Шейх Хафиз ибн Ахмад әл-Хаками АҚида бойынша



бет2/16
Дата09.04.2019
өлшемі2.29 Mb.
#102640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

20-сұрақ:

Жүрекпен сенудің қажеттілігін Құранның қандай аяттары мен қандай хадистер көрсетеді?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде сондай Аллаһқа, Оның елшісіне иман келтіріп, сосын күдіктенбегендер – шынайы мүміндер...». (Хужурат, 15)

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді:

«Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ, мен Аллаһтың елшісімін» деп куәлік беремін. Аллаһқа осы сөздерге шын сеніп кездесетін пенде міндетті түрде жәннәтқа кіреді». (Мүслім)

Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Хурайраға (р.а.) айтты:

«Мына дуалдың артынан жүрегімен шын сеніп, «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» деп куәлік беретін жанды кездестірсең, оны жәннәтпен сүйіншіле». (Мүслім)

21-сұрақ:

Аллаһ Тағаланың бұйрығына бойсұнудың парыз екендігін қай аяттар көрсетеді?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Кім өзін Аллаһқа тапсырып мухсин болса, сонда ол расында берік тұтқаны ұстаған болады19». (Луқман, 22)

1912-ші сұрақтағы осы аяттың сілтемесіне қараңыз.

«(Мұхаммед (с.а.с.)) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сосын берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай бойсұнғанға дейін мүмін бола алмайды». (Ниса, 65)

22-сұрақ:

Құранның қандай аяттары мен қандай хадистер куәлік сөздерімен іштей келісім болуының қажеттілігіне нұсқайды20?

20Бұл жерде куәлікті айту мен оның мағынасына сай тиісті амалдарды орындау туралы сөз болуда.

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай залымдарды21, олардың сыбайластарын және олардың Аллаһтан өзге табынғандарын да бір жерге жинаңдар да, оларға тозақтың жолын көрсетіңдер. Оларды тоқтатыңдар. Өйткені, олар сұраққа тартылады» (делінеді). Оларға: «Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар» (делінеді). Әрине бүгін олар еріксіз бойсұнғандар. Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады22. Олар (бастықтарына23): «Сендер бізге оң жақтан келуші24 едіңдер»,-дейді. Олар: «Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер»,-дейді. «Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел25 едіңдер. Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында жазаның дәмін татамыз. Сонда сендерді азғырған едік. Рас, өзіміз де азғын едік». Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады. Сөз жоқ күнәһарларға осылай істейміз. Расында оларға: «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» делінген кезде, менменсіген еді. Олар: «Жынды бір ақын26 үшін тәңірлерімізді тастайық па?»-десті». (Саффат, 22-36)

21Өздеріне өздерінің дінсіздігі және көпқұдайшылдығымен зұлымдық жасағандар

22Олардың өзара айыптасып «Мұндай қиын халге қалай тап болдық?»-деп сұрасатындары жайлы айтылуда.

23Өмірде өздері табынып, жалынып-жалбарынғандарына айтады.

24Бұл жерде хақиқи діннен күштеп бездіргендер туралы айтылуда, егер олар болмағанда, бұл адамдар иманға келген болар еді.

25Яғни, Аллаһ Тағаланың нұсқауларын орындамаған, тыңдамай бетімен кеткендер және кәпірлер

26Пайғамбарымызды (с.а.с.) Меккедегі көпқұдайшылдар осылай атаған.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Аллаһ мені (адамдарға) жерге жауған нөсерлі жаңбырдай етіп тура жолмен және іліммен жіберді. Сол жердің бір бөлігі құнарлы болды да суды өз бойына сіңіріп жер бетіне көптеген түрлі өсімдіктер мен шөптер өсіп шықты. Жердің (басқа бөлігі) қатқақ болды да, ол суды өзінде (сіңірмей) ұстап қалды, Аллаһ оны өздері ішіп, малдарын суарып, егіске қолданулары үшін адамдардың пайдасына айналдырды. (Жаңбыр) жердің суды ұстамайтын және ешнәрсе де өспейтін тегісіне де жауды. (Жердің алғашқы екі бөлігі) Аллаһтың дінін терең түсініп, Аллаһ мені не нәрсемен жіберген болса, пайдаланған, өздері білімді игеріп, (басқаларға да) үйреткен адамдарға ұқсайды. Ал қалған (үшінші) бөлігі Аллаһтың менімен жіберген тура жолы мен іліміне ұмтылмаған және Аллаһ мен арқылы жіберген тура жолын қабылдамаған адамдарға ұқсайды». (Бұхари, Мүслім)

23-сұрақ:

Құранның қандай аяттары мен хадистер ықыласты болудың қажеттілігіне нұсқайды?

Жауабы:

АллаһТағала айтады:

«Көңіл бөліңдер! Нағыз дін Аллаһқа тән». (Зумәр, 3)

«Сонда Аллаһқа дінді нағыз арнап, құлшылық қыл». (Зумәр, 2)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Кім шын жүректен «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» десе, менің шапағаттыммен ең бақытты адам болады». (Бұхари, Ахмад)

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде:

«Кім Аллаһтың разылығын іздеп «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» десе, Аллаһ Тағала оған тозақ отын харам етеді»,-дейді. (Бұхари)

24-сұрақ:

Құран Кәрім мен Сүннетте шыншыл болудың қажеттілігіне қандай нұсқаулар бар?

Жауабы:

Ең алдымен Құран Кәрімге жүгінсек, Аллаһ Тағала былай дейді:

«Әлиф, Ләәм, Миим. Адамдар «сендік» деумен сыналмай тастап қойылатындықтарын ойлай ма? Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Аллаһ, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі27». (Анкабут, 1-3)

27Бұл сөзден Аллаһ Тағала бұл туралы алдын-ала білмеді деген ұғым тумайды. Бұл жерде кімнің шын иманды екендігі және кімдер өз иманы жайлы тек тілімен ғана айтатыны олардың амалдарынан белгілі болатыны туралы сөз болуда.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:

«Кім Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне өз жүрегінде шын сенімді сақтай отырып куәлік берсе, Аллаһ отқа (мұндай адамның жақындауын) сөз жоқ харам етеді». (Бұхари)

Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір бәдәуиге (шөл адамына) шариғатты үйретіп, өз сөзін аяқтағанда, әлгі бәдәуи: «Уаллаһи! Мен бұл айтылғанға ешнәрсе қоспаймын да, ешнәрсе кемітпеймін де»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Жәннәттық адамды көргілерің келсе, мына кісіге қараңдар!»,-деді.

25-сұрақ:

Сүйіспеншіліктің болуына қандай аяттар және қандай хадистер сілтеме болады?

Жауабы:

Бұл жөнінде Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деген:

«Ей, мүміндер! Сендерден кім діннен шықса, Аллаһ (Тағала) жедел бір қауым әкеледі. Аллаһ оларды жақсы көреді және олар да Аллаһты жақсы көреді». (Мәида, 54)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) да өз хадис шәріптерінде бұл жөнінде былай деді:

«Мына үш қасиет кімде болса, сол адам иман ләззәтын сезеді. (Бұл үш қасиет мыналар):

1. Аллаһты және Оның елшісін барлық нәрселерден де артық жақсы көру;

2. (Қандай да бір) адамды тек Аллаһ үшін жақсы көру;

3. Аллаһ Тағала оны дінсіздіктен құтқарған соң, отқа түсуді қандай қаламаса, дінсіздікке қайтуды да сондай қаламау». (Бұхари, Мүслім)

26-сұрақ:

Аллаһ үшін дос болып және Аллаһ үшін дұшпан болу қажеттілігіне не нәрсе сілтеме болады?

Жауабы:

Аллаһ Тағала былай деген:

«Шынайы түрде сендердің достарың – Аллаһ және Оның елшісі және де намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рукуғ етуші мүміндер». (Мәида, 55)

«Аллаһқа, Ахырет күніне иман келтірген бір елдің; Аллаһқа, Оның елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің». (Мужәдәлә, 22)

«Ей, мүміндер! Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар». (Мумтахина, 1)

Аталмыш сүренің барлық аяттарында осы туралы айтылады.

27-сұрақ:

Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың елшісі екендігіне куәліктің қажеттілігін неден білеміз?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында Аллаһ (Тағала) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың іштеріне өздерінен, оларға Аллаһтың аяттарын оқитын, оларды тазартатын28 және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын анық адасуда еді». (Әли Имран, 164)

28Яғни, оларды көпқұдайшылдық және дінсіздік зұлымынан тазалайды.

«Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір пайғамбар келді29. Оған қиналуларың ауыр келеді30. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді». (Тәуба, 128)

29Яғни, құрайыштықтар арасынан немесе арабтар арасынан немесе жалпы басқа адамдар арасынан

30Бұл жерде адамдардың өздерінің дінсіздігі және ұждансыздығы салдарынан осы өмірде яки ана дүниеде тап болатын қиындықтары туралы сөз болуда.

«Сенің хақ пайғамбар екеніңді Аллаһ біледі». (Мунафиқун, 1)

Бұл туралы басқа да аяттар келтіруге болады.

28-сұрақ:

Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың елшісі екендігі туралы куәліктің мағынасы не?

Жауабы:


Мұндай куәлік Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың құлы әрі бүкіл әлемге жіберілген елшісі екендігін шын жүректен растауды білдіреді.

Бұл туралы Аллаһ Тағала айтты:

«Ей, Пайғамбар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік. Аллаһ жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік». (Ахзаб, 45-46)

Бұрын не болды, кейін не болады, не нәрсе халал, не нәрсе харам екендігі туралы оның айтқандарының бәріне сену керек және оның бұйрықтарына бағынып, тыйым салған нәрселерінен бастарту, оның шариғатын бұлжытпай орындап, оның шешімдерімен келісе отырып, оған бойсұну Аллаһ Тағалаға бойсұну екеніне, оған бағынбау, Аллаһ Тағалаға бағынбау екеніне шүбәсіз сеніп оның сүннеттерін әшкере немесе құпия түрде қалтқысыз ұстану қажет. Өйткені, ол Аллаһ Тағаланың жолдауын адамдарға жеткізді. Аллаһ Тағала Өзінің елшісі арқылы бұл дінді кемелдендірген соң, ол Елші адамдарға жеткізу үшін өзіне жүктелген нәрсені адамдарға анық жеткізіп болып, өз қауымын, шаруасы біткен адам31 болмаса, адаспайтын айдан анық сара жолға салған соң, Аллаһ Тағала оны Ахыретке аттандырды. Және Аллаһ қаласа, кейінірек қарастыратын басқа да көптеген сұрақтардың осыған қатысты екеніне көз жеткіземіз.

31Бұл сөздер жазбагердің, оған Аллаһ рахмет етсін, Ирбад ибн Сариядан (р.а.) келген хадис шәріпке ишара жасағанын көрсетеді. Ол риуаятта Ирбад ибн Сария (р.а.) былай дейді:

«Бір күні Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.) біздерге өсиет сөздерін айта бастады да, жүрегімізді үрей билеп көздеріміз жасқа толып етті. Біз: «О, Аллаһтың елшісі! Бұл – қоштасып тұрған адамның өсиеті ғой, бізге не тапсырма айтасыз?»-дедік, ол кісі былай деді: «Мен сендерге түні күндізіндей айдан анық сара жол қалдырдым, одан тек шаруасы біткен адам ғана бұрылып кетеді. Сендерден кім (ұзағырақ) тірі жүрсе, ол көптеген ұрыс-жанжалдардың куәсі болады, ал сендер менің Сүннетімнен білген нәрселеріңнен және әділ де шыншыл халифалардың жолынан тістеп айрылмаңдар, және оған бағыныңдар». (Әбу Дауд, Термизи, Ахмад)

29-сұрақ:

Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың елшісі екендігі туралы куәліктің шарттары қандай және куәліктің бірінші бөлігі мұнсыз қабыл бола ма?

Жауабы:

Біз бұрын ешбір кісі екі куәлікті мойындамайынша дінге кіре алмайды деген болатынбыз. Өйткені, бұл екі бөлім өзара тығыз байланысты. Сондықтан бірінші куәліктің шарттары екінші куәліктің де шарттары болады. Ал екінші куәліктің шарттары өз кезегінде бірінші куәліктің де шарттары бола алады.

30-сұрақ:

Намаз бен зекеттің парыз екендігін неден білеміз?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар». (Тәуба, 5)

«Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап зекет берсе, онда олар сендердің дін бауырларың». (Тәуба, 11)

«Олар нағыз ғибадатты Аллаһқа шынайы ықыласпен ханиф түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген». (Бәйина, 5)

Намаз бен зекеттің парыз екендігі жайлы басқа да көптеген аяттарда айтылған.

31-сұрақ:

Ораза ұстаудың парыз екендігіне қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Ей, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей ораза сендерге де парыз қылынды». (Бақара, 183)

«Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын». (Бақара, 185)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бәдәуиге (шөл адамына) шариғат мәселелерін үйреткендігі туралы хадисте айтылады. Бәдәуи кісі: «Аллаһ Тағала маған оразадан нені парыз етті?»-деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Рамазан айында ораза ұстауыңды парыз етті. Бірақ, қаласаң, басқа айларда нәпіл ораза ұстауыңа болады». (Бұхари, Мүслім)

32-сұрақ:

Қажылықтың парыз екендігіне қандай дәлел бар?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ үшін қажылық және умраны толық орындаңдар». (Бақара, 196)

«Оның жолына шамасы келген кісілер Аллаһ үшін Кағбаны зиярат етуі (қажылық жасауы) керек». (Әли Имран, 97)

Ал, Сүннетке қатысты айтатын болсақ, онда Әбу Хурайрадан (р.а.) келген хадисте хабар етіледі:

«Бір күні Аллаһтың елшісі (с.а.с.) бізге уағыз айтып, былай деді: «Ей, адамдар! Аллаһ шын мәнінде сендерге қажылықты өтеуді парыз етті, ендеше орындаңдар». (Мүслім, Ахмад)

Бұдан бұрын Жәбірейілдің (а.с.) сұрақтары жайлы хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ислам бес тірекке (ұстынға) құрылған...» деген еді, және бұл мәселе туралы басқа да көптеген дәлелдер келтіруге болады.

33-сұрақ:

Иман деген не?

Жауабы:

Иман дегеніміз – сөз бен амал. Мұндағы сөз дегеніміз – жүрекпен және тілмен айтылуы, ал, амал дегеніміз тілмен, жүрекпен және дене мүшелерімен орындалуы. Иман бойсұнумен артады, ал бойсұнбаумен азаяды. Міне, осыған байланысты мүміндер бір-бірінен артық бола алады.

34-сұрақ:

Иман – сөз бен амалдың бірлігі екендігіне қандай дәлел бар?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Бірақ Аллаһ сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді». (Хужурат, 7)

«Аллаһ және Оның елшісіне иман келтіріңдер». (Ағраф, 158)

Шын мәнінде екі куәлік келтірудің мағынасы осыған саяды. Өйткені, мұнсыз пенде дінге кіре алмайды. Егер белгілі бір сенімнің болуы туралы айтар болсақ, бұл куәліктер жүректің амалына қатысты, екінші жағынан, бұл екі куәлік осы сенімді білдіретін тілдің де амалына қатысты және бұл куәліктер куәлік беруші адамға тек қана оның жүрегі мен тілі бірлікте болғанда ғана пайда келтіреді.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ имандарыңды жоймайды». (Бақара, 143)

Бұл жерде «иман» дегенде Байтул-Мақдисқа қарап қыбла өзгермеген кезде оқылған намаздар32 туралы сөз болуда. Сонымен, намаз жалпы жүрек пен тіл, дене мүшелерінің қимыл-әрекеттерін қамтығандықтан иман деп айтылуда.

32Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға һижрат жасағаннан кейін 16 яки 17 ай бойы Иерусалимдегі, маңыздылығы жағынан Исламда үшінші мешіт, Мәсжидул-Ақсаға қарап намаз оқыды.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қадыр түнгі құлшылық амалдары мен намаздары, рамазан айында ораза ұстау мен түрлі намаздарды және күн сайын орындалатын бес уақыт намазды иманға жатқызған. Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Қандай амал жақсы?»-деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Аллаһ пен Оның елшісіне иман келтіру»,-деген. (Бұхари, Мүслім)

35-сұрақ:

Иманның көбейетініне және азаятынына қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

«Ол сондай (Аллаһ), мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тыныштық салған». (Фатх, 4)

«...оларға туралықты арттыра түстік33». (Кәһф, 13)

33Туралық (һуда). Бұл жерде имандыларға Аллаһ Тағала сый еткен пайдалы ілімді «басшылық» (яғни тура жолға бастау) деп атап отыр.

«Аллаһ (Тағала) тура жол тапқандарға туралықты арттырады». (Мәриям, 76)

«Ал, сонда тура жол тапқандар, (Аллаһ) олардың туралықтарын арттырады...». (Мұхаммед, 17)

«Әрі иман келтіргендердің сенімі арта түседі». (Муддассир, 31)

«Дегенмен мүміндердің иманын (жаңадан түскен сүрелер34) арттырады». (Тәуба, 124)

34Бұл аятта Пайғамбарымызға (с.а.с.) түскен жаңа сүрелер туралы сөз болуда.

«Оларға адамдар: «Сендер үшін ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар»,-деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды...» (Әли Имран, 173)

«Сондай-ақ олар35 сенімдерін, бойсұнуларын36 одан әрі арттыра түсті». (Ахзаб, 22)

35Бұл жерде 627-ші жылы одақтас қабилалардың Мәдинаны қоршап алғандағы олардың әскерлерінің әлдеқайда көп екендігін көрген мұсылмандар туралы айтылуда.

36Яғни, Аллаһ Тағала мен Оның елшісінің (с.а.с.) қандай бұйрығы болса да бағынуға дайын болу.

Дәлел ретінде басқа да аяттарды келтіруге болады.

Ал пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына айтты:

«Егер қазір менің қасымда тұрғандағыдай (әр уақытта Аллаһ Тағаланы есте ұстап, барлық уақытта осындай халде) болсаңдар, періштелер қолдарыңды қысқан болар еді». (Мүслім)

36-сұрақ:

Имандарында мүміндер бір-бірінен артық бола алады дегенге қандай дәлел бар?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Озаттар алдыңғы қатарда болады37. Міне солар Аллаһқа жақын болғандар38. Жұмақта нығметке бөленеді. Бұрынғылардан көбірек. Соңғылардан азырақ. Безенген39 тақтар үстінде. Олардың үстінде тұспа-тұс жантайып отырады40. Оларға айнымайтын жастар айналып, қызмет етеді41. Ағып жатқан шараптан толтырылған шелектер, құмандар және кеселерменен. Ол: бас ауыртпайды да мас қылмайды. Қалаған жемістері бар. Сақтаулы інжу сияқты. Бұл істеген амалдарыңның сыйлығы. Олар жәннәтта бос не күнәлі сөз естімейді. Бірақ «Сәлем, сәлем» деген сөзді ғана есітеді. Оңшылдар, ол оңшылдар нендей42!» (Уақиға, 10-27)

37Иман мен құлшылық – ғибадатта, сондай-ақ басқа да жақсы амалдарда алда болғандар Аллаһ Тағаланың мейірім-шапағатына басқалардан бұрын ие болады.

38Яғни, Аллаһ Тағала мен Оның сый-сияпатына жақын болғандар.

39Алтын, күміс, жақұтпен безендірілген.

40Басқаша айтқанда, барлығы бір-біріне қарап отырады.

41Яғни, күтімін жасайды.

42Бұл жерде жәннәтта болатын, бірақ алда болғандар секілді иман күштілігі мен шыншылдық жағынан өзгелерден озық болмауы себепті және өмірде салих амалдарды алда болғандардан аз істегендіктен алатын сыйлықтары да аз болатын адамдар туралы айтылуда.

«Ал егер (өлген кісі) Аллаһқа жақындардан болса, сонда оған рахат, райхан43 әрі нығметті жұмақ бар. Ал енді оңшылдардан болса, Саған оңшылдардан «сәлем» (делінеді). (Уақиға, 89-91)

43«Райхан» – жәннәттың жұпар иісі немесе жұмақ рахаттары дегенді білдіреді.

Аллаһ Тағала айтты:

«Және олардан әлдекім өзіне кесір тигізеді44 де кейі ортада45 болады. Ал тағы біреулері, Аллаһтың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерілеуші болады». (Фатыр, 32)

44Бұл жерде ауыр күнә істейтін мұсылман яки игі істерден көрі бұзық істерді көп орындайтын адам туралы сөз болуда.

45Бұл жерде ауыр күнә істемейтін яки бұзық істері игі істеріне тең келетін адам туралы сөз болуда.

Шапағат туралы хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» деп айтқан, жүрегінде арпаның дәнінің салмағындай ізгілік бар адам оттан шығады. Одан кейін «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» деп айтқан, жүрегінде бидай дәнінің салмағындай ізгілік бар адам оттан шығады. Одан кейін «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» деп айтқан, жүрегінде тозаңның салмағындай ізгілік бар адам оттан шығады»,-деді. (Бұхари, Мүслім)

37-сұрақ:

«Иман» ұғымы дінді бүтіндей қамтитынына қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әбул-Қайс қабиласы өкілдерімен әңгімелескені жайлы хадисте: «Тек қана Аллаһқа иман келтірулеріңді сендерге бұйырамын, «тек Бір Аллаһқа иман келтіру дегеніміздің не екенін білесіңдер ме?»-деп сұрады. Олар: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі»-деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл – Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ және Мұхаммед – Аллаһтың елшісі деп куәлік берулерің, намаз оқып, зекет беріп, рамазан айында ораза тұтып және соғыстан түскен олжаның бестен бірін берулерің»,-деді. (Бұхари, Мүслім)

38-сұрақ:

Иманның алты шартын түгелдеу арқылы иман туралы дәл анықтама беруге болатынына қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Бұған Жәбірейілдің (а.с.): «Маған айт: «Иман деген не?» деген сұрағына Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қайтарған жауабы дәлел бола алады. Ол айтты: «Иман дегеніміз – Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және Қиямет күніне сенуің, сондай-ақ жақсылық пен жамандық тағдырдан екендігіне сенуің». (Бұхари, Мүслім)

39-сұрақ:

Жоғарыда аталған иманның (алты) тірегінің Құранда түгелдей бар екеніне қандай дәлел бар?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаһқа, Ахырет күніне, періштелерге, Кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе...» (Бақара, 177)

Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде әрнәрсені бір өлшеумен (тағдырмен) жараттық». (Қамар, 49)

Аллаһ қаласа, төменде иман шарттарының әрқайсысы туралы жекелеп қарастыратын боламыз.

40-сұрақ:

Аса Құдіретті және Аса Ұлы Аллаһқа иман келтіру дегеннің мағынасы не?

Жауабы:

Бұл – Тірі, Жалғыз, Игеруші, Мұңсыз, Ол – Әуелгі, Оған дейін ешнәрсе болмаған, және Ол – Соңғы, Одан кейін ешнәрсе болмайтын, Ол – Көрнеу, Одан жоғары ешнәрсе жоқ және Ол – Көмес, Одан төмен ешнәрсе жоқ, Оның алдында ешнәрсе болмаған және Одан кейін де ешнәрсе болмайтын Жоғары Мәртебелі Аллаһтың бар екенін шын жүрекпен растау.

Аллаһ Тағала айтты:

«Ол, тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». (Ықылас, 3-4)

Сондай-ақ Оның Раббылық пен Тәңірліктегі және есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығын шын жүректен кесімді түрде растау.

41-сұрақ:

Аллаһтың тәңірліктегі жалғыздығы нені білдіреді?

Жауабы:


Бұл сөзбен амал арқылы орындалатын құлшылықтың барлық әшкере және жасырын түрлерін тек Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа қана бағыштауды, екінші жағынан Аса Құдіретті Аллаһтан басқа кімге де болса табыну мүмкіндігін теріске шығаруды білдіреді. Өйткені, Аллаһ Тағала былай деген:

«Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді әмір етті». (Исра, 23)

«Аллаһ (Тағалаға) құлшылық қылыңдар. Оған ешнәрсені ортақ қоспаңдар». (Ниса, 36)

Аллаһ Тағала тағы былай деді:

«Рас, Мен Аллаһпын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан Маған құлшылық ет! Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында». (Таһа, 14)

Басқа да көптеген аяттарда осы мағына айтылған.

Осылайша мойындау арқылы «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» деген куәлік іс жүзінде орындалады.

42-сұрақ:

Аллаһтың Тәңірліктегі жалғыздығының қарама-қарсысы не нәрсе?

Жауабы:


Мұның қарама-қарсысы – көпқұдайшылдық (ширк), ол екі түрлі болады:

Үлкен ширк – Аллаһтың жалғыздығына түгелдей кереғар, ал кіші ширк – Оның жалғыздығының кемелдігіне кереғар.

43-сұрақ:

Үлкен ширк деген не?

Жауабы:

Үлкен ширк – адамдардың Аллаһ Тағаладан басқа әлдебіреулерді бүкіл әлемнің Қожасына теңестіре бастауы, Аллаһ Тағаланы қандай сүйсе, оны да сондай сүюі. Аллаһ Тағаладан қандай қорықса, одан да сондай қорқуы, одан пана іздеуі, оған жалбарынуы, одан үрейленуі, одан әлденені өтінуі, оған жақын болуға ұмтылуы, оған сиынуы немесе Аллаһ Тағалаға бойсұнудан алыстап оған бойсұнуы немесе бұлай ету Аллаһ Тағалаға ұнамаса да, оған ілесуі немесе осыған ұқсас бірдеңелерді істеуі.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ (Тағала) Өзіне ортақ қосуды кешірмейді де бұдан өзге қалған кісісін кешіреді. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында жала жауып, зор күнәлі болды». (Ниса, 48)

«Ал және кім Аллаһқа ортақ қосса, расында өте қатты адасады». (Ниса, 116)

«Кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған жәннәтты харам етеді. Оның орны тозақ болады». (Мәида, 72)

«Кім Аллаһқа ортақ қосса, сонда ол көктен құлап, оны құс іліп әкететін немесе оны ұзаққа жел ұшырып кеткен нәрсе сияқты46». (Хаж, 31)

46Бұл аятта түпсіз құрдым туралы айтылуда.

Осыған байланысты басқа да көптеген аяттарды келтіруге болар еді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Аллаһ Тағаланың Өз құлдарындағы мүлтіксіз орындалуы тиіс ақысы, олардың Аллаһқа ғана табынуы және Одан басқа ешнәрсеге табынбауы, ал, Аллаһтан басқа ешнәрсеге табынбаған құлдарының Аллаһ Тағаладағы ақысы – Аллаһ Тағаланың оларды азапқа дұшар етпеуі». (Бұхари, Мүслім)

Анық үлкен ширкке түскен құрайыш кәпірлері47 мен соларға ұқсағандар дінінен шығады. Сондай-ақ іштей кәпір күйінде қалып, сырт көзге Исламды ұстанатын, сөйтіп, Аллаһ Тағаланы алдамақ болған екіжүзділер де Ислам дінінде емес.

47Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұтқа табынған руластары.

Аллаһ Тағала былай деді:

«Негізінен мұнафиқтар тозақтың ең төмен қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың. Бірақ тәубе еткендер, өздерін түзеткендер48 және Аллаһқа жабысып, діндерінде ықыласты болғандар, міне солар, мүміндермен бірге». (Ниса, 144-145)


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет