Сөздік жұмыс : қарағайлы орман. Үш тілділік : қарағайлы орман- сосновый лес, pine forest. Көрнекі құралдар



Дата06.07.2017
өлшемі17.92 Kb.
#26071
Тақырыбы : Аюдың қарағайлы орманында.

Мақсаты : 1. Қарағайлы орманда өсетін жидек түрлерімен таныстыру. 2. Орманда өсетін ағаш түрлерімен таныстыру. 3. Табиғатты сүюге баулу. Сөздік жұмыс : қарағайлы орман. Үш тілділік : қарағайлы орман- Сосновый лес, pine forest.

Көрнекі құралдар : Аюдың қарағайлы орманның суреті. жидектер суреті.

Шаттық шеңбері:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі
-Балалар, біз бүгін аюдың қарағайлы орманына қонаққа барамыз.Аю қарағайлы орманда тіршілік етеді.Бұл орманда қарағайлар көп өседі. Сондықтан қарағайлы орман дейді.Балалар, Орманға баруға сиқырлы қолшатыр көмектеседі. Кане бәріміз қолшатырымызды алып орманға барайық.

«Орман дыбысы» үнтаспасы қойылады.

Балалар, кәне, отырып, әуенді тыңдайық.

-Балалар, қандай керемет алаңқай! Алаңқайда не көріп тұрсыңдар?Алаңқайда жидектер де көп, ал қасында аю жидек теріп жүр.Аюға орман және онда өсетін өсімдіктер туралы айтып берейік.Ол үшін өздерің де біліп алыңдар.

-Орманда шырша ,таңқурай, бүлдірген, орман жаңғағы, саңырауқұлақ және т.б өсімдіктер көп өседі. –Мынау-бүлдірген!Қандай жидекке ұқсайды?

Иә, құлпынайға ұқсайды.

-Ал мынау-таңқурай.Таңқурай тағы да қай жақта өседі.

Міне, аюдың қарағайлы орманында қаншама жидектер өсетініне көз жеткіздік.

-Орман-тоғайға серуендеу кезінде адам өзін қалай ұстау керек?
«Аюдың қарағайлы орманында» қимылы аз ойыны.

Ормандағы аюдың,

Жидектері көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қуаныштарын көрсетеді.

-Қарағайлы орманда қандай жануар тіршілік етеді екен? (Аю)

-Аю немен қоректенеді?

-Орманда өсетін жидектерді атаңдар.

-Жарайсыңдар!Сендердің арқаларыңда қарағайлы орманның аюы жидектер туралы біршама мәліметтерді білді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтетін нәтиже :

- қарағайлы орманда өсетін жидек түрлерін атауға берілген тапсырма. Түсінеді :



- табиғат аясында өздерін қалай ұстау керектігі туралы ережелерді.

Қолданады : - орманда тіршілік ететін жануарлар мен өсетін өсімдіктер туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай біллу дағдыларын.

 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет