Сыр өңіріндегі XVIII-XIX ғасырлардағы бекіністер



Pdf көрінісі
Дата22.02.2019
өлшемі0.58 Mb.

Сыр өңіріндегі XVIII-XIX ғасырлардағы бекіністер 

 

XVIII  ғасырда  Орта  Азия  территориясының  картасында  жаңадан 

хандықтар пайда бола бастады. Олар Бұқар, Хиуа, Қоқан хандықтары еді. Бұл 

хандықтардың алдағы мақсаттары өз жерлерін кеңейту болды. Осы мақсатта 

жаңадан  құрылған  Орта  Азия  хандықтары  казақ  жеріне  шабуыл  жасап, 

көптеген әскери жорықтар ұйымдастыру арқылы басып алған жерлерін өзіне 

қосып  отырды.  Соның  ішінде  Сырдарияның  төменгі  ағысы  XVIII  ғасырда 

Хиуа  хандығының  ықпалында  қалып,  осы  жерлерде  тұратын  қазақтардан 

алым  салық  алынды.  1808  жылы  Ташкент  өз  тәуелсіздігінен  айырылып, 

қоқандықтар  саяси  аренаға  шыға  бастады.  1814  жылы  Түркістанды  Қоқан 

әскерлері  басып  алғаннан  кейін,  бұл  жерлерде  Қоқан  хандығының  билігі 

күшейе бастады(1, 155-б.). 

Қоқан  хандығы  Сырдария  бойының  орта  ағысындағы    жерлерге  өз 

билігін  жүргізді.  Олар  Ташкент,  Ходжент,  Қаратегін,  Дарбаза,  өзіне 

бағындырды.  Енді  бұл  өңірлерде  кіші  жүз  хандарның  қол  астында  болған, 

қарақалпақтар  мекендеді  (2,  86-б).  XVIII  ғасырдың  ортасында  кіші  жүз 

Ресейдің қол астына кіргеннен кейін бұл өңірлерде Патша үкіметінің арнайы 

әскери  экспедициялары  құрылып  подполковник  Щульц  басқарған  130 

казакпен  Арал  маңын  топографиялық  картаға  түсіру  жұмыстары  жүргізілді.  

Сырдың  төменгі  ағысын  картаға  түсіру  ісі  1852  жылы  басталды.  Осы  екі 

ортада  қалған  қазақтар  кейбіреулері  қоқандықтарға,  ал  кейбіреулері 

хиуалықтарға  өтіп  кетті.  Хиуа  хандығы  1820  жылы  Жаңадария,  Қуаңдария, 

Қызылқұмнан  өтіп,  Қосқорғаннан  (казіргі  Жосалы)  Арал  теңізіне  дейінгі 

аралықтағы  Сыр  бойын  мекендеген  кішкене  –  Шектілердің,  Жиеней, 

Жолшара,  Асан,  Үсен,  Құрманай,  Құттық  руларына  және  Төртқара, 

Қарасақал,  Жаңқабыл,  Керейт,  Жанқылыш,  Шөмекей  руларына  дүркін-

дүркін шабуыл жасап барымталап, әйелдерін, бала-шағаларын тұтқынға алып 

кетіп  отырды.  Сыр  бойы  қазақтары  қоқандарға,  хиуалықтарға  бірнеше  рет 

көтерілістер  жасады.  Олардың  ішінде  Жанқожа  Нұрмахамедұлы,  Арынғазы 

Әбілғазиев батырлар бастаған көтерілістер еді (3, 385-б ).  

XVIII-XIX 

ғасырларда 

феодалдық 

соғыстар, 

жоңғарлар 

шапқыншылығы  тағы  да  өлке  экономикасын  төмендетіп  жіберді.  Суармалы 

егіншілік жүйесі бұзылып егіс көлемі азайды, көптеген мекендер бос қалды. 

Сырдария  бойында  Қоқан,  Хиуа  феодалдарының  үздіксіз  жасаған 

шабуылына  қарамастан  бұл  өңірде  егін  шаруашылығы  кең  өріс  алды. 

Сырдың  төменгі  ағысы  егіншілер  үшін  өте  маңызды  болды  (1,  49-б.).  XIX 

ғасырдың  ортасында  Сырдарияда  егіншілік  кәсібі  кедей  шаруалар  үшін  кең 

түрде  жайыла  бастады.  Қоқандықтар  бұл  өңірлерге  келгенде  бөгеттер 

тұрғызды.  Осы  өңірлердің  қоқан  бекіністерін  алған  Иван  Бларамберг 

күнделігінде  Шымқорған  бекінісін  алып  жатқанда  бекіністің  маңынан 

көптеген бау-бақша бар екенін сипаттайды. «Части своих людей я разрешил 

переправиться Жанадарью, чтобы разорить бахчи кокандцев. Мне принесли 

много огромных дынь, весом 30 фунтов, очень приятных на вкус и сладких. 


Все мо люди подкрепились этими замечательными плодами, которых здесь 

было  в  изобилии»,  яғни  қоқандықтардың  бұл  өңірлерінде  егін  

шаруашылығының дамығанын  көрсетеді. 

Хорезм археологиялық, этнографиялықэкспедициясы ХХ ғасырдың 60 

жылдары  (С.П.  Толстов)  бұл  өңірлерге  зерттеу  жүргізіп  бекіністерден 

плотина  ізін  анықтаған.  Бұл  жерде  арна  ені  200  м,  Б.В.  Андриянов 

пікірінше,бұл  плотина  ортағасырларда  бекініспен  бірге  салынып,  ХIХ 

ғасырларға дейін пайдаланылған (4, 21-22-бб.). Осы өңірдің мал өсірушілері 

ірі  қараның  тұқымдарын  асылдандыруға  көп  көңіл  бөлді.  Сонымен  қатар 

қойдыңда  құйрықты    түрлері,  малдың  қазақы  тұқымдары  кең  тарады. 

Шаруашылықтың  тағы  бір  түрі  балық  шаруашылығы  да  жақсы  дамыды. 

Сырдың  төменгі  жағалауы  мен  Арал  маңындағы  қазақтардың  кеңбайтақ 

даласы тек Хиуа, Қоқан хандықтарын ғана қызықтырып қоймады. Бұл өңірге 

Патшалы Ресейде қызықты. Орта Азия хандықтарын бағындырғаннан кейін, 

осы  жерлерде  форттар  мен  Арал  флотиласының  құрылуына  әкелді.  Арал 

өңірін  зерттеу  жұмыстары  1847  жылы  Райым  бекінісін  салудан  басталды 

Балық кәсіпшілігінің дамуы Сырдария бойындағы халықтың өсуіне себепкер 

болып,  Аманөткелде,  Қармақшыда,  Қамыстыбас  жерлерде    қоныстар  пайда 

болды.  Сыр  өңірін  археологиялық-топографиялық  зерттеу  барысында  бау-

бақша,  егін  плантациялары,  қолдан  қазылған  каналдар  ортағасырға 

жатқызуға болады. 

 

1-сурет. Райым бекінісінің ғарыштан түсірілген суреті 

 

Жонғар  шапқыншылығы  1723-1724  жылдары  Сырдария  төменгі 

ағысындағы халықтардың қалашықтары мен елді-мекендерін басып қиратты. 

Орта ғасырларда Жаңадария арнасында су тартылып мұндағы көптеген елді-

мекендер, қалашықтар  XVIIIғасырдың II жартысында Жаңадария арнасында 


су қайтадан толып мұнда тіршілік қайта жанданды.Бұл жерлерге қарақалпақ 

тарығысып,  ортағасырларда  пайдаланылған  каналдар  жүйесін,  қалашықтар       

ды  қайтадан  қалпына      келтірді.  1956  жылы  Хорезм  археологиялық, 

этнографиялық экспедициясы өз жұмысын Жаңадария арнасында орналасқан 

ортағасырлық  Барақтам  қалашығы,  Аралбай  қалашығы,  Сырлытам  маңы, 

Шірік-Рабат  қалашықтары  маңайынан  қарақалпақтардың  қоныстары 

ашылды.  Бәбіш  мола  маңайымен  Қуаңдария  арнасының  орта  жағында, 

Майлыөзек 

арнасының 

жағалауларында 

экспедиция 

қарақалпақтар 

мекенеткен бекіністерді түгелдей қамтып шықты (4, 21-22-бб.). 

Майлыөзек  арнасының  жағасында  жартылай  көшпелі  халық  мекен 

еткен  және  қорғандары  бар  кең  көлемді  кешен  орналасқан.  Бұл  шатқалдың 

атауы  –  Хатынқала.  Бұл  кешен  1960-1961  жылдары    әуеден  барлау  кезінде 

мәлім болып, зерттелген. Бұл кешенде үш бекініс орналасқан. Олар: ең ірісі 

Хатынқала  I,  Хатынқала  II,  Хатынқала  III.  С.П.  Толстовтың пікірі бойынша 

бұл бекіністер ертеортағасырлық бекініске жатады. 

Осы  аймақтарды  қай  зерттеу  мақсатында  2013  жылы  Шірік-Рабат 

археологиялық  экспедициясының  (Ж.  Құрманқұлов)  барлау  отряды  (Ә.Ә. 

Тәжекеев)  жұмыстарын  жүргізді.  Зерттеу  барысында  бекіністердің 

географиялық 

кординаталары 

алынып, 

фото-фиксация 

жұмыстары 

жасалынды.  Жергілікті  халықтың  айтуы  бойынша  осы  бекіністердің  атауы 

Қожанияз  қала  (Хатынқала  І),  Қатын  қала  (Хатын  қала  ІІ),  Бұзықтам 

(Хатынқала ІІІ) екені анықталды. 

 Бұл  елді  мекенде  судың  тартылып,  қайта  толуына  байланысты  халық 

келіп-кетіп  отырған.  ХVIII  ғасырда  бұл  елді-мекенді  қарақалпақтар 

қоныстанған.  Ал  ХIХ  ғасырдың  30  жылдарында  Сырдарияның  төменгі 

ағысында келген хиуалықтар барымталап алған. Осы елдімекен сол уақытта 

тарихи  және  топографиялық  мәліметтерге  байланысты  Қожанияз  қала  деп 

аталған.  ХIX  ғасырдың  I  жартысында  Сырдария  өңірін  Патша  үкіметі 

экспедициялар  жіберіп,  өңір  зерттеліп,  топографиялық  картаға  түсіріле 

бастады.  Солардың  бірі  географ,  әскери  топографшы,  саяхатшы  –  Иван 

Бларамберг. Ол өзінің «Освоение Северного и Восточного Приаралья в XIX 

веке»  атты  еңбегінде  Сырдария  бойындағы  қоқан  бекіністерін  жаулап 

алғанын  баяндайды.  Ол  еңбекте  бекініс  аттары  Шымқорған,  Қышқорған, 

Қамысқорғанды басып алып қоқандықтардан босатқаны айтылады. Ақмешіт 

бекінісіне  (қазіргі  Қызылорда)  шабуыл  жасап  ала  алмай  кеткені  жайлы 

жазылады. Осы бекіністерге тоқталып өтсек: 



Ақмешіт бекінісі. 1852 жылы мамыр айларында Бларамбергтің естелігі 

бойынша    Сырдария  өзенінің  оң  жағалауында  орналасқан  –  Ақмешіт  үлкен 

форт  ретінде  болып  келген.  Бұл  бекініс  үлкен  қамалдары  бар,  жан-жағы 

орлармен  қазылып  суға  толтырылған.  Алыстан  барлап  қарағанда  ішінде 

көптеген  үйлер,  сауда  жасайтын  орындар,  жылқы  ұстайтын  қора,  бекініс 

басшысының  отыратын  сарайы,  әскерилер  тұратын  үйлер  орын  тепкен. 

Қамалдың төрт мұнарасы бар екендігі, оның мұнараларында  атылатын ауыр 

артерелерия  орналасқандығы  және  ішкі  жағында  цитадель  бар  екені 



айтылады.  Ақмешіт  бекінісін  1853  жылдың  көктем  айында  генерал 

Перовский  3  мың  адамдық  әскермен  шабуыл  жасап  алады.  Кейін  бұл 

қалашық Перовск аттанады. 

 

 



2-сурет. Орыс әскерлері Ақмешіт бекінісін алу барысында 

 

Бларамберг  күнделігінде  Ақмешіті  берілмегеннен  кейін,  Райым 



бекінісіне қайтар жолда Шымқорған, Қышқорған, Қамысқорған бекіністерін 

қоқандықтардан  босатқаны  жазылады.  Шымқорған  бекінісіне  былай  деп 

сипаттама  береді:  «Длина  каждой  из  ее  сторон  составляла  27  саженей,  на 

всех ее четырех углах возвышались башни; кроме того, она была окружена 

двойным  рвом.  Ворота  были  заперты,  и  гарнизон  находился  сначала  на 

крепостных  стенах  высотой  24  фута».  Басқа  да  екі  бекіністің  ұқсастығы 

айтылады,  қазіргі  уақытта  бұл  бекіністердің    орналсқан  жері  белгісіз.  2013 

жылы археолгиялық барлау жүргізілген қалашықтар: 

Бұзық  қала  –  Аққыр  ауылнан    шығысқа  қарай  12  шақырым  жерде 

орналасқан.  Қуаңдария  мен  Жаңадария  арнасның  қосылатын  иініде 

орналасқан.  Қалашық  алғаш  60  жылдары    ХАЭЭ-сы  (С.П.  Толстов)  ашып 

зертеген.  Төрт  бұрышты  болып  келген,  төрт  бұрышында  мұнаралар 

орналасқан, ішінде құрылыс іздері бар. Бекіністің сыртында қолдан қазылған 

орлардың  іздері  бар,  қақпасы  оңтүстік  шығысқа  қараған.  ХАЭЭ-сы  бұл 

жерлерге  келгенде,  қалашықтардың  маңайларынан  көптеген  арықтар, 

арналар  ауыл  орындарын  және  егіс  алқаптарның  орыны  бар  екендігі 

айтылады (5, 89-90-бб.) 

 


 

3-сурет. Бұзық қала бекінісі (сыртқы көрінісі) 

 

Қожанияз  қала  –  Аққыр  ауылынан  батысқа  қарай  5  шақырым  жерде 

орналасқан. Ескі арнаның  оң жақ жағалауында орын тепкен. Бекіністі алғаш 

60  жылдары  ХАЭЭ-сы  ХАЭЭ-сы  (С.П.  Толстов)  ашып  зерттеген.  Қалашық 

төрт бұрышты болып келген, ішінде цитадель ізі бар, қолдан қазылған орлар 

бекіністі айнала орналасқан.  

Қатын қала – Аққыр ауылынан солтүстікке қарай, 8 шақырым жерде, 

Жаңадария  арнасының  оң  жағында  орналасқан.  Географиялық  қор  бекіністі 

сипаттап жазуға келмейді, орны үлкен ор сияқты болып келген. С.П. Толстов 

алғаш  бұл  бекіністерге  сипаттама  бергенде,  бұл  қалашықтардың  ерте  орта 

ғасырларда  жергілікті  тайпалармен  тұрғызылған  деп  жазады.  XVIII 

ғасырларда қоныстанған халықтар ескі бекіністерді пайдаланған. 

XVIII-XIX ғасырларда бұл өңірлерге Орта Азия хандықтарының соғыс 

экспанцияларның, бекіністер салу, халықтан салық жинау арқылы, Орта Азия 

территориясынан біржола бекінгісі келді. Сырдария сағасына Ресей әскерлері  

келгенге дейін жергілікті қазақ халқы Хиуа және Қоқан әскерлерінің тұрақты 

шапқыншылықтарынан  зардап  шегіп  отқан.  Оған  дәлел  орыс  саяхатшысы 

генерал Иван Бларамбергтің күнделіген байқауға болады, қазақтардан алым-

салық  алып  отыру  арқылы  өз  билігін  жүргізген.  Осы  өңірдің 

шаруашылығына 

тоқтала 

кетсек, 


жоғарыда 

айтып 


өткендей 

шапқыншылықтың салдарынан сыр бойында егіншілік жерлер тарылып, мал 

шаруашылығы құлдырағанын көрсетеді. Бұл өңірлерде балық шаруашылығы 

орыстар  келгеннен  кейін  ғана,  Райым  бекінісінің  салынуы,  тағы  да  басқа 

флоттардың  құрылуы  балық  шаруашылығна  үлкен  жол  ашты.  Қоқандар 

тұсындағы  бекіністер  Ресей  империясы  жорықтар  ұйымдастырып 

бекіністерді  қиратты.  Сөйтіп  саяси  аренадан  Орта  Азия  хандықтары  Ресей 

империясының  қол  астына  қарады.  Қазіргі  уақытта  жоғарыда  аталып  өткен 



Ақмешіт  бекінісінің  орны  сақталмаған,  бұл  бекініс  жайлы  тек  жазба 

деректерден ғана білумізге болады. 

 

Өтеубай Қожақұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор 

 

 



 

Пайдаланған әдебиеттер 

 

1. Қожақұлы Ө. Қазақ-қоқан қатынастары XVIII-XIX ғғ. – Қызылорда, 2006. – 



320 б. 

2.  Сыр өңірі тарихы. – Алматы, 1998. 

3. Арғынбаев Х.А. // Қазақстан тарихы III том. – Алматы, 2002. 

4. Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья. М.,1969 

5. Толстов С.П. Жданко Т. А. Итина М.А. Полевые исследования Хорезмской 

экспедиции в 1958-1961 гг. – М., 1961. 

6.  Бларамберг И. Ф. Воспоминания. – М.: Наука, 1978. 

7. Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. – М., 1962. 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет