«СҚО денсаулық сақтау басқармасы» мм мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы ақпарат Жалпы ереже 1 көрсетілетін қызметті беруші — «Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы»



Дата03.07.2017
өлшемі95.18 Kb.
«СҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы ақпарат

1. Жалпы ереже

1) көрсетілетін қызметті беруші — «Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі – СҚО ДСБ)

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2016 жылы 12 айда 1203404 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Олардың ішінде:

7560 қызмет (психоневрологиялық диспансерден анықтама беру, наркологиялық орталықтан анықтама беру) «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді.

148 қызмет (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру) электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты мен регламенті ДСБ-да 4 қызметті алуды айқындайды және көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша балама «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (медициналық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру; фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру; денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау.

Электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы мемлекеттік қызметтер ЦЭҚ бар азаматтар жүгінген кезде көрсетіледі. ЭҮП арқылы 7 қызмет алуға болады (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу, медициналық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру; фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру; денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру; Аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау; дәрігерді үйге шақыру, дәрігер қабылдауына жазылу)

1138777 қызмет тегін көрсетілді,

64627 қызмет ақылы көрсетілді,

Мемлекеттік қызметтер мына түрде көрсетілді:

қағаз түрде: 1195497;

электрондық түрде: 347

3) Дәрігер қабылдауына жазылу — ең көп сұраныстағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат СҚО ДСБ-ның интернет-ресурсында, сондай-ақ СҚО медицина ұйымдарында стендтерде және СҚО ДСБ әкімшілік ғимаратында орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 165 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үрдістерін жетілдіру жөніндегі жұмыс

1) Мына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінара автоматтандырылған: «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»; «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»; «Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»; «Дәрігерді үйге шақыру», «Дәрігер қабылдауына жазылу», «Аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау».

2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында дәрігерлер күнтізбелік жоспарға сәйкес біліктілік арттыру курстарына жолданады. 2016 жылдың 12 айында барлығы 1862 орта буын медицина қызметкері оқытылды.

3) Бекітілген стандарттар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері әзірленеді.



4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат



Шағым иесі туралы мәлімет

Шағымның мағынасы

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған орган

Шағымды қарастыру қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

Елманова Т.А.

Емханаға тіркелу

Денсаулық сақтау басқармасы

26.07.2016ж.

№ ГУ (ФЛ-Е-20)от 22.07.2016г.

түсіндірілді

жоқ

2) Облыстың барлық медицина ұйымдарында ішкі аудит қызметі құрылған, олар жоспарлы түрде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мәселелерді бақылайды.

3)Көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша ай сайын есептер толтырылады.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бағалау әдістемесінің №16 қосымшасына сәйкес «қызметтер көрсету карточкасы» жүргізіледі, онда көрсетілген қызмет және оны көрсету мерзімі бағаланады.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан әрі тиімді ету және сапасымен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында орта буын медицина қызметкерлері күнтізбелік жоспарға сәйкес біліктілік арттыру курстарынан өтеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізіледі.

Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы ақпарат

1) Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлауды, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлауды қамтамасыз ету

Облыста бұл қызметті СҚО әкімдігінің СҚО ДСБ «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» ШЖҚ КМК көрсетеді. 2016 жылдың 12 айында осы қызметті алған тұлғалардың саны 1 862 адамды құрады.



2) Медициналық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

Медициналық қызметті лицензиялау «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы және «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 қаңтардағы №71 қаулысының негiзiнде денсаулық сақтау басқармасымен жүзеге асырылады. Олардың негiзiнде Республикалық деңгейдегi ұйымдармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерден және уақытша жұмысқа жарамсыздық және мамандығы жарамдылық сараптамасы, сот-психикалық және сот-наркологиялық сараптамалардан басқа медициналық қызметті лицензиялау облыстардағы жергiлiктi атқарушы органдармен жүзеге асырылды.


2016 жылдың 12 айында СҚО денсаулық сақтау басқармасымен 111 лицензия және оған қосымша ресiмделдi. Лицензия және оған қосымшалар беруден 30 бас тарту болды. Барлық бас тартулар негізделген.
3) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта рәсiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру
2016 жылдың 12 айында СҚО денсаулық сақтау басқармасымен 50 лицензия және оған қосымша ресiмделдi. Лицензия және оған қосымшалар беруден 7 бас тарту болды. Барлық бас тартулар негізделген.

4) Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта рәсiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру
Барлығы 2016 жылдың 12 айында СҚО денсаулық сақтау басқармасымен 38 лицензия ресiмделдi. Лицензия және оған қосымшалар беруден 5 бас тарту болды. Барлық бас тартулар негізделген.
5) АИТВ-инфекциясына ерiктi жасырын және мiндеттi құпия медициналық тексеру

Бұл қызмет түрi «ЖИТС-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысының орталығы» ММ көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 95856 адамға осы қызмет түрi көрсетiлдi.


8) Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру
Бұл қызмет түрі ҚР ДСМ Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Психоневрологиялық диспансер» ШЖҚ КМК көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 18720 анықтама және Мемкорпорация арқылы 62 анықтама берiлдi.
7) Наркологиялық диспансерден анықтама беру
Бұл қызмет түрi ҚР ДСМ Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Облыстық наркологиялық орталық» ШЖҚ КМК көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 31194 анықтама және Мемкорпорация арқылы 7498 анықтама берiлдi.

8) Туберкулез диспансерiнен анықтама беру
Бұл қызмет түрi ҚР ДСМ Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» КМҚК көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 6954 анықтама берiлдi.
9) Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн медициналық ұйымға тiркелу
Бұл қызмет көрсету түрi қалалық және орталық аудандық ауруханалардың жанындағы емханалармен көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында медицина ұйымына 40397 тіркелу болды, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада 101 тіркелуден бас тартылды.
10) Дәрiгердiң қабылдауына жазылу
Бұл қызмет көрсету түрі қалалық және орталық аудандық ауруханалардың жанындағы емханалармен көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 707203 жазылу болды, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада 43 жазудан бас тартылды.
11) Дәрiгердi үйге шақырту
Бұл қызмет көрсету түрі қалалық және орталық аудандық ауруханалардың жанындағы емханалармен көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 89113 шақыру болды, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада 4 шақырудан бас тартылды.
12) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

Бұл қызмет көрсету түрі қалалық және орталық аудандық ауруханалардың жанындағы емханалармен көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 8429 анықтама берілді.


13) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

Бұл қызмет көрсету түрі қалалық және орталық аудандық ауруханалардың жанындағы емханалармен көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 66336 еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілді.



14) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру.

Бұл қызмет көрсету түрі қалалық және орталық аудандық ауруханалардың жанындағы емханалармен көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында 18078 еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы берілді.


15) Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

Бұл қызмет көрсету түрі облыстық емдеу-алдын алу ұйымдарымен, қалалық ауруханалармен және орталық аудандық ауруханалармен көрсетiледi. 2016 жылдың 12 айында стационарлық науқастың медициналық картасынан 111355 үзінді жазылып берілді.



16) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау.

Қызметтің бұл түрін «Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ көрсетеді. 2016 жылғы 12 айда қызметтің бұл түрі көрсетілген жоқ.



17) Аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау.

Қызметтің бұл түрін «Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ көрсетеді. 2016 жылғы 12 айда қызметтің бұл түрі көрсетілген жоқ.
Каталог: cms -> sites -> default -> files
files -> Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жыл ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
files -> Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
files -> Города, сельских округов
files -> СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі есебі Жалпы ереже Қызмет көрсетуші туралы мәлімет
files -> Мемлекеттік қызмет стандартына
files -> Атырау облысы бойынша мемлекетпен кепілдендірілген заңдық көмек көрсету жүйесіне қатысушы адвокаттарының тізімі
files -> Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының тізімі
files -> Ливан Республикасында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет