Сын-зерттеу мақалалары мен сыр-сұхбаттар



Pdf көрінісі
бет1/40
Дата02.04.2019
өлшемі2.62 Mb.
#102003
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

 

Жəди


 Шəкенұлы 

 

 



2

 

 

 

 

Жəди ШƏКЕНҰЛЫ 



 

 

 

 

    


 

 

 

 

 

ЖАЛҒЫЗДЫҢ



 

ҮНІ


 

 

  (Сын-зерттеу мақалалары мен сыр-сұхбаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақотау» баспасы 

Алматы  – 2010 

 


 

Жалғыздың



 үні 

 

 

3



УДК

 821.512.122 

ББК


 84 Қаз 7-44 

Ш

 34  

 

 

 



 

 

Шəкенұлы Жəди.  

Ш  34    Жалғыздың  үні:  Сын-зерттеу  мақалалары  мен  сыр-

сұхбаттар. Алматы: «Ақотау» баспасы, 2010. – 424 бет. 



 

 

ISBN 9965-9763-5-х  

 

 



 

 

Бұл  кітапқа  Ж.Шəкенұлының  2005-2010  жылдар  аралығында  жарық 



көрген  əдеби  сын-зерттеу  еңбектері  мен  өзге  қаламгерлердің  жазушы  жəне 

оның  шығармашылығы  жайында  жазған  мақалалары,  сыр-сұхбаттары 

топтастырылған.  Тұтастай  қарағанда,  əдебиетімізде  сақталған  əртүрлі  мəсе-

лелер,  шетелдегі  қазақ  əдебиеті  жəне  оның  атамекенге  болған  игі  ықпалы  – 

бүгінгі  əдебиеттің  бітім-болмысын  ғана  аңғартып  қалмастан  замана 

ауқымынан да сыр шертеді. 

Төл  əдебиетімізге  тəн  таза  қасиетті  тың  идея,  өзгеше  мəнермен  кестелей 

білетін  қаламгер  кітабының  əдебиет  зерттеушілері  мен  жастарға  берер 

мағлұматы да мол.  

 

 



 

 

 

УДК



 821.512.122 

ББК


 84 Қаз 7-44 

 

 



 

 

ISBN 9965-9763-5-х      



 

© Шəкенұлы Ж., 2010 



 

 

Жəди


 Шəкенұлы 

 

 



4

 

 

 

БІСМІЛЛƏ


 – СӨЗ АШАР 

 

 

 

 

«Нұн. (анығын Алла біледі), Қаламмен 

жəне


 оның жазған нəрселерімен серт!» 

Құран Кəрім – 68-сүре, I аят



 

«Көркем сөз тамыры (жердетереңталдары көкке ұласқан 

ағаш


 секілдіМұндай ағаш Жаратқанның рұқсатымен əрдайым 

мəуесін


 беріп тұрадыАллаһ тағала ғибрат алсын деп осындай 

мысалдар


 арқылы түсіндіреді».  

Құран Кəрім – «Ибраһим» сүресі, 24-аят 

 

«(Адамзатаузынан бір сөз шыққан кезде  

(оныбақылап тұрушы

айтқандарын



 жазып қоятын (бір періштедайын тұрады». 

Құран Кəрім – «Қаф» сүресі, 18-аят 



 

Əрине


біз əлсіз пендемізПенделігіміз себепті күнəдан

кінəдан


 аулақ бола алмаймызƏдебиеттегі айтқыштығымызды 

былай


 қойғандакүнделікті күйбең барысында да талай сөзді 

ағат


 сөйлеуіміз əбден мүмкінСол үшін де жаратушы жалғыз 

Хаққа


 жалбарыныпартық-кем сөздеріміз үшін кешірім 

сұраймыз


. «Тура жолыңа бастай гөр!» деп медет  тілейміз

                                                                             – Автор 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалғыздың



 үні 

 

 

5



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жəди


 Шəкенұлы 

 

 



6

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы


 қазық 

 

 

 

 

ТӨЛ


 

ƏДЕБИЕТ


 – 

ТӨЛШЕҢ


 

ОЙ

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалғыздың



 үні 

 

 

7



 

 

ƏДЕБИЕТІМІЗДІҢ АТАСЫ ДА,  

БОТАСЫ ДА – ҚАЗАҚ 

 

немесе


 орыссыз қазақ əдебиеті жасалмас па еді 

 

 

Қазақтың күллі əдебиет тарихына зер салсақ, əсіресе, Кеңестер 



Одағындағы  əдебиет  орыссыз  сөз  сөйлемейді.  Əдебиеттің  де, 

мəдениеттің  де  көкесі  –  бір  ғана  «ұлы  халық»  сияқты.  Мүбəда, 

қазақтар  орыстан  басқа  –  ағылшын,  неміс,  жапон,  француз,  т.б. 

ұлттардың бірімен қоныстас, көршілес отырса, əдебиеті болмас па 

еді?!   

Кеңестер  Одағы  тұсындағы  əдебиет  сыны  осыны  айғақтайды. 

Жеріміз  түгіл,  ойымызды  отарлаудың  салдарынан  бодандық 

əдебиет өз ұпайын түгендеп, дегеніне жетіп отырған. 

Үлкен  ғалым,  сыншы  Мұхаметжан  Қаратаев  былай  деген  еді: 

«Қазақстанның  əдебиеті  мен  мəдениеті  орыстың  прогрессшіл 

əдебиетінің игілікті ықпалымен дамып, өркендеді... 

Белинский  Абайдың  дүние  тануының  қалыптасуына  орасан 

зор, шешуші ықпал жасады, Пушкиннің, Лермонтовтың, Гогольдің 

жəне орыстың басқа да озық жазушыларының терең ойлылығы мен 

ұлылығын  Абайдың  танып,  түсінуіне,  сезінуіне  көмектесті.  Абай 

Құнанбаевты  «қазақтың  Пушкині»  деп  атауымыз  да  жайдан-жай 

емес.  Абай  ғана  емес,  Абайдан  кейінгі  қазақтың  бұқарашыл 

əдебиетінің  өкілдерінің  қай-қайсысы  болғанмен  орыс  əдебиетінен 

үлгі алып үйренгенде, Белинскийге не Белинскийдің эстетикасына 

соқпай кете алған жоқ. Сыншылдық реализм бағытын ұстаған орыс 

классиктерінің  дəстүрлерін  қабылдаған  қазақ  əдебиетшілері  бұл 

бағыттың  теориялық  негіздерін  əрдайым  Белинскийден  тауып 

отырды.  Тікелей  Белинскийдің  өзін  оқымағанның  өзінде  оның 

идеясын,  эстетикалық  қағидаларын  қазақ  əдебиет  қайраткерлері 

орыс əдебиетінде өріс алған реализм үлгілері арқылы бойға сіңіріп 

келді. Əсіресе, əдебиеттің қоғам өмірінде атқаратын белсенді роль, 

тəрбиелік қызметі туралы, əлеуметтік міндерді батыл əшкерелейтін 

сыншылдық  əдісі  туралы  Белинский  уағыздаған  принциптер  Абай 

мен Ыбырайдан бастап қазақ прогрессшіл əдебиет қауымының қай 


 

Жəди


 Шəкенұлы 

 

 



8

кезде де қастерлеп ұстаған принциптері болды. Белинский болмаса, 

оның ісін алға апарушы Чернышевский мен Добролюбов болмаса, 

қазақтың  тұңғыш  ғалымы  Шоқан  Уəлихановтың  материалистік 

көзқарастарының  қалыптасуы  екіталай  болар  ма  еді,  қайтер  еді. 

Қазақ  ағартушысы  Алтынсариннің  рухани  дамуына  да  Белинский 

игілікті  ықпал  етті»,  –  дейді  «Сын  атасы  –  Виссарион»  мақала-

сында. 


М.Қаратаев  орыс  əдебиетінің  қазақ  əдебиетіне  болған 

ықпалына  тоқталғанда  Виссарион  Григорьевич  Белинскийді  көкке 

көтергені  сияқты  М.Горькийді  де  аспанға  ұшырады.  «Мысалы, 

Қазақ Совет əдебиетінің очеркінде тек С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов 

творчествосы  сөз  болғанда,  бұл  жазушылардың  М.Горькийден 

үйренгенін»  айтады.  Сонымен  қатар  Сəкен  Сейфуллин,  Бейімбет 

Майлин,  Мұхтар  Əуезов,  Ілияс  Жансүгіров,  Ғабиден  Мұстафин-

дердің барлығын да орыстың «шекпенінен» шыққан етіп көрсетеді. 

Сол  тұстағы  қайбір  зерттеу  еңбегінің  бетін  ашсаңыз,  осы  ойлар 

қайталанып,  əдебиет  тек  қана  Гоголь,  Толстой,  Чехов,  Горький 

есімдерімен  аталады.  Одан  қалса,  Ф.Гладков,  Всеволод  Иванов, 

О.Фурманов, Н.Островский, А.Фадеев, М.Шагинян есімдері ауызға 

алынады. 

Бұл  арада біз  аты  аталған орыс  қаламгерлерін  терістеу  немесе 

жоққа шығару пиғылында емеспіз. Олардың алды дүниеге танымал 

болса,  арты  Кеңестер  Одағының  жұлдызды  жүйріктері  болғаны 

мəлім.  Мəселе  –  баланың  əкесі  кім?  Гəп  осында.  «Балаң  көршіге 

тартып  кетіпті»-нің  кебін  кигенімізден  гөрі  перзентіңнен  ата-

бабаның  өң-түс,  шырайын,  таза  қасиетін  іздеу  барынша  текке 

құрмет саналар еді. 

Əлем  əдебиетінде  еліктеудің  бар  екені,  оқып-үйренудің,  үлгі 

алудың  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқаны  шындық.  Бірақ 

қолдан  жасалған  Құдайдай  құрғақ  табыну  өзімізді  өшірудей 

тексіздік екенін де ешқашан естен шығармағанымыз жөн. 

Осылайша  орыс  шығармаларына  аз  бөгенайы  ұқсаса  болды, 

сонымен  тамырлас,  тағдырлас  етіп  ала  қоятын  «ауру»  жабысқалы 

да аз болған жоқ. Егер орыс болмаса қазақ əдебиеті тумайтындай, 

дамымайтындай  көрінеді.  Сол  тұстың  саясатына  көз  жібергенде 

ақын-жазушылардың  бұдан  басқа  амалы  да  жоқ  еді.  Бірақ, 

өкінерлігі  – бұл  үрдіс  осы  жылдарға дейін жалғасып,  «орыс»  десе 



 

Жалғыздың



 үні 

 

 

9



қайын атасының аты аталғандай шошына, имене қарайтын қазақтар 

əлі де арамызда жүр. 

Ендеше, олардың «орыссыз қалай күн көреміз» деп жетпіс жыл 

табақтас болған туысқандарын қия алмауы əбден мүмкін. 

Мұның жауабын ұлы Мұхаң (Мұхтар Əуезов) сонау 1922-1923 

жылдардың  өзінде  айтқан  болатын.  «Қазақ  əдебиетінің  қазіргі 

дəуірі»  атты  мақаласында ол  былай дейді:  «Қазақ  əдебиетінің  осы 

күнгі  қалпымен  һəм  жатқан  бетімен  таныстығы  бар  адамдардың 

біздің  əдебиет  туралы  айтатын  əртүрлі  пікірі  бар.  Орыс 

жазушыларының  қысқаша  сындарына  қарағанда,  біздің  ескі, 

ауызша  əдебиетіміз  бай,  өрнекті,  түрі,  тарауы  көп  кестелі, 

қысқасынан  айтқанда,  қазақтың  даласы  секілді  кең,  келешегі 

көрікті, үлкен, жалпы түрік əдебиетінің ішінде үлкен орын алатын 

əдебиет  секілді  көрінеді.  Бірақ  осы  жазушылардың  айтуына 

қарағанда,  жазба  əдебиетіміздің  əлі  іргесі  нығаймаған  майысқақ, 

сынғақ əдебиет деп саналғандай. 

Бұл  мəселе  туралы  біздің  өз  жазушыларымыздың  бір  жерге 

құйылған  пікірі,  бір  қалыпқа  тоқтаған  сыны  əзірше  жоқ.  Бірақ 

өткен  күннің  əдебиетін  еске  түсіргенде,  ескіліктен  сол  белгіні 

қалдырып  кеткен  адамды  ойлағанда,  айтылған  өлең,  жыр,  тақпақ, 

мəтелдердің  ауыздан  шыққан  кезін  ойлағанда,  бəріміз  де  өткен 

күннің  өнеріне  ішімізден  бас  игендей  боламыз,  сөзі  қалған  кісінің 

атын құрметпен атағандай боламыз.  

Сөзінен  туатын  мағынасы,  ішіндегі  қайратты  рухы,  сыртын-

дағы  кестесі  мен  келісімі  өзін  еріксіз  елеткендей  болады.  Біз  ескі 

əдетімізді  сүйеміз,  сүюіміз  дəлелсіз  емес.  Құрметтейміз...  құрме-

тіміз орынсыз емес. Себебі əдебиетімізде өзге көп жұрттың ауызша 

əдебиетінде  жоқ  нəрселер  табылып  отыр.  Ауызша  əдебиет  бір 

заманда  тəртіпті  жазба  əдебиеттің  қызметін  атқарғандығы  білініп 

отыр». 


Ауыз  əдебиеті  үлгілерінен  жазба  əдебиеттің  айшықтарын 

тауып, нақтылы мысалдармен түсіндірген Мұхаң: «Біздің əдебиет-

тің  бізге  сүйкімді  жерлері  осындай  ірі  жерлерінде,  ірі  қалпымен, 

өзге жұрттыкіне ұқсамай, таза қазақтыкі болып шығатындығында», 

– дейді. 

Ол  тағы  да  Абайдан  бұрын  туған  жазба  əдебиеттің  «Қазақты 

патша  саясаты  билеп  алған,  қол-аяғын  байлап  бағындырып  алған, 

жерін алып, өзінің төрелерін қазаққа ұлық қыла бастаған, отаршыл-



 

Жəди


 Шəкенұлы 

 

 



10

дық  əрекетін  күшейте  бастаған,  діннен  айыра  бастаған  уақытына 

келеді» дегенді айтады.  

Демек,  манағы  біз  айтқан  əдебиеттегі  орыстанудың,  отарлану-

дың  басталған  дəуірі,  орысты  жұлдызға  шығарудың  бастамасы, 

міне, осы еді. 

Ал  «Орыс  қаламгерлерін  аудару  Абайдан  басталып,  осы 

жылдарға  дейін  жалғасын  тапқан  жоқ  па?»  деген  сұрақ  тууы  да 

əбден мүмкін. Бұған да Мұхаң өзі жауап береді: «Қазақ əдебиетіне 

Абай кіргізген жаңалық көп. Абай – қазақтағы суретті, сұлу сөздің 

атасы,  терең  сырлы,  кең  мағыналы  кестелі  өлеңнің  атасы.  Қазақ 

өлеңіне  үлгі,  өрнек  берген,  түрін  көбейтіп,  қалыбын  молайтқан  –  

Абай.  Ол  қазақтың  ішінен  оқушы  тапқан.  Əдебиетке,  өлең-жырға 

бұрыннан  орнаған  теріс  пікір,  теріс  ұғымның  бəрін  жоғалтып, 

жұрттың ойын тəрбиелеген. 

Бұдан  соңғы  бір  үлкен  қызметі  –  қырдағы  қалың  қазаққа 

Еуропа  мəдениетінің  есігін  ашқан.  Орыстың  Пушкин,  Лермонтов, 

Крыловтарын қазаққа танытушы – Абай.  

Мəдениетті  жұрттың  ысылған  тілімен  айтқан  тəтті  күй,  нəзік 

сезімдерін  Абай  қазақтың  дүкен  көрмеген  жалпақ  тілімен  өзіндей 

тəтті  қылып,  сезімді  қылып  айтып  берген.  Сондықтан  Абай  қазақ 

оқушысының ойымен қатар сезімін де тəрбиелеген. Қазақтың тіліне 

Абайдың сіңірген еңбегінің арқасында бұл тілдің барлық байлығы, 

орамдылығы, өрнектілігі табылған. 

Абайдың барлық өлеңі қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған 

асыл  құрыш:  қырдағы  қалың  қазақтың  осы  күнге  шейін  сөйлеп 

жүрген  жалпақ  тілінің  жемісі,  соның  сыры  мен  сымбатын 

көрсететін айнасы. Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі». 

Міне,  мұнда  Абай  орыстан  үйренуші  ретінде  емес,  орысты 

қазақша  сөйлетуші  ретінде,  Еуропа  мəдениетін  қазаққа  жалғаушы 

ретінде  ауызға  алынады.  Бұл  дəстүр  –  əлемдегі  озық  ұлттар 

əдебиетін аудару жəне оны өз ұлтының əдебиетінің қажетіне қарай 

пайдалану  –  ежелден  бар  дəстүр.  Осы  орайда  біз  орыс 

қаламгерлерінің  қазақты  орыстарға  жеткізіп,  таныстырғанын  да 

ескере  кеткеніміз  жөн.  Атап  айтқанда,  В.Дальдің,  В.Ушаковтың, 

В.Г.Белинскийдің əдеби туындылары мен сын-зерттеулері қазақтар 

жайынан,  қазақтардың  əдебиеті  жайынан  сөз  қозғап  отырған. 

Мұнда  да  біздің  пікіріміздегідей  олар  қазақ  əдебиетінің  қасиетін 

орыстан  емес,  өзімізден  –  даланың  тəкаппар  ұл-қыздарынан 


 

Жалғыздың



 үні 

 

 

11 



табады.  Қазақ  халық  əндері  жер  төсінен  шымырлап  шыққан 

бұлақтай,  өркеш-өркеш  таулардай  қаздардың  қанатына  мінгесіп, 

желмен  жарысып  жердің  бетін  кезетінін  баяндаған  олар  əдебиеті-

мізді де өз болмысымыздан іздейді. 

Ұлылардың ойынан ортақтық табар болсақ, қарасөздің қайығы 

болған өз алыптарымыздың да пікірі бөтен емес. 

«...Ел  ішіндегі  бозбала  Біржанның  ақындығы  мен  салдығына, 

Ақанның серілігіне еліктесе, батагөй қария Асан қайғының қайғы-

сына  еліктесе,  далада  еркін  өскен  ерке  қыз  Сараның  салдығы  мен 

айтысқұмарлығына  еліктесе,  бұл  еліктеудің  Чайльд-Гарольдке, 

Печоринге  еліктеген  орыс  жастарының  мінезінен  қай  жері  кем? 

Əдебиеттің  қазақ  мінезін  түзеп,  басшы  болуына  мүмкін  екендігі 

белгілерден  білінбей  ме?  ...Қазақ  əдебиетінің  ішіне  қазақ  өмірін 

түгел  суретімен  алып  кіру  –  əдебиеттің  ендігі  міндеті»,  –  дейді 

Мұхтар Əуезов. 

Ол сол тұстағы қазақ əдебиетінің балауса, балаң күйін мойын-

дай білсе де, оны орысқа бағындырғысы келмейді. Ұлттық үлгідегі 

əдебиеттің  ежелгі  түбірін  сақтай  отырып  оны  биікке  көтеруді 

армандады.  Əрі  арманына  өз  шығармалары  арқылы  жетті.  Бірақ 

арадағы  1937-1938  жылғы  қырғын  елдің  үрейін  алып,  əдебиеттің 

есін  шығарғандықтан,  ол  тұста  орысқа  ешкімнің  тісі  батпады. 

«Аузы  күйген  үрлеп  ұрттайды»  болып,  талайымыздың  аузымыз 

жабылды. Текені ата, ешкіні апа дейтін күн кештік. Қазақ əдебиетін 

хан  көтерген,  орысқа  бағынышты  болғысы  келмеген  Мұхтар 

Əуезовті: «М.Əуезов 1921 жылы жазған «Қорғансыздың күні» мен 

1928  жылы  жазған  «Қилы  заман»  повесінің  арасындағы  бір  топ 

прозалық  шығармаларының  қай-қайсысында  да  Толстой  мен 

Тургеновтің,  Чехов  пен  Горькийдің  дəстүрінде  адам  əрекеттерінің 

психологиялық  дəлелдемелерін  бейнелеуге  бейімділігін  көреміз» 

деп  жазды  Мұхаметжан  Қаратаев  «Кінəмшіл  бойжеткен» 

кітабының алғы сөзінде (Алматы: «Жалын», 1994 ж.). 

Əдебиетіміздің түп тамырын өз өркенімізден іздеу мəселелері-

не  ойысқанда  Қытайда  өткен  белгілі  əдебиеттанушы-ғалым, 

аудармашы,  марқұм  Əзімхан  Тішанұлы  «Қазақ  поэзиясының  қара 

шаңырағы»  мақаласында  Əдебиет  сыр  шертеді»,  Шынжаң 

халық  баспасы,  1994  жыл)  былай  деп  толғайды:  «...үстіміздегі 

ғасырымыздың  өн  бойында  өрлі-қырлы  басқа  елге  шапқылап, 

əдебиетіміздің  кез  келген  құбылыстарын  басқа  елдің  əдеби 



 

Жəди


 Шəкенұлы 

 

 



12

құбылыстарымен  дəлелдеп,  егер  басқа  елдің  əдеби  құбылысынан 

дəлелдейтін  пəтуа  табылмағанда  оның  өзі  заңды  нəрсе  еместей 

дүркіреп  келдік.  Əрине,  теорияның  өзінің  обиектісінен  көш  кейін 

жүретіні,  кейбір  жұрттың  теорияға  ертерек  қол  созғаны  рас.  Оны 

деп  қолда  барымызға  қоңылтақси  қарап,  қит  етсе  басқаға  қарай 

шапқылағанымыз жөн бола бере ме екен... 

Халықтық  əдебиеттің  қазіргі  деңгейін,  поэзияның,  прозаның 

жеткен  жетістіктерін  алпыс,  жетпіс  жылдардың  аралығында  ғана 

басқа  жерден  қорамызға  салып  алдық  десек,  үлкен  ұятқа  жолдас 

боламыз» .  

Бұл  арада  біз  орыстың  əдебиетін  толық  зерттеген  Мұхаң  мен 

Қытай  жазбаларын  ақтарған  Əзімханның  ойынан  ортақтық  таба-

мыз. 


Ал  бұл  екі  кісінің  айтқандарын  есептемеген  күннің  өзінде, 

мысалды  өзгеден  іздейтін  ескі  əдетімізге  басып  көрейік.  Қазақы 

қара  өлеңнің  табиғатына  тоқталғанда,  қазақтың  өлең  өнеріне, 

ақындығына тамсана таңдай қаққан зерттеушілер аз емес. 

Қазақ өнері мен ауыз əдебиетіне бір кісідей таныс болған В.В. 

Радлов: «Қазақ халық поэзиясының дамуы жоғары сатыға жеткен» 

деп  өрелі  баға  берсе,  А.И.Левшин:  «Қазақ  халқының  бойынан  біз 

поэзия  мен  музыкасының  бұлағын  көреміз...  Қазақ  қауымы 

адамның ақын жəне музыкант боп туатындығының жаңа бір дəлелі 

болып отыр», – дейді. Бұдан қалса, С.Г.Рыбаков:  «Қазақ поэзиясы 

жалпы  сапасы  тұрғысынан,  тілінің  анықтығы,  ойларының  бейне-

лілігі, лирикалық қасиеті жағынан айрықша даралана түседі», – деп 

баға  береді.  Ойын  да,  бойын  да  орыспен  өлшейтіндерге  осыдан 

артық анықтаманың керегі болмаса керек. 

Сөзімізге орай Герольд Бельгердің: «Қазақтар өзін-өзі əлі тани 

алмай жүрген сияқты» деген сөзі еске түседі. Бұл – шындық!  

Біздің төл əдебиетімізді өзімізге қайтарып алатын кезіміз жетті, 

оның  атасы  да,  ботасы  да  –  қазақ!  Қазақ  əдебиеті  қашан  да  тек 

қазақ ұлтының əдебиеті болып қала береді. Оған орыстың шапанын 

жапқанмен,  қап-қара  мойылдай  көзін  ешқашан  көкшіл  түске 

өзгерте алмаймыз. Қазақ – тек өз үнімен ғана қазақ! 

 

 «Қазақ əдебиеті» газеті 



2007 жыл, 9 ақпан (6) 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет