Психологиялық дайындық:
Мұғалім бастайды:
-Әрбір адам?
-Әрбір сабақ?
-Әрбір ісің?
-Әрбір сөзің?
«Мен қандаймын?» Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есімді қосып айтады.
(Түстер бойынша топтарға бөлінеді)
«Тәуелсіз қазақ елі» атты бейнебаян қарау,
-Бейнебаян мазмұны бойынша сын есімді тіркес құраңдар. (топтық жұмыс)
Мысалы: жазиралы дала, сұлу қыз, қонақжай халық т.б.
«Миға шабуыл» әдісімен өткен тақырыптарды еске түсіру.
-Сын есім дегенді қалай түсінесің?
- Оның қандай түрлері бар? т.б.
Оқулықпен жұмыс: 42-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап. Бұл сөздерге жалғанған жұрнақ не үшін қолданылып тұр деп ойлайсың?
43-жаттығу. Иттерді салыстырып сипатта.
(үлкен-кіші, ұзындау, молырақ ,т.б.)
-Өз ойыңды дәлелдеп көрсет
-Олай болса, балалар, екі заттың сын-сипатының бір-бірінен артық немесе кем, өте артық немесе өте кем екенін көрсету үшін шырай жұрнақтары қолданылады. Олар мыналар:
-ырақ, -ірек, -рақ, -рек : жақынырақ, кішірек.
-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу: алыстау, үлкендеу.
-қыл,-ғыл,-қылт, -ғылт,-ғылтым,-аң, -шыл,-шіл,-ғыш, -ілдір,-ша,-ше,-қай: көгілдір, қоңырқай, бозаң, ақшыл, сарғыш, қызғылт.
Тым, өте, аса, ең, нақ, әбден күшейткіш үстеулерімен: өте ұзын, ең биік, т.б.
Күшейткіш буындар арқылы: сап-сары, ап-анық.
“Шоу ми” әдісі- 45-жаттығу
Мен сіздерге бірнеше жұрнақтар айтамын, ал сіздер алдарыңыздағы тақтайша -дәптерге айтылған жұрнақтарды жалғап айтуға болатын сын есімдерді тауып жазуларыңыз керек. Мысалы: ......-лау, өте ......
«Көңілді күн» өлеңі интербелсенді тақтадан жіберіледі.
Күшейткіш буындар арқылы құралған сын есімдерді тауып жаз.
І топ: Тап -
ІІ топ: Ап -
ІІІ топ: Жап -
ІV топ: Сап-
Бірнеше ереже оқимын, арасында кейбірінен қате жіберемін, бала соны байқауы тиіс.
Мысалы: Зат есім дегеніміз- заттың түрін, түсін білдіріп, кім? не? сұрақтарына жауап береді.
«Ащылау алқа» мәтіні интербелсенді тақтадан көрініп тұрады.Мұғалім жаймен, дауыстап оқиды.
Оқушыны шатастыру үшін «Сөздер банкісіне» тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырамын. Тақырыпқа қатысты сөздер теріліп, «Біздің тақырып» банкісіне ауыстырылуы тиіс.
Біз сөйледік, сабақ айтып,
Дәптерге жазу түсірдік.
Соныменен біз сабақта,
Нені талдап түсіндік?
(топбасшыларын ортаға шығарып, балалардың алған ұпайларын санату, қорытынды сөз айтқызу)
-Балалар, сабаққа түсіну дәрежемізге қарай желкенді кемелерді жасыл, сары, қызыл түстерге бояп, ағынды өзенге жүздірейік.
48-жаттығу.(қалай орындау керектігіне бағыт беремін).
|
-Туысым, досым, жұрағат.
-Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Тірлік, тірек, адамдық.
-Шындық, бірлік, адалдық.
Мысалы, Әсем – әдемі қыз. Сымбат-сұлу. Ерқуат-енжарлау....т.б.
Ноутбуктен «Тәуелсіз қазақ елі» атты бейнебаянды тамашалайды. Топтық жұмыс орындайды
Сұрақтарға жауап беріп, көшбасшылыққа ұмтылады.
Алмалар мен иттердің сыны мен сапасын салыстыра сипаттау арқылы шырай жұрнақтары туралы алғашқы қорытындыға келеді
Алдарындағы тақтайша-дәптерге кезектесе отырып жазып көрсетеді
Әннің ырғағымен билейді
4 топ постерге жазып, әр топтан бір оқушыдан шығып, оқиды
(тап-таза, тап-тайыз, тап-тамаша, тап-тұйнақтай..т.б.)
Көшбасшылар көрінеді
Белсенді араласады
Мәтіннен шырай жұрнақты сын есімдерді теріп жазады.
(жеке жұмыс көрінеді)
Балалар аса қызығушылықпен орындайды, қалыс қалмауға тырысады, постерге жазып, қорғайды.
Сабақты қорытындылайды
Бірін-бірі бағалайды, өз-өздерін бағалайды)
Жапсырмалы кемелерді бояп, түсіну дәрежелеріне сай жапсырады
Күнделіктеріне жазады.
|
«Үш шапалақ» арқылы
-Тамаша!
Сигналдық белгілер арқылы
«Үш шапалақ»
«Үш шапалақ»
«Бас бармақ»
«Үш шапалақ»
Сигналдық белгімен
«Үш шапалақ»
|