ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
«ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
АКИМАТ ШИЕЛИЙСКОГО РАЙОНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ШИЕЛИЙСКИЙ РАЙОННЫЙ ОТДЕЛ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА»
|
120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6а
тел., факс: 8 (72432) 4-21-50
e-mail: sx_shieli@mail.ru
|
120700, пос. Шиели, улица Т.Рыскулова, №6а
тел., факс: 8 (72432) 4-21-50
e-mail: sx_shieli@mail.ru
|
________________________ № ____________
________________________________________
|
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Әбдіқадыровке
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық- материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 575, «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 574, «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 573 қаулыларына байланысты, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құжаттарын қабылдау, зерттеу және комиссияға заң талаптарына сәйкес келетін нақты құжаттарды ұсыну тапсырылсын және ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін деген өкіміне байланысты «Өскен-өңір» газетіне хабарлама берулеріңізді сұраймын. Байланыс телефоны 4-33- 63, мекен жайы Рысқұлов көшесі 6А
Бөлім басшысы М. Мақаш
Орындаған: Т. Жұманқұлов
Тел: 4-33-63
Субсидиялар төлеу шарттары
№ 575 қаулыға сәйкес «Басым дақылдарға» байланысты құжаттар:
- Субсидиялар Министрлікпенкелісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен белгілеген 1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары бойынша басым ауылшаруашылығы дақылдары бойынша төленеді.
-. Субсидияларды төлеумынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
1) дәндіжәне дәнді-бұршақ дақылдар (күріштен, дәндік жүгерiден басқа) бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %.
Субсидиялар нормалары дәндіжәнедәнді-бұршақ дақылдардың (күріштен, дәндік жүгерiден басқа)әрбір түрі бойынша олардың өңірлердегі басымдылығына қарай сараланыпбелгілінеді.
Дәнді жәнедәнді-бұршақ дақылдарын (күрiштен, дәндік жүгерiден басқа) өсірумен айналасатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне және (немесе)«Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5759 тіркелген)ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының Тізбесінеенгізілген(бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім және (немесе) Тізбе)сорттардың үшінші репродукциясынан төмен емес тұқымдарды себу шартымен төленеді.
2) майлы дақылдар бойынша - егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %, немесе(қолда бар қайта өндеу қуаттарына сәйкес):
3) күрiш, дәндік жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, мақта, көкөнiс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер және картоп бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100%.
Күрiш өсiрумен айналысатын және күріштің егіс алаңы 200 гектардан кем ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, егер олар ауылдық тұтыну кооперативiне не су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50%мөлшерінде субсидия төленеді.
Күріш өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар Мемлекеттік тізілімге және (немесе) Тізбеге енгізілген сорттардың үшінші репродукциясынан төмен емес тұқымдарды себу шартымен төленеді.
егер олар ауылдық тұтыну кооперативiне не су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50%мөлшерінде субсидия төленеді;
6) қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типінеқарай сараланған және уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалған шығын нормативтеріне сәйкес, алынған өскiн қорытындылары бойынша бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша әрбiр дақыл айналымына жеке - 50 % (1 шаршы метрге өскен көшеттің кемiнде 95 %-ы).
7) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) – 1гектар егіске 100 %.
- Субсидиялар нормасы мынадай жағдайларда:
1) көкөнiс-бақша дақылдарын ашық топырақта, майлы дақылдар, дәндiк жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, картоп, қант қызылшасы мен мақтаны өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйелерiн, өнеркәсiптiк үлгiдегi сплинкерлік суару жүйелерiн қолдана отырып өсіргенде. Бұл ретте өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып (сплинкерлік) суару жүйесi: сорғы станциясын, гидроциклонды (немесе сүзгiш қондырғыларын), гидроазықтандырғышты, қысым реттегiштi (механикалық немесе автоматты типті), су өлшегiштi және тамшылатқышы немесе жаңбырлатқышы (спринклер)бар құбыржолдар жүйесiн қамтуға тиiс;
2) суармалы түрде көп жылдық және бір жылдық шөптерді, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердіжәне шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптерді (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі)өсіргенде ұлғайтылады.
- Субсидиялар егiстiк жерде өсiрiлетiн оңтайлы мерзiмде себілген басым ауылшаруашылығы дақылдарының және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алқаптарына ғана төленедi.
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-дала мен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуғаарналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне (бұдан әрі – субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімі) осы Қағидаларға 3-қосымша бойынша қосу үшін басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-дала мен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 1-қосымша бойынша ұсыну мерзімдері және оңтайлы себу мерзiмдерi ғылыми ұйымдардың қорытындылары негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып, субсидияланатын басым ауылшаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша бөлімнің шешiмiмен айқындалады.
Бұл ретте, субсидиялар облыс және республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктері бекіткен тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) ең төмен нормаларына (осы норма бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіруші шаруашылықтарға, тұқым өсіруші шаруашылықтарға таралмайды)сәйкес жоспарлы сұрып жаңартуды қамтамасыз етуге қажетті көлемде бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды және алғашқы буынды будандарды сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленеді.
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлім белгілеген өтінім қабылдаудың басталу және аяқталу күнінен кешіктірмей бөлімге өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады.
- Дәндi және дәнді-бұршақ дақылдарды (күрiштен, дәндік жүгерiден басқа)өндiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлімге:
өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер растаған және бөліммен келісілген) көшірмесін;
ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер растаған) көшірмесін ұсынады.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмесін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және бөлім куәландырады және бөлімде үш жыл сақталады.
майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында қайта өңдеген кезде –ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісініңбар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді
- Қорғалған топырақта көкөнiс өсiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiнеқосу үшінөтінімде қосымша жылыжайдың техникалық паспортының немесе жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңы туралы анықтамасының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді. Ескертпе: ( Басым дақылдарға құжатты қабылдап субсидияны төлеу мерзімі 1-ші маусым мен 25 –ші тамыз аралығы. Жылы жай үшін жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн (қысқы-көктемгi және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға рұқсат етіледі.)
№ 574 қаулыға сәйкес «Тыңайтқыштарға» байланысты құжаттар:
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар:
1) ағымдағы жылы тыңайтқыш өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;
2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыштар берушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;
3) тыңайтқыштарды өткен жылғы 4-тоқсанда тыңайтқыштар өндiрушiден және (немесе) берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.
- Мыналар:
1) өндiрушi – «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Тыңайтқыш өндiрушiлердiң тiзбесiн облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының сұратуы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкiлеттi орган бередi;
2) тыңайтқыштар берушi – шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын өткізуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;
3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушi тыңайтқыш сатушылар болып табылады.
- Тыңайтқыштар құнына қосылған құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары кiредi.
- Бюджеттік субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес мына мөлшерде беріледі:
1) отандық өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде субсидиялар сатылған тыңайтқыш құнының 50 %-ына дейін қоса алғандағы мөлшерде өндірушіге төленеді;
2) шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштар құнының 30 %-ына дейін қоса алғандағы мөлшерде АШТӨ-ге төленеді.
Бұл ретте осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тыңайтқыштар түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндірістің тыңайтқыштарына арналған субсидия мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес келуі тиіс.
- АШТӨ бөлім белгiлеген мерзiмде бөлімге субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм береді.
Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ тыңайтқыш сатушы берген шот-фактураның, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.
Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ тыңайтқыш сатушы берген шот-фактураның, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.
Өтінімді қабылдаған күні АШТӨ өтінімнің қабылданғаны туралы еркін нысанда қолхат береді.
Игерілмеген қаражат қалыптасқан және (немесе) қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде қосымша өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.
- Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес субсидиялар алатын, тыңайтқыштар құнын АШТӨ мен тыңайтқыш сатушы арасындағы сатып алу-сату шартында белгіленген мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзiледi.
- Субсидиялар осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттарда көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған, өтінім тиісті түрде ресімделмеген не оны ұсыну мерзімдері бұзылған жағдайларда берілмейді.
Ескертпе: (Құжатты қабылдап субсидияны төлеу мерзімі 25-ші мамыр мен 25 –ші қыркүйек аралығы)
№ 573 қаулыға сәйкес «Гербицидке» байланысты құжаттар:
- Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидиялар ағымдағы жылы гербицид жеткізушілерден гербицид сатып алған АШТӨ-нің және өткен жылдыңтөртіншітоқсанында шығындарды ішінара өтеуге субсидия алмаған АШТӨ-нің шығындарын iшiнара өтеуге арналады.
- Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) сатуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар гербицид жеткiзушiлер болып табылады.
- Бюджеттік субсидиялар сатып алынған гербицидтердің 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес мынадай мөлшерде беріледі:
1) отандық өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған гербицид құнының 50 %-на дейінгі мөлшерде төленеді;
2) шетелдік өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған гербицид құнының 30 %-на дейінгі мөлшерде төленеді.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген гербицидтер түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде гербицид жеткізушілер сататын шетелдік өндірістің гербицидтерінің құны ұқсас отандық өндірістің гербицидтерінің құнынан аспауы тиіс, отандық және шетелдік өндіріс гербицидтеріне арналған субсидиялар мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы тармақта белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес болуы тиіс.
- Осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында белгіленген шарттарды АШТӨ-нің сақтамауы облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрi – басқарма)төленген субсидияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алуы үшін негіз болып табылады.
- Гербицидтке АШТӨ бөлiм белгілеген мерзімдерде бөлiмге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) қосуға өтінім береді, бұл ретте бір уақытта гербицидтерді жеткізуші берген шот-фактуралар мен тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Өтінім қабылданған күні АШТӨ-ге өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қосымша қаражат бөлінген жағдайда,бөлім жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімдерді қосымша қабылдауды бөлім белгілеген мерзімде жүзеге асырады.
- Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес субсидиялар алатын, гербицидтердің құнын шартта айтылған мерзімдерде төлейтін АШТӨ дебюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізіледі.
- Мынадай жағдайларда:
1) тиісті түрде ресімделмеген өтінім берілгенде;
2) өтінім берудің осы Қағидалардың 6 және 13-тармақтарында белгіленген мерзімі бұзылғанда субсидиялар берілмейді.
Ескертпе: (Құжатты қабылдап субсидияны төлеу мерзімі 25-ші мамыр мен 25 –ші қыркүйек аралығы)
Достарыңызбен бөлісу: |