Соңы 4-бетте Айнұр маликова, Әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата25.10.2018
өлшемі0.65 Mb.
#93717
1   2   3   4   5   6   7

Баян ЖҮСІПБЕКОВА,

Алматы қаласы мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Мемлекет басшысы айтқандай, «Біз әкені асқар тауға 

балаған,  «жұмақ  –  ананың  табанының  астында»  деп 

анасын  сыйлаған,  «бала  –  бауыр  етің»  деп  ұрпағына 

айрықша қамқорлықпен қараған, жаугершілік заманның 

өзінде жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз». 

Сотқа  некесін  бұзуға  талап  қойған  әрбір  адамға  осы 

сөзді үлгі етіп, райынан қайтарғың келеді. Екі ортада 

бейкүнә балалар жапа шекпесе деп тілейсің. Алайда, 

бір-бірінің ойын мүлде түсінгісі келмейтін кейбір ерлі-

зайыптылардың  сөзге  де,  тілекке  де  тоқтамайтыны 

өкінішті. Дейтұрғанмен, соттан татуласып шығатындар 

да жоқ емес. Мәселен, ажырасуды қалайтындар көбіне 

мінез-құлықтарының  сәйкессіздігі  мен    тұрмыстық, 

психологиялық себептерді алға тартады. «Неке (ерлі-

зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің талабымен 

заңды  некелерін  бұзғысы  келетіндерге  ойланып, 

татуласуына  жеткілікті  мерзім  беріліп,  мамандар 

кеңесіне  жүгінуге  мүмкіндік  жасалады.  Жоғарыда 

айтқанымыздай,  ерлі-зайыптыларға  заңмен  берілген 

мүмкіндіктің  пайдасы  мол.  Кейбіреулері  санаулы 

күндер ішінде табысып кетеді. Мұндай жағдайлар бізді 

қуантады.

Жалпы  отбасы  институты  ондағы  құндылықтар, 

гендерлік  теңдік  Елбасы  назарынан  тыс  қалған 

емес.  Әр  Жолдауында  отбасы,  демографиялық  өсім, 

гендерлік  саясат,  ана  мен  бала  денсаулығын  сақтау 

мәселелеріне ерекше мән беріп, арнайы тапсырмалар 

жүктейді.  «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында  ана 

мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың аса маңызды 

құрамдас  бөлігі  ретінде  жарияланды.  Елімізде  Ананы 

қорғау  туралы  конвенция  ратификацияланып,  еңбек 

саласында  барлық  әйелдердiң  теңдiгiн  қамтамасыз 

ету  шаралары  нақтыланды.  Айта  кетерлігі,  2006-2016 

жылдарға  арналған  Гендерлік  теңдік  стратегиясы 

гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттарын, яғни, ерлер мен 

әйелдердiң билiк құрылымдарына теңгерiмдi қатысуына 

қол  жеткiзудi,  әйелдердiң  экономикалық  тәуелсiздiгi, 

өз  бизнесiн  дамытуы  мен  мансап  жолында  iлгерiлеуi 

үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етудi, отбасындағы 

құқықтар мен мiндеттердiң тең жүзеге асырылуы үшiн 

жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-

зомбылықтан  азат  болуды  айқындады.  Бұл  шаралар 

өз  кезегінде    қоғамымызда  әйелдердің  зардап  шегу 

жағдайларына тосқауыл болмақ.

Аса  қатыгездікпен  орын  алған  құқық-бұзушы-

лықт ардың  жартысынан  көбі  отбасындағы  ұзаққа 

созылған қақтығыстардан туатыны да өмір шындығы. 

Статистика соңғы жылдары отбасылардағы шиеленісті 

ахуалдардың  көбеюін көрсетеді. Неке бұзуға қатысты 

сот процесстерінде бәзбір әйелдер ерлерінен жылдар 

бойы жапа шеккенін, шыдамдарының шегіне жеткенін 

айтып жатады. Бұдан отбасында зорлық-зомбылыққа 

ұшырайтындардың  моральдық  тұрғыдағы  мінеуден 

қорқып,  дер  кезінде  құқық  қорғау  органдарына 

шағымданбайтыны  байқалады.  Осы  себепті,  әйелдер 

мен  қыздардың  құқықтық  тұрғыдағы  сауаттылығын 

арттырудың маңызы зор. 

Нұркен ЖЕКСЕМБИЕВ,

Алматы қаласы Алмалы

аудандық №2 сотының судьясы

–   С т а т и с т и к а л ы қ   м ә л і м е т т е р 

ажырасу  факторларының  тым  көбейіп 

кеткенін  көрсетеді.  Сіз  мұны  немен 

байланыстырар едіңіз?

–   К ө т е р і п   о т ы р ғ а н   м ә с е л е   ө т е 

актуалды.  Отбасылық  проблемалармен 

қыз-келіншектер    жиі  келеді.  Осындайда 

«Үйлену  оңай,  үй  болу  қиын»  деген 

мақалдың  тұнып  тұрған  философия 

екеніне  түсінесің.  Ажырасудың  түрлі 

себебі  бар  десек,  соның  ең  бастысы 

тәрбиеге  келіп  тіреледі.  Біз  балалар 

санасына  кішкентайынан  отбасы,  сезім, 

махаббат, сыйластық, құндылық, бағалау 

ұғымдарын дұрыс сіңіре алмаудамыз. Қыз 

бен жігіт арасындағы сезім үстірт, бірден 

жалындап, тез басылады. Оның арты түрлі 

түсінбеушілікке,  дау-дамайға  апарады. 

Тәжірибеде көп кездесіп жүрген жағдайға 

екі жақ та  әйел де, еркек те кінәлі. Екеуі 

де  өз  орындары  мен  ерекшеліктерін, 

атқаруы тиіс міндеттерін білмейді. Білген 

күннің  өзінде  сол  тәртіпті  сақтамайды. 

Әйел мен еркек рөлі ауысып кетті.

–  Әйел мен еркек рөлінің ауысуына 

гендерлік  саясат  ықпал  етуде  деген 

пікірлер де бар, сіз мұнымен келісесіз бе?

–  Мен  мұны  қате  пікір  дер  едім.  Егер 

әйел  де,  еркек  те  Отан,  отбасы,  бала-

шаға, бір-бірі алдындағы өз міндеттері мен 

жауапкершіліктерін  дұрыс  түсініп,  соған 

сай  орындаса,  оған  ешқандай  да  саясат 

кері  ықпал  етпейді.  Біз  әуелі  гендерлік 

саясаттың мән-мағынасын дұрыс түсінуіміз 

керек.  Ол  әйелді  еркектен  жоғары  қою 

мүддесін көздемейді, керісінше, гендерлік 

саясаттың  негізгі  рөлі  –  еркектерге  де,  

әйелдерге де өздерінің табиғи болмысын 

сақтап  қалуға  барынша  қолдау  көрсету. 

«Жас  маман  жұмысқа  кешігіп  келді.  Себебін  сұрап  едім, 

«келініңізді  бар  дүниесімен  әкесінің  үйіне  шығарып  салдым. 

Мінезіміз жараспады» дейді. «Қазір қайда?» - деп едім. «Вокзалға 

апарып тастадым», - деді. Себебін сұрасам, үйдегі кім қожайын 

деген психология. Жігіт мен айттым бітті дегісі келеді, келін де оған 

келісе қоймайды. Сараптасам, келіндікі жөн. Оған да бар білгенімді 

айтып, дереу келінді алып кел деп жұмыстан қуып жібердім. Қазір 

бес ұл, екі қызы бар екен. Солар бүгін еске түсіп, екі отбасының 

берік  болуына  себеп  болғаныма  марқайып  отырмын.  Көңілдің 

кейбір кездері-ай...» деген жазбасымен бөлісіпті.

  Жазба  соңына  пікір  қалдырған  Ж.Сәндібек  «Аға,  Сізге 

жұмыс ауыстыру керек! Татуластыру орталығын ашыңыз» десе, 

Е.Ибраев  «Сiз  нағыз  медиатор  екенсiз  ғой!»  деп  ой  қосады,  

Айшуақ Дәрменұлы болса «Өте дұрыс. Сіз сияқты кемінде он мың 

адам болса ғой тағы  да ... !!!» деп жазыпты. Тағы бірі «Кезінде  

үлкендер осылай істеуші еді, сіздікі де сол болды, осындай басу 

айтатындар  азайып  барады,  сабырға  шақыратын  қазақы  мінез 

кемшін. Сіз сияқты дұрыс бағдар тілейтін, сілтейтін адамдар көп 

болса ажырасқандар саны азаяр еді» десе, Марат Сәрсенбаев 

«Еліміздегі өте күрделі мәселенің бірі. Шынымен де жұбайларды 

татуластыру, отбасын сақтау қамқорлық орталықтарын ашу керек. 

Сіз жарастырған соң, сол отбасында қаншама сәби дүние есігін 

ашты.  Ажырасқандарды  қайта  қосу  –  адамгершіліктің  белгісі, 

ең  жақсы  қасиет  қой.  Менің  әкем  де  талай  кісілерді  қосып, 

жақсылық жасап еді. Солар қазір тым жақсы отбасы болып, ұл-

қыздарын өсіріп отыр» дейді. Тіпті, бір пікір қалдырушы «Бізге неге 

кездеспедіңіз, ағоууууу» деген де өкінішін білдіріпті. 

Бұл жағдайға қарасақ, шаңырақ шайқалу салдарын гендерлік 

саясат, тұрмыстық қиындықтан, т.б. себептерден іздеу қисынсыз. 

Оған  бұрынғылардың  бұдан  да  нашар  кездері  тойға  барып, 

шаңырағын ортасына түсірмегені дәлел.  Әйел мен ер арасында 

түсініспеушілікке дер кезінде  басу айтып, татулыққа шақыратын 

психологиялық орталықтар немесе өмірден көрген-түйгені мол, 

сөзі өтімді адамдар ұйымдары керек. Сонда отбасы институты мен 

гендерлік саясат аясындағы құндылықтар мәні де арта түсер еді. 

Тақырыбымызды Елбасы сөзімен түйіндесек, «Отбасы, бала және 

отбасының құндылықтары мен дәстүрлері әрқашан болған және 

біздің қоғамымыз бен мәдинетіміздің басты негізгі көзі болып қала 

береді. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі».



Дидар СҚАБЫЛ

«ОТБАСЫНЫҢ БІРЛІГІ – ОТАННЫҢ БІРЛІГІ»

Жедел сұхбат

«Әйел мен ердің жанұядағы 

жауапкершілігі бірдей»

Пайым


Сауаттылық – 

сақтық кепілі

Дағдарыс орталықтары 

қолдау көрсетеді



Шынар ҚЫДЫРӘЛИЕВА,  

Алматы қалалық психикалық сауықтыру 

орталығының психологі:

Қоғамымызда әйел мен еркектің теңқұқылы 

екенін,  екі  жаққа  да  бірдей  мүмкіндіктер 

жасалғаны  айдан  анық  жайт.  Мысалы, 

қыз-келіншектер  араласпайтын  сала 

жоқ,  ынталылары  арманындағы  биіктерін 

бағындырып жатыр. Өсемін, өрлеймін деген 

ерге де, әйелге де ешқандай кедергі жоқ, 

бар мәселе салиқалы отбасы институтын 

қалыптастырудағы  мемлекетіміз  жүргізіп 

отырған саясатты дұрыс түсінуге  тіреліп 

отыр. Әйел мен ердің отбасы алдындағы 

жауапкершілігі  бірдей.  Елбасы  «Әйелдер, 

отбасын  сақтаушы  ретінде  бақ-берекені 

ең алдымен балаларынан, дастарқанынан 

с е з і н е д і ,   с о л   а р қ ы л ы   м е м л е к е т т і ң 

қамқорлығын  сезінеді»  дегенді  бекер 

айтқан жоқ.



–  Отбасы бұзылмауы, балалар тірі 

жетім қалмауы үшін ерлі-зайыптылар не 

істеуі керек?

–  Құс  екі  қанаты  болса  ғана  аспанда 

еркін самғап өзіне сенімді ұшады. Баланың 

екі  қанаты  анасы  мен  әкесі,  сондықтан, 

ұл  мен  қызымыз  еркін  өмір  сүруі  үшін 

екі қанаттың тең болғаны орынды. Кейде 

болмашы  себептен  кикілжің  туып,  арты 

айырылысуға дейін барады. Сондай кезде 

ерлі-зайыптылар  бір-біріне  көңіл  бөліп, 

тыңдаса,  түсінуге  ниет  білдірсе  жетіп 

жатыр. Заманға қарай ма, қазір адамдар 

тым  өзімшіл  болып  барады.  Бір-біріне 

бағынғылары  келмейді.  Отбасын  бұзбас 

бұрын  әр  ата-ана  өздерін  емес,  ең  әуелі 

баланы ойлауы керек. Ажырасу үлкендерге 

қарағанда  балалардың  психикасына  өте 

ауыр тиеді. Білінбей өтті, аса қатты өзгеріс 

болмады,  түсінді    десек  те  балалардың 

санасында  көпке  дейін  жазылмайтын 

жара қалады. Жақсы  үндескен, бірін-бірі 

түсінетін  отбасы  болу  үшін  екі  тарап  та 

соған мүдделілік танытуы тиіс. Тәжірибелі 

мамандардың өте қарапайым кеңестеріне 

мән  беріп,  соны  орындауға  тырысса, 

отбасын сақтап қалу мүкіндігі көбейеді. 

–  Атап  айтқанда.  қандай  кеңестер, 

толығырақ тоқталсаңыз.

– Ең қарапайым кеңестің бірі, еркек те, 

әйел де қарым-қатынаста бір-бірінің  мінез-

құлық ерекшеліктерін есепке алуы керек. 

Мысалы, бір-бірін тыңдау, уәждеріне құлақ 

асу,  әрбір  сөзіне,  іс-әрекетіне  сабырмен 

қарау, ашуға бой алдырмау. Әрбір жағымды 

істері  үшін  рақмет  айтып,  мадақтау,  бір-

бірін көтермелеп отыру, ырзалығын білдіру, 

кешірімді  болу,  осы  кеңестерді  өмірлік 

қағидасына  айналдырғандар  қандай 

жағдайда  да  отбасының  береке-бірлігі 

үшін күреседі.

–  Маман  ретінде  оқырмандарға 

айтарыңыз?

–  Отбасы,  бала  мәселесінде  асығыс 

шешім қабылдауға асықпаңыздар, ашуды 

ақылға  жеңдіріңіздер.  Сонда  бәрі  жақсы 

болады.

–  Ой-кеңесіңізге үлкен рақмет.

Елімізде Біріккен 

Ұлттар Ұйымының 

«Әйел дерге қатысты 

кемсiтудiң барлық түр­

лерiн жою туралы», 

«Әйелдердің саяси 

құ қықтары туралы», 

«Тұрмыс құрған 

әйел дің азаматтығы 

туралы», т.б. 

конвенциялар мен 

60­тан астам адам 

құқықтары, эко но ми­

калық, әлеуметтік, 

мәдени құқықтарға 

қатысты халықаралық 

деңгейдегі құжаттар 



ратификацияланды. 

Ойсалар

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет