылық сұлулығы т.б.Мұғалімнің жоғары идеялығы мен сенімі оған ауадай аса қажетті сипат.Халқымыз жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай» дейді.А.С.Макаренко да оқытушының осы қасиетіне ерекше мән берген. «Балалар ,-деп жазды ол,-сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркеңізді,сізідң мәдениетіңізді,жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек».Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері,ерік-жігері мен қажыр-қайраты,немесе жалтақтық жағымпаздығы да ап-айқын аңғарылып тұрады.Оқытушының дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді.Сондықтан оқытушы сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып,қолайсыз күйкі көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс.Өз сабағына жан-тәнімен берілген оқытушы шын жүректен шыққан жалынды сөзі арқылы оқушыларды еліктіре,баурап әкетеді.Егер ол өз сөзіне немқұрайлы,дел-сал қарайтын болса,оқушылар мұны бірден байқай қояды.
Оқытушының сөйлеу стилі-оның психологиясының басты көрсеткіші.Оқытушы жазба сөзге де шебер адам болуы қажет.Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу-барлық пән оқытушыларымен қатар,тәрбиеші,мастерлердің де міндеттерінің бірі.Шәкірттерді өз ана тілін қадір тұтып,құрметтей білуге тәрбиелеу-сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің басты бір элементі.Гегель: «Білімдіктің ең басты факторы,-деп жазды ол,-туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады».
Ұстазға қажетті қасиеттердің бірі – мейірімділік. Оқытушы – оқушының ғана тәрбиешісі емес, ол барша жұртқа үлгі, өнеге көрсететін жан. Қытушы мамандығының кәсіптің басқа түрлерінен айырмашылығы оның әрекетін ешкім үнемі қадағалап жүрмейді, оқу – тәрбие ісі оның өз ұжданына, жеке арына жүктелген. Оқытушы өзінің жеке тәжірибесіне ғана сүйеніп, ғылымның бүгінгі таңдағы жетістіктерін қолданбайтын болса өскелең өмірдің талабына сай қызмет ете алмайды. Білімі саяз, ой –өрісі тар оқытушы болу оқушы өміріне балта щабумен тең. Ол үшін педагогикалық жоғарғы оқу орнын таңдамай тұрып, болашақ педагог өзіне «Менің мамандығым өзіме ұнай ма, ұнамамай ма?» деген сұрақ қоюы қажет.
Ұстаз – оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан тарап жолынан адаспай өтуіне оған бағыт беретін адам, баланы адамгершілікке, адалдыққа сол секілді ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Ұстаз моделі.
№4 негізгі мектебі
БАЯНДАМА.
Тақырыбы: Ұстаз психологиясы.
Оқыған: Орынбекова Л.К
Қажымұқан ауылы – 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |