Сырдария өзенін реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы, екінші кезең (СӨратс-) Жерді алып қою жөніндегі шекті құжат


Жерді алып қоюдың болжалды ауқымы



бет3/7
Дата03.07.2017
өлшемі0.49 Mb.
#22055
1   2   3   4   5   6   7

2.2Жерді алып қоюдың болжалды ауқымы


Құрылыс жұмыстарын жоспарлайтын аумақтар тұрғын үйлердің немесе басқа да маңызды жеке мүліктің болуын болғызбайтын өзен алқабында орналасады. Қала және елді мекендер шегінен тысқары жерлер негізінде мемлекеттің меншігінде болып, аудандық әкімшілікпен реттеледі. Ауыл шаруашылығына немесе мал шаруашылығына жарамды жер ынсапты жалгерлік ақыға мерзімі 49 жылға жер пайдаланушыларға тапсырылады. Бейресми жер пайдалануға тыйым салынады. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге болжамдалатын кейбір аумақтар қазіргі уақытта жеке пайдаланушыларға негізінде шөп дайындау үшін немесе мал жайылымы ретінде жалға берілді.Жалға алынған жер шамамен 100 га болады. Мемлекеттік жерді заңсыз пайдалануға тыйым салынуына қарамастан, мұндай жерді заңсыз пайдаланудың кейбір жағдайлары шөп дайындау немесе жайылым үшін әбден ықтимал. Бақытына, аумақ өзен арнасында баламалы аумақтары қаралатын кең ашық жер болып табылады. Аудандық әкімшілік қызметкерлерімен кездесу кезінде жалға берілген жердің ағымдағы көлемін немесе тұтастығын қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары үшін бөлінген жерлерді тікелей жақындықтағы басқа да жерлерге ауыстыру мүмкін екені ескертілді. Адамдар баска жерге кошірилмейди.

3.Жерді алып қою және халықтың қоныс аударуының қағидалары мен нормативтік-құықтық базасы

3.1Қазақстан Республикасында жерді алып қою қағидалары мен заңдары


Жер мемлекет меншігінде болады. Оны жеке тұлғаларға немесе өнеркәсіптік кәсіпорындарға табыстауға, сатуға немесе жалға беруге болады. Әдетте жер жалға 49 жылға беріледі. Жерді жеке тұлғаларға беру кезінде мемлекет жерді белгілі мақсаттарда ғана және меншік иесіне өтемақы төлегеннен кейін ғана қайтаруды талап ете алады. Қазақстан Республикасының Жер және жер меншігі туралы Заңдары мен қаулылары жер (жер беті және жер қойнауы) негізінде мемлекеттік меншікте, сондай-ақ жеке меншікте бола алады депбекітілген Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді (6.3-бап). 26.3-баптасоттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайтыны бекітіледі. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүлікті еріксіз иеліктен шығару оны тең бағалы төлеген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі (22 маусым 2003 жыл № 442) «жер учаскесі меншік иесінің немесе жерді пайдаланушының келісімімен тең бағалы жер учаскесін сатып алу немесе ұсыну жолымен мемлекеттік қажеттілік үшін алынуы мүмкін» деп айта отырып мемлекет мұқтажы үшін жерлерді алу мәселелерін қамтиды (84.1-бап). Уақытша жерді пайдалану үшін жер учаскесін берген жағдайда жерді пайдаланушыларға залалдар толық көлемде өтеледі, сондай-ақ басқа жер учаскесі ұсынылуы мүмкін (84.4-бап). Дегенмен ауыстыру үшін қолайлы жер учаскелеріне қол жетімділігі әр түрлі аумақтарда түрлендіріледі. Жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы учаскені алдағысатып алуға дейін бір жылдан кешіктірмей егер бұрынырақ жерлерді алуға меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісімі алынбаса, сатып алу туралы шешімге қатысқан орган ол туралы жазбаша хабардар етілуге тиіс (85.2-бап). Егер жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесінің бір бөлігін алғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады (86-бап, 2)абзац). 
Мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынатын жер учаскесінің бағасы меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісімімен анықталады (87.1-бап).  Сатып алынатын жер учаскесі үшін бағаны белгілеу кезінде оған жер учаскесінің нарықтық құны немесе оған және ондағы жылжымалы мүлікке құқықтары, сондай-ақ үшінші тарап алдында міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты алып жүрген залалдарды қоса алғанда жер учаскесін жоғалтуға байланысты меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген барлық залалдар енгізіледі (87.2-бап).Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісімі бойынша оған мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынатын жер учаскесінің орнына басқа жер учаскесі ақшалай өтемақысының орнына ұсынылуы мүмкін (87.3-бап).Егер меншік иесі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шешіммен келіспесе не жер учаскесінің құны немесе басқа шарттар туралы онымен келісімге қол жеткізілмесе, сатып алу туралы шешімі қабылдаған атқарушы орган (88-бап, 1) абзац) учаскенің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға хабарлама жіберген сәттен бастап бір жыл өткенде жер учаскесін сатып алу туралы туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге алады (88-бап, 2) абзац). Келіспеушілік болған жағдайда жер өтемақы мен ысыраптың нақты деңгейлері белгіленетін сот шешімін қабылдағанға дейін алынуы мүмкін емес (166.7-бап). Өтемақы жерлерді алу ҚР Ұлттық экономикасы министрлігі Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитетінің аудандық кеңсесімен жүзеге асырылғанға дейін меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға төленіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркелу керек, содан соң жерде жұмыстар басталуы мүмкін.
Иеліктегі үй қозғалатын болса, онда «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы қоладнылады. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығаруға байланысты тұрғын үйді құлатқан кезде меншік иесіне таңдауы бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтың құны мөлшерінде өтемақы төленеді. Жаңа тұрғын үйді таңдаған меншіктенуші қолайлы тұрғын үй тізбесінен тұрғын үй таңдай алады. Егер таңдаған тұрғын үйінің нарықтық құны құлатылатын ғимараттан жоғары болатын болса, онда ауыстыру жүргізіледі, ал егер таңдаған үйдің құны құлатылатын ғимараттың нарықтық құнынан төмен болатын болса, онда меншік иесіне олардың құнындағы айырмашылықты төлейді.
Жерді бағалауға қатысты келіспеушілік сот тәртібінде шешіледі. Жерді алып қою және меншік иелері өтемінің айқын нормативтік-құқықтық базасына қарамастаноларды жүзеге асыру рәмідерді толық анықталған жоқ. Бұрын осы үдеріс «Мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскелерiн алып қою және сатып алу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы, 8 сәуір 1996 жыл)» ҚР Үкіметінің №403 қаулысымен реттелді. Қаулы 2005 жылғы ақпан айында әрекет етуін тоқтатты, бірақ ауыстырылған жоқ. Атап айтқанда, «нарық құнын» анықтаудың стандартталған рәсімдері жоқ болмағандықтан әртүрлі түсіндіріледі және мемлекеттік қызметшілер шын нарық құнынан төмен құнын белгілейді. Соңғы нұсқасының әзірлеушілер тобы жерді алып қою бойынша бағалаудың дайындауын жие кәсіби бағалаушыларға тапсырады, бірақ сонымен қатар олардың бағалауындағы жергілікті шарттардың есепке алу дәрежесіне қатысты сұрақ туындайды. Демек, анда-санда қиындықтар пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет