Сырдария өзенін реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы, екінші кезең (СӨратс-) Жерді алып қою жөніндегі шекті құжат


Жобаны іске асыру бойынша Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы саясаттарының арасындағы кемшіліктерді жою шаралары



бет5/7
Дата03.07.2017
өлшемі0.49 Mb.
#22055
1   2   3   4   5   6   7

3.4Жобаны іске асыру бойынша Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы саясаттарының арасындағы кемшіліктерді жою шаралары

Қазақстан Республикасының Жер кодексі және жерлерді және мүлікті мемлекеттік қажеттіліктер үшін алуға қатысты тұрғын үй қатынастары заңнамасы, жалпы, Дүниежүзілік банктің қоныс аудару саясатымен келісіледі. Бірақ стандарт нұсқаулықтар мен үдерістердің жоқтығынан оларды іс-жүзінде жүзеге асыру әртүрлі болуы мүмкін. Төменде келтірілген төрт кезең анағұрлым кезекті іске асыруды және Дүниежүзілік банк саясатының қағидаларын мен жобаларды іске асырудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етеді:


  1. Жерді өз бетінше және заңсыз пайдалану: Осы жобаның аясында және жерді заңсыз пайдалану мәселелеріне қатысты жобаны іске асыру кезінде Дүниежүзілік банктің қорғау саясаты, соның ішінде Дүниежүзілік банктің жерді өз бетінше пайдаланушыларға (ресми заңды құқықтары жоқ, бірақ ұлттық заңнамаға сәйкес қабылданған немесе танылуы мүмкін жерді алып қою үшін өтемақы құқығына дәмесі бар тұлғаларға; олар иеленетін жерлерге танылуы мүмкін құқық немесе дәмесі жоқ тұлғаларға қоныс аудару кезінде олар иеленетін жерлер үшін өтемақы орнына көмек көрсетілуі тиіс. Жобаның әсеріне іліккен барлық тұлғаларға жерден басқа барлық активтерді алып қою үшін өтемақы төленуі тиіс)өтемақы беру бойынша рәсімдері сақталуы керек.

  2. Жер учаскесін алмастыру немесе ақшалай өтемақы:

Барлық зардап шекен тұлғаларға жерді алмастыру нұсқасы туралы ақпарат беріледі; жергілікті атқарушы органдарға жерлердің алмастыруға қолжетімділігін бағалауға және олардың орналасқан жерлері туралы сұраныс жіберіледі. Алмастыруға бағасы тең жердің бар болуы жағдайында жерді алып қою үдерісіне қатысатын лауазымды тұлғалар барлық зардап шеккен тұлғаларға, егер олар осы нұсқаны қаласа, ақшалай өтемақыдан гөрі жерді және ғимаратты алмастыру нұсқасын ұсынуға нұсқаулық берілуі тиіс.

  1. Нарықтық баға және қалпына келтіру құны: Жоспарланып отырған құрылыс жұмыстарының аумақтары өзен алқабында орналасқан, онда әдетте қандай да бір құрылыс жұмыстары көзделмейді, яғни жоба тікелей жобаға байланысты қандай да бір мүліктік залалға алып келмейді; бірақ ондай бар болатын болса, жоғарыда анықталғандай, өтеу құнына тең өтемақы төленуі тиіс.

  2. Ақпаратқа қолжетімділік және ақпаратпен алмасу: Зардап шеккен тұлғаларға жерді алып қоюға (шеттетуге) байланысты рәсімдер, нұсқалар және құқықтар туралы ақпарат беріледі, осы мәселелер бойынша кеңес беріледі, таңдау нұсқалары, сондай-ақ ақшалай төлемнің орнына өтемақы ретінде жерді немесе жер мен ғимаратты алмастыру нұсқалары сынды техникалық және экономикалық жағынан мақсатты баламалар ұсынылады.Жоба басшылығы екі брошюраны әзірлеу және тарату арқылы халықты ақпараттандыру үдерісінде маңызды рөл атқарады, оларда үдеріс сипатталады және құқықтар мен міндеттер, өтемақы нормалары, төлем кестелері және дауларды шешу нұсқалары түсіндіріледі.

Катысу дарижесины аныктау, халықтың жетімсіз қатысуының себебінің аныктау жумыстары өткізледи, кампенсация алушының саныны, жиналыстарда қатыскандар арасында барлык кезенде. Барлык арыздардын анализыны өткізу, айтыс-таластың тартіптеуі жумыстарын өткізу. Халықтың толық ауқымы үшін сайкес брошюралар болады.

Бір брошюра жері және басқа меншігі мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрақты негізде алынатын тұлғаларға арналған. Ал мердігерлер мен жер иеленушелірге арналған екінші брошюрада қазандықтар, техника мен материалдарды сақтауға арналған қосалқы алаң, вахталық кенттер және т.б. үшін жерді уақытша пайдалану тәртібі сипатталады. Екі брошюра да екі – қазақ және орыс тілдерінде дайындалып, болжамды құрылыс жұмыстарының учаскелері аймағындағы әкімдіктер мен Құрылыс ісі жөніндегі комитеттің аудандық кеңсесінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстары басқармасында әлеуетті түрде жобалық қызметтен зардап шегуі мүмкін тұлғалар арасында таратылып, Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) тіркеледі.



  1. Басқа көмек: Жоба зардап шеккен тұлғалардың қоныс аударуын көздемейді, себебі өзен алқабында жоспарлы жобалық аймақта қандай да бір активтер жоқ және зардап шеккендерді көшіруге жеткілікті балама жерлер бар. Бірақ, егер жерді алып қою және қолжетімділікті шектеу жерді пайдаланушылардың өмір сүру деңгейіне қандай да бір түрде (соның ішінде қоныс аударуды қоса) әсер ететін болса, жоба аясында зардап шеккен тұлғалардың ішіндегі осал топтардың және қоныс аударылған үй шаруашылықтарының өмір сүру деңгейін қалпына келтіру үшін қосымша көмек көрсетілуі тиіс.

Қажеттілігіне қарай тіршілік әрекетін қалпына келтіруге көмек барлық зардап шегуші тұлғаларға, соның ішінде халықтың осал топтарына қажет. Халықтың осал топтарына қосымша көмек қажет, бұл топқа көп балалы отбасылар; асыраушысы жоқ отбасылар, соның ішінде әйелдермен баяқарылатын шаруашылықтар, қарт адамдар және кәмелетке толмаған балалар кіреді.

  1. Жерді алуды өткізу мерзімі: Жерлерді алу және жобалық қызметтен зардап шеккен тұлғалардың көшуі бойынша барлық мәселелер алынатын аумақта жобаны іске асыруға дейін шешілуі тиіс. Соның ішінде, жаңа ауыл шаруашылық жерлер бөлініп, мүліктік залал, соның ішінде қирап қалған ауыл шаруашылық дақылдар үшін өтемақылар төленіп, тұрғылықты ғимараттар үшін құрылыс учаскелері бөлінуі тиіс.

4.САРАТС-2 жоба аясында жерді алып қоюдың негізгі қағидалары




4.1Жерді алып қоюдыңнегізгі қағидалары

САРАТС -2 жобасын іске асыру үшін жеке жерлерді немесе жалға алынған мемлекеттік жерлерді алып қою барысында Дүниежүзілік банктің операциялық қоныс аудару саясатында қолданылатын қағидаларды көрсететін мына қағидалар қолданылады.



Қағидалар жерлерді, ғимараттарды немесе басқа жылжымайтын мүлікті алу; жерді пайдалану немесе коммерциялық қызметтегі өзгерістер; жерді пайдалану, тұрғын үй немесе коммерциялық қызметтегі шектеулер нәтижесінде шаруашылыққа уақытша немесе тұрақты әсер ету жағдайында қолданылады. Қағидалар барлық «зардап шеккен тұлғаларға», соның ішінде мемлекеттік қажеттілігіне жерді алып қою немесе қоныс аудару әсер еткен ресми лицензиясы немесе меншік құқығы жоқ тұлғаларға қатысты қолданылады.

  1. Жерді алып қою мен қоныс аударуды болдырмау немесе барынша төмендету.

  2. Зардап шеккен тұлғалар жоғалтылған меншік, табыстар мен бизнес, соның ішінде уақытша шығындар немесе амортизацияны қоспағандағы залал құны көлеміндегі толық өтемақыға құқылы.

  3. Өтемақылар зардап шегуші тұлғаларға, кемінде, бұрынғы табыстар мен өмір деңгейін жобаның аяғына дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беруі тиіс.

  4. Зардап шеккен тұлғаларға кеңес беріп, оларды қоныс аударуды жоспарлауға тарту керек.

  5. Зардап шеккен тұлғаларға өтемақы нұсқаларына қатысты толық ақпарат берілуі тиіс.

  6. Егер зардап шегуші тұлға ақша қаражатын қаламаса, бағасы тең жер бар болған жағдайда жоғалтылған ауыл шаруашылық жерлер үшін басқа жер учаскесін беру басым өтемақы түрі болып табылады.

  7. Меншікті беруге (сатып алу немесе алмастыруға) шығындар, соның ішінде салықтар, алымдар, құжаттама және сотқа шағым алынбайды немесе инвестормен төленеді.

  8. Әйелдер мен ерлерге бірдей өтемақы көлемі төленеді.

  9. Ресми меншік құқығының немесе пайдалану туралы келісімінің жоқтығы зардап шегуші тұлғаларға барлық құқықтарды немесе саясаттың мақсаттарына жету үшін қажетті көмекті пайдалануға кедергі келтірмеуі тиіс.

  10. Қоныс аударылған тұлғалар көтерме ақы және уақытша тәуліктік ақы алады.

  11. Әйелдермен және әлеуеметтік қорғалмаған тұлғалармен басқарылатын үй шаруашылықтарына ерекше назар аударып, өмір сүру деңгейін сақтып,оны арттыруға тиісті көмек көрсетілу керек.

  12. Жерді алып қою және халықтың қоныс аударуы жоба аясында өткізіледі де, толықтай қаржыландыралады.

  13. Өтемақы құрылыс жұмыстары басталарға немесе алынатын жерлерде ғимараттар бұзылғанға дейін толық төленеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет