Сорт: Мырзашөл-80



Дата16.01.2017
өлшемі15.12 Kb.
#2007
Дақыл: Мақта

Сорт: Мырзашөл-80

Авторлар: Умбетаев И., Гусейнов И.Р.

Оригинатор: «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл

Ұсынылған облыс: Оңтүстік Қазақстан облысы

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін

Сорттың сипаттамасы: Сорт конус тәрізді түптенеді, биіктігі 120-125 см, тармақтану типі біріншілік-бір жарымдық, сабағы жасыл түсті, күзге қарай қараяды. Жапырақтары ірі, бесбөлікті, жасыл түстес. Гүлдерінде антоциан пигменттері жоқ. Қауашақтары 4-5 қақпақты, сопақша, аздап шығыңқы тұмсығы бар, әлсіз кедір-бұдырлы, жасыл түсті, пісіп жетілгенде жақсы ашылады, шашылмайды. Дәндері орташа, жұмыртқа пішінді, ашық-сұр түсті. 1000 тұқымның массасы 120-122 гр. Талшығы ақ түстес.

Өнімділігі: Сарыағаш МСУ және Мақтаарал мақта шаруашылығы ҒЗИ-да сынақтан өтті. Өнімділігі бойынша 39,4 ц/га құрайды, ал қауашақтағы мақтаның массасы 6 г.

Сапалық көрсеткіштері: мақтадан талшықтардың алыну үлесі – 38,2%. Талшықтың штапельді ұзындығы 33,3 мм, метриялық нөмірі 5340, жарылу күші 4,9 г.с., жарылу ұзындығы 26,2 км.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Өтініш берушінің деректері бойынша сорт солуға, бактериозға, қара тамырлы шірікке және құрғақшылыққа төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: мақта алу мақсатында

Ерекшеліктері: сорт қоректендіруге жақсы әсер етеді, кеш суаруды жақсы көтереді, аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді. Механикалық өсіру мен жинап алуға жарамды.

Ұсыныстар: І-Сарыағаш (Шөлді мал шаруашылығы аймағы) (Сарыағаш МСУ) Оңтүстік Қазақстан облысында пайдалану үшін ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет