Сынып сағаты: «31 Мамыр – Саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күні»



Дата21.12.2017
өлшемі122.67 Kb.
#49615
«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК

Сынып сағаты:



«31 Мамыр – Саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күні»

http://old.abai.kz/sites/default/files/123_39.jpg

Дайындаған:

Сынып жетекшісі: Тайшикова Б.Б.

Ө/о шебері: Исина А.Ж.

Екібастұз қаласы

2017 жыл
31 Мамыр – Саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күні



31 мамыр күні - республикамызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтіледі. Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  1997 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр.

Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.

«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.

Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі – 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.

31 Мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Мақсаты: 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін білу. Оқушыларға халықының өткенін ұмытпауға, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету.

Көрнекілігі: «Қайғылы кезең еді» атты кітап көрмесі бойынша әдеби шолу, суреттер.
І. Кіріспе сөз.

ІІ. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне жалпы мәлімет.

Қарлаг. «АЛЖИР» лагері мен тұтқындарының тарихы

ІІІ. «Білсін мұны ұрпақтар»  фактілерден үзінді.

ІV. «Сорлы қазақ» , «Зар заман», «Елім-ай» өлеңдерінен үзінді оқу.
Қазақстан тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ тағдырдың  талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтарды бастан өткергенің көреміз. Әйтсе де ел басына түскен небір зұлматтардың ішінде орны толмас өкініш, азалы да қаралы кезең, қасіретті апат ретінде 1931-1933 жылдардағы ашаршлық нәубеті бәрінен де асып түскені сөзсіз. Бұл жеке адамның немесе отбасының емес, бүкіл халық басына келген апат.

Әрине, ол жылдары  ашаршлық тек бізде ғана болған жоқ. Ол Украинада, Солтүстік Кавказда, Еділ бойының кей жерлерінде халықты қырғынға ұшыратты. Бірақ солардың ішінде аз ғана қазақ халқының жартысына жуығының қырылып қалуы бұл қасіретті көлемі жағынан да, нәубеттен орны толмас зардап шеккен ұлт ретінде де ХХ ғасырдағы әлем тарихынан орын алған осындай апаттардың алдыңғы қатарына шығарады.

1931-1933 жылдардағы аштық туралы тоталитарлық жүйе тұсында шындықты  айтуға тыйым салынды. Бостандық пен теңдікке ұмтылу саналы адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын ерекше орын алып келгені белгілі. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі қарапайым халыққа, әсіресе, езгіге түсіп, отаршылар тепкісінде келген аз ұлттар мен халықтарға өздері ежелден аңсаған бостандық пен тәуелсіздік, әділеттік пен теңдік идеялары тез арада орындалатындай болашақтан көп үміт күттірген еді.

20- жылдары сезімтал қазақ зиялыларын қатты ойландырып, іштей наразылығын тудырған мәселенің  бірі – орталықтың Қазақстанның жергілікті  ерекшеліктерімен және ұлттық мүддесімен көп  жағдайда санаса бермеу саясаты еді. Батылы жетіп, өз қара басының қамын ойламаған Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, сияқты қайраткерлер бұған барынша  қарсы тұруға тырысты. Бірақ, сол үшін кейіннен күйіп кетті.


Жүргізуші:  («Білсін мұны ұрпақтар» Зейтін Ақышевтың әңгімесінен үзінді оқу. «Қызылдар қырғыны», 12 б.)

Фактілерден үзінді

1.      1932 жылы Қазақстан байрығы халқының 64 процентінен айрылған.

2.      Қазақстан халқының саны 1930 жылғы 5,9 миллион адамнан азайды.

3.   Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшырған шаруалар  саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрыңғы Кеңестер Одағының шекарасынан әрі асып, Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға , Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мыңдай.

4.      Қазақстанда 1933 жылы  мал саны 1929 жылғымен салыстырғанда 16 есеге кемі кеткен. Басқаша  айтқанда, қолда бар 39 миллион 294 мың малдан 2 миллион 428 мыңы қалған. Бұл небәрі төрт жылдың ішінде 37 миллион малдың жоқ болғанын көрсетеді.  (жалғасуы 162 бетте)


«Сорлы қазақ»  (М. Мақатаев) (үзінді)

1 оқушы


Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып

Қара күн кеп, тіккен туы жығылып

Алға баспай, барлық ісі кер кетіп

Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп

Оқу білім жақындатпай, жолатпай

Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай

Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр

Қанды жаспен екі көзін шылатпай

Қозғал, қазақ, білім іздер кез келді

Қылыш алып, «надандық» саған кезенді.

Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қу

Ертелі кеш басыңа мініп, езгенді!

Кітап әпер, оқысын, балаң қолына

Малды аяма басқалармен қатар бол,

Қосыл бірдей тобына!
«Зар заман» М. Дулатов (үзінді)

2 оқушы:


Кез болған соң кер заман біздің баққа

Жау жарағые асынып, міндік атқа

Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын

Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа

                             Заман-ай!

Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?

Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?

Тәуекелге бел байлап, басты топты

Тигізбеген жұртқа жау кеселдерін

                             Заман-ай!

Бай, қайдасың, ортаға малынды сал

Азды-көпті аямай барынды сал

Жаны тәтті жақсылар, қайдасындар?

Мұсылманның жолына жанынды сал

                             Заман-ай!
«Елім-ай»М. Дулатов (үзінді)

3 оқушы:


Ем таба алмай дертіне мен ертеден

Сол бір қайғын өзегімді өртеген

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден

Еңсең неге түсті мұнша , елім-ай?

 

Өткен сағым, келер алдың бір мұнар



Қызылшылсың қызарғанға тым құмар

Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар

Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
4 оқушы:

Қандай едің, қара кейін қайырылып

Қандай едің, тұрсың одан айрылып

Мүгедек боп қос қанаттың майрылып

Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!

 

Мұны құр бос өлең десең, өзің біл



Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл

Не болса да көнем десең, өзің біл

Босағада жүрген құлша, елім-ай!
5 оқушы:

Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?

Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалып?

Қайтер едің өткен дәурен оралып

Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай!

 

Сол күнінді көрсем-менің арманым



Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын

Сұм жүрегім селк етпейді жалғанын

Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!
«Қайғылы кезең еді» атты кітап көрмесі бойынша әдеби шолу.

ҚАРЛАГ
Орталық Қазақстанның мәдениеті 30-шы жылдары Гулагтың филиалдары болған: Қарлаг, Степлаг, Песчанлаг, Алжир т.б. кең көлемді концлагерлер зонасында қалыптасқан. Бұл кезең өлкені жедел индустриаландыру кезеңі болатын. Және мұнда мыңдаған жер аударылғандар мен тұтқындардың, бай, кулактардың еңбектері кеңінен пайдаланылды.

бұрынғы қарлагтың басқарма үйi

Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 30-шы жылдары бір жағынан бұрынғы саяси партиялар өкілдері мен бай, кулактардан тұрса, екінші жағынан айыпты деп саналған жұмысшылар мен шаруалардан құрылған.

Гулагтың (лагерлердің мемлекеттік басқармасы) ең ірі филиалы болған Қарлаг Қазақстан аумағындағы кіші мемлекет сияқты, дербес мекеме ретінде қалыптасты. Еңбекпен түзеу лагерінің негізгі мақсат-бағыты, тұтқындағылардың тегін еңбектерін пайдаланып, Сталиннің социализм құрылысы туралы бағдарламасын жүзеге асыру.
Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған, лагердің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шакырым жердегі Долинка селосында орналасқан. «Қарлагқа» 120 000 га – жыртуға, 41 000 га пішендік жер бөлінген. Қарлагтың аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатқан. Бұдан басқа лагер орталығынан 350 шақырым қашықтықтағы Ақмолада және 650 шақырым қашықтықтағы Балқашта Қарлагтың филиалдары болған.

Қарлагты ұйымдастырудағы басты себептердің бірі – Орталық Қазақстанда жедел қарқынмен өсіп келе жатқан көмірлі-металлургиялық өндіріс орындары: Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған және Балқаш мыс балқыту комбинаттары үшін ірі азық-түлік базасын құру болған. Тағы бір жағдай – осы өндіріс орындарын құрып және оны жетілдіру үшін жұмысшы күші де өте қажет еді. 


Қарлаг Орталық Қазақстандағы ең бір бос жатқан далада, бұрын пайдаланылмаған жерге орналастырылды деген ұғым, түсінік дұрыс емес. Лагерге бөлінген үлкен аймақта 80 мың халқы бар 4000 қазақ үйлері болған, және 1200 неміс, орыс, украин отбасылары тұрған. Жергілікті тұрғындарды ықтиярсыз қоныс аударуға мәжбүр еткен соң, бос қалған жерлерді көптеген тұтқындар колоннасы иемденген. Олар лагердің барлық аумағын пайдаланып: теміржол, тұтқындар үшін барақ, мал қораларын, әскерилендірілген күзет үшін казарма және гарнизон бастықтары үшін үйлер салған.

Қарлаг басқармасы тек Москваға - Гулагқа - ОГПУға (НКВД) тікелей бағынған. Республикалық, облыстық партия және кеңес органдарының лагердің жұмысына іс жүзінде ешқандай ықпалы болмаған. Шындығында «Қарлаг» мемлекет ішіндегі Мемлекет болған. Өзінің нақтылы билігі бар, қару-жарағы, көлігі және пошта, телеграф байланыстары болған. 

Қарлагтың құрылымы мөлшерден тыс үлкен және көптеген құрылымдық бөлімдері болған. Арзан жұмыс күші, негізгі қордың арзандығы, амартизациялық шығындардың төмендігі өндірістің пайдалылығын арттырып оның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызды.

Долинканың аймағы жан-жақты темір торлармен қоршалып, оған кіру арнаулы рұқсаттама (пропуск) арқылы жүргізілді. Лагердің іші тағы да екі аймаққа бөлінген және әрбір бұрышқа күзет мұнарасы қойылған. Қамауға алынғандар Қарлагтың барлық жеріне орналастырылған. Қарлаг жұмыс істеген уақытта мұнда 1 миллионнан астам адам тұтқында болған.

Гулаг лагерінің жұмысы ондағы адамдардың жағдайын қалайда қиындатып, моральдық және психологиялық тұрғыдан құртуға негізделген. Казарма басшылары үшін тұтқындар берген баланданы ішіп, ұйықтап, қарсылық білдірмей жұмыс істесе болғаны.

Тұтқында болғандардың адам төзгісіз, қайғылы қиын жағдайлары туралы олардың кейіннен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған естеліктері мен мұрағаттар қорында сақталған құжаттардан айқын көрінеді. Қарлагта тұтқындар өз міндеттерін саналы түрде түсінулері үшін олармен саяси-тәрбие жұмыстары жүргізілді. Тәрбиелік іс-шаралардың жан-жақтылығы сонша, ол: дұрыс тамақтандырудан бастап «әлеуметтік қорғаудың ең жоғарғы шарасы» – атуға дейін қамтыған. Сондай-ақ, социалистік жарыс, әртүрлі үгіт-насихат жұмыстары да қарастырылған.

Қарлагта отырғандар Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Елінің әскери экономикасын дамытуда айтарлықтай үлес қосты. Қарлагта мерзімдерін өтеу үшін өте ірі оқымыстылар отырған. Олар кейіннен Қарағандының мекемелері мен оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізін құрған.
XX ғасырдың ғажап істерінің бірі Қарлагта азап шеккен Кеңес елінің және шет елдер мәдениеті мен ғылымының жүздеген қайраткерлері Қарағандыдағы алғашқы Мәдени ошақтарын ашқандар болды. Олар өмірлерінің ең бір қисылтаяң, қайғылы, ауыр жағдайларына қарамастан арттарында өнердің өте сирек кездесетін бірден-бір туындыларын қалдырды.
50-ші жылдардың басында Қарлагта екі жүзден астам лагер бөлімдері мен нүктелері болған. Олар негізінен ауылшаруашылығымен айналысқан. 
1959 жылы Қарлагты таратқанда онда «саясилардан» ешкім қалмаған.
Қазір «Қарлаг» жай жырынды қылмыскерлердін түрмесі.

Александр Леонидович Чижевский (1897 - 1964)
XX ғасырдың ұлы оқымыстысы, академик Александр Леонидович Чижевскийдің зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша таза ауаның тірілткіштік, жандандырғыштық күші теріс зарядты оттегі молекуласында деп анықталған. Бұл ғылыми қорытынды кең қолдау тауып, Чижевскийдің идеясын бүкіл әлем мойындаған.

Ол 30 университеттің, академиялар мен ғылыми қоғамдардың толық және құрметті мүшесі болып сайланған. 1939 жылы Нью-Йоркте өткен биофизика және биокосмология туралы халықаралық конгрестің құрметті президенті болып сайланған.

А.Л.Чижевский жан-жақты дарынды адам болған: ғалым, ақын, жазушы, суретші, тарихшы, дәрігер және өнертапқыш.
1942 жылы Москвада тұрып жатқан А.Л.Чижевский ешқандай дәлелсіз 8 жылға каторгаға айдалған. Осы жылдардың көпшілігін Қарлагта өткізген.
Қарағанды мұрағаттарында А.Л.Чижевскийдің түрмеде болған кездердегі жеке іс қағаздары сақталған.

Әлемге аты әйгілі ірі оқымысты А.Л.Чижевский өмірінің 8 жылын ГУЛАГ, Қарлаг лагерлерінде өткізген.

Лагерден босаған А.Л.Чижевскийді Қарағандыға қоныс аудартады. Осы жерде 1950 жылы 25 қаңтарда ССРО МҚКомитетінің Қарағанды басқармасы оның үстінен екінші рет іс қозғайды. Тағдырдың қаншама қиыншылықтарың көріп, азап шексе де рухы күшті оқымысты өзінің ғылыми еңбектерін тоқтатпайды. 1947 жылы 12 желтоқсанда Қарлагтың ОУРЗ бастығы Матросов Чижевскийдің"Электр тәсілімен барынша төзімді бетон алу" туралы ғылыми еңбегін Москваға жібереді. Одан кейінде бірнеше еңбектер жазылған, өкінішке орай осы уақытқа дейін еңбектері басылып шықпаған.

Спасск лагерінде А.Л.Чижевский тұтқын П.Г.Тихоновпен (математик) бірге микроскоп арқылы зерттеп қан элементтерінің құрылысын, оның электроқозғалысын анықтаған. Осы еңбегі "Қан қозғалысына құрылымдық талдау" (Структурный анализ движущейся крови) кітабына негіз болып, ол 1959 ж. жарық көрген.

1950 жылы Спасск лагерінен босап шыққан А.Л.Чижевскийге Қарағанды қаласында тұруға ұлықсат береді. Мұнда ол облыстық онкодиспансерде меңгеруші, облыстық клиникада кеңесші, КНИУИ-да ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Осы кезде атақты"Чижевский люстрасы" құрастырылған. "Шамның" ауаны иондау тәжірибесі №38 шахтада өткізілді. Ғылыми советтің ұсынысы мен тәжірибе №70 шахтада да өтті.

1959 жылы А.Л. Чижевский жұбайымен бірге Москваға тұрақты тұруға қоныс аударады.




«АЛЖИР» лагері мен тұтқындарының тарихы
Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.

Қазір Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға алынған. 

Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.

Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмол деген атауға ие болды.



Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды. Олардың басым көпшілігі - интеллигенция өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет