Солтүстік қазақстан облысындағы дәрілік өсімдіктер



Дата19.05.2017
өлшемі86.53 Kb.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР
Кабыкенова Д.С., Жандосова М.Ж., Макенова К.Е.,

Байдалина Д., Тлеубергенова Г.С.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Дәрілік өсімдіктердің табиғи және мәдени түрлері алуан түрлі. Қазақстан флорасы дәрілік өсімдікке өте бай. Бүгінгі күні жабайы дәрілік өсімдіктерді мәдени дақыл ретінде өсіру шаруашылығы даму үстінде. Медицина саласында дәрілік препараттардың 3000 астамы бар, олардың 45% өсімдіктерден дайындалады. Халық медицинасында түгелдей дәрілік өсімдіктер арқылы ауруларды емдеу жолдарын анықтаған.

Кәдімгі бөріқарақат (B. vulgaris) – кафедрадағы кеппешөптер қорындағы бөріқарақат (Berberis) туысының жалғыз түрі. Кәдімгі бөріқарақаттың дәрілік қасиеті де бар, дәрі ретінде жапырақтары және бұталарының жемістері қолданылады.

Бузина (Sambucus) туысының қызыл бузина (S. racemosa) және қара бузина (S. nigra) сияқты түрлері дәрілік өсімдіктер ретінде қолданылады. Оның гүлдері дәрі ретінде кең тараған. Оны ангина, тұмау, құрғақ жөтелде қолданады.



Мойыл (Prunus). Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.

Шетен (Sorbus). Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.

Итмұрын (Rosa canina). Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы адамға өте пайдалы.

Долана (Crataegus). Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың бірнеше түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар. Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.

Алманың (Malus) келесі түрлері дәрілік болып табылады: үй алмасы (M. domestica Borkh), орман алмасы (M. sylvestris).



Жөке ағашы (Tilia). Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробты құртады, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, сусамыр (диабет), ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді.

Жолжелкеннің (Plantaginaceae L.) дәрілік өсімдік ретінде қолданысы ерте кезден белгілі болды. Парсы және араб дәрігерлері жолжолкен өсімдігін аса жоғары бағалап, оны көптеген сырқаттар мен дерттерді емдеуге қолданған. Ежелгі Мысыр перғауындары, абыздар мен патшайымдар жолжелкен шөбін қолданған. Ұрпақтары үшін жолжелкен өсімдігінің рецепт жазбаларын папирус қағазына жазып қалдырған. Барлық жер шары бөліктерінде жолжелкенді кеңінен пайдаланды. Ол тек қана дәрі ретінде ғана емес, сонымен қатар тағамға да қосылды. Оны қуатты ауырсынуды басатын, зарарсыздандыратын және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданады. Жолжелкен жапырағының тұнбасы көмегімен кәдімгі жөтелден және ауамен жұғатын аурудан ғана емес, сонымен бірге мынадай: өкпе туберкулезі, плеврит, жоғарғы тыныс жолының катары, бронх демікпесі мен көкжөтел сияқты ауыр дерттерден жазылуға болады.

Жолжелкен (Plantaginaceae L.): гастрит, энтерит, энтероколит, асқазан және ішек жаралары сияқты асқазан ауруларынан арылтуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар жолжелкен көмегімен емделетін аурулардың толық тізімі емес. Сонымен бірге қабыну аурулары, қуық, геморрой, безгек, және көптеген тері аурулары: бөртпе, безеу тіпті лишаи сияқты сырқаттарды сәтті емдеуге болады. Бірде бір халық ем домы осындай шипалы қасиетке ие емес.

Зерттеу барысында үлкен жолжелкен жапырағының фармакодинамикалық белсенділігі анықталды. Жолжелкеннің жаңа жапырақтарынан шырын алып, оның тұнбасынан қан тоқтататын, жараны жазатын, қақырық түсіретін және қысымды төмендететін дәрі-дәрмектік экстракт ретінде қолданады. Ауыр асқазан жараларының түрлерін емдеуде жолжелкен жапырағының су және спирт сірінділері жақсы көмектеседі.

Жапырақ құрамында холестериндік алмасу мен асқазан жарасына қарсы әсері бар заттар құрайтынын фитохимиялық зерттеулер көрсетті. Жаңа жапырақтар мен әсіресе шырынын және сол тұнбадан жасалатын бактериостатикалық перепарат ретінде патогендік бастапқы микроб инфекцияларын, гемолиздік стрептококк және стафилококк, көкіріңді таяқша, протей, ішек таяқшасын жоюға көмектеседі. Жараға жолжелкен шырынын қолдана отырып, жараның тез арада іріңнен залалсыздандырылуы мен қабыну процесі тоқтап, жазылу процесі жылдамдайды.

Жараланған тізе мен сызатты емдеудегі алғашқы көмекке жолжелкен өсімдігін пайдалануға болады. Жолжелкеннің жара жазатын пайдалы қасиеттерін көп адам өздеріне сынады, ал йод пен жасыл дәрінің орнына жолжелкеннің антисептикалық әсерімен алмастыруға мүмкіндік береді. Жараны зарасыздандырумен ғана жолжелкенннің пайдалы қасиеттері шектелмейді, сонымен қатар ол қан кетуді тоқтатып, қабынуды азайтып және ауруды басады.

Жолжелкеннің (Plantaginaceae L.) шырыны алғашқы жараны өңдеу мен басқа жарақаттардың жазылуына, сонымен қатар ұзақ жазылатын дүңку мен шиқанды емдеуде өте тиімді екенін клиникалық бақылаудан байқауға болады. Өсімдік фитонцит пен ферменттер сияқты илік заттарға бай, оның жапырағының құрамында С және К дәрумендері, лимон қышқылы және каротин бар. Жолжелкен тұқымының құрамында сапониндер мен олеин қышқылының болуына байланысты, оны көптеген ауруларды емдеуде қолданады.

Қоңыраугүлдің (Campanulaceae J.) құрамында флаваноидтар, кумар қышқылы және кофе, ал жапырағында 1290 мг-ға дейін аскорбин қышқылы бар. Өсімдіктің жер үсті бөлігін немесе жапырақтарын бас ауырғанда, атеросклерозда, қояншық ауруында, сондай-ақ жөтелде, тілме қабынуында, ангинада, стоматитте, глаукома кезінде қолданған. Шөп тұнбасымен тамақ және ауыз қуысының қабынуын, дауыс қарлығуын шайып, діріл кезінде балаларды шомылдырып, құтырған жануарлардың тістеген жеріне ыстық шөп басқан. Емдік мақсатта қоңыраугүлдің мынадай түрлері: қалақай жапырақты қоңыраугүлі, шабдалы жапырақты қоңыраугүлдері негізінен ауруды басатын және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылды.



Қоңыраушаны әр түрлі ауруларды емдеуде қолданады. Халық медицинасында жөтелді, бронхитті, бронх демікпесін, өкпенің іріңдеуінде және туберкулезді кешенді емдеуде, тұнба және қайнатпа түрін көмекші дәрі ретінде ұсынылады.

Қоңыраушаның негізінде дайындалған дәрілерді қабылдау вирустарға төзімділігін арттырып, бактерияларды жоюға ықпал етіп, жарақаттарды сәтті емдеуге мүмкіндік береді. Тамырын ұсақталған ұнтақ ретінде бактерияға қарсы қолданады.

Кумариндер арқасында өсімдік ісікке қарсы қасиет көрсетіп, өсудің оқшаулануын қамтамасыз етеді. Қайнатпа мен сығындылар гипертониядан, атеросклероздан тамаша табиғи дәрі болып табылып, өзінің әрекетімен қан тамырлар тегіс бұлшықеттерінің тартылуын жойып, түйілуді басатын дәрі-дәрмек ретінде әрекет етеді. Қоңырауша қояншық аурын емдеуде керемет нәтиже беріп, ас қорытуды жақсартып, тұмауратқанда ыстықты төмендетеді. Өсімдіктің гүлі мен жапырағының тұнбасын терінің, ауыз қуысының шырышты және қызыл иек қабынуында пайдаланады. Безеулі бөртпе мен шиқанды таңу арқылы емдейді. Қоңыраушадан жасалған түрлі дәрі-дәрмектің рецептері бар.

Лалажапырақты қоңыраугүлін халық медицинасында кеңінен қолданамыз. Гүлдеу кезіндегі жиналған қоңырауша шөбінің су тұнбасын халық медицинасында пайдаланады. Жүйке және асқазан-ішек аурулары болған жағдайда ішуді ұсынады.

Дала қырықбуыны (Equisetum arvense) - Қырықбуын тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Дәрлік мақсатта сабағын жинайды. Дала қырықбуын экстрактысының емдік қасиеті құрамында болатын органикалық қосылыстармен байланысқан кремний қышқылына, алюминий, марганец, фитостериндерге негізделген. Дала қырықбуыны құрамындағы кремнийдің мөлшеріне сәйкес басқа дәрілік өсімдік топтарынан алдыңғы орында тұр. Дала қырықбуынының экстрактысының құрамындағы кремнезем әйелдер мен еркектердің шаштарының түсуін баяулатып қана қоймай, жаңа шаш фолликулаларының өсуін жылдамдатады және қан айналымын жаксартады. Дала қырықбуыны пайдалы элементтерге бай: С витамині, флавоноидтарға, сапонинге, креотинге.

Дала қырықбуынының шөбін адам уланғанда қолданады. Халықтық медицинада бұл шөпті коньюктивитке қарсы пайдаланады. Дала қырықбуынының шырынын вена тамырының кеңеюінде (варикоз) және аллергияға қарсы қолданады. Сондай-ақ өкпе ауруларына, тамақ ісінгенде, жөтелге де қарсы көмектеседі. Дала қырықбуынын шәй ретінде ішкен дұрысырақ, ол микробтардан қорғайды. Адамдарға бұл шәйді уақытымен және белгі мөлшерге сай қолданып отырған пайдалы (1 сурет).фото0331

1 сурет. Дала қырықбуыны (Equisetum arvense)
Ерінгүлділердің (Lamiaceae) әр түрлі эфир майын көп мөлшерде өндіруде маңызы зор. Олардың көпшілігі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Мәселен, дәрілік жөтелшөп. Халықтық медицинада демікпені, асқорыту мүшелерінің ауруын емдеуге және жүйкені тыныштандыруға пайдаланылады. Ерінгүлділер бар.тұқымдас өсімдіктердің тағамға пайдаланылатын да түрлері (кәдімгі жұпаргүл).

Ерінгүлділер тұқымдасының (Lamiaceae) өкілдерінің практикалық маңызы өте жоғары. Жабайы өсетін түрлер дала және шалғын түрлі шөптер өсімдіктер жамылғысына енеді.

Дәрілік өсімдіктерге 30 түрін жатқызуға болады, олардың көбі халықтық және ресми медицинада да қолданыла береді. Олардың ішінде фармацевтикалық өнеркәсіпте ең маңызды орынды: Жүрекше сасықшөбі (Leonurus guinguelobatus), Кәдімгі жұпаргүл (Origanum vulgare), Дала шалфейі (Salvia stepposa), Бұрыш жалбыз (Mentha piperita), Кәдімгі жебір (Thymus vulgaris), Тасшөп жебір (Thymus serpyllum) алады.

17 түр эфирлі – майлы өсімдіктерге жатады. Ерінгүлділер эфир майына бай. Ең көп мөлшерде эфир майы гүлдеу кезінде және жеміс түзу кезінде болады. Дәл осы мезгілде осы өсімдіктерді жинауға кеңес беріледі.

Азықтық өсімдіктер жоқ деп айтуға болады, эфир майларының болунан күйіс қайыратын жануарлар оны онша жей қоймайды.

Бізбен диаграмма құрылды, ол Солтүстік Қазақстандағы ерінгүлділер тұқымдасының пайдалы өсімдіктер тобының түр санын көрсетеді (2 сурет).

30

1

3



1

17

0



5

10

15



20

25

30



35

Дәрілік


Дәрумендік

Хош иісті

Декоративті

Эфирлі


Түр саны
2 сурет. Солтүстік Қазақстандағы ерінгүлділер тұқымдасының пайдалы өсімдіктер
Сонымен, адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша екеніне көз жеткіздік. Баяғы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. 

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Біз өз өлкеміздегі, яғни Солтүстік Қазақстан облысындағы, осындай өсімдіктерді зерттеуге тырысып және әрқайсысының емдік қасиеті анықталып, жеке сипаттама берілді.


Әдебиет

  1. Арыстангалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері. – Қазақ ССР-ның Ғылым баспасы, Алматы, 1977 ж.

  2. Қазақстанның иллюстірлік өсімдіктерінің анықтамасы. Т 1, 2. Алма-Ата,1972 ж.

  3. Мухитдинов Н.М., Мамуратова А.Т. Дәрілік өсімдіктер. – Алматы, 2013. – 400 бет.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет