Соңы 4-бетте Айнұр маликова, Әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата25.10.2018
өлшемі0.65 Mb.
#93717
  1   2   3   4   5   6   7

(Соңы 5-бетте)

№50 (2975) 4 шілде 2017

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

(Соңы 4-бетте)

Айнұр МАЛИКОВА, «Әлеуметтік 

төлемдерді ведомствоаралық 

есептеу орталығы» департаментінің 

Алматы қаласы Алмалы аудандық 

бөлімі бастығының орынбасары:

«Қорға түскен 

әр тиын Қатаң 

Қадағаланады»



Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая  газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек­

тері және Алматы қаласын дағы 

«Дауыс» жүйесі ар қы лы жазы лу­

ла ры ңызға болады.



(Соңы 2-бетте)

Биылғы  жылдың  1  шілдесінен 

бастап, қолданысқа енгізілген міндетті 

әлеуметтік медициналық сақтандыру 

жүйесі жалпы халық үшін жат нәрсе 

емес. Осыдан он жыл бұрын отау тік-

кен дәл осындай қордың қоржынындағы 

қаражатты Талапкер Иманбаев деген 

алаяқ басшының қыр асырып, ел-жұрт-

ты жерге қаратып кеткенін көпшілік 

әлі ұмыта қойған жоқ. Сондықтан да, 

сеніміне селкеу түсіп, уәде атаулыдан 

секемденіп қалғандардың қираған киіз 

үйдің керегесін қайта жайып, уығын 

шаншып жатқандарға күдіктене қа-

райтындығы бір есептен заңдылық та. 

Көпшілік көңіліндегі сауалдарды «Аза-

маттарға арналған Үкімет мемлекет-

тік корпорациясы» коммерциялық емес 

акционерлік қоғамына қарасты «Әлеу-

меттік төлемдерді ведомствоаралық 

есептеу орталығы» департаментінің 

Алмалы аудандық бөлімі бастығының 

орынбасары Айнұр Маликоваға қойып 

көрген едік.

–  Айнұр  Алмасқызы,  міндетті 

әлеуметтік  медициналық  сақтан-

дыру  жүйесінің  болашағын  айтып, 

жыл басынан бері жалаулатып ке-

леміз. Көпшілік бұрынғыдай арзан 

әңгімеге алданып, шоқ басып қалып 

жүрмей ме? 

– Бір кездері қордың жұмысы мен 

ондағы қаражатқа жеткілікті бақылау 

жасалмағандықтан,  ондағы  қыруар 

ақшаның  өзгенің  қанжығасында  кет-

кені рас. 



Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Парламент Мәжілісінің төрағасы:

«Заң шығару ісіндегі халықтың 

белсенділігі қуантады»

оң қадам


Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

8-бет

4-бет

Ұлттық бірегейлікті сақтау 

өз қолымызда

«отбасының бірлігі — 

отанның бірлігі»

лебіз


Өткен аптада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы болып, онда 

алтыншы сайланған заң шығарушы органның екінші сессиясы қорытындыланды. 

Қалыптас қан дәстүр бойынша, қос Палатаның  осы кезең ішінде атқарған жұмысы 

жөніндегі баяндаманы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жасады.

жетістіктеріміздегі  теңдесі  жоқ  еңбегін  толық 

деңгейде сезінетін тарихи меже Парламент ал-

дындағы парызды үстей түскен. Соның бірегейі, 

Елбасының  стратегиялық  бағытына  айнымас 

адалдықты білдіретін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 

Декларациясын түзіп, қабылдау еді. Заң шыға-

рушы  орган  бұл  тарихи  миссияны  орындауда 

тиісті үдеден көрінді. 

Жалпы, бұл сессияның еншісіне тиген міндет 

ауқымы  бұрынғыдан  артық  болмаса  кем  бол-

мағаны белгілі. Өйткені, осы кезеңде Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ата-

лып өтілді. Нұрлан Зайруллаұлы баяндамасында 

атап өткендей, осынау ұлы мереке, артқа қарап, 

өзіміз  жүріп  өткен  жолды,  еліміздің  тұңғыш 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  барлық 

о

райы келген әңгіме



Жоғарғы  Сот  ғимаратында 

Сот  төрелігі  академиясының 

алғашқы  түлектеріне  диплом 

тапсыруға арналған салтанатты 

жиын өтті. «Заң ғылымдарының 

магистрі»  академиялық  дәре-

жесі  жоғары  оқу  орнының  53 

түлегіне берілді. 

Іс-шараға  Жоғарғы  Соттың 

қылмыстық  істер  жөніндегі 

сот алқасының төрағасы Абай 

Рахметулин,  еліміздің  Жоға-

ры  сот  органының  судьялары, 

Жоғарғы  Сот  жанындағы  Сот-

тардың  қызметін  қамтамасыз 

ету  департаментінің  басшысы 

Нұрсерік  Шәріпов,  Департа-

менттің  жауапты  қызметкер-

лері,  сондай-ақ,  Сот  төрелігі 

академиясының  басшылығы 

мен  профессорлық-оқытушы-

лар құрамы қатысты. 

Академия  ректоры  Төлеш 

Қаудыров іс-шараны аша келе, 

Мемлекет  басшысының  те-

рең  кәсіби  білім  мен  жоғары 

моральдік-адамгершілік  қаси-

еттерге ие, сыбайлас жемқор-

лық тәуекелдеріне қарсы тұра 

білетін,  уақыттың  талаптары 

мен  сын-қатерлеріне  сәйкес 

жұмыс  істей  алатын  еліміздегі 

жоғары білікті судьялар корпу-

сының  өкілдеріне  сұраныстың 

артып отырғандығы туралы айт-

қан  сөздерін  еске  салып  өтті. 

Жоғарғы Сот жанындағы айрық-

ша  мәртебеге  ие  Сот  төрелігі 

академиясы  2016  жылғы  18 

ақпанда Президент Жарлығына 

сәйкес құрылды. Жұмыс істеп 

жүрген судьялардың біліктілігін 

арттыру  және  қоғамның  сот 

төрелігіне  сенімін  нығайтуға 

қабілетті  жаңа  формациядағы 

сот  кадрларын  даярлау  жаңа 

ЖОО-ның негізгі міндеттері бо-

лып табылады.   

Ректордың  пікірінше,  Ака-

демия  магистранттары  техни-

калық  құралдарды  пайдалана 

отырып, инновациялық әдістер 

бойынша  білім  алып,  Астана 

соттарында тәжірибе жинақтап, 

шетелдік  жоғары  оқу  орында-

рында тағылымдамадан өткен.  

Академияның алғашқы 

түлектері диплом алды

Астанаға – 20 жыл!

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді келе жатқан Астана күнімен 

құттықтаймын! 

Әрбіріміз үшін қастерлі Астана биыл 

өзінің  жиырма  жылдығын  атап  өтуде! 

Осы  жылдар  ішінде  бас  қаламыз  жас 

мемлекетіміздің  табыстылығы  мен 

көр кеюінің  жарқын  нышанына  айнал-

ды.  Бұл  айшықты  ерекшелік  қаланың 

қайталанбас сәулетінен, іскерлік бел-

сенділігінен,  мәдени  өмірінен,  инно-

вациялық инфрақұрылымынан, әрине, 

астаналық  тұрғындардан  да  анық 

көрініс табуда. 

Астана  –  қазақстандық  ұлттың 

мүм кіндіктері  мен  талпынысының  ай-

қын көрінісі. Елордамызда еліміз үшін 

ғана  емес,  бүкіл  әлем  үшін  айрықша 

маңызға ие іс-шаралар тұрақты түрде 

өткізіліп  келеді.  2017  жылдың  өзінде 

Сирия  дағдарысын  еңсеру  бойынша 

келіссөздер  жүргізілді,  ШЫҰ  саммиті 

мен Астана экономикалық форумы ның 

кезекті  отырысы  өтті,  «EXPO–2017» 

көр месі өз жұмысын бастады. Әлемдегі 

жетекші БАҚ өкілдері мен сарапшылар 

аталған  оқиғалардың  әрбірін  жарыса 

жариялап келеді. Мұның барлығы Аста-

наның айрықша халықаралық миссия-

сын айқындай түседі.  

Жоғарғы  Сот  Мемлекет  басшысы 

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1997 

жылы  мемлекеттік  органдардың  ішін-

де  алғашқылардың  бірі  болып  жаңа 

елордаға қоныс аударды. Осы сәттен 

бастап,  отандық  сот  жүйесі  қалыпта-

суының жаңа кезеңі басталды. Осы ке-

зең ішінде судьялар корпусы жаңарып, 

жоғары сот органының жаңа ғимараты-

ның құрылысы мен басқа да көптеген 

жаңашылдықтарға  негіз  болған  жаңа 

инфрақұрылым  қалыптасты.  Елор-

даның  Сарыарқа  төсіне  ауысуы  сот 

билігіне жағымды ықпал еткенін уақыт-

тың өзі дәлелдеді. Бүгінде сот жүйесі 

бүкіләлемдік стандарттарға сай дамуда 

және құқық үстемдігін қамтамасыз ету 

бойынша  барлық  міндеттерді  жоғары 

деңгейде орындап келеді.   

Осынау  мереке  қарсаңында  бар-

шаңызға бейбіт өмір, толайым табыс, 

ізгі жақсылықтар мен құт-береке тілей-

мін.  Елордамыз  –  Астана  барша  қа-

зақстандықтардың игілігі жолында одан 

әрі гүлдене берсін! Бас қаламыз жыл 

сайын  жаңарып,  бүкіл  әлемді  таңғал-

дырып, тәуелсіз Қазақстанның әлеуетін 

паш ете берсін!  



Қайрат МӘМИ,

 Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының төрағасы

2

№50 (2975) 

4 шілде 2017

zangazet@mail.ru



құқық

Оң қадам


Академияның алғашқы 

түлектері диплом алды

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі 

сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин түлек-

терді құттықтай келе, Сот төрелігі академиясы 

Ұлт жоспарының 18-қадамын орындау мақсатын-

да құрылғанын айтып, сот жүйесінде кәсіби дең-

гейі жоғары судьялар корпусын қалыптастыруға 

бағытталған өзгерістер туралы баяндады. Атап 

айтқанда,  судьялық  лауазымға  кандидаттарға 

қойылатын  біліктілік  талаптары  мен  оларды 

іріктеу  тетіктері  қатаңдатылды.  Біліктілік  емти-

ханын тапсырудың рәсімдері күшейтілді, соның 

ішінде,  психологиялық  тестілеудің  рөлі  артты. 

Кандидаттардың алған білімін іс жүзінде қолда-

на  білу  қабілетін  тексеруге  басымдық  берілді, 

полиграфологиялық  зерттеу  жүйесі  енгізілді.  

А.Рахметулин  судьяның  жоғары  мәртебесі  ту-

ралы айта келе, түлектерді сот төрелігін жүзеге 

асырушыларға  қойылатын  кәсіби  даярлықпен 

қоғамның моральдық- адамгершілік талаптарына 

сай болуға ша қырды. 

Жоғарғы  Сот  жанындағы  Соттардың  қыз-

метін қамтамасыз ету департаментінің басшысы 

Нұрсерік Кәрімов те магистранттарға ақжолтай 

тілегін  айтты.  Ол  республика  соттарында  сот 

төрелігін  бейтарап  әрі  әділ  жүзеге  асыру  үшін 

қажетті  жағдайдың  жасалғанын  айрықша  атап 

өтті.  Айталық,  барлық  сот  отырысы  залдарын-

да  аудио-бейнетіркеу  жүйесі  орнатылды,  жаңа 

ақпараттық  технологиялар  қолданылуда.  Сот 

жюриінің  қызметі  реформаланды.  Аталған  ин-

ститут  республикадағы  1  345  судьяның  кәсіби 

қызметіне бағалау жүргізді. 

Елімізді әлемдегі  ең дамыған 30 мемлекеттің 

қатарына қосудағы білімнің маңызды рөлі туралы 

Президенттің сөздеріне тоқтала келе, Н.Шәріпов 

академия  түлектерін  әрдайым  әділдік,  ақиқат-

шылдық және өз ісіне адалдық секілді қағидат-

тарды ұстанатын кәсіби маман болуға шақырды.  

Бұдан  әрі  А.Рахметулин  мен  Т.Қаудыров 

академия түлектеріне диплом тапсырды. Түлек-

тер  атынан  Бағдат  Төребекұлы  алғыс  сөзімен 

бөлісті. Ол академия қабырғасында алған білім 

мен дағды еліміздің сот-құқық саласын дамытуға 

жұмсалатындығына сенім білдірді.       

 

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

(Соңы. Басы 1-бетте)

Аталған байқау баспасөз 

хатшылары,  баспасөз  қыз-

меткерлері  және  қоғаммен 

байланыс  қызметкерлері 

арасында алғаш рет өткізіліп 

отыр.  Қатысушылар  ретінде 

бұл  номинацияға  барлық 

мемлекеттік және мемлекет-

тік  емес  органдардың  өкіл-

дері ұсынылды.

Сарапшылық еткен жюри 

қ о р ы т ы н д ы с ы   б о й ы н ш а 

«2017  жылдың  үздік  баспа-

сөз хатшысы» болып Атырау 

облыс тық  соты  баспасөз 

қыз ме тінің басшысы Боран-

бай Ғалиев танылып, жеңім-

пазға I дәрежелі диплом мен 

ақшалай  сыйлық  табыстал-

ды.  Номинанттарды  іріктеу 

журналистер  арасындағы 

сауалнама  бойынша  жүр-

гізілгенін айта кеткен жөн.

Осы  күні  Атырау  облы-

сының  әкімі  Нұрлан  Ноға-

ев  БАҚ  өкілдерін  Байланыс 

және  ақ парат  қызметкер-

лерінің күні құрметіне мере-

келік  дастар қан  жайып,  өз 

құттықтау  ле бізін  білдірді. 

Марапаттал ғандар қатарын-

да  Атырау  облыстық  соты 

Байқау


Үздік баспасөз хатшысы 

анықталды



Е

ңбек  және  көші-қон  инспек-

циясының  мұрындық  болуы-

мен тұрғындардың құқықтық сауатын 

көтеретін шаралар үнемі ұйымдасты-

рылып келеді. Сондай шараларда жиі 

қойылатын сауалдардың көбі жұмыс 

шарттарына байланысты өрбиді. 

Мысалы,  тұрмыс  жағдайына  байланысты 

жұмысқа  ертерек  шыққан  әйелдер  жұмыс  бе-

рушінің  баланы  емізуге  рұқсат  бермейтініне 

налып  жатады.  Ал,  Еңбек  кодексінің  82-бабы, 

3,4-тармақшаларына сәйкес, аналарға қамқор-

лық  көрсету  мақсатында  баланы  емізу  үшін 

негізгі үзілістен бөлек, қосымша үзілістер беріл-

ген. Мұндай мүмкіндікке бір жарым жасқа дей-

інгі сәбиі бар аналар, осындай жастағы баланы 

жалғыз тәрбиелеп отырған әкелер, жетім баланы 

тәрбиелеп отырғандар ие бола алады. 

Сондай-ақ,  қол  астындағы  қызмет кердің 

келісімінсіз  демалыс  күндері  жұмысқа  шақы-

ратын  басшылар  да  аз  емес.  Алайда,  Еңбек 

кодексінің 85-бабына сәйкес, демалыс күндері 

жұмыс  істету  үшін  қызметкердің  жазбаша 

келісімін  алу    міндетті  түрде  керек.  Бұл  күні 

атқарған қызметі үшін жұмысшының басқа күні 

демалуына болады. Немесе қызметкердің дем-

алыс күні атқарған жұмысына Еңбек кодексінің 

109-бабына сай ақы төле неді. 

Азаматтар  еңбек  демалысының  бөлініп 

берілуіне де көп алаңдаушылық білдіреді. Жаңа 

заңнамаға  сай,  енді  жұмыскерлердің  еңбек 

демалысы екі аптадан кем болмауы тиіс.  

Сол  сияқты,  бұрын  Семей  полигоны  ай-

ма ғында  тұрған  азаматтар  залалға  қарсы 

төленетін өтемақы алу талаптарын білгісі келеді. 

1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-XII Қа-

зақстан  Республикасының  «Семей  ядролық 

сынақ  полигонындағы  ядролық  сынақтардың 

салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеу-

меттік қор ғау туралы» заңына сәйкес, залалды 

аймақта тұратын тұрғындар қосымша ақы мен 

жыл сайынғы қосымша еңбек демалысын алуға 

құқылы. Ал, өңірден көшіп кеткендерге мұндай 

жеңілдіктер қарастырылмаған.



Эльвира ОмарбекОва, 

Нұрсұлтан ӨСкеНбай, 

алматы қаласы мемлекеттік еңбек 

инспекциясы және көші-қон 

басқармасының инспекторлары

Қ

азақстан Республикасы Әділет 

министрлігі  Қазақстан  Рес-

публикасы Жеке сот орындаушыла-

рының респуб ликалық палатасы мен 

«Қазпошта» АҚ бірлесе отырып, бо-

рышкерге сот және басқа да актілер 

бойынша  берешегін  қайтартудың 

тетіктерін  жетілдіруге  қадам  жасал-

ды.  Соның  нәтижесінде  борышкер-

лердің берешегін қайтаруына қиын-

дық жоқ. 

Айталық, қарызы барлар мемлекеттік шекара 

арқылы  өткізу  пункттерінде,  Қазақстан  Респу-

бликасы қалаларының қоғамдық орындарындағы 

кассалық қызмет пен терминалдар арқылы бе-

решегін  төлеп,  шекарадан  шығуына  қойылған 

уақытша шектеуді автоматты түрде алып тастай-

ды. 


Жаңа бағдарламаға сәйкес, «Қаз пошта» АҚ 

төлем  жүйесіне  жеке  сәйкестендіру  нөмірін 

(ЖСН)  енгізген  азамат  жинақталған  берешек 

туралы мәлімет алып, оны сол орында төлей ала-

ды. Төлемді қабылдау Қазақстан Республикасы 

қалаларының  әуежайларында  және  қоғамдық 

орындарда  орналасқан  «Қазпошта»  АҚ  касса 

бөлімшелерінде жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 

маусым  айынан  бастап  терминалдар  арқылы 

төлем қабылдауды тәулік бойы жүргізу жоспар-

лануда.

Н.КЕНЖЕБАЕВ,

алматы қаласы атқарушылық 

округінің жеке сот орындаушысы

Жылжымайтын мүлікті тіркеу қаншалықты 

жауапты  болса,  осы  қызметті  атқаратын 

мамандарға  жүктелетін  мақсат-міндет  те 

жоғары. Жылжымайтын мүлікті тіркеу уақыты 

қысқарып, құжаттарды тексеру мерзімі ше-

герілгендіктен, мамандарға енді тек заңгерлік 

білім алып қоймай, заманауи технологиялар-

ды да жете меңгеру маңыз ды. Өйткені, мүлік-

ке құқықты тіркейтін мамандар бұған дейін 

азаматтардың табанынан тозып жүріп бірне-

ше күн жинайтын анықтамаларын өз базасын-

да тексереді. Ендеше, құжаттың рәсімделуін-

де қылаудай күмәннің болмауы мамандардың 

біліктілігіне тікелей байланысты.

Сонымен  қатар,    әділет  органының  қы-

зметкерлері  халықтың  құқықтық  сауатын 

көтеру  бойынша  көптеген  жұмыстар  жүргі-

зеді. Жылжымайтын мүлікті тіркеуге қатысты 

жарияланған материалдар, арнайы шаралар 

азаматтардың  өз  құқығын  қорғауына  мүм-

кіндік туғызуда. Құрылым жұмысына қатысты 

пікір білдірген халықтың жұмыстың тиімділігі-

не, жеделдігіне, қауіпсіздігіне қатыс ты жылы 

лебіздерін есту біздің жұмысқа деген ынта-

мызды өсіретінін айта кеткеніміз жөн.



е.ШайхидиНОв,

алматы қалалық Әділет департаменті

ауыртпалықтарды тіркеу бөлімінің бас 

маманы 

боранбай Ғалиев

байланыс және ақпарат қызметкерлерінің 

күніне орай Қазақстан республикасы Журна-

листер одағының атырау облысы бойынша 

филиалы аумақтық баҚ арасындағы конкур-

сты қорытындылады. 

Алтын көпір

Сауатты арттыру – 

сауапты іс

Білген жөн

Борышкерге жеңілдік

Сот іс қарады

Сұқ семірмес, ұры байымас

Жақында  Алматы  қаласы,  Жетісу  аудан-

дық №2 сотында жариялы отырыс өткізілді. 

Судья  Н.Батырхан  төрелік  еткен  бұл  істі 

ақпарат  құралдарының  қатысуымен  қарап, 

көпшілікке  көрсетуіміздің  мәні  бар.  Сот-

талушыларға  жаза  тағайындай  отырып,  біз 

жеңіл жолмен табыс тапқысы келгендерге ой 

салуды,  қылмыстың  алдын  алуды  көздеген 

болатынбыз.Айыпты  орындығында  отырған 

екі жігіттің жасы жиырма беске де толмаған. 

Қылмыстық  кодекстің  196-бабы  3-бөлігінің 

2-тармағымен  айыпталған  екеуді  түзу  жол-

дан жаңылдырған – ашкөздік, пайдакүнемдік 

десек, қателесе қоймаспыз. Бір өкініштісі, өз 

қолдарымен қылмыс жасап, құқық бұзбаса 

да осындай жандардың ұрылардың жазасыз 

қалуына, пайда табуына көмектесетіні ақиқат. 

Ал, аталмыш екі жігіт автокөлік ұрлаумен ай-

Тұтынушы құқығы

Жұмыстың мінсіз болуы 

мамандарға байланысты

Ж

ылжымай-

тын мүлікке 

құқықты тіркеу аса 

маңызды процес-

тердің бірі. Сон-

дықтан, ондағы 

құжаттардың то-

лықтығына, заң-

дылығына, күмән-

сіздігіне ерекше 

назар аударылады. 

Бұл саладағы заңна-

маның жаңартылып, 

толықтырылуы қоғам 

қажеттілігінен туын-

дап отырғаны белгілі.

баспасөз  қыз метінің  бас 

маманы  М.Ғабдолхаев  та 

болды. 


Қ.ҚуатОва,

«Заң газеті»

АТыРАу


налысқан  топтың  «бизнесін»  жандандырды 

десек, артық айтқандық емес. 

Осы жылдың 15 мамырында А.Кульчанов, 

С.Ким  және  Тимур  есімді  тұлғалар  Алматы 

қаласы Қарасу ықшамауданындағы үйлердің 

бірінен құны 800 000 теңге тұратын «Нексиа» 

маркалы А 389DMP автокөлігін ұрлап шыққан. 

Ұрланған көліктің ұзақ тұрмасы белгілі. Оны 

нарық бағасынан арзанға берсе тез өткізуге 

болады. Расында, көлік өз тұтынушысын көп 

күткен жоқ. 800 мыңдық көлікті 150 мың тең-

геге ұсынғанда Ж.Тәжіхан мен Д.Тұрсынбай 

елп ете қалды. Сөйтіп, пайданы ғана ойлаған 

жігіттер  көліктің  тегін  еместігін,  құжатының 

жоқтығын, ұрланғанын біле тұра сатып алуға 

келісім  берді.  Бірақ,  із  кесушілердің  жедел 

әрекетінің арқасында заң бұзғандар көп ұза-

май қолға түсті. 

Өз  қатесін  түсінген  Д.Тұрсынбай  мен 

Ж.Тәжіхан  кінәні  мойындау  туралы  мәміле 

түріндегі  келісім  жасаған.  Жәбірленуші 

Р.Нұрпейісова  іс  бойынша  кінәні  мойындау 

туралы процестік келісім жасасумен келіскен. 

Осыған байланысты сот істі келісімдік іс жүр-

гізу тәртібімен қарады.

Сот сотталушылар Ж.Тәжіхан мен Д.Тұр-

сынбайдың  кінәсін  толық  мойындағанын, 

бұрын сотты болмағанын, жастығын, отбасы 

жағдайын,  жәбірленушіге  келтірген  мате-

риалдық  залалды  толық  өндіргенін,  жәбір-

ленушімен  татуласқанын,  жәбірленушінің 

оларға  кешірім  бергенін  ескеріп,  процестік 

келісімде  көрсетілген  2  (екі)  жыл  мерзімге 

бас бостандығын шектеу жазасын тағайында-

ды. Сотталушылар ҚК-нің 44-бабына сәйкес, 

пробациялық бақылауға алынған. 

АлМАТы ҚАлАСы

Е.Аяп

БЕ

рг

ЕН

о

В

,

а

латау аудандық прокуратурасының 

бөлім прокуроры


3

zangazet@maiI.ru



№50 (2975) 

4 шілде 2017

Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер:

– Қоғамымызда мұндай проблема бар екені сырттай қарағанда, білінбеуі 

мүмкін. Бірақ, статистикаға қарап, мәселенің өзекті екенін байқаймыз. Елімізде 

келесідей жағдайда ата-ана құқықтарынан айырады: Яғни, Неке және отбасы 

туралы кодекстің 75-бабына сүйенсек, егер ата-аналар: 1) ата-аналық мiндеттерiн 

орындаудан жалтарса, оның iшiнде, алимент төлеуден қасақана жалтарса; 2) өз баласын 

перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз 

қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас 

тартса; 3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса; 4) балаға қатыгездік көрсетсе, 

оның ішінде, оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық 

тиіспеушілігіне қастандық жасаса; 5) спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына 

салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, 

олар ата-ана құқықтарынан айырылады. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не 

отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық 

құқықбұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады. Ата-ана құқығына 

шектеу қойылған немесе ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың балалары басқа 

отбасына орналастырылып, қамқорлыққа (қорғаншылыққа), асырап алуға, патронатқа 

алынады, отбасына орналастыруға мүмкіндік болмағанда, жетім балаларға немесе 

ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелерге 

орналастырылады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет