Шейх Хафиз ибн Ахмад әл-Хаками АҚида бойынша



бет14/16
Дата09.04.2019
өлшемі2.29 Mb.
#102640
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

«Аллаһ Тағала тура жолды мысал ретінде пайдаланды. Бұл жолдың екі жағына да шарбақ қойылған, оларда ашық есіктер бар, ал есіктерде түсірілген перделер бар. (Осы жолға әкелетін) қақпаларда: «Ей адамдар, тура жолға түсіңдер және бөлінбеңдер»-дейтін жаршы-шақырушы тұрады. Ал басқа жаршы-шақырушы сол жол үстінде тұрып, егер адам есіктердің біреуін ашқысы келсе, оған: «Ей, сорлы, (бұл есікті) ашпа, егер оны ашсаң, оған әлбетте кіресің»,-дейді. Мұндағы тура жол – Ислам, шарбақтар – Аллаһ Тағаланың шекарасы, ашық есіктер – Аллаһ Тағаланың тыйымдары, жол басында тұрған жаршы-шақырушы, ол – Аллаһ Тағаланың Кітабы, ал жол үстінде тұрған жаршы-шақырушы384 – әрбір мұсылманның жүрегіндегі Аллаһ Тағаланың насихаттаушысы». (Ахмад, Бұхари)

Періштеден шығатын және адамды ізгілікке бағыттайтын ішкі сезім.

185-сұрақ:

Тура жолмен жүруге және одан ауытқымауға не нәрсе мүмкіндік береді?

Жауабы:


Бұл (әрбір) адамның Құран мен Сүннетті берік ұстанып, ол екеуінің талабына сәйкес амалдар жасап, олар белгілеген шекарада тоқтаумен ғана мүмкін болады. Тек осы ғана таза таухид жолында болуға және Аллаһ Тағаланың елшісіне (с.а.с.) өз дәрежесінде ілесуге мүмкіндік береді. Өйткені, Аллаһ Тағала:

«Ал және кім Аллаһқа, Елшіге бойсұнса, міне солар; Аллаһ Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас»,-дейді.

(Ниса, 69)

Бұл аяттағы айтылған, Аллаһ Тағала нығмет берген адамдар, Құранның бірінші сүресінде баян етілген тура жолмен жүрушілердің дәл өзі. Аллаһ Тағала айтты:

«Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөлегендердің жолына!»

(Фатиха, 6-7)

Аллаһ Тағаланың құлы үшін оны тура жолға бастап, одан ауытқудан қашықтатудан артық болатын нығмет жоқ. Міне, осындай жағдайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз үмметін қалдырды, бұл туралы ол:

«Мен сендерді түні күндіз сияқты әппақ айдан да анық жолда қалдырдым, менен кейін ол жолдан шаруасы біткен (адамнан) басқа ешкім ауытқымайды». (Ахмад, Ибн Мәжәһ, Хаким)

186-сұрақ:

Сүннеттің қарама-қарсысы не?

Жауабы:

Оның қарама-қарсысы адамдардың өздері ойлап тапқан бидғадтары385, басқаша айтқанда, өзіне Аллаһ Тағала бұйырмаған нәрсені шариғат қылып алу.

385Бидғат – дінге жаңалық енгізу.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«(Егер) кімде-кім біздің ісімізге386 оған қатысы жоқ бір нәрсе енгізетін болса, ол қабылданбайды»,-деген. (Бұхари, Мүслім)

386Яғни; шариғатқа

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Сендер менің сүннеттіме және тура жолмен жүрген шыншыл халифалардың сүннетіне ілесулерің қажет. Оны мықты ұстаныңдар да одан айрылмаңдар387, жаңа ендірілгендерден аулақ болыңдар, өйткені, әрбір жаңа ендірілген (нәрсе), ол – адасу». (Ахмад, Әбу Дауд, Термизи, Ибн Мәжәһ)

387Сөзбе-сөз; тістеп, айрылма.

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) болашақта мұндай адасудың сөзсіз болатынын айтып, адасудан кімдердің аман қалатыны жайлы хабар берген.

Ол туралы мына хадисте айтылады:

Риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Менің үмметім жетпіс үш тайпаға бөлінеді, олардың біреуінен басқасы тозаққа түседі». (Адамдар) сұрады: «О, Аллаһтың елшісі, олар (тозақтан аман қалатындар) кімдер?». Ол айтты: «Мен және сахабаларым ұстанған нәрсеге ілескендер».

(Хаким, Термизи)

Аллаһ Тағала Өз пайғамбарын жаңалық енгізушілерден бөлектеп былай деді:

«Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ388. Сөзсіз олардың ісі Аллаһқа тән». (Әнғам, 159)

388Яғни, сен олар үшін жауапты емессің, сен оларға дұрыс жолды көрсетіп, оларды қауіпті болатын нәрселер туралы ескертуге ғана міндеттісің.

187-сұрақ:

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанұясына және сахабаларына қандай қатынас жасау керек?

Жауабы:


Біз үшін міндетті нәрсе: біздің оларға қатысты шыншыл, адал болуымыз, олар туралы ешқандай жаман сөз айтпауымыз, адамдарға тек олардың абырой-адамгершілігі туралы айтуымыз, олардың кемшіліктері мен олардың арасында туындаған қайшылықтарды айтудан тиылуымыз, олар туралы Аллаһ Тағала Таурат, Інжіл және Құранда қалай айтқан болса, біз де солай еске алуымыз, сондай-ақ олардың абырой-адамгершіліктері туралы сахих хадистерде және басқа белгілі кітаптарда айтылғандарға сәйкес пікірде болуымыз.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мұхаммед – Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рукуғте, сәждеде көресің. Олар Аллаһтан мархамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделердің іздерінің дерегі бар389. Олардың Тауратта да сипаттары390, Інжілде де сипаттары бар; бұл басжарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін391. Аллаһ, олардан иман келтіріп, ізгі іс стегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті». (Фатх, 29)

389Бұл жерде көп құлшылық (намаз) кезінде сәжде әсерінен олардың жүздерінің ішкі нұрмен сәулеленетіні туралы айтылуда.

390Яғни Тауратта солай сипатталған.

391Бұл жерде мұсылмандардың көптігі және ауызбірлігі туралы айтылуда.

«Иман келтіргендер, отандарынан ауғандар392, Аллаһ жолында соғысқандар, муһажирлерді орналастырып, көмек еткендер, міне, бұлар – нағыз мұсылмандар. Оларға жарылқау мен көркем несібе бар». (Әнфәл, 74)

392Бұл жерде мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға көшуі туралы айтылуда.

«Муһажир393, ансарлардан алғаш иман келтіргендер394 және ихсанмен395 оған ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ, олар үшін ішінде мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жәннәттар әзірледі. Осы ірі мұрат». (Тәуба, 100)

393Яғни, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) артынша Меккеден Мәдинаға көшкендер

394Яғни, Исламды басқалардан бұрын қабылдап, олардан озғандар

395«Ихсан», бұл жерде сөзбен және амалмен расталған шын мәніндегі сенім туралы айтылуда.

«Шынында Аллаһ, бір бөлімінің жүректері ауытқуға таяған ауыршылықтан396 кейін Пайғамбарға ерген муһажирлер мен ансарлардың397, Пайғамбардың тәубелерін қабыл етті398». (Тәуба, 117)

396Бұл жерде 630-жылғы қиын жағдайда жасалған Тәбук жорығы туралы айтылуда.

397Меккеден қоныс аударғандарды қабылдаған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жақтаушылары болған Мәдина тұрғындары

398Яғни, тәубені қабылдап қана қоймай, Ол мейірімділік көрсетіп, кешірім сыйлайды.

«Әсіресе сондай жұрттарынан, малдарынан қуылғандар; Аллаһтан мархамет, ризалық іздеп, Аллаһқа, Оның елшісіне көмек еткен пақыр муһажирлер үшін. Міне солар шыншылдар. Бұрыннан Мәдинеде қоныстанған иман иелеріне де (беріледі). Олар өздеріне босып келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбіңдік болмады. Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді». (Хашыр, 8-9)

Аллаһ Тағаланың Бәдір шайқасының қатысушыларын көргеніне және «Не істесеңдер де еріктеріңде, Мен сендерді кешірдім399» (Бұхари, Мүслім) дегенін біздер білеміз және сенеміз, ал олар үш жүз он адамнан көбірек еді. Және ағаштың түбінде тұрып анттасқандардың400 ешқайсысы тозаққа кірмейтініне сенеміз, олардан Аллаһ Тағала разы, Аллаһ Тағаладан олар разы401, олар бір мың төрт жүз адам еді, бағзы біреулер олардың бір жарым мың адам екенін айтады. Аллаһ Тағала айтты:

«Расында Аллаһ, мүміндерден ағаштың астында саған серт берген сәтте, разы болды да, олардың жүректеріндегіні білді». (Фатх, 18)

399Бұл жерде Аллаһ Тағала олардың күнәларын Қиямет күні кешіретіні туралы айтылуда.

400628 жыл Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге умра жасауға қатысқандардың Худайбияда Исламға адалдық туралы мұсылмандардың ағаш түбінде берген анттары. Бұл ант «Аллаһқа ұнаған ант» (байъатур-ридуан) деген ат алды.

401Бұл жерде Мүслім, Әбу Дауд және Термизи келтірген сахих хадистің мазмұнына сілтеме бар. Бұл хадис Жабирден (р.а.) келтірілген. Онда Аллаһ Тағаланың елшісі былай деген:

«Ағаш түбінде ант бергендердің ешқайсысы тозаққа кірмейді».

Біз олар діни үмметтердің ішіндегі ең жақсы үмметтің ең жақсы ұрпағы екеніне402 және олардан кейін келген (адам) Ухуд тауының (үлкендігінің) мөлшеріндей алтын жұмсаса да олардан болған біреудің бір қос уыс немесе бір қос уыстың жартысын жұмсағанына тең бола алмайтынына куәлік береміз. Біз оларды күнә атаулыдан пәк еді деп есептемесек те, олардың қателік жасауы мүмкін десек те, олар ақиқатты іздеп табуға бар күшін жұмсаған-ды, кім жетістікке жетсе, жұмсаған күш-жігері үшін, оған екі есе сауап лайық, ал қателескенге – бір сауап, және олардың қателіктері кешірілген. Және олар сондай абырой-адамгершілікке ие болғандар және сонша ізгі іс істегендер еді, олар егер қандай да бір жаман амал істеген болса, ізгі істері олардың жаман амалдарын жуып кететін. Бүтіндей теңізге азғантай таза емес нәрсе түссе, ол теңізді өзгерте алар ма еді? Аллаһ Тағала олардан разы болғай және Аллаһ Тағала оларды Өзінен разы қылғай дейміз.

402Бұл жерде Бұхари және Мүслім, Имран ибн Хусайнның (р.а.) сөзінен алынған хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздерін келтіреді:

«Менің замандастарым адамдардың ең жақсысы, сонсоң – соларға ілесушілер».

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанұя мүшелері болған оның әйелдері туралы да осыны айтамыз. Оларды Аллаһ Тағала барлық таза емес нәрселерден құтқарған және оларды бүтіндей тазартқан.

Және біздер Аллаһ Тағаланың елшісінің (с.а.с.) сахабалары, оның жалпы жанұя мүшелері туралы немесе олардан кімді болса да біреуді жекелеп жаман сөз айтқандар мен жаман ойлағандардан мүлдем аулақпыз және біз Аллаһ Тағаланың елшісінің (с.а.с.): «Менің сахабаларымды жамандамаңдар»403 (Бұхари, Мүслім), деген өсиетіне сай оларды сүйетінімізге, оларды қолдап және оларды шамамыз жеткенше қорғайтынымызға Аллаһ Тағаланың куә болуын жалбарынып сұраймыз. Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Менің сахабаларыма қатысты (мәселеде) Аллаһтан, Аллаһтан (қорқыңдар!), менің сахабаларыма қатысты (мәселеде) Аллаһтан, Аллаһтан (қорқыңдар!) Менен кейін оларды шабуыл нысанасына айналдырмаңдар. Өйткені, кім оларды сүйсе, мені сүйгені себепті оларды да сүйеді, ал кім оларды жеккөрсе, мені жеккөргені себепті оларды да жеккөреді». (Термизи, Ахмад)

403Әбу Саъид әл-Худридың (р.а.) сөздерінен алынған және Бұхари мен Мүслім риуаят еткен бұл хадиске жазбагердің, оған Аллаһ рахмет етсін, жасаған сілтемесі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Менің сахабаларымды балағаттамаңдар, егер біреу Ухуд тауындай алтын жұмсаса да, олардың кез-келгенінің (сарып еткендерінің ) бір қос уысына да, жарты қос уысына да тең келе алмайды».

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені риуаятталады:

«Және мен сендерге екі қымбат нәрсені қалдырамын. Олардың біріншісі – Аллаһ Тағаланың Кітабы, онда һидаят (тура жол) пен нұр бар, ендеше Аллаһ Тағаланың Кітабын алыңдар да және одан айрылмаңдар», – және ол Аллаһ Тағаланың Кітабына ілесуге (адамдарды) үгіттеуге кірісті – «(Екінші қымбат нәрсе) менің жанұям» – (және осыдан кейін Пайғамбарымыз үш рет қайталады) – «...мен тағы да менің жанұяма қатысты (нәрседе) Аллаһтан (қорқуларың қажет екендігі) туралы ескертемін». (Мүслім, Ахмад, Хаким)

Мысал ретінде басқа да хадистерді келтіруге болады.

188-сұрақ:

Тұтас алғанда сахабалардан қадірлілері кімдер?

Жауабы:

Ең абыройлылары – ең бірінші озушылар404, яғни муһажирлер мен ансарлардан алғашқы иман келтіргендер, одан кейін Бәдір соғысына қатысқандар, сонсоң – Ухуд шайқасына қатысқандар, сонсоң – Аллаһқа жағымды ант берген адамдар, одан кейін – барлық қалғандары. Ал Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерден (Меккенің) алуынан бұрын Аллаһ жолында мал сарып қылып соғысқан кісі, одан кейін мал сарып етіп, соғысқан кісімен тең емес405. Олар дәреже тұрғысынан артық. Сондай-ақ Аллаһ бәріне де жақсылық уәде етті». (Хадид, 10)

404Қараңыз: Тәуба, 100

405Яғни, олар Меккені мұсылмандар алғаннан кейін шайқасқандармен тең емес.

189-сұрақ:

Сахабалардан атап айтқанда ең абыройлысы кім?

Жауабы:


Абдуллаһ ибн Умардың, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, былай дегені риуаятталады:

«Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде біз Әбу Бәкірге ешкімді теңгермейтінбіз, одан кейін – Умарға, одан кейін –Усманға, солардан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларынан ешкімді бір-бірінен ерекшелемейтін болдық». (Бұхари, Әбу Дауд, Термизи)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үңгірде406 Әбу Бәкірге (р.а.):

«Үшіншісі Аллаһ Тағала болған екеу туралы не айтасың?» (Бұхари, Мүслім), дегені риуаят етіледі.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Егер маған үммметімнен бір дос407 таңдау керек (болғанда), онда мен Әбу Бәкірді таңдар едім, бірақ ол менің бауырым әрі сахабам»408. (Бұхари, Мүслім)

406Яғни, Меккеден Мәдинаға қоныс аудару кезінде қуушы құрайштықтардан үңгірде жасырынған уақытта

407Яғни ең жақсы көретін адамды деген сөз. Құранда Аллаһ Тағала ең жақсы көретін адамым деп Ибраһимды (а.с.) атаған.

408Бұл хадистің Мүслім келтірген риауятында, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«…бірақ Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағала Өзінің сүйіктісі етіп сендердің жолдастарыңды* таңдады», деген.

*Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі туралы айтуда.

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні:

«Ақиқатында, Аллаһ Тағала мені сендерге жіберді, және сендер: «Сен жалған айттың»-дедіңдер, ал Әбу Бәкір: «Сен рас айттың!»,-деді, және ол маған малымен де, жанымен де көмектесті, енді менің сахабамды тыныш қоясыңдар ма, жоқ па?»-деп екі рет айтқаны риуаятталады. (Бұхари)

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні:

«О, Ибн Хаттаб, менің жаным қолында болған Затпен ант етейін, егер бір жол үстінде шайтан сені кездестірсе, ол міндетті түрде басқа жолды таңдар еді»,-дегені риуаят етіледі. (Бұхари, Мүслім)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені де риуаятталады:

«Сендерден бұрын өткендер арасында жоғарыдан сездірілетіндер болған409, және менің үмметімде сондай бір адам табылса, ол, ақиқатында, Умар». (Бұхари, Мүслім)

409Мұны пайғамбарларға түсірілген уахимен шатастыруға болмайды.

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға қасқыр мен сиыр туралы әңгіме айтып болып:

«Ақиқатында, мен бұған сенемін, және (ол жерде болмаған) Әбу Бәкір мен Умар да сенеді410»,-дегені риуаят етіледі. (Бұхари, Мүслім)

410Бұл сөздер Әбу Бәкір мен Умардың, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, ұлы қасиеттері туралы баяндайтын үлкен хадистің бөлігі болып табылады. Бұл хадисте қасқыр мен сиыр туралы кәдімгі түсінік-ұғымға тура келмейтін әңгімені естігенде адамдар таңырқаған кезде, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Бұған мен сенемін және (ол жерде болмаған) Әбу Бәкір мен Умар да сенеді»,-деген.

Әбу Бәкір мен Умар, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, өздерінің имандарының кемелдігі себепті және түсінігінің жоғары дәрежеде болуы себепті ешқандай күмәнданбай және таңырқамай бұл айтылғанға сенетіндіктерін хабарлаған, өйткені, олар Аллаһ Тағала аса мол құдіретке Ие екені және Аллаһ елшісінің (с.а.с.) шыншылдығын, сондай-ақ ол ешнәрсені ойдан шығарып айтпағандығын біледі.

Және руиаят етіледі:

«Аллаһ Тағалаға ұнамды ант беру кезінде, Усман Меккеге кеткенде411, Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.): «Бұл қол – Усманның қолы» дегенді айтқысы келіп, оң қолын көтеріп, сонсоң онымен сол қолын ұрды да: «Бұл – Усман үшін» 412,-деді». (Бұхари, Термизи)

411Усман (р.а.) Мекке шекарасында орналасқан Худайбияда келіссөздің аяқталуын күтіп жатқан, умра жасауға келген мұсылмандарға қарсылық көрсетуді ұйғарған құрайыштықтармен келіссөз жүргізу үшін Меккеге кеткен-ді.

412Басқаша айтқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Усман (р.а.) белгілі себеппен қатыса алмай қалмағанда мұндай антты сөзсіз беретініне толық сенімді болғандықтан Усман үшін Аллаһ Тағала ұнамды ант берді.

Сондай-ақ және риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Кім Рум құдығын аршыса, (оның сыйлығы) – жәннәт», оны Усман аршыды»413. (Бұхари)

413Яғни, құдықты тазалау жұмысы үшін ақысын төледі.

Және риауят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Кім әскерлерді қиын (сапарға) жабдықтаса414, (оның сыйлығы) –жәннәт», сонда оны жабдықтағандардың бірі Усман (р.а.) болды.

414Бұл жерде Табук жорығына мұсылман әскерлерін жасақтау туралы сөз болуда.

Және Усман (р.а.) туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Одан періштелер ұялады, мен қалайша одан ұялмайын?!»,-дегені хабар етіледі.

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әлиге (р.а.):

«Сен – мененсің, мен – сененмін»,-деген. (Бұхари, Термизи, Ахмад)

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Әли Аллаһ Тағаланы және Оның елшісін сүйеді, ал Аллаһ Тағала мен Оның елшісі оны сүйеді415». (Мүслім, Термизи)

415Бұл – ұзын хадистің бөлігі. Онда Хайбар жорығы кезінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені келтірілген:

«Мен бұл туды Аллаһ Тағала сол арқылы (бізге) жеңіс сыйлайтын адамға міндетті түрде тапсырамын. Ол Аллаһ Тағаланың және Оның елшісін сүйеді».

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні Әлиге (р.а.):

«Мұсаның қасында Харун қандай (орын алса) болса, сен маған сондай болғың келе ме, бірақ менен кейін пайғамбар келмейді»,-деген. (Бұхари, Мүслім)

Саъид ибн Зайдтың (р.а.) сөзінен алып риуаят етілуінше, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Он адам жәннәтта (болады): Пайғамбар жәннәтта болады, және жәннәтта Әбу Бәкір (болады), және Умар жәннәтта (болады), және Усман жәннәтта (болады), және Әли жәннәтта (болады), және Талха жәннәтта (болады), және Зубайр ибн Аууам жәннәтта (болады), және Саъид ибн Мәлик жәннәтта (болады) және Абдур-Рахман ибн Ауф жәннәтта (болады)», егер қаласаңыздар, оныншыны да атаймын»,-деді, адамдар сұрады: «Ол кім?», бірақ ол үндемеді. Адамдар тағы да сұрады: «Ол кім?» Ол айтты: «Ол – Саъид ибн Зайд». (Әбу Дауд, Термизи)

Және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені хабар етілген:

«Менің үмметімнен оның мүшелеріне ең мейірімдісі – Әбу Бәкір, Аллаһ Тағаланың дініндегі ең табандысы – Умар, дүние-мүлікке мұрагерлікке қатысты заңдардың ең жетігі – Зайд ибн Сәбит, Аллаһ Тағаланың кітабын ең жақсы қырағат қылушы416 – Убай ибн Каъб, халал мен харамның ең білгірі Муъаз ибн Жәбәл, әр үмметтің ең сенімдісі бар, бұл үмметтің сенімдісі – Әбу Убайда ибн Жаррах». (Ахмад, Термизи, Хаким)

416Яғни, Құранды жатқа білетін және барлық ережесіне сай оқитын адам

Хасан мен Хусайн417 туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Хасан мен Хусайн жәннәт жастарының мырзалары болады»,-дегені риуаят етілген. (Бұхари, Хаким)

417Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немерелері

Және ол (с.а.с.) айтты:

«Олар – менің бұл дүниедегі райханым» 418. (Бұхари, Термизи)

418Базилик – хош иісті өсімдік. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі үшін немерелерін бұл дүние қуаныштарының бірі деп білген.

Сондай-ақ олар туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«О, Аллаһ, шын мәнінде мен оларды сүйемін, оларды Сен де сүйе көр!» (Бұхари, Термизи)

Хасан туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені риуаят етілген:

«Ақиқатында, менің бұл балам419 мырза (болады), және бәлки Аллаһ Тағала ол арқылы мұсылмандардың өте үлкен екі тобын татуластырады», және шындығында да кейіннен солай болды420. (Бұхари, Термизи, Әбу Дауд, Ахмад)

419Яғни; еркек жынысты ұрпақ

420661 жылы Әлиді өлтірген соң Хасан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанұя мүшелерінің жасы үлкені болғандықтан ол Ирактың халифасы деп жарияланды; бірақ бірнеше айдан соң ол мұсылмандар арасындағы күресті тоқтату мақсатында халифалықтан бас тартып, билікті Муғауияға берді.

Сондай-ақ, олардың анасы421 туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Фатима жәннәттағы әйелдердің ханымы (болады)»,-дегені риуаятталады.

421Яғни; өз қызы Фатима

Және көптеген басқа хадистерде барлық сахабалардың және олардың жекелеген өкілдерінің сансыз көп қадір-қасиеттері туралы айтылған, алайда олардан қайсыбіреулерінің қандай да бір қадір-қасиетке ие болуы, олар қалғандарынан бұл мәселеде басым түсуші еді деген ұғымды білдермейді, және бұл айтылғандар төрт шыншыл әділетті халифалардан басқалардың бәріне тиісті. Мұндай қорытынды Ибн Умардың, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, сөздерімен риуаятталған хадиске сүйеніп алғашқы үш халифаға қатысты айтуға болады, ал Әли туралы айтар болсақ, мұсылман үмметі мүшелерінің бір ауызды пікірлері бойынша, алғашқы үш халифадан кейінгі жер бетінде өмір сүрушілердің ең қадір-қасиетті, абыройлы әрі лайықтысы Әли (р.а.) болды.

190-сұрақ:

Аллаһ Тағаланың елшісінің (с.а.с.) өлімінен кейін халифалық422 қанша уақыт өмір сүрді?

422Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) орынбасарлары ретінде шыншыл халифалардың басшылық жасаған кезіндегі халифалық туралы айтылуда.

Жауабы:


Сафинаның (р.а.) сөзінен риуаятталған: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Пайғамбарлық халифат отыз жыл өмір сүреді, одан кейін Аллаһ билікті кімге қаласа, соған тапсырады». (Әбу Дауд, Термизи, Ахмад, Хаким )

Және халифат, Әбу Бәкір, Умар, Усман және Әли, Аллаһ олардан разы болсын, басқарған кезде, шынымен сонша уақыт өмір сүрді, одан Әбу Бәкір (р.а.) екі жыл және үш ай халифа болды, Умар (р.а.) – он жыл алты ай, Усман (р.а.) – он екі жыл, ал Әли (р.а.) төрт жыл және тоғыз ай және Хасан ибн Әли, Аллаһ Тағала ол екеуінен разы болсын, басқарған алты айды есептегенде, барлығы дәл отыз жыл болады. Алғашқы патшалықтың негізін қалаушы, олардың ең жақсысы әрі лайықтысы Муғауия (р.а.) болды, одан кейін Умар ибн Абдулазизға, Аллаһ оны рахмет еткей, билік ауысқанға дейін созылған әділетсіз басқарушылардың кезеңі басталған-ды.

Сүннетті ұстанушылар ол алғашқы төрт халифаның ізімен жүргендіктен, оны, тіпті бесінші халифа деп те есептейді.

191-сұрақ:

Бұл төртеуінің шын мәнінде әділ де шыншыл халифа болғандарына не дәлел бола алады?

Жауабы:

Ондай дәлелдер өте көп.

Олардың бірі – халифат мерзімінің отыз жылмен шектелуі және олардың билік жүргізу уақытының осы мерзіммен дәл келуі. Ондай дәлелдердің және бірі – бұрын айтылғандай олардың басқалардан артық құрметтелуі. Сондай-ақ, олардың бір-бірінен артықшылығы, бұл артықшылық олардың билік жүргізу кезеңінен де білінеді.

Барлық беделді адамдардың оларды шыншыл да әділ халифалар болғандығын бір ауыздан мойындауы бұлтартпайтын дәлел болып табылады. Бұған адасушылар мен бидғатшылардан басқа ешкім де қарсы болған емес.

192-сұрақ:

Олардың алғашқы үшеуінің шын мәнінде әділ де шыншыл халифа болғанына қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Бұған дәлелдер көп. Оған жоғарыда айтылғандар кіреді, сондай-ақ Әбу Бәкірдің (р.а.) сөзінен алынған риуаяттағы хадис те дәлел бола алады. Онда Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Сендерден кім түс көрді?»-деп сұрағаны айтылады. Бір адам айтты: «Мен көрдім, түсімде аспаннан таразы түсіріліпті-ау деймін, онда сені мен Әбу Бәкірді өлшеді, сен Әбу Бәкірден ауыр келдің, сонсоң Умар мен Әбу Бәкірді (өлшеді), Әбу Бәкір ауыр келді, сонсоң Умар мен Усманды (өлшеді), Умар ауыр келді, (содан) кейін таразылар жоғары көтеріп әкетілді». (Әбу Дауд, Термизи, Хаким)

193-сұрақ:

Әбу Бәкір (р.а.) мен Умар (р.а.) әділ де шыншыл халифа болғандығы туралы жалпы не айтуға болады?

Жауабы:


Бұған дәлелдер көп. Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Мен түсімде құдықтың қасында өзімді көрдім, оның шетінде шелек бар екен, сонсоң мен құдықтан Аллаһ Тағала қанша қаласа, (сонша су) алдым. Сонсоң бұл шелекті Ибн Әбу Кухафа423 алды және ол құдықтан бір яки екі шелек су алды, кейін, осыны істеуде ол әлсіздік танытты424, және Аллаһ Тағала оның бұл әлсіздігін кешірді. Сонсоң бұл шелек теріден істелінген үлкен қауғаға айналды, оны Ибн Хаттаб алды, мен адамдардан қандай да бір басшының дәл Умар алғандай су алғанын көрген емеспін. Бұл (іс) адамдар малдарын дем алдыруға айдап жібергенше жалғасты425»,-дегені риуаятталады. (Бұхари, Мүслім)

423Әбу Бәкірдің лақаб аты

424Бұл жерде Әбу Бәкір (р.а.) басшылығының қысқа мерзімді болатындығы туралы айтылуда.

425Яғни, адамдар өздері де ішіп, түйелерін де суарып, сонсоң дем алуға кірісті.

194-сұрақ:

Әбу Бәкірдің (р.а.) бірінші халифа болғанына не дәлел бар?

Жауабы:


Бұған дәлел көп. Оның біразын жоғарыда келтірдік. Мына хадисті де солардың қатарында келтіруге болады. Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір күні бір әйел бір рет келгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған және бір рет келуін бұйырғаны туралы риуаят етіледі. (Сонда) әйел: «Айтшы, егер қайта келіп, сені таба алмасам қайтемін?»-деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Егер мені таппасаң, Әбу Бәкірге жолыққын». (Бұхари, Мүслім)

Сондай-ақ мына хадис Айшаның (р.а.) сөздерінен алынып риуаят етіледі: ол айтты:


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет