Сырдария өзенін реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы, екінші кезең (СӨратс-) Жерді алып қою жөніндегі шекті құжат


Дүниежүзілік банктің жерді алып қоюмен қоныс аудару саясаты



бет4/7
Дата03.07.2017
өлшемі0.49 Mb.
#22055
1   2   3   4   5   6   7

3.2Дүниежүзілік банктің жерді алып қоюмен қоныс аудару саясаты.

Дүниежүзілік банктің қоныс аудару туралы қағидаттары оның Операциялық саясатында белгіленді (ОС 4.12) және осы қорғау шараларының жалпы мақсаты жобаны іске асырудың барлық техникалық тұрғыдан баламалы таңдауын зерттегеннен кейін халықтың мәжбүрлі қоныс аударуын болдырмаудан немесе ықтимал болатын жерде оны ең төмен ауқымда жүзеге асырудан тұрады. Халыққа қоныс аудару жөніндегі бағдарламаларды жоспарлау мен іске асыруға қатысу мүмкіндігін ұсыну керектігіне көңіл аударылады. Операциялық саясат (i)жаңа тұратын жеріне қоныс аударуға немесе баспананы жоғалтуға; (ii) мүлікті жоғалтуға не оны пайдалану мүмкіндігенен айыруға; немесе (iii) зардап шеккен адамдар жаңа тұратын жеріне көшуге мәжбүрлі болуына байланыссыз тіршілік етуге қажетті табыс көздерін немесе қаражаттарды жоғалтуға; сондай-ақ b) қоныс аударған адамдардың тұрмыс деңгейіне жағымсыз әсер ететін қорықтар мен қорғалатын аумақтардың заңды түрде бекітілген мәртебесіне қол жеткізуге мәжбүрлі шектеуге әкелетін a) мәжбүрлеп жерді алып қоюфакторлары шақырылған Банктің жәрдемдесуінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде тауындайтын тікелей экономикалық және әлеуметтік салдарларға қатысты қолданылады.


Атап айтқанда, операциялық саясатта жерді мәжбүрлеп алып қою болмаған жағдайда көшіп-қону кезінде өтемақы, көмек алу құқықтарын белгілеу және келесі шарттардың негізінде қоныс аударған адамдарға көмек көрсету жөніндегі оңтайландыру іс-шаралары үшін критерийлер есертіледі:

  1. Ресми құқықтары, оның ішінде салт-дәстүрлерге негізделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында танылған құқықтары бар адамдар. Осы топқа жалға алған жерге ие адамдар, отбасылық меншіктегі немесе ұрпақтан ұрпаққа табысталатын жер телімін меншіктенушілер енгізілді.

  2. Санақ жүргізу бастаған сәтте жер телімдеріне ресми құқықтары жоқ, бірақ мұндай наразылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында танылған жағдайда осындай телімдерге немесе мүлікке өз құқықтарын білдірген адамдар. Бұл топ шетел азаматтарын қамтиды.

  3. Жалға алып отырған жер телімдеріне қатысты тануға жататын құқықтары немесе наразылықтары жоқ адамдар. Бұл топ өз еркімен жер аударылып келіп қоныстанған адамдарды және жартылай тұрақты негізінде көшіп келген немесе құқықтарды немесе өкілеттіктерді табыстау туралы ресми құжатсыз жерге көшіп келген адамдарды қамтиды.

a) және b) тармақшаларында белгіленген санаттардағы қоныс аударған адамдаржобалау аумақты белгіленген ақырғы күнге дейін (санақ жүргізу күні) пайдаланған жағдайда осы негіздемелік құжаттың ережелеріне сәйкес жобаны іске асыру барысында алып қойылған жер учаскелері, аумақтағы немесе құрылыстағы құрылыстары немесе негізгі құралдары үшін қоныс аудару және оңалту кезінде өтемақы, көмек алады. c) санатындағы қоныс аударған адамдар жер учаскелері үшін емес мүлікті жоғалтқаны үшін өтемақыға құқығы бар.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік банктің қоныс аудару туралы операциялық саясатында белгіленген ақырғы күннен кейін осы аумаққа көшіп келген қоныс аударған адамдар қоныс аударуына байланысты өтемақы немесе қандай да бір өзге көмек түрін алуғақұқығы жоқтығы белгіленді.


3.3Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы саясаттарын салыстыру және олардың арасындағы қиындықтар Жалпы алғанда мемлекет мұқтажы үшін жер мен мүлікті алып қоюға қатысты Жер кодексі мен ҚР тұрғын үйқатынастары туралы заң Дүниежүзілік банктің көшіп-қону саясатымен келісіледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен Дүниежүзілік банктің мәжбүрлі көшіп-қону туралы саясатының арасындағы негізгі айырмашылық келесіден тұрады:


  1. Жерді өз бетінше және заңсыз пайдалану: Жерді өз бетінше пайдаланатын тұлғаның заңсыз салынған ғимараттар үшін (і) өз мүлкі үшін өтемақыға құқылы ретінде танылатынын және қоныс аударған тұлғалардың өмір деңгейіне жағымсыз әсер ететін заңнамамен бекітілген мәртебесі бар қорықтар және ерекше қорғалатын аумақтарға мәжүрблі түрде рұқсатты шектеу жағдайында (іі) жағымсыз әсердің сладарын жеңілдету үшін қажетті шаралардың типі жобалау және жобаны жүзеге асыру кезінде қоныс аударырған тұлғалардың қатысуымен анықталатынын Дүниежүзілік банктің қоныс аудару саясатының қағидалары анықтайды. Қазақстан Республикасының Жер кодексімен жерді өз бетінше пайдаланатын тұлғалардың жерге рұқсатын жоғалту үшін өтемақыға құқығы көзделмеген, бірақ онда бұндай тұлғаларға өтемақы рұқсат етілмегені де айтылмаған.

ҚР Жер кодексіне сәйкес жерді заңсыз пайдалану алынатын жерлерге құқық белгілейтін құжаттар жоқ болса, заңсыз деп санылады. Заңи тұрғыдан өтемақы төленбейді және өтемақының құны қосылуы мүмкін емес. Бірақ қоныс аудару кезінде қоныс аударылған тұлғаларға өтемақы ретінде жаңа алынған жерлерге барлық құқық белгілеуші құжаттар дайындалады.

Барлық ұсынылатын шаралар жерлерді алу және зардап шеккен тұлғалар үшін қоныс аударудың салдарын жеңілдету және барынша азайтуды ескере отырып, әзірленуі керек.



  1. Жер учаскесін алмастыру немесе ақшалай өтемақы: Дүниежүзілік банктің саясатында әсіресе, жер учаскелерінің негізінде дәстүрлі өндіру әдістерімен айналысатын тұлғаларға,жерге өтемақы емес, жерді алмастыру нұсқасына басымдылық көрсетіледі. ҚР Жер кодексінде жерді алмастыруға нақты басымыдылық жоқ, жер иеленушілерге жерді, соның ішінде ауыл шаруашылық жерлерін немесе ғимараттарды құнын жоғалтпай алмастыру өтемақы ретінде ұсынылады.

  2. Нарықтық баға және қалпына келтіру құны:Дүниежүзілік банктің саясаты қоныс аударылған тұлғаларға тікелей жобалық қызметпен байланысты мүлікті жоғалту үшін алмастырудың толық құны көлемінде уақтылы өтемақы төленуді талап етеді, оған барлық салықтар мен алымдарды қоса, эквивалент активті сатып алуға немесе салуға шығындар (нарықтық баға бойынша) кіреді. ҚР Жер кодексіне сәйкес өтемақыға жер учаскесінің немесе оған және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасы, сондай-ақ жер иеленушінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесін жоғалтуға байланысты ұшыраған барлық шығындары кіреді; бірақ шығын қалай есептеленетіні – нарықтың бағамамен бе, қалпына келтіру құнымен бе – нақты айтылмайды. Егер тұрғын үйлер қозғалса, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы қолданылады, ол бойынша меншік иелері жаңа үй немесе тұрғын үйдің нарықтық бағасы бойынша өтемақы алады.

Суармалы жерлерді жоғалту ұқсас ауыл шаруашылық жерлермен, яғни жер қабатының ұқсас құнарлық және өнімділік деңгейіндегі жерлермен орны толтырылады.Өтемақы меншік иелеріне бұрынғы өмір деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік беру дегенді білдіреді. Бул процедуралар ҚР заңдарына жане дүниежүзілік банктің процедураларына сайкес.

ҚР заңнамасына сәйкес өтемақы ауылшаруашылық жерлерге немесе мүлікке келтірілген залал үшін төленеді. Мүлік залалының бағасы нарықтық баға бойынша есептеледі, оған тасымалдау шығындары, тіркеу алымдары және салықтар кіреді. Заңнамаға сәйкес амортизациялық шығындар мүлік залалын бағалауға кірмейді.

Дүниежүзілік банктің операциялық саясатына сәйкес те амортизациялық қорлар есепте қолданылмайды.

Ауыл шаруашылық қызметті жүргізуге жаңа ауыл шаруашылық жерлер жер иеленушімен ұзақ мерзімді жалға беруге арналған барлық ауыл шаруашылық жерлермен бірдей бөлінуі мүмкін.



  1. Кеңес беру және халықтың қатысуын қамтамасыз ету: ҚР заңнамасына сәйкес зардап шеккен тұлғалар мен жалпы қоғамға ұсынылатын өтемақы соамсына қатысты кеңес беруден басқа (төменде қараңыз), жерлерді алу немесе активтерді таратуға қатысты кеңес беру қажет етілмейді. Бұл Дүниежүзілік банктің саясатынан ерекшеленеді, оған сәйкес зардап шеккен тұлғаларға және жалпы қоғамға толық ақпарат беріліп, зардап шегуші тұлғалармен жеке кездесулерді, халықты көпшілік тыңдауларды ұйымдастыру, ақпаратты тарату бойынша кампанияларды өткізу, халыққа мониторингке қатысуға мүмкіндік беру және шағымдарды қанағаттандыру арқылы өтемақыны, сыйақыны таңдау және қоныс аудару мәселелері бойынша кеңес беру көмегі көрсетілу керек. Халық толық ақпараттандырылып, жерді алып қою бойынша рәсімдерді жоспарлауға қатысуы керек. Мүлікке және ауыл шаруашылық өніміне келтірілген залалды бағалауға байланысты барлық рәсімдер белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте өткізілу керкетігі ҚР заңнамасымен белгіленген.

Белгіленген тәртіпке сәйкес барлық зардап шеккен тұлғаларға ұшыраған шығындар туралы толық ақпарат беру керек, ал жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері халыққа ұшыраған шығындар үшін өтемақыны бағалау үдерісің нәтижесі, соның ішінде ұсынылатын жерлер туралы ақпарат беру керек. Даулар туындаған жағдайда олар заңнамамен белгіленген тәртіпте, жергілікті әкімдіктердің делдалдығымен шешіледі. Мемлекеттік органдар зардап шеккен тұлғаларға өтемақы мәселелері бойынша кеңес беруге міндетті.

  1. Басқа көмек: ҚР заңнамасы жерді немесе мүлікті алмастыруға мүмкіндік береді. Бірақ Дүниежүзілік банктің саясатында клиенттерден осындай әрекеттермен шектелмеу талап етіледі, өмір деңгейін қалпына келтіру мақсатында зардап шеккен тұрғындардың және қоныс аударған отбасылардың осал буындарына қосымша көмек көрсету.

Ұлттық заңнамада зардап шеккен тұрғындардың осал бөлігіне көмек көрсету көзделген. Бұл топқа көп балалы отбасылар; асырушысы жоқ отбасылар, соның ішінде әйелдермен баяқарылатын шаруашылықтар, қарт адамдар және кәмелетке толмаған балалар кіреді.

  1. Жерді алып қоюды өткізу мерзімі: Дүниежүзілік банктің саясаты тұрғындарды жобаны іске асыруға дейін алдын ала кезеңде көшіруді көздейді, яғни жерлерді алу және жобалық қызметтен зардап шеккен тұлғалардың көшуі бойынша барлық мәселелер алынатын аумақта жобаны іске асыруға дейін шешілуі тиіс.

ҚР заңнамасы залалды бағалау, зардап шеккен тұрғындардың осал буындарын көшіру тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ сәйкес материалдар және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоба басталғанға дейін қабылдануын көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет