Сиырдың микоздық желінсауын балауда кейбір əдістерді салыстыру



Pdf көрінісі
Дата18.12.2018
өлшемі48.5 Kb.
#97417

 

 

44



 

 

10. Vesna Jaki, Darko Majnarić, Jadranka Jurmanović, Željka Bažulić. Izolacija i 



identifikacija kvasaca iz uzoraka sekreta mliječne žlijezde krava // Mljekarstvo, 2007. Vol. 57 (2). 

– s. 119-125. 

11. Glinski Z., Kostro K., Woloszyn S. Choroby zakazne zwerzat, cz. WAR, Lublin, 2000. 

 

  



Жұманов Қ.Т., Бияшев Қ.Б., Бияшев Б.Қ., Сансызбай А.Р.,  

Валдовска А., Орынтаев Қ.Б. 



 

 СИЫРДЫҢ МИКОЗДЫҚ ЖЕЛІНСАУЫН БАЛАУДА КЕЙБІР  

ƏДІСТЕРДІ САЛЫСТЫРУ 

 

 



 

Мақалада сиырдың микоздық желінсауын балауда əртүрлі əдістерді салыстыру мен 

қолдану туралы мəліметтер келтірілген. Сиырларды клиникалық зерттеу мен сүт бездері 

секретін  зертханалық  балаудың  нəтижелері  бойынша  желінсаудың  дамуының  бірден  бір 

этиологиялық факторы Candida albicans саңырауқұлағы болып табылады.  

Кілт сөздер: микозды желінсау, ашытқы саңырауқұлағы, Candida саңырауқұлағы, сүт 

безі, центрифуга. 

 

 

Zhumanov K.T., Biyashev K.B., Biyashev B.K., Sansyzbai A.R.,  



Valdovska A., Oryntaev K.B. 

 

COMPARISON OF SOME METHODS OF DIAGNOSTICS MASTITIS  

MYCOTIC IN COWS 

 

The paper presents data on the use and comparison of different methods in the diagnosis of 



mastitis. According to the results of clinical examination and laboratory diagnosis of cow 

mammary gland secretions found that one of the etiological factors of mastitis is the fungus 

Candida albicans. 

Keywords: mycotic mastitis, yeasts, fungus Candida, breast, centrifuge. 

 

 



ƏОЖ: 619.614.31.637.636  

                                                                                                                                                                                  

Қазтаева Б.К.,  ЖұмагелдиевА.А., Ромашев Қ.М., Шалхарова Д.Ж.,  

Байбулатова Ж.Б., Ақкозова А.С. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университет 

 

БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АЛМАСПАЙТЫН 

АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫ 

 

Андатпа  

Мақалада  бөдене  жұмыртқасы  мен  тауық  жұмыртқасының  алмаспайтын 

аминқышқылдары организмге əсері жəне мөлшері салыстырыла отырып зерттеледі.  

Кілт 

сөздер

бөдене 


жұмыртқасы, 

аминқышқылдары, 

алмаспайтын 

аминқышқылдары. 



Кіріспе  

Елбасы  биылғы  Жолдауында  еліміздің  ауыл  шаруашылығындағы  еңбек  өнімділігі 

2014  жылға  қарай 2 есе,  ал 2020 жылға  таман 4 есе  артатындығын  атап  өткен  болатын. 


 

 

45



 

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі де мемлекет басшысының назарынан тыс 



қалған емес. Осы орайда маңызды саланың бірі - құс шаруашылығы. 

Құс  шаруашылығы  нарық  сұраныстарын  жеңіл  диеталық  тағамдармен  қамтамасыз 

етуге  өзінің  сүбелі  үлесін  қосатын,  аграрлық  кешеннің    үдемеліде  жедел  өзгеріп,  тез 

дамитын саласы.                                                                             

Елімізде құс шаруашылығы арасында кенже дамып келе жатқан шаруашылықтың бірі 

бөдене  шаруашылығы. «Сойылатын  малдарды  сояр  алдында  қарап  тексеру,  ет  жəне  ет 

өнімдерін  ветеринариялық-санитариялық  сараптау»  ережесінде  ауыл  шаруашылық 

құстарының барлық түрлері сойысқа жатады . Ал, кəсіби ауланатын немесе қолда (шаруа 

қожалықтарында)  өсіріліп  жүрген  бөденелер  жөнінде,  бөдене  жұмыртқасын  пайдалану 

мүмкіндігі,  сапасы,  биологиялық,  тағамдық  құндылығы,  тағам  қауіпсіздігі  туралы 

мəселелер  өз  шешімін  таппаған.  Ал,  тағам  үшін  пайдаланылатын  қаз,  үйрек, 

жұмыртқаларына  жəне  жұқпалы  аурудан  таза  емес  шаруашылықтардан  алынған  тауық 

жұмыртқаларына  қойылатын  санитариялық–гигиеналық  ережеде  бөдене  жұмыртқасын 

пайдалану реті көрсетілмеген. Бірақ, аңшылар немесе осы құсты кəсіп ретінде бағып жүрген 

шаруа қожалықтары, делдал фирмалар т.б. бөдене жұмыртқасын саудаға шығарып сатуда, 

ал  тұрғындар  бөдене  жұмыртқаларын  тағам  ретінде  пайдалануда.  Ол,  көптеген  келеңсіз 

жағдайлардың  пайда  болып,  таралуына  себепкер  болуы  мүмкін.  Сондықтан  да  бөдене 

жұмыртқасының тағамдық қауіпсіздігін анықтау қажеттілігі туындауда. 



Материалдар мен əдістер  

Бөдене  жұмыртқасынан  сынамалар  алынып,  ветеринариялық  санитариялық 

сараптауда  жалпылай  қолданылатын,  құнарлығының  өлшемі  болып  саналатын 

алмаспайтын  аминқышқылдары  анықталып,  тауық  жұмыртқасындағы  мөлшерімен 

салыстырыла  отырып  талдау  жасалынды.  Аминқышқылдарды  анықтау  «Автоматтанды-

рылған амин қышқылды анализатор» (ААА-881) құралында жүргізіледі. 



Зерттеу нəтижелері жəне талдау  

Қазіргі  таңда  Қазақстанда  құс  шаруашылығы  қарқынды  дамып  келеді  жəне  құс 

өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге артуда. Себебі, құс еті мен жұмыртқасында адамға 

қажетті барлық құнарлы заттар кездеседі. Оларға ақзат,  май, минералды жəне экстрактивті 

заттар жатады. Құс еті өзінің сіңімділігімен ерекшеленеді, оның құрамында  биологиялық 

активті,  алмаспайтын  жəне  алмасатын  амин  қышқылдарымен,  жоғары  сапалы  май 

қышқылдары болады.  

Аминқышқылдар  өз  ретінде  алмасатын  жəне  алмаспайтын  болып  бөлінеді.  Оларға 

тоқталатын  болсақ,  валин  қан  тамырлары  жүйесінің  дұрыс  қызмет  атқаруы  үшін.  Оның 

жетіспеуінен  қан  тамырлары  жүйесінің  қызметі  бұзылып,  жүріп  тұруы,  қимыл-қозғалыс 

өзгеріп, айналма ауруына шалдығады. Валиннің мөлшері бөдене жұмыртқасы құрамында 

894±0,15 мг, ал салыстыру үшін алынған тауық жұмыртқасында оның мөлшері 772±1,2 мг 

болды. Жалпы бөдене жұмыртқасында валин мөлшері тауық жұмыртқасындағы мөлшерден 

22 мг артық екендігі анықталады.   

Тағамдық  аминқышқылдарды  пайдалану  үшін  изолейциннің  маңызы  зор. 

Изолейциннің  жетіспеуінен – денеден  азоттың  бөлінуі  көбейіп,  арықтайды,  тəбеті 

төмендейді.  Тексеру  нəтижелері  бойынша,  бөдене  жұмыртқасы  құрамындағы  изолейцин 

мөлшері 537±0,09 мг,  тауық  жұмыртқасында 772±1,2 мг.  Зерттеу  мəліметтеріне  сүйене 

отырып,  бөдене  жұмыртқасында  изолейцин  мөлшерінің 50 мг  кем  екендігі  анықталды. 

Оның бұлай болуы себебі, атқаратын қызметіне байланысты.  

Қан плазмасындағы жəне ұлпалардағы ақзатты құруда лейциннің атқаратын қызметі 

жоғары.  Лейциннің  жетіспеуінен – азоттық  баланс  бұзылып,  азықтың  жұғымдылығы 

төмендейді.  Құстың  тəбеті  жəне  өсуі  бұзылады.  Біздің  анықтауымыз  бойынша  бөдене 

жұмыртқасы құрамындағы лейцин мөлшері 1056±0,25 мг, тауық жұмыртқасында 1081±1,5 



 

 

46



 

 

мг болды. Тексеру нəтижесіне қарай, лейцин мөлшері бөдене жұмыртқасында 25 мг кем 



екендігі байқалады (1-кесте). 

 

1 кесте – Бөдене жəне тауық жұмыртқасы құрамындағы аминқышқылдарының  



мөлшері, мг\ 100 г есебімен 

 

Аминқышқылдары  Бөдене жұмыртқасы  Тауық жұмыртқасы 



Алмаспайтын 

аминқышқылдар 

5216±0,5 5243±3,3 

Валин 894±0,15 772±1,2 

Изолейцин 537±0,09  597±1,1 

Лейцин 1056±0,25 1081±1,5 

Лизин 911±0,15 903±1,5 

Метионин 384±0,12  424±0,5 

Треонин 617±0,15  610±0,8 

Триптофан 174±0,075  204±0,3 

Фенилаланин 643±0,15 

6,52±0,5 

 

Лизин  сперматозоид  ақзатының  құрамына  кіріп,  жыныс  ағзаларының  қызметі  мен 



сүйектің жетілуіне ықпалын тигізеді. Оның жетіспеуінен бұлшық еттің – кемуі, сүйектің 

өсіуінің  бұзылуы,  қан  құрамының  өзгеруі,  қауырсанның  қылшықтануы,  қышқылдардың 

азаюы, жыныс циклінің бұзылуы сияқты өзгерістер болады. Құстың өсуі мен гемоглобин 

түзуіне  қатысады.  Алынған  бөдене  жұмыртқасы  құрамында  лизин  мөлшері 911±0,15 мг 

болса, салыстыру үшін алынған тауық жұмыртқасында оның мөлшері 903±1,5 мг болғанын 

көруге болады. Алынған нəтиже бойынша лизиннің 8 мг артықтығы көрінеді.  

Метионин – бауырды қорғап, глобин түзуге қатысады, ағзаны холин, кератин түзетін 

метил  топтарымен  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  ол  жүннің  өсуіне  əсерін  тигізіп, 

ақзатты  заттардың  алмасуын    реттейді.  Метионин  жеткіліксіз  болса – лецитин  азайып, 

бауыр  майланып,  жүн  қатайып,  бұлшық  еттің  семуінен  қан  аздық  байқалады.  Зерттеу 

нəтижесі  көрсеткендей,  бөдене  жұмыртқасы  құрамында  метионин  мөлшері 384±0,12 мг 

болса, ал салыстыру үшін алынған тауық жұмыртқасындағы метиониннің мөлшері 424±0,3 

мг\100 г жетті.  

Тағамдық  аминқышқылдарын  сіңіруге  треонинмен  бірге  изолейцин  қатынасады. 

Оның  жетіспеушілігінен  азоттық  бөлінуі  көбейіп,  мал  арықтайды.  Треониннің  мөлшері 

бөдене жұмыртқасында 617±0,15 мг, ал салыстыру ретінде алған тауық жұмыртқасында ол 

610±0,8  мг  құрады.  Яғни,  треониннің  бөдене  жұмыртқасындағы  мөлшері  тауық 

жұмыртқасындағы мөлшерден 7 мг\100 г артық.  

Триптофан – гемоглобиннің түзілуіне əсер етеді, көз пигментіне жəне организімнің 

өсіп-өнуіне қажет. Оның мөлшерінің азаюынан көздің қарашығы күңгірттеніп,  қауырсын 

селдіреп – сирексіп, іріленіп қатаяды. Зерттеу нəтижесі көрсеткендей, бөдене жұмыртқасы 

құрамында  триптофан  мөлшері 174±0,07 мг  болса,  салыстыру  үшін  алған  тауық 

жұмыртқасында 204±03 мг  жететінін  көрсетті.  Сонымен,  триптофан  мөлшері  бөдене 

жұмыртқасында 30 мг кем.  

Фенилаланин – аскорбин қышқылының мөлшерін реттейді. Тироксин мен адреналин 

гормондары  мен  пигменттерін  түзеді.  Қанның  молаюына  қатынасады.  Оның 

жетіспеушілігінен – қалқанша  безі  мен  бүйрек  үсті  безі  қызметі  бұзылып,  пигмент 

құралмайды. Біздің зерттеуіміздің нəтижесіне көріп отырғанымыздай, бөдене жұмыртқасы 

құрамында фенилаланин мөлшері 643±0,15 мг болды, ал салыстыру үшін алынған тауық 

жұмыртқасындағы фенилаланиннің мөлшері 652±0,5 мг құрады.                                                                   

Зерттеу  нəтижелері  бойынша,  бөдене  жұмыртқасы  құрамындағы  алмаспайтын 

аминқышқылдарының мөлшері бөдене жұмыртқасында 5216 мг болса, бұл көрсеткіш тауық 



 

 

47



 

 

жұмыртқасында 5243 мг болғаны анықталды. Яғни, бөдене жұмыртқасының алмаспайтын 



аминқышқылдарының мөлшері, арнайы салыстыру үшін алынған тауық жұмыртқасының 

аминқышқылдары мөлшерімен шамалас. 



Қорытынды 

Бөдене  жұмыртқасы  құрамында  аминқышқылдарының  ішіндегі  алмаспайтын 

аминқышқылдар мөлшері 5216 мг\100 г болса, бұл көрсеткіш тауық жұмыртқасында 5243 

мг\ 100 г жетті. Ең көп мөлшерде лизин 911-903 мг, валин 894-772 мг, треонин 617-610мг 

болды. Зерттеліп отырған бөдене жұмыртқасы жоғары бағалы өнімге жататыны анықталды.  

 

Əдебиеттер 



 

1.  Қырықбайұлы  С.,  Телеуғали  Т.М.  Ветеринариялық  санитариялық  сараптау 

практикумы. –Алматы, 2007. 

2.  Таңатаров  А.Б.,  Əлпейісов  Ш.Ə.,  Дабжанова  С.Т.  Құс  шаруашылығы. –Алматы, 

2005.  

3. Махатов Б.М., Мелдебеков А., Абрикосова В.И., Байбатшанов М.К. Бөдене өсіру 



ерекшеліктері. –Алматы, 2010.  

4. Пигарева М.Д., Афанасьев Г.Д. Перепеловодство. -Москва, Росагропроиздат. 1989. 

 

 

Қазтаева Б.К., ЖұмагелдиевА.А., Ромашев Қ.М., Шалхарова Д.Ж.,  

Байбулатова Ж.Б., Ақкозова А.С. 

 

НЕЗАМЕНИМЫЕ АМИНОКИСЛОТНЫЙ СОСТАВ ПЕРЕПЕЛИНЫХ ЯИЦ 



 

В статье приведены данные результатов незаменимых аминокислот перепелиных яиц.                      



Ключевые слова: перепелиные яйца, аминокислоты, незаменимые аминокислоты

 

 

Kaztaeva B.K., Zhumageldiev A.A, Romashev K.M,  Shalharova D.J.,    



Baibulatova J.B., Akkozova A.S , 

 

IRREPLACEABLE AMINO ACID COMPOSITION OF QUAIL EGGS 



 

To the article data of results of irreplaceable amino acids of quail eggs are driven.  



Key words: quail eggs, amino acids, irreplaceable amino acid 

 

 



ƏОЖ 619:616.98:578.832.1-092-053.2:636.5 

 

Кенжебекова Ж.Ж., Ибажанова А.С., Балгимбаева А.И. 



 

Қазақ ұлттық аграрлық университет 

 

ТАУЫҚ БАЛАПАНДАРЫНДАҒЫ НЬЮКАСЛ АУРУЫН  



ПАТМОРФОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАУ 

 

Аңдатпа  

Аталған  мақалада  табиғи  жағдайда  Ньюкасл  ауруымен  ауырып  өлген  тауық 

балапандарының  ішкі  мүшелеріндегі  негізгі  патологиялық  морфологиялық  өзгерістер 

зерттелді.  Балапандарды  сойып  зерттеу  барысында  ауруға  тəн  патоморфологиялық 

өзгерістер ас қорыту жолдарында нүктелі қанталаулар, аш ішектің некроздануы, нефроз, 





Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет