Сырдария өзенін реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы, екінші кезең (СӨратс-) Жерді алып қою жөніндегі шекті құжат


Өтемақы алу үшін біліктілік критерийлері (жоғалған активтерді бағалау әдістері)



бет6/7
Дата03.07.2017
өлшемі0.49 Mb.
#22055
1   2   3   4   5   6   7

4.2Өтемақы алу үшін біліктілік критерийлері (жоғалған активтерді бағалау әдістері)


Мәжбүрлі көшуге қатысты ҚР Жер кодекс ережелері мен Дүниежүзілік банк саясатын реттеу мақсатында өтемақы және оған құқылы тұлғалардың матрицасы әзірленді, ол төменде берілген (1-кесте). Осы матрица тиісті өтемақы түрі мен оған құқылы тұлғаларды анықтау үшін келісілген негізді анықтайды (Дүниежүзілік банк – клиент). САРАТС -2 жобасының аясында халықтың нақты қоныс аударуы және ғимаратқа немесе басқа жылжымайтын мүлікке әсер ету көзделмесе де, мемлекеттің меншігіндегі өзен алқабының қорғалатын аумағындағы болжамды құрылыс жұмыстарының көлемі анықталғаннан кейін сақтық шаралары ретінде өтемақы шаралары қағидаларға қосылуы тиіс.
Алынатын жердің және бұзылатын ғимараттың құнын бағалау үшін жобалаушыларға лицензиялы бағалаушылармен келісімшартқа отыру керек. Жобалаушылармен жиналған жерге талаптар туралы мәліметтердің негізінде бағалаушылар әлеуетті зардап шегуі мүмкін тараптардың меншігін бағалау үшін олармен байланысуы керек. Ғимараттар үшін өтемақы анықтау үшін бағалау әдістері (і) шығындарды, (іі) табыстарды анықтау, (ііі) бағасы белгілі осындай ғимаратпен салыстыруға негізделген жалпыға ортақ халықаралық стандарттарға бара-бар болуы тиіс. Барлық негізгі бағалар ағымдағы нарықтық бағаға сәйкес келтірілуі тиіс. Ауыл шаруашылық жер учаскелерін бағалау әдістері алу кезіндегі ауыл шаруашылық жоғалтуларды бағалауға негізделуі тиіс. Бағалаушылармен есептелген өтемақы көлемі келіссөздер арқылы меншік иелері/жалға алушылармен және облыстық әкімшілікпен келісіледі.
1-кесте. Өтемақы және оған құқылы тұлғалардың матрицасы


Мүлік

Сипаттамасы

Зардап шеккен тұлғалар

Өтемақыға құқық

Қайтарылмайтын жоғалту

Жеке жер

Әсер ету күрделігіне байланыссыз, барлық жоғалтылған жерлер

Меншік иесі

  • Бастапқы жер учаскесіне тең көлемді және өнімділікті сақтау үшін жер учаскесін қайта бөлу; немесе

  • Жер өтемақысы:бағасы және өнімділігі жоғалтылған учаскелердің бағасы мен өнімділігіне тең жер учаскелерін беру; немесе

  • Алынған жерлер үшін салықтарды, келісім, тіркеу немесе беру төлемінсіз, орнын толтыру құны (нарықтық бағасы) көлемінде ақшалай өтемақы; немесе

  • Егер учаскенің қалған бөлігі пайдалануға тым кішкентай болса, учаске тұтастай алынады да, өтемақы төленеді немесе алмастыру нұсқасы ұсынылады

Жалға алушы

(ұзақ мерзімді жалдау)



Ұлттық заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы үшін жер жобалық шараларға байланыссыз, мемлекетпен ұзақ мерзімді жалға беріледі /

  • Бастапқы жер учаскесіне тең көлемді және өнімділікті сақтау үшін жер учаскесін қайта бөлу; немесе

  • Жоғалтқан учаске үлесі мен брутто-өнімнің нарықтық бағасының (орташа үш жыл үшін) негізінде есептелген төленіп қойған жалдау үшін ақшалай өтемақы; немесе

  • Егер учаскені қайта бөлу мүмкін емес болса немесе учаскенің қалған бөлігі пайдалану үшін тым кішкентай болса, ұқсас учаскеде жалға алу келісімшартын қалпына келтіру

Жалға алушы (қысқа мерзімді жалдау)

  • Жоғалтқан учаске үлесі мен брутто-өнімнің нарықтық бағасының (орташа үш жыл үшін) негізінде есептелген төленіп қойған жалдау үшін ақшалай өтемақы; немесе

Үлескер

  • Жоғалтылған өнім үлесінің екі еселенген нарықтық бағасы көлеміндеге ақшалай өтемақы

  • Үлес үшін ұқсас жер беру немесе басқалай еңбек типін ұсыну арқылы өмір сүру қаражаттарын қалпына келтіруге көмек көрсету.

Ауыл шаруашылық жұмысшысы

  • Ауыл шаруашылық жылының соңына дейінгі ақшалық және табиғи түрдегі ақыға тең ақшалай өтемақы

Ерікті және бейресми пайдаланушылар

  • Жоғалтылған өнімнің нарықтық бағасына тең ақшалай өтемақы

  • Үлес үшін ұқсас жер беру немесе басқандай еңбек типін ұсыну арқылы өмір сүруге қаражаттарына қалпына келтіруге көмек көрсету

Күрделі салдар — табыстың 10 % артық төмендеуі

Меншік иесі, жалға алушы

  • Екі жылдық өнімнің нарықтық бағасына тең ақшалай өтемақы

  • Жер өтемақысы: бағасы және өнімділігі жоғалтылған учаскелердің бағасы мен өнімділігіне тең жер учаскелерін беру; немесе

  • Алынған жерлер үшін салықтарды, келісім, тіркеу немесе беру төлемінсіз, орнын толтыру құны (нарықтық бағасы) көлемінде ақшалай өтемақы; немесе

  • Егер учаскенің қалған бөлігі пайдалануға тым кішкентай болса, учаске тұтастай алынады да, өтемақы төленеді немесе алмастыру нұсқасы ұсынылады

Үлескер

  • Жоғалтылған өнім үлесінің екі еселенген нарықтық бағасына тең ақшалай өтемақы

  • Үлес үшін ұқсас жер беру немесе басқандай еңбек типін ұсыну арқылы өмір сүруге қаражаттарына қалпына келтіруге көмек көрсету

Мемлекеттік жер

Әсер ету күрделігіне байланыссыз, барлық жоғалтылған жерлер

Жалға алушы (ұзақ мерзімді жалдау)

  • Бастапқы жер учаскесіне тең көлемді және өнімділікті сақтау үшін жер учаскесін қайта бөлу; немесе

  • Жоғалтқан учаске үлесі мен брутто-өнімнің нарықтық бағасының (орташа үш жыл үшін) негізінде есептелген төленіп қойған жалдау үшін ақшалай өтемақы; немесе

  • Егер учаскені қайта бөлу мүмкін емес болса немесе учаскенің қалған бөлігі пайдалану үшін тым кішкентай болса, ұқсас учаскеде жалға алу келісімшартын қалпына келтіру

Жалға алушы (қысқа мерзімді жалдау)

  • Жоғалтқан учаске үлесі мен брутто-өнімнің нарықтық бағасының (орташа үш жыл үшін) негізінде есептелген төленіп қойған жалдау үшін ақшалай өтемақы; немесе

Ерікті және бейресми пайдаланушылар

  • Жоғалтылған өнімнің нарықтық бағасына тең ақшалай өтемақы

  • Үлес үшін ұқсас жер беру немесе бұрынғы табыс деңгейіне тең басқандай еңбек типін ұсыну арқылы өмір сүруге қаражаттарына қалпына келтіруге көмек көрсету

Тұрғылықты және коммерциялық жерлер




Меншік иесі

  • Өнімділігі мен құны жағынан балама учаске түріндегі жер өтемақысы (зардап шеккен тұлға азырақ бағадағы ауысу мен айырма өтемақысына келіспегенше)

Жалға алушы

  • 1-3 ай үшін жәрдемақы

Ерікті жерді пайдаланушы

Үйлер, ғимараттар және құрылыстар




Күрделі ғимараттардың меншік иесі

  • Орнына басқа үй беру; егерберілетін үйдің бағасы төмен болса, айырмасы үшін ақшалай өтеамқы төленеді; немесе

  • Құрылыс материалдары мен жұмыс күшінің бағасы негізінде алынатын ғимараттар мен басқа жылжымайтын мүліктің толық орнын толтыру құны көлеміндегі ақшалай өтемақы. Зардап шеккен тұрғындардың осал буындары толық орнын толтыру құны көлемінде өтемақы алады және бағасы орнын толтыру бағасынан алынбайтын, утилизацияға жарамды кез келген материалдарды сақтап қала алады.

Уақытша ғимараттардың иелері (дүңгіршектер, павильондар)

  • Бекітілген және орнын ауыстыруға лайықты учаске

Ағаштар

Жоғалтылған ағаштар

Барлық зардар шеккен тұлғалар, соның ішінде ерікті пайдаланушылар

  • Табыстарды алмастыруды көрсететін ақшалай өтемақы. Жас ерекшелігіне сәйкес және бір жыл үшін брутто табыстың нарықтық құны бойынша бағаланған, ағашпен осындай өнімділікке жету үшін қажетті жылдарға көбейтілген, көшеттердің және бастапқы материалдардың сатып алынған бағасы қосылған ағаштардың экономикалық құны.

Бизнес және жұмысбастылық

Бизнесті немесе жұмысты уақытша немесе тұрақты жоғалту

Барлық зардар шеккен тұлғалар, соның ішінде ерікті пайдаланушылар

  • Меншік иесі:тұрақты жоғалту кезінде бір жылдық табысқа тең ақшалай өтеамқы төленеді; уақытша жоғалту кезінде табысты жоғалту кезеңі үшін ақшалай өтеамық төленеді.

  • Қызметкерлер: Өтемақы салық декларациясының немесе ресми минималды жалақы (бірақ одан төмен емес) негізінде есептеледі.

Бизнес иелері

  • 3 ай мерзіміне дейінгі жұмыстағы мәжбүрлі үзіліс кезеңіндегі жоғалтылған пайда үшін жәрдемақы

Қоынс аудару




Қоныс аударудан зардап шеккен барлық тұлғалар

Үйлерді жалдаушылар




Жалға алу келісімшарттары бар жалға алушылар

  • Ең жоғары нарықтық бағам бойынша үш айлық жалдау ақысы және ұқсас тұратын үй іздеуге көмектесу

Қоғамдық пайдаланудағы меншік







  • Зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру немесе ауыстыру және оларды жобаны іске асыруға дейінгі қалпына келтіру

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары




Жобаның игіліктерін пайдалану үшін арнайы қолдауды қажет ететін зардап шеккен тұлғалар

Әлеуметтік бағалау және зардап шеккен тұлғалар санағына негізделген қосымша өтемақыларды, бейімделуге жәрдемақыларды және басқа бастамаларды ұсынудың арнайы бағдарламалары. Бұл санатқа көп балалы отбасылар; асырушысы жоқ отбасылар, соның ішінде әйелдермен басқарылатын шаруашылықтар, қарт адамдар және кәмелетке толмаған балалар кіреді, мүмкіндіктері шектеулген адамдар.

Жерді уақытша жоғалту

Құрылысжұмыстарыныңөндіріспенпайдаланылатынжерлері

Меншікиесіменмердігердіңарасындағыкеліссөздердіңбарысындакелісіледі

Меншік иесі (жеке немесе мемлекеттік)

  • Мердігер коммерциялық үй-жай үшін пайдалану кезеңіне жергілікті жалға беру мөлшерлемесі бойынша ақшалай өтемақы төлейді.

  • Жер жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін алғашқы күйіне қалпына келтіріледі. Қалпына келтіру шаралары мердігер мен зардап шегуші тұлға арасындағы өтемақы туралы келісімге кіреді.

  • Экологиялық күзет саясаты шаралары қолданылады

Қазандықтарға арналған жерлер

Меншік иесі мен мердігердің арасындағы келіссөздердің барысында келісіледі

Меншік иесі (жеке немесе мемлекеттік)

  • Мердігер жалға алу мен материал үшін нарықтық баға бойынша ақшалай өтемақы төлейді.

  • Жер жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін алғашқы күйіне қалпына келтіріледі.

  • Экологиялық күзет саясаты шаралары қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет