Сырдария өзенін реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы, екінші кезең (СӨратс-) Жерді алып қою жөніндегі шекті құжат


Рәсімдер 5.1Жерді алып қою жоспарын (ЖАЖ) дайындау



бет7/7
Дата03.07.2017
өлшемі0.49 Mb.
#22055
1   2   3   4   5   6   7

5.Рәсімдер

5.1Жерді алып қою жоспарын (ЖАЖ) дайындау


ЖАЖ ақтық нұсқасын әзірлеуге мынандай қадамдар кіреді:

  1. Қолданыстағы жерді тіркеу және жерді пайдаланушылар мен олардың меншік немесе жалданған жер, кәсіпорындар, ғимараттар мен ауышл шаруашылық қызметінің өнімі сынды меншігінің санағы.

  2. Зардап шеккен тұлғаларды Жоспарды әзірлеуге тарту үшін өткізілетін жергілікті деңгейдегі кеңестер. Зардап шеккен тұлғаларға кееңес беріліп, олар Жерді алу жоспарын әзірлеуге тартылуы тиіс.

  3. Ескертпелерді алу үшін жоспарды жариялау.

  4. Қаржыландыруды мақұлдау алдында келісу үшін Дүниежүзілік банке жоспардың ақтық нұсқасы мен шығындар сметасын ұсыну.

  5. Осы қадамдар зардап шеккен тұлғаларға әсерді, сондай-ақ РДИЗ жүзеге асыру тиімділігін әрі қарай бақылау үшін негіз құрайды да, осындай әсердің салдарын жеңілдету үшін қосымша шараларды әзірлеу қажеттілігін анықтайды. Ағымдағы ақпаратты толықтыру үшін әлеуметтік-экономикалық бағалау мониторинг және бағалау үшін бастапқы мәліметтерлі орнату үшін жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңдерінде жүргізіледі.

Барлық жұмыс құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамамен мақұлданғаннан кейін шығындар сметасы келіссөздер жүргізу арқылы зардап шеккен тұлғалармен түзетіледі. Сондай-ақ жобаны жүзеге асырудің ерте кезеңінде жоба адамдардың өмір сүру деңгейіне кері әсер етпегеніне көз жеткізу қағидасын ұстана отырып, қажетті қосымша жеңілдету шараларын анықтау мақсатында жобаның әсер ету мониторингіне бастапқы деректерді алу үшін зардап шеккен үй шаруашылықтары мен іргелес аймақты әлеуеметтік және экономикалық бағалау жүргізіледі.

5.2Алдын ала бағалау үдерісі


Осы тармақта жоба шекарасының бойындағы жер, ғимарат иелерін және заңсыз жерді пайдаланушыларды анықтау мен санақ үшін әдіснама сипатталған. Залал келтірілген ғимараттар мен жер учаскелерін анықтау әдісі екі басты көзге негізделеді: 1) ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің қолдауымен қолданыстағы кадастр және жерді пайдалану туралы деректер және 2) жобаның аймағында орналасқан барлық анықталған және географиялық байланған ғимараттары бар әр учаске үшін жобалаушылармен жүргізілетін топографиялық түсірілім (әдеттегі масштаб: 1: 2 000). Бұндай әдіс сондай-ақ ғимараттарға және экономикалық құнды ағаштар мен ауыл шаруашылық өнімдеріне де қолданылады.

Заңсыз жер иеленушілерге, яғни құрылыс жұмыстары өткізілетін аймақтардағы заңды құқықтары жоқ ғимараттардың меншік иелеріне олардың кәсіпорындары немесе үйлеріне нұсқаулық пен лицензиялау/жекешелендіруде көмек көрсетілгеннен кейін заңды жер иеленушілермен бірдей жоғалтылған мүлік үшін өтемақы төленеді. Жобалық шығындарды есептеу үшін олардың меншігі тіркелген кәсіпорындар/үйлер сияқты бағалануы тиіс.
Егер жобаның қызметі үшін жерді алып қою (уақытша немесе тұрақты негізде) мақсатында ағымдағы мемлекеттік жерлердің ұзақ мерзімді жалға алуы туралы шарт тоқтатылған жағдайда жалға алушыларға жалдаудың алдындағы төлемдеріне сәйкес өтемақы беріледі. Бұдан басқа, жалға алушыларға ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ағаштарды өсіру инвестицияларына және т.б. келтірілген барлық шығындар және басқа залал қайтарылады.
Ауыл шаруашылығы емес жерлер мен ондағы жеке жылжымайтын мүлік үшін өтемақы көлемі нарықтық баға негізінде меншік иелерімен келіссөздер жүргізу жолымен әлеметтік-экономикалық шолу арқылы анықталады. Нарықтық бағалар лицензиялы бағалаушымен нормалар және стандарттарға, заңнамалық әдіснамаларға сәйкес есептеледі. Бұндай жағдайда екі тарап та өтемақы мөлшері бойынша келісімге келуі тиіс. Олай болмаған жағдайда өтемақы бойынша шағымдар сот тәртібінде шешіледі.Ғимараттардың жеке және заңды межелерін түзету үшін толық ауқымды тексерулер операцияларды өткізу уақытында қажет.

5.3Ақпараттандыру, кеңес беру және жобаның әсеріне іліккен тұлғаларды тарту стратегиясы

Жоспарланып отырған құрылыс аумағында тұратын халыққа жоба қызметініңм әсері бойынша көрсетілетін кеңестің алғашқы кезеңдері жергілікті халықтың пікірі мен қалауларын қарастыру және ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылады. Содан кейін РИЗ талқылау бойынша кездесулер ұйымдастырылады.

Жобаның әсеріне іліккен әрбір тұлғамен де жергілікті әкімдікте өтемақыны таңдау мәселелері бойынша жеке кеңес берулер жүргізіледі.Жобаның әсеріне іліккен тұлғалар өздерінің қосымша қиындықтарын әлеуметтік-экономикалық санақ кезінде баяндай алады.

5.4Шағымдарды қарастыру тетіктері

Шағымдарды қарастырудың тиімді үдерістері адамдар меншікті мәжбүрлі алу кезінде олардың алаңдаушылығын бәсеңдетуге мүмкіндік береді.Жерлерді алу барысында, әрине, бағалау, төлеу, қолдау мен жаңа жерде жайластыруға қатысты шағымдар болады, бірақ дұрыс басқару жағдайында бұл жобаны іске асыруға кедергі келтірмеуі тиіс. Жобаға қатысты барлық шағымдар қоныс аударуға байланысты дауларды шешу тетіктерінің көмегімен қарастырылады, олар жалпыға ортақ құрылымға ие, жоба бойынша ақпараттық брошюраларда сипатталады және жергілікті кеңселерде ілінетін плакаттарда көрініс табады:



  • Әр мердігер шағымдарды қарастыру жөніндегі үйелстірушіні тағайындауға міндетті, ол құрылыс жұмыстары уақытында жерлерді уақытша пайдалануға қатысты тікелей шағымдарды алады. Шағымдар тіркеледі де, бірден қанағаттандырылмаса, ЖІК шағымдарды қарастыру жөніндегі үйлестірушісіне келіп түседі.

  • Шағымдарды қарастырудың негізгі бекеті ЖІТ белгіленеді. Жауапты қызметкер ретінде ЖІТ қабылданған әлеуметтік мәселелер жөніндегі маман тағайындалуы керек, ол Жоба құрылымындағы бірінші байланыс тұлғасы болады. Көрсетілген маман үйлестіруші және уақтылы шешімдерді қабылдау үшін мердігер ұйымдарменжұмыс істейтін бірінші реттеуші инстанция ретінде әрекет етеді.Шағымдарды қарастыру жөніндегі үйлестіруші барлық алынған шағымдардың журналын жүргізеді де, олардың мәртебесі мен әлеуетті мерзімін ұзартуды белгілейді. Бірден шешуге болмайтын шағымдар сәйкес аудандық немесе облыстық атқарушы органдарға жолданады.

  • Жобаның әсеріне іліккен тұлға ауылдық әкімдікке шағым жазады, онда оларды тіркейді де, қанағаттандыруға тырысады. Егер шағым бір аптаның ішінде қанағаттандырылмаса, ол аудандық-облыстық атқарушы органға жіберіледі.

  • Аудандық/облыстық әкімшіліктің тағайындалған лауазымды тұлғасы шағымды алғаннан кейін оны тіркейді де, қанағаттандыруға тырысады. Егер екі аптаның ішінде шағым қанағаттандырылмаса, ол облыстық деңгейге өтеді.

  • Облыстық әкімшіліктегі тағайындалған лауазымды тұлға шағымды алып, оны қанағаттандыруға тырысады. Шағымдарды қанағаттандыру үдерісінің аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің жанында Шағымдарды қарау жөніндегу комитет құрылады, оған мемлекеттік өкіл, маман (лицензиялы бағалаушы), тәуелсіз өкіл (ғалым/ҮЕҰ), сондай-ақ шағым берушінің өкілі кіреді.

  • Егер екі аптаның ішінде шағым қанағаттандырылмаса, іс сотқа жіберіледі де, қоныс аударымен байланысты барлық жобалар үшін қойылатын талаптарда ҚР заңнамасына сәйкес шешіледі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы нақты келісімдер ұлттық заңнаманың орнында әрекет етеді.

Барлық байланыс деректері мен шағымдарды қарастыру тетіктерінің толық сипаттамасы баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, брошюралар арқылы таратылады және жобалық аймақта нақты жұмыстардың басталарына дейін веб-сайттарда жарияланады. Тіркеу, есептер мен шағымдарды қанағаттандыру нәтижелері сыртқы мониторинг пен бағалауға жатады.


Құрылыс кезінде мүдделері қозғалған, сондай-ақ басқа да тұлғалар көлік қозғалысының бұзушылықтарына, шу, шекараны бұзу және басқа мәселелеріге шағым жасауға құқылы.Жобаға қатысты барлық шағымдаржалпыға ортақ құрылымы бар және жобаның брошюралары мен жергілікті кеңселерде ілінген плакаттарда сипатталған дауларды шешу тәртібінде (қоныс аударуға қатысты) қарастырылады:
Жоба тетігі Қазақстанда қолданылатын стандарт тәжірибеден ерекшеленеді, себебі аудандық және облыстық атқарушы органдардағы немесе мемлекеттік органдардағы/өзін өзі басқару органдарындағы (бар болған жағдайда) әрбір тағайындалған лауазымды тұлға шағымдарды тіркеп, ай сайын жоба басшылығына (Дүниежүзілік банкке көшірмесін ұсына отырып, Комитетке және ЖІТ) есеп бере отырып, олардың мәртебесін бақылап отыруға міндетті. Есептер мен дауалрды шешу үдерісі сыртқы мониторинг және бағалау тобымен, сондай-ақ жоба басшылығымен бақыланады.
Бұдан басқа, олардың шағымдарын жеткілікті назар аударылмады деп санаған тұлғалар жоба басшылыға жүгіне алады. Мониторинг және бағалау жөніндегі ЖІТ қызметкері бұндай шағымдарды алады және тіркейді. Ол талапкерді оның шағымының қаралу барысы туралы ақпараттандыра отырып, шағымды қанағаттандыру үшін мүмкіндіктер іздестіруі керек. Бірден шешілуді талап ететін шығымды алған кез келген лауазымды тұлға қажеттілігіне қарай оны жоба басшылыға жолдай алады.

5.5Жерді алып қою бойынша қызмет мониторингі

ЖІТ жерлерді алуға жауапты мемлекеттік агенттіктермен қызметті үйлестіретін, РИЗ сәйкес жерлерді алу бойынша жеке жоспарларды әзірлеуге көмектесетін және осы жобаны немесе қосымша жобаны салуға дейін жерлерді алу бойынша мәселелерді уақтылы басқаратын маманды тартады. Бұл маман жерлерді алу бойынша негізгі тұстарды, көрсеткіштерді мониторинг үшін әзірлейді және мониторинг деректерін ЖІТ мұрағатында сақтау үшін жинайды. Маман жерді алып қою барысы туралы есептерді ұсынады, олар қажеттілігіне қарай жоба бойынша есептерге кіргізілуі тиіс. Осындай ішкі мониторингке шығындар жобалық сметаға салынуы тиіс. Мониторинг деректері қажет болған жағдайда сыртқы аудиттерге жәрдемдесу үшін сапасы сәйкес болуы тиіс. Мониторинг көрсеткіштерінің жалпы жүйесі 2-кестеде келтірілген.


2-кестеМониторинг және бағалау матрицасы

Мақсаты

Іс-шаралар

Мониторинг индикаторы

Өтемақыларды алушыларды анықтау

Өтемақы алушылар тізімін біліктілік критерийі бойынша өтемақы алу құқығына тексеру

Өтемақы алушылар тізіміндегі біліктілік критерийіне жауап бермейтін тұлғалар саны (қателесіп қосылған)

Өтемақы алуға құқылы, бірақ өтемақы алушылар тізіміне қосылмаған тұлғаларды анықтау. Әр өтемақы типі бойынша бөлек тексеру өткізілуі тиіс.

Критерийлерге жауап беретін, бірақ өтемақы алушылар тізіміне қосылмаған тұлғалардың саны (қателесіп қосылмаған)

Өтемақының басым типтері

Ақтық ЖАЖ сәйкес уақытша немесе қайтарымсыз алынатын аумақтарды мақұлдау

Өтемақы төленген уақытша алынуға жататын аумақ ауданы

Өтемақы төленген қайтарымсыз алынуға жататын аумақ ауданы

Өтемақы төлемдерін реттеу

Қаржы құжаттарын тексеру

Өтемақы типтеріне бөле отырып, уақтылы әрі толық көлемде өтемақы алған тұлғалар саны

Өтемақыны толық көлемде әрі уақтылы төлемеудің себептерін анықтау және талдау

Өтемақы типтеріне бөле отырып, уақтылы әрі толық көлемде өтемақы алмаған тұлғалар саны

Өтемақы типтеріне бөле отырып, уақтылы өтемақы алған тұлғалар саны

Өтемақы үшін берілген қаржыландыру көлемі

Өтемақы қаражаттары игерілмеген/артық шығындалған себептерді анықтау

Өтемақы үшін бөлінген қаражаттардың жұмсалу қарқыны, ЖАЖ ақтық нұсқасында көзделген соманың %

Қосымша өтемақы

Жерлерді уақытша алу мониторингінің мерзімдері

Учаскелерінде жерлерді уақытша алу үшін кеңейту қажет болған тұлғалар саны

Белгіленген аяқтау мерзімінен кейін құрылыс жұмыстары жалғасатын алаң

Үй шаруашылығына залал (табысты қалпына келтіру)

Жобаның әсеріне іліккен үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын әрі қарайғы шолу (жобаның 3-ші жылы)

Әлеуметтік-экономикалық санақ пен әрі қарайғы шолу нәтижелерін салыстыру есебінен үй шаруашылығын ұстап тұруға табыстар/қаражаттардағы өзгерістер

Кеңес беру және халықтың қатысуы

Халықтың тартылу деңгейін анықтау және лайықсыз қатысу себептерін анықтау

Әр жерді алу кезеңінде кеңес беру мен үйлестіру кездесулеріне қатысатын өтемақы алушылар саны

Даулар мен шағымдардың мазмұнын талдау. Дауларды шешу

Шағымдар саны

Қанағаттандырылған шағымдар саны

Жобаның басшылығы Дүниежүзілік банкке ұсынылатын мониторинг және бағалау бойынша жылдық есепті дайындауға қолданылатын жерді алып қою бойынша тәуелсіз бағалауды өткізу үшін сырттан келген мониторингтік агенттіктерді жұмылдыра алады. Мониторингке жауап беретін сыртқы ұйым жүзеге асыру барысында қоныс аудару жоспарының талаптары сақтала ма, мүдделері қозғалған тұлғалардың табыс көздері қалпына келтірілген бе, қоныс аударудың қандай да бір жоспарланбаған немесе алдын алынбаған салдары туындады ма, соны анықтайды.

6.Институционалдық тетіктер




6.1РИЗ Жүзеге асырудың институционалдық тетіктері

Жобаны іске асыру тобы (ЖІТ) жобаны іске асыру барысында қоныс аударуды басқару мен жерлерді алуда басты рөлді атқарады. Техникалық тапсырмаға (ТТ) сәйкес ЖІТ қорғаныс шаралары жөніндегі мамандар, соның ішінде жобаны іске асыру уақытында ЖІТ жұмыс істейтін жерлерді алу бойынша әлеуметтік мәселелер жөніндегі сарапшы кіру керек. Бұған ЖАЖ үздіксіз іске асырудың және олардың әсер етуінің әлеуметтік-экономикалық мониторингі кіреді, нақтырақ айтқанда (і) ЖАЖ қатысты КВР іс-шараларының мониторингі, (іі) құрылыс жұмыстарының бөлек учаскелерінің мониторингі, (ііі)қоныс аудары мәселесі бойынша ҚР аймақтық және жергілікті атқарушы органдармен әрекеттестік, (iv) жобаның алғашқы кезеңдерінде шағымдарды қабылдау бекеті, (v) жобаны жүзеге асыру барысында қорғаныс саясатының сәйкестігі туралы есеп.


ЖІТ жоба басшылығына (СРК мен Дүниежүзілік банк) ақпаратты ұсыну үшін жерлерді алу үдерісінің тәуелсіз бағалауын жүргізеді және Дүниежүзілік банке ұсыну үшін қоныс аудару мониторингі және бағалау туралы жыл сайынғы есепеті дайындайды.Мониторинг және бағалаудың нақты көрсеткіштеріне мыналар кіреді:

  • Ақпараттық кампания және жобаның әсеріне іліккен тұлғаларға кеңес беру (қаншалықты көп, қашан өткізілді, талқыланатын міселелер, нәтижесінде шешілген мәселелер);

  • жерді алып қою және өтемақыларды төлеу мәртебесі (келісімдер саны, жалпы көлемнің пайыздық арақатынасы);

  • алынған жерлердің орнына берілетін жер учаскелерін таңдау және тарату;

  • жоғалтылған ғимараттар мен басқа активтер үшін өтемақылар;

  • халықтық өмір сүруіне әсерін бағалау;

  • өмір сүруге қаражаттарды қалпына келтіруге көмектесу;

  • шығамдарды қанағаттандыру.



6.2Міндеттерді анықтау

Әрі қарай халықтың қоныс аударуын жоспарлау мен жүзеге асыруға тартылған институттардың негізгі міндеттері белгіленген.



  1. Су ресурстары жөніндегі комитет: Қарыз туралы келісімнің бөлігі ретінде ДБ қорғаныс шараларын жүзеге асырады

  2. Дүниежүзілік банк: жобаның барлық кезеңдерін бақылауды қамтамасыз етеді және қажеттілігіне қарай кемшіліктерді жою бойынша шараларға бастамашылық етеді.

  3. ЖІТ: жерлерді алу мәселелері бойынша үйлестіру мен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін маманды/әлеуметтік қызметкерді тартады. Бұл маман әлеуметтік-экономикалық санақты немесе қажеттілігіне қарай басқа зерттеулерді ЖІТ өткізуін қамтамасыз етеді; мониторинг көрсеткіштерін белгілейді, шағымдарды қарастыру тетіктерін жүзеге асырады; іс-шаралардың ДБ қорғаныс саясатына сәйкестігін қамтамасыз етеді, жобаның мердігерлер жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және қажеттілігіне қарай аудандық мемлекеттік қызметкерлерге көмектеседі.

  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі: ЖАЖ ресми бекітеді, сынақтар мен зерттеулердің деректерін растайды, кеңес беруге жәрдемдеседі

  5. Аудандық атқарушы органдар: жобаның әсеріне ілінген тұлғалармен келіссөздер жүргізеді және ақтық ЖАЖ нұсқасын әзірлейді

  6. Жоба компонентін жобалаушылар: бастапқы алуларды жүргізеді


6.3Бюджеттік смета

3-кесте: Халықтан жерді алуға индикативтік жылдық бюджет




Реттік нөмір

Болжамды учаскеде күтілетін бюджетке салынған залал

Бюджет бірлігі

Бюджеттік смета (теңге)

Қаржыландыру көзі

1.0

Жалға алынған жерді қайта бөлу

Жерді алмастыру

2,0-3,5 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

2.0

Жалға алынған жерді қайта бөлу

Жерді алмастыру

2,0-3,5 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

3.0

Жалға алынған жерді қайта бөлу

Жерді алмастыру

2,0-3,5 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

4.0

Жалға алынған жерді қайта бөлу

Жерді алмастыру

2,0-3,5 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

Барлығы







8,0-15,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

4-кесте: Аудандық деңгейдегі жерді алып қою бойынша қызметтерді қолдауға индикативтік жылдық бюджет

Реттік нөмір

Бюджетке салынған басты іс-шаралар

Бюджет бірлігі

Бюджеттік смета (теңге)

Қаржыландыру көзі

1.0

Жерді алып қою жоспарын дайындау

Бір ретті төлем

2,0-3,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

2.0

Мониторинг бойынша іс-шаралар

Бір ретті төлем

2,0-3,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

3.0

Халыққа қоныс аудару мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

Бір ретті төлем

2,0-3,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

4.0

Әкімшілік-шаруашылық шығындар

Бір ретті төлем

2,0-3,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

5-кесте: Ұлттық деңгейдегі халықты қоныс аударту бойынша қызметтерді қолдауға индикативтік жылдық бюджет

Реттік нөмір

Бюджетке салынған басты іс-шаралар

Бюджет бірлігі

Бюджеттік смета (теңге)

Қаржыландыру көзі

1.0

Ұлттық мүдделі тараптарды қоныс аудару мәселелері бойынша семинарлар туралы таныстыру

Бір ретті төлем

0,5-1,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

2.0

Халықты қоныс аудару нәтижесінде әлеуметтік және экономикалық әсерді белгілеу үшін бақылау тізімдерін дайындау

Бір ретті төлем

0,5-1,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

3.0

Мониторинг бойынша іс-шаралар

Бір ретті төлем

0,5-1,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

5.0

Әкімшілік-шаруашылық шығындар

Бір ретті төлем

0,5-1,0 млн. теңге

Мемлекеттік бюджет

Әкімшілік бақылау және мониторинг пен бағалау бойынша шаралар ЖІТ ТТ қосылған және осы тағайындауға өтініш берген кеңесшімен ұсынылатын баға бойынша бюджетте қарастырылуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет