5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).
1- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Си программалау тілінің негізі.
Дәріс мазмұны:
1.Алфавиті
2. Айнымалылар, деректер типтері
3. Операциялар
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен әр түрлі есептерді шығаруға мүмкіндік беретін сан алуан программалау тілдері бар. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Си тілі. Си программалау тілі 1972 жылы Bell Laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчидің басшылығымен Америкада жасап шығарылды Си тілі – құрылымы Паскаль тіліне ұқсас жоғарғы деңгейлі қуатты тіл.
Си тілінің алфавиті :
-
латын алфавитінің бас және кіші әріптері (A – Z, a –z ).
-
0 ден 9-ға дейінгі араб цифрлары.
-
Арнайы символдар: “ ‘ . , {} | [ ] () + - * % \ ; : ? <=> _ ! & # ~ ^ Пробелмен бөлінбеген кейбір символдар комбинациясы бір символ ретінде қарастырылады.
Оларға мыналар жатады: ++, ==, &&, ||, <<, >>, >=, <=, +=, -=, *=, /=,* */, //
Әріптен немесе _ (астын сызу) белгісінен басталған латын әріптерінің, цифр, _ белгілерінің тізбегі идентификатор болып табылады.
Pascal – дан айырмашылығы Си – де бас және кіші әріптер айырылады.
Си тілінде сандық деректердің негізгі 4 типі бар.
Int, char – бүтін сандар, Float, double – нақты сандар
Әдебиеттер:[1]- [4] , [3]- 10-26 бет [4] 170-176 б. қ[1]
2- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Си тіліндегі программа құрылымы. Енгізу,шығару операторлары
Дәріс мазмұны:
1. Программа құрылымы.
2. Енгізу,шығару операторы.
Си тілінде қарапайым программа құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Программа тақырыбы
2. Айнымалыларды сипаттау
3. Программа денесі
Программа тақырыбы # include < тақырыптық файл аты> жолынан басталады. Мысалы : # include
Программада айнымалыларды сипаттау төмендегіше жазылады :
типтің аты айнымалылар тізімі ;
Мысалы: int a, b; char c1, c2, c3 ;unsigned x1 ,y1; double e , b, g;
Меншіктеу операторының Си тілінде жалпы түрде жазылуы:
айнымалының=өрнек ;
Экранға форматтап шығару операторының жалпы түрі:
printf ( “формат жолы”, аргументтер тізімі);
Си тілінде деректерді пернетақтадан форматтап енгізу операторының жалпы түрі:
scanf ( “формат жолы “, аргументтер тізімі) ;
Аргумент алдында & айнымалы адресінің операциясы көрсетіледі .
Мысалы: scanf (“%f “, &a);
Әдебиеттер:[1]- [4], [3]- 63-80 бет, [4] 189-197 б. қ[1]
3- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Си тіліндегі тармақталу операторы. Құрама шарттар.
Дәріс мазмұны:
1.Шартты оператор.
2. Шартты операция
Си программалау тілінде тармақталу командасы 3 түрде жүзеге асырылады:
1) ? шартты операциясы
2) if шартты операторы
3) таңдау командасы.
Шартты операция.
Ол 3 операндқа арналған операция.
Оның жалпы түрде жазылу форматы:
логикалық өрнек ? 1 - өрнек : 2 - өрнек;
Шартты оператор.
Оның жазылу форматы: If (логикалық өрнек) 1-оператор; else 2 оператор;
Мысалы: if (a < b) max =b; else max =a;
Әдебиеттер: [1]- [4] , [3]- 80-89 бет, [4] 197-202 б. қ[1]
4- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Си тіліндегі таңдау командасы.
Дәріс мазмұны: Таңдау командасының жазылуы.
Есептелген өрнектің мәні бойынша берілген бірнеше оператордың біреуін таңдауға мүмкіндік беретін таңдау командасының Си тіліндегі жалпы түрі:
Switch (өрнек)
{
case 1-тұрақты: 1-оператор;
case 2 -тұрақты: 2-оператор;
…
default: оператор;
}
сase операторынан кейін таңдауды әрі қарай жалғыстырмау үшін break операторы қолданылады. Егер есептелген өрнектің мәні сase операторындағы ешбір тұрақтыға тең болмаса, онда default операторынан кейінгі операторлар орындалады.
Әдебиеттер:[1]- [4] , [3]- 80-89 бет, [4] 197-202 б. қ[1]
5- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Си тіліндегі цикл.
Дәріс мазмұны:
1.Параметрлі цикл
2. Әзір циклі (while)
Басқа да программалау тілдеріндегі сияқты Си тілінде де циклдің 3 түрі бар:
1) параметрлі цикл
2) әзір циклі (жалғасу шарты бар цикл)
3) дейін циклі (аяқталу шарты бар цикл)
Параметрлі циклдің жалпы түрдегі жазылу түрі:
for (1 - өрнек; 2 - өрнек; 3 - өрнек)
оператор;
Әзір циклінің жалпы түрде жазылуы:
while (шарт)
оператор;
Әзір шарттың нәтижесі ақиқат болғанда, яғни шарттың мәні 0-ден өзге болғанда цикл денесі орындалады.
Циклдің орындалуын басқару үшін Паскаль тіліндегі сияқты continue және break операторлары қолданылады.
Сontinue операторы циклді аяқтамай, оның орындалуының кезекті қадамын тоқтату қажет болғанда қолданылады. Break операторы циклді тоқтатуды жүзеге асырады.
Әдебиеттер: [1] [2] [3] 90-100 бет, [4] 202-207 бет қ[1]
6- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Си тіліндегі бір өлшемді массив.
Дәріс мазмұны:
1. Массивті сипаттау форматы.
2. Бір өлшемді массив элементтерін енгізу, шығару.
3. Массив элементтерін түрлендіру программаларын құру.
Массив деп бір атпен аталатын, бір типті айнымалылар тізбегін атайды. Массивтің сипатталу форматы:
массив элементтерінің типі массивтің аты [элементтер саны];
Мысалы: int a [10]; float b[20]; int c[3][4]; 2 өлшемді массив.
Паскальдан айырмашылығы Си тілінде индекске кез- келген аралық енгізуге болмайды. Элемент нөмірі нөлден басталады. Сипаттауда көрсетілген массив өлшемі индекстің ең үлкен мәнінен 1-ге артық.
Мысалы: int a[10] массивінің элементтері: a[0], a[1], … , a[9]
Егер массив элементтері бір жолда немесе бір бағанда орналасса, онда ол бір өлшемді массив деп аталады. Бір өлшемді массивтің сипатталу форматы: массив элементтерінің типі массивтің аты [n];
Әдебиеттер:[1] 58-59 б. [2] 128-134 б. [3]101-104 б. [4]217-220 б. қ[1]
7- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Бір өлшемді кездейсоқ сандар массивін түрлендіру.
Дәріс мазмұны:
1. Массивті кездейсоқ сандармен толтыру.
stdlib.h тақырыптық файлындағы кездейсоқ сандарды толтырудың rand() функциясы.
2. Кездейсоқ сандар массивін түрлендіру.
Массивті кездейсоқ сандармен толтыру үшін stdlib.h тақырыптық файлын қосу керек: include
stdlib.h- файлында жалпы қызмет ету функциялары орналасқан.[а,в] аралығындағы кездейсоқ сандарды шығару үшін команда былайша жазылады:
randomize();
x=rand()%(b-a)+a;
Программада маcсивті [3,7] аралығындағы кездейсоқ сандармен толтыру төмендегіше жүзеге асады.
{ int i, a[10]; randomize();
for (i=0; i<10; i++)
{a[i]=rand()%5+3;
printf(“\n %d”,a[i]);}}
Әдебиеттер:[1] 58-59 б. [2] 128-134 б. [3]101-104 б. [4]217-220 б. қ[1]
8- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Екі өлшемді массив.
Дәріс мазмұны:
1. Матрицаны программада сипаттау, енгізу, шығару.
2. Матрица элементтерін инициализациялау.
3. Матрицаны түрлендіру программалары.
Массивтің бір өлшемді (сызықтық), екі өлшемді (матрица) түрлері болады. Егер массив элементтері бірнеше жол мен бағаннан тұратын кесте түрінде орналасса, онда ол екі өлшемді массив деп аталады. Екі өлшемді массивті матрица деп те атайды. Матрицаның сипатталу форматы:
массив элементтерінің типі массивтің аты [n][m];
мұндағы, n- матрицаның жолдарының саны;
m-матрицаның бағандарының саны.
Мысалы: int х [3][4]; 3 жол, 4 бағаннан тұратын матрица.
Программада матрицаны енгізу төмендегіше жүзеге асады.
{ int i, a[3][5];
for (i=0; i<3; i++)
for (j=0; i<5; j++)
scanf (“\n %d”,&a[i][j]);
Матрица элементтерінің қалпын сақтап, экранға шығару циклінің жазуының үлгісі:
for (i=0; i<3; i++)
{printf(“\n”);
for (j=0; i<5; j++)
printf (“\t %d”,a[i][j]);}
Әдебиеттер: [1] 61б. [2] 128-134б. [3] 101-108б. [4] 210-224 б. қ[1]
9- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Символдық жолдарды өңдеу функциялары.
Функция.
Дәріс мазмұны:
1. Жолды енгізу және шығару функциялары
2. Strlen()- жол ұзындығын, strcat()-жолды біріктіру және strcpy() –жолды көшіру функциялары.
Символдық айнымалыларға әрекеттер жасау үшін Си тілінде string.h тақырыптық файлда анықталған функциялар қолданылады. Символдық айнымалылар былайша сипатталады: Char айнымалылар тізімі ;
символдық жол символдық массив түрінде сипатталады.
String.h тақырыптық файлда төмендегідей функциялар анықталған.
1.strlen ( ) – функциясы жолдың ұзындығы табу үшін қолданылады, функция нәтижесінде бүтін сан шығады.
Жалпы жазылуы: strlen (жолдық айнымалы).
2. strcat ( ) – функциясы 2 жолды біріктіру үшін қолданылады.
Жалпы жазылуы: strcat( 1 –жол , 2- жол );
функция 2- жолды 1- жолға біріктіреді.
3. strcpy ( ) функциясы жолдық айнымалыны басқа жолдық айнымалыға түгелдей көшіру үшін қолданылады.
Әдебиеттер:[2] 219-230 б, [3] 192-203 б, [4] 230-234 б, қ[2] 16-21 бет.
10- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Функция.
Дәріс мазмұны:
-
Функцияны анықтау.
-
Функцияға қатынау.
Cи тілінде функцияны анықтау форматы:
тип функция аты (параметрлер спецификациясы)
{функция денесі}
Функцияны шақыру операторы былайша жүргізіледі:
функция аты (нақты параметрлер тізімі)
Функциядан қайтару үшін return операторы қолданылады.
Жалпы түрі: return өрнек;
Әдебиеттер:[1] 73 б. [2]185-202 б, [3] 110-117, 201-210 [4] 207-209 б, қ[2] 3-9 б.
11- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Құрылымдық типтер және құрылым.
Дәріс мазмұны:
1.Құрылымдық тип.
2. Құрылымдық типті анықтау форматы.
3. Құрылымдық типті анықтаудың typedef операторы.
Құрылым деп бір атпен аталатын 1 текті элементтер жиынтығы айтылады. Құрылымдық типтің сипатталау форматы:
Struct құрылымдық типтің аты
{элементтерді анықтау}
Құрылымдық типті былайша енгізуге де болады:
typedef struct {элементтерді анықтау}
құрылымдық типтің белгіленуі;
Құрылымды #define диретивасы арқылы енгізу.
Әдебиеттер:[1] 67-69 б, [2] 141-144 б, [3]271-301 б, [4] 234-240 б, қ[2] 21-26
12- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Көрсеткіш.
Дәріс мазмұны:
1.Көрсеткішті сипаттау.
2.Көрсеткішке операциялар.
3. Көрсеткішті функция параметрін беруде қолдану.
Көрсеткіш- программалық объект орналасқан жады өрісінің адресі.&-адресті алу операциясы.
Көрсеткішті сипаттау форматы: тип * айнымалы аты;
Көрсеткішті белгілеу үшін * символы қолданылады.
Функция параметрінде көрсеткішті қолдану мысалы. Swap() функциясы.
Функция параметрінде көрсеткішті қолдану процедура жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:[1] 51-57 б, [2] 127-128 б, [3]164-191б, [4] 223-229 б, қ[2] 13-16
13- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Деректер ағынымен жұмыс жасау.
Дәріс мазмұны:
1. Деректер ағынын хабарлау.
2. Деректер ағынын ашу.
3. Деректер ағынынан деректерді оқу және жазу.
Деректер ағынын хабарлау форматы:
FILE * көрсеткіш аты;
Деректер ағынын ашу командасының жазылуы:
көрсеткіш аты=fopen (файл аты, ашу режимі);
Ағынмен жұмыс режимдері: r-оқу үшін ашу,w-жазу үшін жасау,a-қосу үшін ашу.
Файлдан оқу командасы: fscanf( файл атауы, параметрлер);
Файлға жазу командасы: fprintf( файл атауы, параметрлер);
Әдебиеттер:[3] 325-380 б, [4]240-249 б, қ[2] 26-33 бет.
14- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Си тілінде мәтіндік режимді басқару функциялары.
Дәріс мазмұны:
1. Мәтіндік режимде мәтін және фон түсін таңдау функциялары.
2. Мәтін координатасын анықтау және мәтін шығару функциялары.
3.Си тілінде дыбысты программалаудың Sound,Delay, Nosound функциялары.
Экранға мәтін шығару курсордың ағымдық позициясынан басталады. Жолдар мен бағандар нөмірленген. Х осі горизонталь, ал У осі вертикаль бағытта орналасқан.
gotoxy(x, y) процедурасы курсорды x, y координатасына орналастырады. Мәтіндік экранда символға және экран фонына әр түрлі түс орнатуға болады.
textcolor(түс) процедурасы арқылы символ түсі таңдалады.
textbackground(түс) процедурасы экран фонының түсін орнатады.
Мәтіндік режимде символ және фон түсінің келесі тұрақтылары қолданылады.
delay(N) процедурасы экрандағы көріністі N миллисекунд ұстап тұруды жүзеге асырады.
Си тілінің dos.h файлында дыбыстардың кез-келген тізбегін программалауға мүмкіндік беретін 3 оператор бар.
-
sound() процедурасы белгілі бір жиіліктегі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді. sound( F: unsigned );
Мұндағы F-дыбыс жиілігін Герцпен өрнектейтін unsigned типті өрнек.
-
delay() процедурасы программаны белгілі бір уақыт аралығында тоқтатып қою (кідіріс) үшін қолданылады. delay(T: unsigned);
T- миллисекундпен өрнектелетін және уақыт аралығын анықтайтын unsigned типті өрнек. Бұл процедура дыбысты белгілі бір уақытқа тоқтатып қою үшін қолданылады.
-
noSound() –дыбысты жоюға (түгел тоқтатуға) мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:[1]- [4] бет.
15- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Си тіліндегі графика. graphics.h тақырыптық файлының функциялары.
Дәріс мазмұны:
1. Графиктік режимге өтуді жүзеге асыру.
2. graphics.h модулінің функциялары.
Си тіліндегі графиктік операторлар graphic.h тақырыптық файлында жинақталған. оларды қолдану үшін алдымен программа тақырыбында оны іске қосу қажет. # include
Графиктік драйвер мен графиктік адаптер таңдаудың екі бүтін айнымалысы қолданылады. Графиктік драйвер DETECT тұрақтысы арқылы автоматты таңдалады. Графиктік режимге өту үшін, сонымен қатар, келесі оператор қолданылады.
initgraph(&1-тұрақтының аты, &2- тұрақтының аты, “графиктік драйвердің жолы”);
Мысалы: initgraph(&k,&l,”c:\\progra~1\\bc\\bgi”);
Графиктік режимді жабу үшін closegraph() операторы қолданылады.
Экранға шығатын кескін (сызықтар мен символдар) түсі SetColor(түс) процедурасы арқылы орнатылады.
SetBkColor(түс) процедурасы экран фонының түсін орнатады.
PutPixel( x,y,түс ) процедурасы координатасы х, у, берілген түске боялған нүктені экранға шығарады.
Line(x1, y1,x2,y2) процедурасы (х1, у1) нүктесінен (х2,у2) нүктесіне дейін түзу кесіндісін салуды жүзеге асырады.
Әдебиеттер: [1]- [4]
6. Практикалық жұмыстардың жоспары.
№
|
Тақырыбы
|
Практикалық жұмыс мазмұны
|
Апта
|
Әдебиеттер
|
1
|
Turbo (Borland) Си программалау тілінің ортасында жұмыс.
|
1.Си программалау ортасында менюмен жұмыс.
2.Си тіліндегі кілттік сөздер, тұрақтылар.
|
1
|
[1]-18-22
[1]- 22-26
[3]- 10-26
[4] 170-176 б. |
2
|
Енгізу,шығару операторлары.
Сызықтық программа құру.
|
1.Енгізу,шығару операторлары.
2. Сызықтық программа құру.
|
2
|
[1]-33-37
[1]-32,33
[3]- 63-80
[4] 189-197 б.
|
3
|
Тармақталу операторлары.
|
1.Тармақталу командасын қолданып программалау
2.Шартты операторларды қолданып программалау.
|
3
|
[1]-41 бет [1]-44 бет
[3]- 80-89 [4] 197-202 б.
|
4
|
Таңдау командасын қолданып программалау
|
1. Таңдау командасын қолданып есептердің программасын құру
2. Өту операторы
|
4
|
[1]-49 бет [2]-62 бет
[3]- 80-89
[4] 197-202 б.
|
5
|
Циклді программалау.
|
1.Параметрлі цикл
2. Әзір циклі (while)
3. Break және Continue операторлары.
|
5
|
[1] [2]
[3] 90-100
[4]
202-207 қ[1]
|
6
|
Бір өлшемді массив элементтерін түрлендіру.
|
Массив элементтерін түрлендіру: реттеу, берілген элементті іздеу.
|
6
|
[1] 58-59
[2] 128-134
[3]101-104
[4]217-220 қ[1]
|
7
|
Бір өлшемді кездейсоқ сандар массивін түрлендіру.
|
Массивтің ең үлкен және ең кіші элементтерін анықтау, оларды түрлендіру.
|
7
|
[1] 58-59
[2] 128-134
[3]101-104
[4]217-220 қ[1]
|
8
|
Екі өлшемді массив.
|
1. Матрица элементтерін түрлендіруге программалар құру.
2.Матрицаның жұп және тақ элементтерінің санын табу программасы.
|
8
|
[1] 61б.
[2] 128-134
[3] 101-108
[4]210-224 қ[1]
|
9
|
Символдық жолдарды өңдеу функциялары.
|
1. Символдық жолдарды өңдеу функцияларын қолданып программалау.
2. Символдық жолдағы жақша ішіндегі символдарды экранға шығаратын программа.
|
9
|
[2] 219-230
[3]192-203
[4]230-234
қ[2]16-21
|
10
|
Функцияны қолданып программалау.
|
1.Функцияны қолданып программалау.
2.Функцияның прототипін қолданып программалау.
|
10
|
[1] 73-90б.
[2]185-202
[3] 110-117, 201-210, 258-262
[4]207-217қ[2]3-13
|
11
|
Құрылымдық типтерді программалау.Құрылымдар және біріктірулер.
|
1.Құрылым элементтеріне мысалдар.
2. Құрылымдық типтерді программалау.
|
11
|
[1] 67-69
[2] 141-144
[3]271-301
[4]234-240
қ[2] 21-26
|
12
|
Көрсеткіш және оны программалауда пайдалану.
|
1.& - адрес операциясы. 2.Көрсеткіштерді сипаттау.
Көрсеткішті қолданып программалау.
|
12
|
[1] 51-57
[2] 127-128
[3]164-191
[4]223-229
қ[2] 13-16
|
13
|
Деректер ағынымен жұмыс істеу командаларын қолданып программалау.
|
1. Деректер ағынымен жұмыс істеу командаларын қолданып программалау, орындату.
2.Символдарды, бүтін сандарды, деректер блоктарының жазылуы мен оқылуы.
|
13
|
[3] 325-380
[4]240-249
қ[2] 26-33
|
14
|
Мәтіндік режимді басқару функцияларын қолданып программалау.
|
1.Мәтіндік режимді басқару функцияларын қолданып программа құру.
2.Құжаттарды безендіруді Си программалау тілінде жүзеге асыру.
|
14
|
[1]- [4]
|
15
|
Си тіліндегі графиктік функцияларды қолданып программалау.
|
1.graphics.h тақырыптық файлының функцияларын қолданып программалау.
2.Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайықтың суретін салу.
|
15
|
[1]- [4]
|
Достарыңызбен бөлісу: |