Сиқырлы жапырақ Білім беру саласы: шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: сурет Мақсаты



Дата21.01.2018
өлшемі36.24 Kb.
#53454


Елеуова Куралай Байдыллаевна

№16 «Ертегі» балабақшасы,

бейнелеу өнері маманы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы



Сиқырлы жапырақ
Білім беру саласы: шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: сурет

Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп қалыптастыру.

Дамытушылығы: дәстүрден тыс сурет салу тәсілдері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, триз технологиясы арқылы тақпақ жаттату, тілін, ойлау қабілеттерін шығармашылық қығығушылықтарын ойын арқылы дамыту.

Тәрбиелігі: табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, эстетикалық тәлім тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, жұмбақ, ойын, қонаққа жапырақ келуі, сұрақ/жауап, шығармашылық жұмыс, сергіту сәті, балаларды мадақтау.

Құралдар: ақ парақ, гуашь бояулары, қылқалам, су құятын ыдыс, сулы қол сүрткіш.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивация-лық қозғаушы



Шаттық шеңбер. Армысың, асыл күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жомарт күз! Жайдарлы жарқын күз!

Шаттық шеңберге тұрып өлең жолдарын қимыл қозғалыспен жасайды.




Іздену-ұйымдастырушы

Мен сендерге жұмбақ жасырайын

Жапырақтар сарғаяды, Күн бұлттанады. Жаңбыр жие жауады, Құстар жылы жаққа ұшады. Айтындаршы балалар, Бұл қай мезгіл болады?

Күз үш кезеңге: ерте күз, алтын күз, қоңыр күз болып бөлінеді.

Неліктен ерте күз деп аталады?


Неліктен алтын күз деп аталады?

Неліктен қоңыр күз деп аталады?

-Жарайсындар, балалар!

Тақырыпты ашу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Ағайынды бәрі, Шықса жасыл. Түссе сары, Ол не екен балалар


-күз мезгілі.

-күзде жемістер, көкөністер өседі. Көктемде еккен дәніміз алтын алқапқа айналады. Күзде егін жинайды.
-талдардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Айнала сары түске боялады.
-жел тұрып күн суытады, көп жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-жапырақ






Балалар, бүгінгі оқу қызмет тақырыбы: «Сиқырлы жапырақтар»

Шыңғытпаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңін ТРИЗ технологиясы бойынша жаттау.

Есік қағылып ішке Күз ата немересі Жапырақ келеді. Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен туралы тақпақтарыңды естіп қуанып қалдым. Құр қол келген жоқпын, сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Д/о «Жапырақтар» ойыны. Мақсаты: ойынға екі бала шығады, жапырақты көп жинаған бала жеңімпаз. Ұтылған бала күз мезгіліндегі талдың суретін салып береді.

Жапырақ: балалар сендерге сиқырлы қағаз әкелдім. Бұл қағазға қылқаламды бояуға батырып тегіс боясаңдар сурет пайда болады.



Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып жайқалған.

Енді, дайын болған шығармашылық жүмыстарыңды тақтаға ілеміз.Қалай сурет салғандарыңды әңгімелең.


Алтын,сары, қызыл, көк. Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта кұлімдеп. Көз таптады атырап.

-Балалар ойынды қызыға ойнады.

-Балалар шығармашылық жұмысқа кірісті, суретті тегіс бояуға тырысты.




Рефлексті коррекциялаушы

Қорытынды: Балалар, бізге қонаққа келді?

Қандай тақпақ үйрендік?



Мадақтау. Балалар, оқу іс-әрекетке Камила, Нұрберген, Аружан, Жаннұр өте жақсы қатыстыңдар.

-Келген қонақтарға сау болсын айтайық.



-Күз ата немересі келді.
Алтын,сары, қызыл, көк. Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта кұлімдеп. Көз таптады атырап.

Сау болыңыздар!




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жыл мезгілдерінің ерешеліктерін

Баланың қолынан келуі: Түймедақ гүлін губька бастырмасы арқылы суретін салуды меңгерді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет