Сырдария өзенін реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы, екінші кезең (СӨратс-) Жерді алып қою жөніндегі шекті құжат



бет2/7
Дата03.07.2017
өлшемі0.49 Mb.
#22055
1   2   3   4   5   6   7

2.САРАТС-2 жобасының сипаттамасы


САРАТС-2 жобасыСырдарияның сағасы бойындағы аумақтың экологиялық және экономикалық жағдайларын одан әрі жасқарту мақсатында әзірленді. Жоба САРАТС-2 жобасының нәтижелерінде негізделіп, Сырдария өзенінің сағасы бойындағы жоба аумағына акваөсіруді әзірлеу мақсатында су тасқынын реттеуге, гравитациялық судың жиналуын сақтау мен сумен қамту көлемін жақсартуға бағытталды. САРАТС-2 жобасының нәтижелері салааралық болып табылып:

• гравитациялық судың ысырабын азайтып, суармалы аумақ алқабын шамамен 62 000 га дейін арттыратын қысқы мезгілде 500 м3/сек бастап 700 м3/сек дейін Сырдарияның орташа ағысының өткізу мүмкіндігін арттыруға;

• 30 000 адамды тасқыннан қорғауға және азаматтық инфрақұрылымды су басу мен оның зақымдалуына жол бермеуге;

• саға көлдерінің суларын бұрып жіберу мүмкіндігін жақсартуға (балық өндірісі мен қамыс дайындауды жасқарту үшін);

өзен қоймасын басқаруда, атап айтқанда, оны үлгілеуде Үкімет әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жоба үш компонентті қамтып, Қазақстандағы Сырдария өз. сағаларында іске асырылады:

1-компонент: Су беруді жақсарту және Сырдария өз. сағаларындағы су тасқынынан қорғау (43 млн. АҚШ долл.).

Аталған компонент тасқын судың ысырабын азайту мақсатында (саға көлдері мен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сумен жабдықтауды қоса алғанда су беруді жақсарту мақсатында) Сырдария өз. қысқы мезгілде су берудің орташа қуаттылығын 500-ден шамамен 700 м3/сек дейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ елді мекендерде, егіс жерлерінде, көлік жолдарында, темір жолдарда тасқынға қарсы қорғаныш қарастырылады. Компонент келесі 3 шағын компонентті қамтиды:

A. Қорғаншы және Тұрымбет бөлімшелерінің ауданындағы өзен арнасын түзету - 4,0 км: өзеннің өткізу қабілеттілігін арттыру,қысқы тасқынды ұстау және оларды су сақтауға арналған Көксарай су қоймасында қамдану мақсатында.


Бұл өзеннің өткізу қабілеттілігін арттыратын өзеннің бағытын асыра отырып Жалағаш ауданындағы Сырдария өзенінің бойындағы екі бөлімшенің ауданындағы екі иреңнің түзетуін қамтиды.

B. Қармақшы және Қазалы аудандарындағы жалпы ұзындығы 50 км қорғаныш бөгеттерін қалпына келтіру және жақсарту;

C. Қызылорда бөгетінің сол жақ жағалаудағы суды реттеуші тетікті қалпына келтіру: суару арнасының құрылысы өңделіп, жоғары су тасқынына қарсы бекітілуі керек; 60 000 га суармалы жердің су басуы мен азаматтық инфрақұрылымның зиянын болдырмау үшін;

D.Қазалы ауданының Бірлік елді мекенінің жанындағы көлік жолы көпірінің құрылысы: аталған ішкі жоба автокөлікте жүкті тиеу-түсіру жұмыстары кезінде тасымалдау байланысын жетілдіретін Қазалы ауданындағы бірінші автомагистраль болады. Төмен өткізу қабілеттілігі екі қалқымалы көпір замануи көпірмен ауыстырылады, сөйтіп, қыста мұз кептелудің пайда болу тәуекелін азайтады, сондай-ақ су беру деңгейін арттырады (200 м дейін өзен арнасының кеңеюі).

2-компонент: Сырдария өзенінің көл жүйелерінен су бердуді жақсарту (78 млн. АҚШ долл.):

Аталған компонент Арал теңізінің солтүстік бөлігіне іргелес аумағында іске асырылатын екі ішкі жобаны қамтып, 1-компонент бойынша су ресурстарын реттеу бойынша жұмыс нәтижелерін пайдаланады:

A. Қызылорда облысының Арал ауднындағы көл жүйелерін (Қамыстыбас және Ақшатау көлдері) қалпына келтіру: Бұл ішкі компонент майдагерлік су бөгеттері мен уақытша арналардың көп санын алмастыратын тиісті гидротехникалық құрылыстар мен тасымалдау жүйелерін қамтамасыз ету жолымен көлге су беруді жақсартуды қамтиды. Аманөткел бөгетінің және басқа да реттеуші құрылымдардың жақсы жұмыс істеуімен бірге көлдерді тұрақты сумен жабдықтау есебінен саға өзендері жандандырылады, сонымен бірге Сырдария сағасының биологиялық әртүрлілігі артып, азық және құрылыс өндірісі үшін балық өндірісі мен қамыс дайындау жақсарады.

B. Қамыстыбас балық тәлімбағының Тастақ учаскесіндегі балық өсіретін тоғанды қайта құру және кеңейту (Қызылорда облысының Арал ауданы): бұл балық шаруашылығына байланысты жұмыспен қамтылуды арттыра отырып, балық тәлімбағында өсіру үшін құнды балық түрлерімен жасанды балық жіберу арқылы балық өндірісінде саға көлдері мен Сырдарияның Арал теңізінің солтүстік бөлігінің әлеуетін пайдалануға жәрдемдеседі.

3-компонент: Өзен қоймасын басқаруды,САРАТС-2 жобасының екінші кезеңін жақсарту және жобаны үйлестіру (5 млн. АҚШ долл.). Аталған компонент үш ішкі компонентті қамтиды:


  1. Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру мен Қызылорда қ. Су ресурстарды басқару орталығын дамытуды қоса алғанда САРАТС-3 жобасы бойынша ТЭН және жұмыс құжаттамасын дайындау.

B. Құрал-саймандардың үлгілеуін әзірлеу мен өзен қоймасының мониторингін қоса алғанда Шекті өзен қоймасын басқаруда Үкіметтің әлеуетін нығайту (түпкілікті қамту жобаны бағалау сәтінде анықталады). Бұл жаңа гидроорындарды орнату мен гидрометрия станцияларын қайта жабдықтауды қамтиды; елде бар Mike 11 өзен қоймасының үлгісін әзірлеуді(САРАТС-2 жобасын дайындау кезінде пайдаланылды); және/немесе ашық рұқсат көздері сияқты қазіргі заман тәсілдемесін пайдалана отырып, шешім қабылдауды қолдау жүйесін (ШҚҚЖ) әзірлеуді (САРАТС-2 қаражаты есебінен, сондай-ақ Энергетикалық және су ресурстарының Орталық-Азиялық ағымдағы даму бағдарламалары шеңберінде қосымша қаражаттар есебінен, CAEWDP). САРАТС-2 жобасын іске асыру барысында бұл құрал-саймандар Арал теңізінің солтүстік бөлігін ТЭН қалпына келтіруді қолдау үшін қажет дәрежеде әзірленеді (САРАТС-3 жобасын дайындау үшін жеткілікті), САРАТС-3 жобасын іске асыру кезінде бұл құрал-саймандар САРАТС-3 жобасы шеңберінде құрылған Қызылорда қ. Су ресурстарды басқару орталығын дамытудың бір бөлігі ретінде операциялық шешімдерді қолдау үшін әзірленеді.

C. Жобаны басқару, мониторинг және бағалау (МжәнеБ), аудит және оқыту.


2.1Жерді алып қоюға байланысты мәселелер


Шамамен 230 000 км2 бағаланатын жобалау аумағы Қызылорда бөгетінен бастап Арал теңізінің солтүстік бөлігін қоса алғанда Сырдария өзенінің қоймасын қамтиды. Әкімшілік қатынаста жоба Сырдария өзенінің су жинайтын қоймасы шегінде Қызылорда бөлігінің бір бөлігін қамтиды. Сырдария өзені Ферғана алқабындағы Нарын және Қарадария өзендерінің ағып құйылып қосылысуы кезінде пайда болады. Бөгеттердің құрылысы мен өзенді түзету жұмыстарын қоса алғанда құрылыс жұмыстары жерді алып қою немесе жерге шекті қолжеткізуді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет