Шетелдік Азия елдері



Дата28.07.2018
өлшемі106.08 Kb.
#80826
Шетелдік Азия елдері.
Шетелдік Азияның саяси картасы және оның ІІ-ші Дүние
жүзілік соғыстан кейінгі колониялық империяның құлауы
нәтижесінде болған өзгерістер. Мемлекеттік құрылысы, деңгейі
және экономикалық дамуы жолдары бойынша аймақтағы дамушы
елдердің типтері және деңгейінің түрлері. Ұлттық капиталдың және
мемлекеттік сектордың рөлі.

Шетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық сипаттамасы. Қиыр Шығыс, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс Азия, (Таяу жэне Орталық Шығыс).

Территориясы, шекаралары, орны. Қытай, Монғолия, ҚХДР, Ветнам – Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азия аймақтық тобын құрайды, жер көлемі 12 млн. ш.ш. бұл шетелдік Азия жерінің 2/5 бөлігінен астамы, жер көлемінің көпшілік бөлігі Қытай мен Монғолияға жатады.

Елдердің экономикалық – географиялық жағдайы негізінен үш белгісімен көзге түседі.

Біріншіден, Моңғолия мен ТМД, Қытай мен ҚХДР арасындағы кең таралған көршілік жағдайы. Қытай Халық Республикасы мен ТМД арасындағы қарым – қатынас жақсарғалы, экономикалық және ғылыми – техникалық ынтымақтастық ұзақ мерізмді бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бұл елдер арасындағы көршілестің де маңызы арта түсті.

Екіншіден, Қытай, Корей Халық –Демократиялық Республикасының, Вьетнам Социолистік Республикасының теңіз маңында орналасуы. Тынық мұхит теңіздеріне шығуға қолайлы жағдайы бұл елдердің ТМД – мен, Жапония, АҚШ, тағы басқа елдермен сауда – экономикалық байланыстарын жақсарта түсуіне алғышарттар жасайды.

Вьетнам территориясы Оңтүстік Қытай теңізін жағалай жіңішке алқаппен 1700 км-ге дейін созылып жатыр. Ал тереңдігі 50 –ден 500 км-ге жетеді. Географтар сырт кескініне қарап, бұл елді бейнелі түрде «Тынық мұхиттың үстіндегі Үндіқытай балконы» деп атайды.

Үшіншіден, Моңғолияның материкте ішке орналасуы бұл елдің дамуын ғасырлар бойы тежеп келеді. Материктің төрінде жатқан Монғолия территориясы теңізге ұласпайтын дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет.

Халқы. Аймақтағы халық саны 1, 2 млрд. Немесе шетелдік Азия тұрғындарының 2/5 – сі, ол жер бетіндегі халықтың 1/5 –нен артық деген сөз.

Аймақтағы халықтың ұдайы өсуі сан ғасырлар бойы туудың жоғарлығы, өлімнің көптігі және салыстырмалы түрде табиғи өсіп - өнудің нашарлығы сияқты жағдайлармен көзге түседі.

Ұлттық құрамы жөнінен Азия елдерінің Еуропа елдерінен айырмашылығы зор: негізгі халық бес түрлі тілде сөйлейді. Олардың басқа таулы – орманды, шөлді жерлерде тұратын ондаған басқа да халықтар бар.

Халықтың орналасуы жөнінен аймақта біркелкіліктің жоқтығы ерекше көрінеді. Мұның бір қиыр шеті – теңіз жағалық ойпаттар, аңғарлар және күріш өсіруге бейімделген еңбекті көп тілейтін өзен атыраулары болып келсе, екінші бір жағы - өнімі мардымсыз мал шаруашылығымен айналысатын шөл және шөлейт, таулы өңірлер.

Өндірістік географиясы. Тұтас алғанда аймақта өнеркәсіптің дамуына табиғат ресурсының алғышарттары қолайлы келеді. Территориясының ұлан – байтақтығы да, геологиялық құрылысының ерекшеліктері де, тынық мұхиттың кеніш белдеуінде жатуы да сол қолайлықтың дәлелі. Дүние жүзіндегі қазба байлықтары мол елдердің бірі – Қытайдың минералды ресурстары ерекше маңызға ие. Ал басқа елдер минералды ресурстардың жұтаңдығы жөнінен азды – көпті қолайсыздық сезіледі.

Өнеркәсіптің дамуына аса зор ықпал ететін су энергетикалық ресуры мен орман байлығы десек, алғашқы саладан, өздерің білетіндей, Қытай дүние жүзінде бірінші орында келеді.

Қарастылып отырған елдердегі отын – энергеттика кешенінің негізін құрайтын сала – көмір өнеркәсібі. Көмір әдеттегідей бассейндер кен орындарынан өндіріледі. Ал мұндай едәуір бөлігі Қытайда өніріледі, Вьетнамда бұл кәсіп 80 –жылдардың ортасында Оңтүстік Қытай теңізі қайраңында басталған болатын.

Аймақта жылу электр станциясы басым, бірақ ол Шығыс Европадағыдай бір өңірге шоғырланбаған және сирек шоқ – шоқ болыып орналасқан. Көптеген үлкен өзендерде (Хуанхэ, Янцзы, Амноккан, Хонгха және т. б.) ірі су электр станциялары салынған.

Оңтүстік Азия – дүние жүзіндегі аса үлкен табиғи облыс (жер көлемі 4,5 млн км 2 ) және бұдан бір мәдени шаруашылық деңгейі дамыған аймақтардың бірі (1999 ж 1,3 млрд-тан аса).

Бұл аймаққа 7 мемлекет кіреді; олар: Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Шри –Ланка, Непал, Бутан және Мальдив Республикасы. Оңтүстік Азияға Үндістан түбегі, Инд-Ганг ойпаты, сонымен бірге Шри-Ланка, Мальдив, Андаман, Никобар, Лаккадив аралдары аймақтары кіреді.

Оңтүстік Азияның солтүстігінде Гималай тау жүйесі (ол бұл аймақты суық Азия антициклондық желдерінен қорғайды) және Қарақорым таулары жатыр. Олар солтүстік-шығысында джунгли ормандарымен жабылған. Ассам-Барма тауларымен жалғасады және солтүстік-шығысында Гиндукуш және Иран таулы қыраты жоталарымен шектеседі. Солтүстік-батыс бұрышындағы Хайбар және басқа да тау аралық ойыстар арқылы бұл аймаққа Оңтүстік, Батыс және Орта Азияның көптеген халықтары ерте кездердің өзінде мәдени-сауда саттық жұмыстарын жүргізіп отырған.

Оңтүстік Азияның географиялық орнының басты белгісі теңіз жағалаулық сипаты ғана емес, сонымен бірге Үнді мұхитының Азия жағалауындағы орталық бөлігінде жатуы. Ерте кездердің өзінде Үндістан мен Цейлон Жерорта теңізі мемлекеттерімен, Қытаймен, оңтүстік-шығыс Азия елдерімен теңіздік байланысы жақсы қалыптасты.Ал қазіргі кезде осы құрлық жағалаулары бойымен (халықаралық) барлық Азия аймақтарын бір-бірімен байланыстырады. Сондай-ақ Европа, Африка, Австралияны байланыстыратын халықаралық телекоммуникациялар қатынас жолдары қалыптасқан.

Табиғат жағдайлары.

Оңтүстік Азияның территориясы субэкваторлық және тропиктік белдеуде жатыр және мұнда температуралық жағдай барлық жерлерінде жыл бойында өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік жасайды (вегетациялық мерзім). Бірақта аймақтың агроклиматтық қорлары оның әртүрлі бөлшектерінде жауын-шашын мөлшерінің әр түрлі деңгейде болуына байланысты әр түрлі шығымдылық жағдайында болады. Мысалы: Индияның қиыр солтүстік-шығысында дүние жүзі бойынша жауын-шашын ең көп түсетін Черапунджи (1200 м) орналасса осымен бір ендікте жатқан Пәкістандық Синдиде кейбір жылдары жауын-шашын түспейді де. Оңтүстік Азияда жыл мезгілі негізінен 2 маусымнан: ылғалды жаз (бұл кезде мұхиттан оңтүстік-батыс муссондар арқылы 80 %-ке жуығы осы кезде түседі) және қысқы құрғақ климатпен, екі өтпелі маусым ерекшеленеді.

Негізгі екі маусымда әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде біріншісінде күріш, мақта, джут өсірілсе, екіншісінде бидай, арпа, сұлы т.б. өсіріледі.

Жер қоры – Оңтүстік Азияның басты табиғат байлығы. Өңделінген жерлер жалпы жер көлемінің жартысынан астамын алады (бұл дүние жүзінің орташа көрсеткіші 5 есе жоғары). Ал Бангладеш пен Индияда бұл 71 де 57 % көлемінде.

Бұл аймақтағы топырақтың басым бөлігі аса жоғары, құнарлы. Әсіресе Инд, Ганг жазығын жабатын аллювиальды топырақтар. Сондай-ақ теңіз жағалаулық аймақтар топырағы Декан таулы үстіртіндегі қаратопырақ тәріздес сазды топырақтың (регур) маңызы жоғары. Аймақтағы орман алқабы Пәкістанның 15 % -ін, Бангладештің 15 % -ін, Индияның 22 %-ін және Шри-Ланканың 27 %-ін алып жатыр. Оңтүстік Азия әсіресе Үндістан платформасының әр түрлі пайдалы қазбалардың бай қорымен көмір, табиғи газ, торий , ураннан алтынға, алмазға дейінгі қоры жеткілікті. Дүние жүзінде бұл аймақ қара металдар қоры жөнінен (темір, марганец және хром) түсті металдардан аллюминий, мырыш, бериллий қорларына бай.

Саяси картасының қалыптасу тарихы. Оңтүстік Азияның саяси картасының қалыптасуы өте күрделі кезеңдерден және оны ұзаққа созылуымен белгілі. Алғашқы үндіарийлік мемлекеттер Инд-Ганг өзені аңғарларында б.э.д. VII-VI ғасырларда пайда болған. Көне Индия мемлекеттерінің ішінде маңыздысы Маурий империясы б.э.д. IV-II ғасырлардағы және б.э.д. IV-V ғасырларда Гупт империясы, VII ғасырдан бастап XI дейін Оңтүстік Азия жеріне түрік мұсылман жорықтарының жүруіне байланысты бұл жерлерде мұсылман үстемдігіндегі үлкен аумақты алып жатқан Дели сұлтанаты пайда болды. XVI ғасырларда Темір шапқыншылығынан кейін Ұлы Моғол империясы пайда болды. XVI ғасырдан бастап Васко да Гамманың Индияға теңіз жолын ашқаннан кейін европалық мемлекеттер Оңтүстік Азия өздерінің отарлық басып алу саясаттарын жүргізді. Шығыс елдеріне мұхит жолдары ашылғаннан соң XVIІ ғасырда португалиялықтар одан кейін Нидерланд, Франция, Ұлыбританияның жаулауы жүргізілді. Осыдан бұл жерде Ұлы Моғол империясының жекеленуіне байланысты XVIІІ ғасырдың 60-шы жылдарында бұл аймақтың көп бөлігі Ұлыбританияның қол астына көшті.

Ұлыбританияның Үндістанға ие болуымен олар Оңтүстік Азияға баратын теңіз жолдарындағы елдерге де иелік ете бастады. XVIІІ ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында олар Цейлоннан Голландияға ығыстырып, өз отарына айналдырды. Одан келіп Гималайлық князьдықтар Непал, Бутан, Сикким (қазір штат) және Мальдив аралдарын өзіне қаратты.

ХІХ ғасырдың аяғында аймақта ұлт-азаттық қозғалыстар күшейуіне байланысты ХХ ғасырдың алғашқы 10 жылдығында үлкен көтерілістер болды. Оны алғаш басқарған атақты күрескерлері Махатма Ганди, Дж. Неру және басқалар болды.

ІІ-ші дүние жүзілік соғыстың аяқталу кезеңінде Ұлыбритания Оңтүстік Азияға үстемдігінен біртіндеп айырыла бастады. 1947 жылы Индия территориясында екі жаңа мемлекет Үнді одағы мен Пәкістан пайда болды. Индия 1950 жылы, Пәкістан 1956 жылы республика болып жарияланды. 1948 жылы Цейлон, 1947 жылы Бутан, 1951 жылы Непал, 1968 жылы Мальдив Республикасы, 1971 жылы Бангладеш тәуелсіздігін алды. Ал, 1972 жылы Шри-Ланка республика болып жарияланды.
Халқы. Оңтүстік Азия – бұл ертеден жер шарындағы халқы ең көп қоныстанған аймақтың бірі. Оңтүстік Азия көне тұрғындары негроид және австролойд нәсілдеріне жатты. Олардың біріншілері қазір Андоман аралдарында тұратын жергілікті халықтар (жобамен 1000-нан аса адам ғана қалған), екіншісі мунда тайпасы – бұлар бұрындары Орталық және Солтүстік Индияның көп бөлігінде мекендеп, кейінде оларды таулы орманды аудандарға қарай ығыстырып жіберген. Австролойдтықтарға саны көп емес Шри-Ланкада тұратын ведда тобын жатқызады. Дровидтіктер ерте кездерде европойдтықтар мен австролойдтардың араласу нәтижесінде Оңтүстік Азия территориясында қалыптасқан дейді ғалымдар. Қазір дровидтіктер Оңтүстік Индия халқының басым бөлігін құрайды. Аймақтың солтүстігін және солтүстік-шығыс жағалауларында (шеттерінде) әсіресе шекаралас облыстарда монғолоид нәсілі өкілдерінің әсері зор. Аймақтың орталығында және солтүстігінде европалық нәсіл өкілдері кең таралған.
Оңтүстік Азияның 4/5 халқы үндіевропалық, 1/5 дровидтер тіл семьясы тілдерінде сөйлейді.Олар Оңтүстік Индияда, Шри-Ланка және Пәкістанда. Біраздаған австро-азиялық тіл тобындағы халық пен қытай-тибет тобы (3 топ). Оңтүстік Азияда әрқайсысы 1 млн-нан асатын 33 этностық топ өкілдері мекендейді. Хиндустандықтар 300 млн, бенгалдықтар 190 млн адам. Бұл аймақта басқа үлкен ұлт топ өкілдерінен пенджаб және бихарлықтар алады (әрқайсысы 100 млн-нан асады).

Пәкістанда 10 этностық топта әрқайсысында 100 мыңнан аса халқы бар, олардың ішіндегі ең көбі – пенджабдықтар 2/3 бөлігі. Непалдықтар жалпы халықтың 1/2 астамын құрайды. Шри-Ланкада халықтың 3/4-і Бангладеште ұлттық құрам салыстырмалы түрде (елде) халықтың 98% бенгалдықтар құрайды. Сауаттылар үлесі 15 жастан жоғары үлесі Шри-Ланкамен, Мальдивте 90% . Индияда ерлерде сауатсыздық 1/3, әйелдерде 2/3-і. Пәкістан, Бангладеш және Непалда ерлердің жартысынан астамы әйелдердің ¾ бөлігі сауатсыз.

Индуизм Индияда басым ( ел халқының 4/5 бөлігі) және Непалда 9/10-ы. Екінші аймақтағы дін – ислам ол Пәкістан , Бангладеш және Мальдив Республикаларында таралған.Бұған осы мемлекеттердегі халықтың 4/5-і осы дінді пікір тұтады. Мұсылмандардың бір бөлігі Индияда және Шри-Ланкада да бар. Шри-Ланкамен Бутанда басым дін будда немесе халықтың 7/10-ін құрайды.Оңтүстік Азияда басқа тайпалардан христиан және джаймалар алады.

ІІ-ші дүние жүзілік соғыстан кейін аймақ халқы2,5 есе өсті.Оның үлесі 1950-1998 жылдар аралығында дүние жүзі халқының 18-22%-ға дейін өсті. Қазір аймақ халқының жылдық өсімі 2,1%. Мысалы: Бангладеште 2,4% , Пәкістанда 2,9%.

Аймақтағы орташа тығыздығы 1 км-ге 209 адам. Бұл дүние жүзілік орташа көрсеткіштен 6,5 есе жоғары. Бангладеште (872), Индияда (297) бұл Пәкістан мен Непалда 160-170 адам.

Аймақ экономикасының даму ерекшеліктері мен қазіргі даму деңгейі. Оңтүстік Азияның ЖҰӨ-і 1998 жылы 2,1 трлн доллар құрады немесе ЖҰӨ-нің 6% құрайды. Ал халқы дүние жүзі халқының 1/5-ін құрайды. ЖҰӨ-ді жан басына шаққанда жалпы дүние жүзінің орташа көрсеткіші 6,2 мың доллардан келсе, Мексикада 8,2 мың, Бразилияда 6,2 мың. Ал Оңтүстік Азияда 1,6 мың доллар көлемінде ғана болады. Оның ішінде Индия 1,7 мың доллар, Пәкістан 1,6 мың, Бангладеш 1,1 мың доллар. 90 жылдардың ортасында Дүние жүзі РиР банкісінің есептеуінше бұл аймақ халқының 0,5 млрд халқы немесе 1/3 ең төменгі қайыршылық жағдайында өмір сүруде деп мәлімдеді.

Оңтүстік Азия дүние жүзілік ауыл шаруашылығы даму тарихында маңызды орынға ие болды.Бұл аймақ қазіргі кезде де дүние жүзінде аса маңызды ауыл шаруашылық аймақтарының бірі.

Бангладеш және Индия дүние жүзілік рынокқа джут және джут бұйымдарын өндіру және жеткізуден (9/10 ж.д. жинаудын) жетекші елдері.

Индия және Шри-Ланка дүние жүзінде аса ірі шай өндіруші елдер (шай жинаудың 2/5) және оларға дүние жүзілік экспорттан І-ші орында. Бұл аймақ Оңтүстік – Шығыс Азиядан кейінгітабиғи каучук пен копроны және кептірілген пальмасын, кокос жаңғағын (әсіресе Шри-Ланка) дүние жүзінде шығарудан алдыңғы орында.

Оңтүстік Азия дүние жүзі бойынша бірден бір астық өндіруші аймақ. 1997 жылы жылына280 млн тонна немесе дүние жүзілік жинаудың 1/7-і әсіресе күріштен дүние жүзілік жинаудың ¼-нен астам .

Аймақтың барлық елдерінде ауыл шаруашылығына қажетті жерлер толықтай игерілді. 60 жылдардың ортасынан аймақ елдеріндегі аграрлық реформаға сәйкес шығыныдылығы жоғары сортты тұқымдар, тыңайтқыштар, суғару, механикаландыру жүйелерін жетілдіру нәтижесінде өнім шығымдылығы арта түсті. Әсіресе бұл Индия мен Пәкістан (бидай), Шри-Ланкада (күріш). Астық жинау бұл елдерде соғыстан кейінгі жылдарда 4-5 есеге өсті. Сонда да кейбір аймақтарда, елдердет өзгеріп азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі төмен (Бангладеш). 1998 жылы дүние жүзінде астықты өндіру жан басына шаққанда 354 кг-нан келсе бұл аймақта ол көрсеткіш небары 218 кг көлемінде болды. Сондықтан азық-түлік өнімінің көп түрлерін сырттан алуға тура келді. Бұл аймақ мал басының көп болуымен ерекшеленеді. Тек ірі қара мал саны – 400 млн-нан асады немесе дүние жүзіндегі ірі қараның ¼-ін құрайды. Бірақ оның 1/3-і буйволдар (олардың дүние жүзі санының 7/10-сі) және мұндағы малдар көбіне жүк көлік ретінде пайдаланады.

Индустар – дәстүрлі вегетариандықтар. Аймақта фабрикалық – завод өнеркәсібінің дамуы тек ХІХ ғасырдың ортасында басталды. Бұрындары мұнда джут бұйымдары өндірісі (британдық капитал) және мақта маталарын шығару пайда болды.

ІІ-ші дүние жүзілік соғыстың кезінде Индияда отар ел үшін сол кезеңде маңызы бар қара металлургия өнеркәсібі пайда болды.(1939 жылы 1млн) Бірақта оны кейінде тежеді.Одан кейін жеңіл өнеркәсіп салалары дами бастады.

Тәуелсіздік алғаннан соң аймақ елдер ішінде Индия ӨӘ индустриясын дамыта бастады.60 жылдардан елде өндіруші өнеркәсіп маңызды орынға ие бола бастады. Қазір ол дүние жүзі бойынша бірден бір көмір және темір рудасын өндіруден жетекші орындардың бірінде. Осы кезден ауыр және транспорттық машина жасау, электро-құрал-жабдықтар өндірісі, тұрмыстық электроника, ЭВМ әртүрлі химикаттарды сыртқа шығара бастады. Осы Индия бұл аймақта ең алғаш атом энергетикасы дамуына және жерден жасанды спутнигін құруға мүмкіндік жасады.

1998 жылы Индия одан сәл кейін Пәкістан ядролық қару сынақтарын өткізді. Пәкістанда жеңіл өнеркәсіп (әсіресе мақта-мата, тамақ өнеркәсібі, ауыр индустрияның жекелеген салалары ). Елде газ, хромит, тас рудасын өндіру қолға алынды. Химия (әсіресе тыңайтқаш), мұнай өңдеу, электроэнергетика дамыды. Бірақ машина жасау саласының маңызы шамалы.

Шри-Ланкада металлургиялық, табиғи каучукты өңдеу өнеркәсібі, Бангладеште станок өндірсі, электро құрал-жабдықтар шығару және жеңіл өнеркәсіп маңызды орындарды иеленді.

Непал мен Бутанда тамақ, тоқыма, ағаш өңдеу өнімдерін ұсақ кәсіпорындар атқарды.

Оңтүстік Азияның дүние жүзілік саудадағы маңызы шамалы. 1997 жылы бұл аймаққа жалпы сауда айналымының 1%тиді. Джут және шай шығарудан алдыңғы орында болса, Индияда темір және марганец рудаларын сыртқа шығару басым.

Оңтүстік Азия елдері экспорты құрылымында маңызды орында балық өнімдері, тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері. Бұл Бангладеш, Пәкістан, Непал, Шри-Ланка экспортының ¾ бөлігін құрайды.

Импорт аймақ елдеріне әртүрлі өнеркәсіп өнімдері, шикізат және отын, азық-түлік ретінде келеді. Импортты азық-түліктің үлесі Бангладеш, Пәкістан, Шри-Ланка елдері импортының 16%-ін құрады.



1998 жылы жаңа аймақ аралық экономикалық ұйым БИМСТ құрылды. Оған Бангладеш, Индия, Шри-Ланка, Тайланд, Мьянма кірді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. В.П.Максаковский. «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы», 2003ж.

  2. Е.Б.Саиров. «Әлем мемлекеттері», 2008ж.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет