Шипалы балшықпен емдеу-сауықтыру орындарының маңызы



Дата08.07.2017
өлшемі58.19 Kb.
#28694

ШИПАЛЫ БАЛШЫҚПЕН ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Оспанова Ж.Ә.– 2-курс 6М011600-география магистранты


Джангельдина Д.І. – п.ғ.к., доцент

Алдашева А.А.-т.ғ.к.,-аға оқытушы

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан
Балшықпен емдеу, пелоидотерапия (грекше plos — саз, балшық және therapeіa — емдеу), құрамында тұздар, өсімдік шірінділері, сондай-ақ, оларды қорек ететін ұсақ организмдері бар балшықты және балшық тектес (парафин, озокерит) заттарды емге пайдалану.

Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу тегі және пайда болу жағдайларына байланысты әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту және т.б. түрлеріне қолданылады.

Қазақстанда шипалы балшықты орындар көп. Олардың ірілері: Тұзкөл (Алматы облысы), Сегізқыз, Әлжан, Аралсор (Батыс Қазақстан облысы), Жасыбай, Аламерген (Павлодар облысы), Борсықты, Соркөл, Ақсуатсор, Ащыкөл (Қостанай облысы), Қарасор (Қарағанды облысы), Қарабұлақкөл (Шығыс Қазақстан облысы), т.б. Санаторийлерде балшықпен емдеу кеңінен қолданылады.

Қосқақ емдік балшығы. Сарыағаш курортында ең жақын (150 км), Отырар мен Сарыағаш аудандарының қиылысқан тұсында, Сырдария өзенінен Қожатоғай ауылынан 7 км қашықтықта жатыр

Көлдің «Қосқақ» атауы екі ойықтан тұратындығында. Екі көлдің арасы 600-метрдей. Көл жағалай балықкөз шөбі, жусан, қалың қызыл бүрген өскен құмды жер. Жақын маңда көл балшығының табиғи құрамында зиян келтіретіндей өндіріс орындары жоқ.

Көл бетін тұз басқан, 10-15 см. тереңдікте қара сұр балшық қабаты жатыр. Ылғалдылығы жеткілікті, май қосып қойғандай жұмсақ. Күкіртсутектің иісі шығады. 400С-тан асатын аптапта балшық қабылдауға болады. Сарыағашта 1999 жылдың қаңтарынан бастап «Қосқақ» балшығы емдік мақсатта кеңінен пайдаланыла бастады. Балшық сақтайтын (50 тонналық) ем қабылдайтын құрылыстар жүргізіліп, емдік бөлмелер (урологиялық, гинекологиялық) жабдықталды. Ас қорыту жүйелерінің созылмалы қабынуларында, гинекологиялық (созылмалы аднексит, кольпит, метроэндометрит, эндоцевицит, бедеулік т.б.) уронефрологиялық (созылмалы пиелонефрит, простатит т.б.) сырқаттармен буын, омыртқа ауруларында «Қосқақ» балшығымен емдеу аппликациялау (жағып, жапсыру) және т.б.

Шипалылығын арттырумен қатар жүрекке түсер күшті азайту үшін балшық электр тоғымен өңдеуден өткізіліп қолданылады. Емдік балшық жылылығымен химиялық құрамымен терідегі рецепторларды тітіркендіруі арқылы күрделі гуморалды және рефлекторлы әсер етіп, бүкіл ағзадағы физиологиялық, биохимиялық иммундық процестерді жақсартады. Балшық құрамындағы заттар тері арқылы сіңіп, қанға түседі. Қан құрамында биологиялық белсенді заттар пайда болып, ол орталық нерв жүйесінің ағзаны реттеу мен бейімдеу мүмкіндігіне және ішкі секреция бездерінің қызметіне жаңа қарқын береді. Қыздырылған балшық өз бойында жылуды ұзақ сақтайтындығының арқасында аппликациялау кезінде жылу денеге жайлап, біртіндеп өтеді(1-сурет).


1-сурет. «Қосқақ» емдік балшығы.


Гальванобалшық емі кезінде денеге қалыңдығы 4-3 см қыздырылған (44-460С) екі «күлшең тәрізді балшыққа металды электродтар құйылып, үсті пленкамен жабылып, құмды қапшықтармен бастырылып, ток (0,03-0,05 МА/см2) жіберіледі. Ем кезінде анодтан калий, кальций, магний катиондары, катодтан хлор, иод, бром аниондары ағзаға еді. Ем алу ұзақтығы 20-30 минут, екі күн алып, үшінші күні демалады. (10-12 рет). Ол денені қыздырып, қан айналымын реттейді.

Балшық - электрофарез емінде екі қабат марлыға балшық оралып, оның үстіне гидрофильді төсеммен металды электрод қойылып, 0,05-0,1 МА/см мөлшерінде тоқ беріледі. Балшықпен емделгенде өте ыстық және ұзақ қабылданған ем ағзаға зиянды екендігін ұмытпау керек. Ашқарында немесе тойып тамақтана салысымен емді қабылдамаған дұрыс.

Жаңақорған шипажайы «Жаңақорғанң теміржол бекетінен 2 км қашықтықта орналасқан. Санаторий балшықты Теріскен көлінің жағасында орналасқан. Ауа райы континентті, жазы ыстық, құрғақ және күннің түсу мөлшері өте көп. Ең негізгі емдеу тәсілі - хлоридті-сульфитті-натрийлі лайлы балшық. Сонымен қатар Тұз ерітіндісімен ваннада емдеу арқылы қолдану және минералды суды іштей, сырттай пайдалану.

Емдік факторлары:

- сүйек-бұлшықет аурулары

- перифериялық жүйке ауруларын

- ішек-қарын жолдарын



  • гинекологиялық, урологиялық ауруларын емдейді.

«Жаңақорған» шипажайы ААҚ өзінің ерекіпе шипалық қасиетімен алыс та жақын шетелдерге кеңінен танымал байырғы курорттардың бірі болып саналады.

Санаторийдің негізгі емдік қоры - «Теріскен» көлінің табиғи қара батпағы мен тұзды суы. Соңғы кездері санаторий төңірегінен емдік қасиеті бар ішкі ағзаларды тазартатын, Сары-Ағаш суымен тең келетін шипалы минералды су табылып, ол ем алушылар тарапынан лайықты бағасын тауып, мынадай шарапаты молынан тиетін тәсілдер арқылы сауықтыру шаралары жүзеге асырылады: физиотерапиялық емдеу, ультрадыбыстар, светтік емдер мен ванналар, солюкс, УФО, лазер терапиясы ине терапиясы, массаждың, алуан түрлі, емдік дене шынықтыру (2-сурет) т.б.



2-сурет «Жаңақорған» шипажайы

Сауықтыру орны төмендегідей сырқаты бар кісілерді емдей алады:



  • Суйек-буын аурулары: полартрит, артрит, артрозоартит, остеохондроз, буын суйектің жарақат алганнан кейін емдері, формаларының ревмотоидік артридттері.

  • Перифириялық нерв жүйелерінің аурулары: неврит, полионеерит, радикулит, полиардикулоневрит, омыртқа-жұлын жарақаттанған зардаптар.

  • Гинекологиялық аурулар: созылмалы аднексит және басқалары, оның ішінде бірінші және екінші бедеулік белгілері;

  • Урологиялық аурулар: созылмалы простатит, еркектер ұрықсыздығы

  • Асқазан, бауыр, ішек және ет жолдары аурулары: созылмалы гастриттің барлық түрі, колит, дуодент, созылмалы холецгепатит, өт жолдарының дискинзиясы, созылмалы пиелонефрит

  • Стоматологиялық сырқаттар: парадонтоз туріндегі тіс аурулары, тісті протездеу.

Көріп отырғандарыңыздай республикамыздағы қайсібір санаторийді алсаңыз сыртқы және ішкі ағзаларды бірдей емдейтін батпағы тұзды, суы минералды асқазан суы бар емдеу орны осы ғана.

Санаторийге келіп-қайту қиындық туғызбайды, темір жолдың бойына Жаңақорған қонысы іргесіне орналасқан.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Курорты Казахстана.- Алма-Ата: Казахстан, 1973 - 125с.

2. Комисаров В. Проблемы туристической отрасли РК, Реформа №3/2003, ст 18-20

3. Алмакучуков О.М. Обзор ситуации в туристической отрасли Казахстана Б.: 2006 г.

4. Камчыбеков Т.К. Туризм в Казахстане: проблемы, пути решения, перспективы развития. – Б.: БГИЭК, 2007




Түйіндеме. Бұл мақалада Қазақстандағы туризмді дамытудағы балшықпен емдеу-сауықтыру орындарының алатын орны туралы қарастырылған.


Резюме. В этой статье о роли оздоровительных заведений грязелечение в развитии туризма Казахстана.

Summary. In this article, the role of health institutions in the mud of Kazakhstan tourism development
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет