Шымкенттің салқын сырасы, Көрдің бе ішіп, құрдасым



Дата30.03.2017
өлшемі445 b.
#7161





"Шымкенттің салқын сырасы, - Көрдің бе ішіп, құрдасым???" ---- дейтіндей, қазір елімізде сыраға әуес адамдардың қатары көбейді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарады. Ғалымдар сыраның қаупі жайында дүркін-дүркін үн тастап келеді.Қазақстанда алкоголь проблемасы әлі де өзекті болып отыр. Елімізде жас буын арасында сыраны тұтыну көбейіп, олар тәуелділік қармағына түсуде. Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9,4, ал жасөспірімдердің - 21,3, жастардың 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. Бұл туралы бүгін «СЫРА – ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі» атты тәрбие сабағымызда ой бөліспекшіміз.

  • "Шымкенттің салқын сырасы, - Көрдің бе ішіп, құрдасым???" ---- дейтіндей, қазір елімізде сыраға әуес адамдардың қатары көбейді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарады. Ғалымдар сыраның қаупі жайында дүркін-дүркін үн тастап келеді.Қазақстанда алкоголь проблемасы әлі де өзекті болып отыр. Елімізде жас буын арасында сыраны тұтыну көбейіп, олар тәуелділік қармағына түсуде. Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9,4, ал жасөспірімдердің - 21,3, жастардың 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. Бұл туралы бүгін «СЫРА – ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі» атты тәрбие сабағымызда ой бөліспекшіміз.





Тағы бір статистикаға сүйенсек, әр жан басына шаққанда Қазақстанда жылына 12 литр спиртті ішімдік сіміріледі. Соңғы 3 жылда спиртке үйір балалар саны 10 есеге ұлғайса, «тентек суға» тойынған жасөспірімдер саны 2 есеге артқан. Қазір еліміздің наркодиспансерлерінде 2 мыңнан астам жасөспірім алькоголизмнен емделіп жатыр. Ал, жалпы ел бойынша араққа салынып кеткен адамдардың диспансерлік тізімге тіркелгені - 304 мың. Тіркелмегені қаншама! Бастысы, осы жасөспірімдердің барлығы дерлік алқаштық карьерасын «жай ғана» сырадан бастаған. «Жай ғана» сырадан... Абай болайық! Халықтың азғындауын жылына жан басына шаққанда 8 литр «жынды су» ішуінен есептей бастайды. Ал, біздікі... 12 литр!

  • Тағы бір статистикаға сүйенсек, әр жан басына шаққанда Қазақстанда жылына 12 литр спиртті ішімдік сіміріледі. Соңғы 3 жылда спиртке үйір балалар саны 10 есеге ұлғайса, «тентек суға» тойынған жасөспірімдер саны 2 есеге артқан. Қазір еліміздің наркодиспансерлерінде 2 мыңнан астам жасөспірім алькоголизмнен емделіп жатыр. Ал, жалпы ел бойынша араққа салынып кеткен адамдардың диспансерлік тізімге тіркелгені - 304 мың. Тіркелмегені қаншама! Бастысы, осы жасөспірімдердің барлығы дерлік алқаштық карьерасын «жай ғана» сырадан бастаған. «Жай ғана» сырадан... Абай болайық! Халықтың азғындауын жылына жан басына шаққанда 8 литр «жынды су» ішуінен есептей бастайды. Ал, біздікі... 12 литр!





















Сыра алкоголизміне ұшыраған адамдағы «Бавар жүрегі»

  • Сыра алкоголизміне ұшыраған адамдағы «Бавар жүрегі»

  • синдромы



СЫРА – ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі. Сыраның кейбір сорттарының құрамындағы спирттің үлесі 3%-дан 12%-ға дейін болады.

  • СЫРА – ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі. Сыраның кейбір сорттарының құрамындағы спирттің үлесі 3%-дан 12%-ға дейін болады.





Сыра жүректің жұмыс жасау қабілетін төмендетеді. Бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Сыраны көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығып қалуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний дәрумендері азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады

  • Сыра жүректің жұмыс жасау қабілетін төмендетеді. Бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Сыраны көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығып қалуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний дәрумендері азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады









Құлмақ бүрлерінде фитоэстроген заты болады.

  • Құлмақ бүрлерінде фитоэстроген заты болады.

  • «Фито» - өсімдік

  • «Эстроген» – аналық жыныс гормоны

  • «Фитоэстроген» - ағзаға аналық жыныс гормоны секілді әсер ететін өсімдіктекті зат.



Сыра ішетін жасөспірімдер эндокриндік жүйесінің бұзылуына байланысты сыртқы әлпеті әйел адамдарға ұқсай бастайды.

  • Сыра ішетін жасөспірімдер эндокриндік жүйесінің бұзылуына байланысты сыртқы әлпеті әйел адамдарға ұқсай бастайды.



Сыраны көп пайдаланатын жасөспірімдер 30 жасында жыныстық қабілеті төмендеп, 40 жасында импотенцияға ұшырайды.

  • Сыраны көп пайдаланатын жасөспірімдер 30 жасында жыныстық қабілеті төмендеп, 40 жасында импотенцияға ұшырайды.



Әйелге айналу һәм семіздік Сыраның құрамында біз біле бермейтін фитоэстроген эле¬менті бар. Әйел гармондары үшін аса қауіпті болып саналатын бұл зат уақыт өте келе нәзік жандыларды ашушаң етіп, психикасын бұзады, ішімдікке шырмауықша байлайды. Өзіңіз байқап қарасаңыз, сыраны шімірікпей ішетін қыздардың дауысы жуан, денелері ірі, қимылдары оқыс келеді. Ал, еркектерде керісінше, әйелде кездесетін гармондар пайда бола бастайды. Дауыстары жіңішкеріп, бұлшық еттері салбырайды, иықтары жоғалып, қарындары шығады, белінде май қатпары өседі. Мынаны біліп қойыңыз: сыра — семіздікке апаратын төте жол. 

  • Әйелге айналу һәм семіздік Сыраның құрамында біз біле бермейтін фитоэстроген эле¬менті бар. Әйел гармондары үшін аса қауіпті болып саналатын бұл зат уақыт өте келе нәзік жандыларды ашушаң етіп, психикасын бұзады, ішімдікке шырмауықша байлайды. Өзіңіз байқап қарасаңыз, сыраны шімірікпей ішетін қыздардың дауысы жуан, денелері ірі, қимылдары оқыс келеді. Ал, еркектерде керісінше, әйелде кездесетін гармондар пайда бола бастайды. Дауыстары жіңішкеріп, бұлшық еттері салбырайды, иықтары жоғалып, қарындары шығады, белінде май қатпары өседі. Мынаны біліп қойыңыз: сыра — семіздікке апаратын төте жол. 

  • Сыраны көп пайдаланған әйел адамдарда, болашақта бедеулік және ісік ауруларына шалдығу қаупі күшейеді.



Сыра ішу болашақ аналардың омырау ісігіне шалдығу мүмкіндігін жоғарылатады.

  • Сыра ішу болашақ аналардың омырау ісігіне шалдығу мүмкіндігін жоғарылатады.





Сыра ішудің нәтижесінде пайда болатын көз аурулары

  • Сыра ішудің нәтижесінде пайда болатын көз аурулары

  • катаракта макулопатия



Маскүнем ата-аналардың балаларындағы кемістіктер

  • Маскүнем ата-аналардың балаларындағы кемістіктер



Барлық маскүнемдікке ұшыраған адамдардың 90 % сыра ішуден бастайды…

  • Барлық маскүнемдікке ұшыраған адамдардың 90 % сыра ішуден бастайды…



Жасөспірімдер сыра ішу ересектіктің белгісі, сән деп ойлайды. Толық дамымаған ағза сыраға тез үйренеді. Егер жасөспірім бала күніне 1 шиша сыра ішетін болса, жылға жақын уақытта ол маскүнемге айналады..

  • Жасөспірімдер сыра ішу ересектіктің белгісі, сән деп ойлайды. Толық дамымаған ағза сыраға тез үйренеді. Егер жасөспірім бала күніне 1 шиша сыра ішетін болса, жылға жақын уақытта ол маскүнемге айналады..



Маскүнемдік өз кезегінде «қоғам қалдықтарын» туғызады.

  • Маскүнемдік өз кезегінде «қоғам қалдықтарын» туғызады.





Ойлан!

  • Ойлан!

  • Сенің болашағың – өз қолыңда!



Бүгінде сыраға ең қатал заңдарымен қарсы тұрған — Ислам мемлекеттері. БАӘ-де көшеде, жағажайларда оқыстан шөл қысып, сыра ішемін десеңіз: абай болыңыз! Сізге дереу айыппұл салынып, тіпті түрмеге қамауы да мүмкін. Еуропа елдерінде жүргенде шөл қысса, сыра сіміруге тыйым салынбайды. Тек қоғамдық орындарда өзіңізді ұстай білсеңіз болды. Америкада кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін саудалауға тыйым салынған. Сондықтан жасыңыз 21-ге толмаса, ол жақта ішімдік сатып, пайда табамын деп ойламаңыз. Өзімізге келсек, саябақ толы сыраның шөлмектері, теледидар толы сыраның жарнамалары…

  • Бүгінде сыраға ең қатал заңдарымен қарсы тұрған — Ислам мемлекеттері. БАӘ-де көшеде, жағажайларда оқыстан шөл қысып, сыра ішемін десеңіз: абай болыңыз! Сізге дереу айыппұл салынып, тіпті түрмеге қамауы да мүмкін. Еуропа елдерінде жүргенде шөл қысса, сыра сіміруге тыйым салынбайды. Тек қоғамдық орындарда өзіңізді ұстай білсеңіз болды. Америкада кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін саудалауға тыйым салынған. Сондықтан жасыңыз 21-ге толмаса, ол жақта ішімдік сатып, пайда табамын деп ойламаңыз. Өзімізге келсек, саябақ толы сыраның шөлмектері, теледидар толы сыраның жарнамалары…





Сыра-дерек:  -Ресейде әрбір адам жылына 18 литр, ал Қазақстанда 4 литр спирттік ішімдік тұтынады; -Жыл сайын 100 мың қазақстандық сапасыз арақтан уланып, ауруханаға түседі; -Кейінгі 3 жылда елімізде 55962 өрт шығып, осы оқиғада ішімдік салдарынан 1138 адам көз жұмған. Соңғы 6 жылда көлікті мас күйде айдаудың кесірінен 4833 жол апаты орын алып, 977 адам өмірімен қоштасқан;  -Қазақстанда арақ өндіретін – 40, шарап шы¬ғаратын – 24, сыра қайнататын 62 зауыт бар екен; -Құзырлы орган қызметкерлері қылмыстың 68 пайызы ішімдік ішу салда-рынан орын алатынын айтады; Сыраға су деп қарап, сырлас болып, суша сіміргеннің соңы сырқатқа апаратынын естен шығармалық. Әйтсе де «ішпеу керек» деп дабыл қаққанмен, пысқыратын жан табыла қоймас. Құрығанда жиі ішуді азайтып, сыраны дұрыс қабылдау жолын білсе екен деген ой бізде.

  • Сыра-дерек:  -Ресейде әрбір адам жылына 18 литр, ал Қазақстанда 4 литр спирттік ішімдік тұтынады; -Жыл сайын 100 мың қазақстандық сапасыз арақтан уланып, ауруханаға түседі; -Кейінгі 3 жылда елімізде 55962 өрт шығып, осы оқиғада ішімдік салдарынан 1138 адам көз жұмған. Соңғы 6 жылда көлікті мас күйде айдаудың кесірінен 4833 жол апаты орын алып, 977 адам өмірімен қоштасқан;  -Қазақстанда арақ өндіретін – 40, шарап шы¬ғаратын – 24, сыра қайнататын 62 зауыт бар екен; -Құзырлы орган қызметкерлері қылмыстың 68 пайызы ішімдік ішу салда-рынан орын алатынын айтады; Сыраға су деп қарап, сырлас болып, суша сіміргеннің соңы сырқатқа апаратынын естен шығармалық. Әйтсе де «ішпеу керек» деп дабыл қаққанмен, пысқыратын жан табыла қоймас. Құрығанда жиі ішуді азайтып, сыраны дұрыс қабылдау жолын білсе екен деген ой бізде.



Сыраның адам ағасына әсері.

  • Сыраның адам ағасына әсері.

  • Сыра әлсіз алкоголь және мүлдем зияны жоқ сусын деген пікір бар.

  • Шынында да сыра өте пайдалы өнім – арпадан жасалынады, оның құрамында ақ уыз, майлар, углеводтар және витаминдер бар. Дегенмен телеэкрандар мен жарнамалық роликтерге қарамастан, сыра – алкогольдік сусын. Құрамында этил спирті бар кез келген алкогольдік сусын сияқты сыраға да тәуелділік пайда болады. 100 грамм арақта қанша спирт болса, екі кружка сыра құрамында да сонша спирт бар. Сыра араққа қарағанда мастықты айқынырақ тудырады. Сонымен қатар сыра өте күшті зәр айдатқыш әсерін тигізеді, ол ағзадан «құрылыс материалдарын» ақуызды, майларды, микроэлементтерді, әсіресе калий, магний және С дәруменін шығарады, ол өсіп келе жатқан жас өспірімдер үшін қауіпті. Магний жетіспеушілігі көңіл-күйдің құбылуына әкеледі, адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. С  дәруменінің жоғалуынан иммунитет төмендейді, ми гипоксиясы дамиды, интеллект зардап шегеді. Сыраны тым көп ішкен кезде жүрек, бауыр ауруы пайда болады.

  •             Сыраны қолдан жасалған ішімдікпен теңеуге болады, өйткені, сыра мен қолдан жасалған ішімдікте зиянды заттар ұзақ уақыт сақталады. Сыра аз әсер етуші ішімдіктің қатарына жатпайды, өйткені  соңғы жылдары сырада ішімдіктің 14% бар. Араққа қарағанда адамда сыраға деген құштарлық 3-4 рет жылдам дамиды.

  •             Сыра ішімдігі – ауыр психологиялық ауру, яғни адам өз қалыпа немесе мінез – құлқына баға бере алмайды. Ең маңыздысы ол қол жетімді және жеңіл қолданбалы. Оны ішу үшін дастархан жаю қажет емес, сыраны жалғыз, достар арасында, үйде, көшеде, отырып немесе жүріп келе жатып та ішуге болады. Сыраның градусы көп болғандықтан араққа қарағанда оны емдеу қиынға әкеліп соқтырады.

  •             Мамандардың көзқарасы бойынша, сыра ішімдігі – емделуге оңай берілмейтін ішімдіктің бір түрі.

  •             Сыра шөлді жақсы қандырады, оны аш қарынға ішу қауіпті. Сырада көп болатын ашытқы өнімдері және көмірқышқыл асқазан және ішек шырыштысын тітіркендіреді.

  •             Сыраның құрамында токсинді заттар сонымен қатар, ауыр металлдардың тұздары бар, олар эндокринді жүйенің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Хмельдің қызметіне қарай сырада психобелсенді заттар бар ол адамға масайтатын әсер береді. Уақыт өте келе адам сырасыз дем ала алмайды, босанси алмайды және сыраны қабылдау мөлшері арта түсетіндіктен есте сақтау қабілеті нашарлайды

  •             Сыраға әуестік нағыз ерлерге лайық деп санайтындар қателеседі. Сыраны жиі ішетін ер адамдарда жыныс гармоны тестестерон жоғалады, кеуде бездері өседі, дөңгелек қарын пайда болады, ағзада су құрамы көбееді, бұлшық ет едәуір азаяды. Сыра ішімдігінің әсерінен адамдар жалқау, әлсіз және дөрекі болып көрінеді.

  • Осындай күйге түспеу үшін қандай да болмасын ішімдіктің түрі денсаулығыңызға зиянын тигізетінін ұмытпағаңыз жөн!

  •          Білім беру және халықаралық бағдарламалар бөлімінің маманы                                           Абдрахманова Меруерт Алтынбекқызы.







Каталог: uploads -> doc -> 0800
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0800 -> Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар
0800 -> Тамақтану-адамның тіршілік етуінің ең маңызды шарттарының бірі,ал тамақтану мәселесі-адам мәдениетінің негізгі мәселелерінің бірі


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет