Шейх Хафиз ибн Ахмад әл-Хаками АҚида бойынша



бет13/16
Дата09.04.2019
өлшемі2.29 Mb.
#102640
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Жаман ырымдарға сену – ширк, жаман ырымдарға сену – ширк». (Ахмад, Хаким, Термизи)

Риуаят етіледі: Ибн Масъуд (р.а.) айтты:

«Біздің арамызда (мұндай нәрсе қандай да бір мөлшерде тиісті болмаған) ешкім жоқ, бірақ оны Аллаһ Тағалаға тәуекел ету кетіреді».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Ырым дегеніміз – сені өткізген немесе қайтарған нәрсе».

Абдуллаһ ибн Амрдің (р.а.) сөзінен риуаят етілуінше, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Біреуді қажетті нәрседен жаман ырым тоқтатса, ол ширкке кіріпті»,-дейді. Адамдар сұрады: «Мұның жуылу жолы қандай?» Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Мұның (жуылуы): «О, Аллаһ, Сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ, Сенің құсыңнан басқа құс жоқ356 және Сенен басқа тәңір жоқ» деуің». (Ахмад)

356Бұл жерде тағдыр туралы айтылуда.

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Бәрінен жақсысы – үміт, ал (жаманы) мұсылманды тоқтатпасын. Егер сендерден біреуің өзіне ұнамайтын бір нәрсені көрсе: «О, Аллаһ, Сенен басқа жақсылық сыйлаушы жоқ, Сенен басқа жамандықты қайтарушы жоқ, Сенен басқа ешкім күш-қуат бермейді», деп айтсын». (Әбу Дауд)

173-сұрақ:

Көз тию туралы не айтуға болады?

Жауабы:


Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Көз тию – ақиқат (нәрсе) 357». (Бұхари, Мүслім)

357Яғни, көз тию бар нәрсе.

Сондай-ақ бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір күңнің жүзінен қара дақ көріп:

«Дем салыңдар, өйткені, шынында, назарланып қалыпты»,-дегені риуаят етілген.

Айша (р.а.) айтты:

«Пайғамбар (с.а.с.) жаман көзден дем салуды маған бұйырды (немесе ...бұйырды)». (Бұхари, Мүслім)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Көз тиюден және (улы жәндіктердің) уынан басқаға дем салудың қажеті жоқ», дегені риуаят етіледі. (Әбу Дауд, Термизи, Ахмад)

Бұл туралы біз келтірмеген басқа да сахих хадистерде айтылады, және олардағы негізгі ой бұлардың (дем салу, үшкіру, т.б.) бәрінің әсері тек Аллаһ Тағаланың рұқсатымен ғана іске асатынын баса көрсетуге саяды. Ал біздің көптеген бұрынғы игі кісілеріміз, олардан Аллаһ разы болсын, бұл хадистерді Аса Жоғары Мәртебелі және Ұлы Аллаһтың сөздерін түсіндіру кезінде пайдаланған.

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды». (Қалам, 51)

174-сұрақ:

Күнәлардың (маъаси) неше түрі бар?

Жауабы:

Күнәлар кіші (сағаир), (бұларды нашар істер (сайиат) деп те атайды) және үлкен (кәбәир) (бұларды өлтіретін күнәлар (мубиқат) деп атайды) боп екіге бөлінеді.

175-сұрақ:

Кіші күнәлар немен өтеледі?

Жауабы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Егер сендер тиым салынған нәрселердің үлкенінен сақтансаңдар, сендердің жамандықтарыңды жасырып, өздеріңді құрметті орынға кіргіземіз». (Ниса, 31)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды». (Худ, 114)

Сөйтіп, Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ адамдар салих амалдар істеп әрі үлкен күәналарды жасаудан аулақ жүрсе, солар арқылы жаман істердің жойылатынын білдіреді. Бұл ой Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына хадистерінде де айтылған:

«Жаман іс істесең, артынша қандай да бір жақсы іс істе, ол жаман істі өшіреді358». (Ахмад, Термизи)

358Хадистің толық мәтінінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері келтірілген:

«Қай жерде болсаң да Аллаһ Тағаладан қорыққын, бір жаман нәрсе істесең, артынан оны жоятын қандай да бір жақсы нәрсе істе, және адамдармен қатынасыңда игілік-ізетті бол (Аллаһ Тағаладан қорыққын)». Бұл хадис Әбу Зәрр әл-Ғифаридың (р.а.) сөзінен келтірілген.

«Жәмиул-улум уәл-хикәмда» Ибн Ражаб әл-Ханбали жазды:

«Әртүрлі кітаптардағы хабарлар бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөздерді Муъаз және Әбу Заррға өсиет еткен (айтқан) және бұл – Аллаһ Тағаланың хақы мен Оның құлдарының хақына қатысты нәрселерді қамтыған ұлы өсиет».

Сонымен қатар, басқа сахих хадистерде түрлі жаман істер мен кіші күнәлар өзіне ұнамаса да жақсылап ғұсыл құйыну359, мешітке бару, бес уақыт намазды орындау, жұма намаздарына үзбей бару, рамазан айында ораза ұстау, рамазанда қосымша құлшылық жасау, Қадыр түні Аллаһ Тағалаға жалбарыну, Ашура360 күні ораза тұту және басқа да діни борыштарды өтеу арқылы жуылатыны айтылған.

359Бұл жерде түрлі жағымсыз-жайсыз жағдайлар туралы айтылуда, мысалы, өте суық күн мен жылы судың жоқтығы.

360Мухаррам айының оныншы күні.

Бұл хадистердің көпшілігінде кіші күнәлар мен жаман істердің жуылуы үлкен күнәларды жасамау шартымен байланыстырылған және ешқандай шарттар жайлы айтылмаған хадистерде де осы ой өрбітіледі. Сонымен, үлкен күнәлар жасамау жақсы амалдар жәрдемімен немесе оларсыз да кішкене күнәлардың жуылуының қажетті шарты болып табылады екен.

176-сұрақ:

Қандай күнәлар үлкен күнәлар түріне жатады?

Жауабы:


Оның (үлкен күнәлардың) өлшемі ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары мен олардың ізін қуушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың айтқан сөздерін пайдалануға болады.

Олардың базбіреулері үлкен күнә деп Құранда ол үшін жазалау белгіленген кез-келген күнәларды айтқан.

Басқалар, Аллаһ Тағаланың ашуы мен лағынетіне апарып соғатын және тозаққа немесе басқа жазаға лайық болатын әрбір күнәні үлкен күнә деген.

Ал және басқа ғұламалар Аллаһ Тағаладан қорықпауды, дінге мән бермеу және оған көңіл бөлмеуді үлкен күнә деп есептейді. Бұл туралы басқа да пікірлер айтылған. Ал сахих хадистер туралы айтар болсақ, көптеген күнәлар олардың дәреже айырмашылығына қарамастан ауыр (үлкен) күнә деп есептелінген.

Олардың іштерінде көпқұдайшылдық пен сиқыр сияқты үлкен имансыздықты (куфрды) атап айтуға болады. Оларға, мысалы, шариғат заңы бойынша өлтірілуі тиіс болмаса Аллаһ Тағала өлтіруге тиым салған адамды өлтіру, соғыс кезінде шегіну, өсімқорлық, жетімнің ақысын жеу, жалған сөз сөйлеу, парасатты мұсылман әйелдердің сақтықта болмауын сылтауратып ол туралы өсек айту, арақ ішу, ата-анаға бағынбау және оларды құрметтемеу сияқты, аса ауыр болмаған, үлкен күнәлар жатады.

Бұлар туралы Ибн Аббас, ол екеуінен Аллаһ разы болсын:

«Олардың саны жетпіске жуық, ең үлкені жетіге дейін»,-деген.

Аса үлкен күнәларды есептеумен айналысқан кісінің, шындығында, олардың жетпістен де көп екендігіне көзі жетеді. Құран мен Сүннетте Аллаһ Тағаланың ашуы, лағынеттеуі, азаптауы секілді басқа да үрей ұшыратын қауіп-қатерге соқтыратын барлық күнәлар жайлы айтылған соң, оларды есептеуге не жосық? Мұндай есептеумен айналысқан адам, мұндай күнәлардың өте көп екенін сөзсіз білетін болады.

177-сұрақ:

Барлық кіші және үлкен күнәларды қалай жууға болады?

Жауабы:

Олардың бәрі шын ықыласпен тәубеге келумен жуылады.

Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ айтты:

«Әй, мүміндер! Аллаһқа шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларыңның жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі». (Тахрим, 8)

«Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады». (Фурқан, 70)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса361, Аллаһты естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Аллаһтан басқа кім жарылқайды?! Сонда олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды. Міне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан жарылқау және астарынан өзендер ағатын жұмақтар». (Әли Имран, 135-135)

361Яғни, тек қана өзіне зиян келтіретін күнә істесе

Бұған басқа да аяттар дәлел бола алады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Тәубе алдыңғы күнәларды жуып-шаяды».

Бір хадисте шөл далада жалғыз жолаушы келе жатып, аялдаған жерінде азғана ұйықтап кетіп, қайта оянғанда ішер суы мен жейтін тамағы (қомына) артылған түйесінің жоқ екенін көріп, зәресі ұшқаны туралы баяндалады. Сахараның ми қайнатар ыстығы мен шөл қысқан ол: «Енді өлдім ғой», дегенде, түйесін қайта тауып алып, қатты қуанғанынан: «О, Аллаһ! Сен менің пендемсің, мен Сенің Раббыңмын»,-деп жібереді.

Аллаһ Тағала бір құлының тәубе келтіргеніне сол жолаушыдан да артық қуанады. (Бұхари, Мүслім)

178-сұрақ:

Шын ықыласты тәубе (әт-тәубәтун-насух) деген не?

Жауабы:


Шын пейілмен болған тәубе, оның үш шарты бар:

- істеген күнәсынан бастарту;

- сол күнәні істегеніне өкіну;

- ол күнәні ешуақытта қайталамасқа берік шешімге келу.

Сонымен қатар, бұл істелінген күнә басқа мұсылманға зарар жеткізген болса, онда бұдан мүмкіндігінше арылу қажет болады, өйткені, олай етпеген жағдайда жәбірленген (адам) Қиямет күні міндетті түрде есесін (өшін) қайтаруды талап етеді. Себебі, мұндай күнә ешуақытта Аллаһ Тағала кешірмейтін күнәларға кіреді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Егер бір адамда қиянатпен алынған және өзінің мұсылман бауырына тиісті бір нәрсе болса, бүгін-ақ оны қайтарып берсін362, өйткені динар да, дирһам да болмайтын (Ахыретте) оның жақсы амалдарын бауырына әпереді363, егер бауырына әперетін жақсы амаладары болмаса, мұсылман бауырының жаман істерін бұған алып береді». (Бұхари, Мүслім)

362Яғни, алғанын қайтарсын немесе толық қалпына келтірсін, жәбірленушіден кешірім сұрасын және Аллаһ Тағалаға шын ықыласпен тәубе етсін.

363Бұл дүниеде жәбір көрсеткенінің төлемі ретінде

179-сұрақ:

Әрбір жеке адамның тәубесі қай уақытта қабылданбайды?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде Аллаһқа (сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп, сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Аллаһ қабылдайды. Негізінен Аллаһ, тәубені Қабыл Етуші, Ерекше Мейірімді». (Ниса, 17)

Аллаһ Тағала елшісінің (с.а.с.) сахабаларының барлығы «Аллаһ Тағалаға бағынбаудың айғағы болып табылатын әрбір іс-амал, әдейі ме әлде әдейі емес пе – бәрібір, білместіктен істелінеді» деген тұжырымға тоқтаған. Және олардың бәрі де «дереу» деген сөз адамның ажал сағатының алдындағы кез-келген уақыт деп есептеген.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені хабар етіледі:

«Ақиқатында, Аллаһ Тағала құлының тәубесін оған өлім алдындағы қырылдауы естілгенге дейін қабылдайды». (Термизи, Ибн Мәжәһ, Ахмад, Хаким)

Бұл ой басқа хадистерде де айтылған.

Егер адам өлім періштесін көрсе, жаны алқымға келіп қырылдай бастағаннан кейінгі тәубесі қабылданбайды, әрі ол құтылушылардан болмайды. Өйткені Аллаһ Тағала айтты:

«Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік, сонда олар ойбайлайды; бірақ құтылар заман емес еді». (Сад, 3)

Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағала жоғарыда айтылған сөздеріне тікелей қатысты мына сөздерді айтты:

«Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: «Енді шынайы тәубе қылдым»,-деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабыл емес». (Ниса, 18)

180-сұрақ:

Бұл дүниедегі өмірде тәубенің қабылдануы қай уақытта тоқтатылады?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңның белгілерінің кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір жақсылық істемеген364 біреудің иманы пайда бермейді». (Әнғам, 158)

364Яғни Аллаһ Тағалаға сенгенімен ізгі істер істемеген.

Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Күн батыстан шыққанша ол Сағат (Қиямет күні) келмейді, ал ол қашан (ол жақтан) шыққан кезде, адамдар оны көреді, бәрі оған сенеді, бірақ бұл (оқиға) адамға оның иманы пайда бермейтін кезде болады»,-дегені, сонсоң жоғарыда айтылған аятты оқығаны риуаят етіледі.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларының сөздерінен алынған, осындай мағынадағы басқа да көптеген хадистер белгілі.

Мәселен, Сафуан ибн Ассал Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Ақиқатында, Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағала батыста ені жетпіс жылдық жолға тең тәуба қақпасын ашты және оны ол жақтан күн шыққанша жаппайды»,-деген сөздерін жеткізеді. (Термизи, Ибн Мәжәһ, Ахмад)

181-сұрақ:

Үлкен күнәларды істеуде қасарысып жалғастырып жүріп өлген, таухидті мойындаған адам туралы не айтуға болады?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Қиямет күні, туралық таразысынан қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз365. Есеп көруде Жеткіліктіміз». (Әнбия, 47)

365Басқаша айтқанда, адам қандай да бір кішкентай (болмашы) нәрсе істесе де, Қиямет күні әділ де толық жазасын немесе марапатын міндетті түрде алады.

«Ол күнгі таразылау – шындық, сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса366, міне солар құтылушылар. Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендіктері367 себепті зиян қылды». (Ағраф,8-9)

366Яғни кімнің ізгі амалдары бұзық амадарынан ауыр келсе.

367Басқаша айтқанда, Аллаһ Тағаланың аяттарына өз дәрежесінде құрмет көрсетпеу және оларды жалған деу.

«Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да істеген жамандығының...». (Әли Имран, 30)

«Қиямет күні әркім өзін құтқаруға тырысады. Сондай-ақ әркімге істегенінің бодауы беріледі. Оларға әділетсіздік етілмейді». (Нахыл, 111)

«Аллаһқа қайтарылатын, сонсоң әркімнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық берілетін Күннен сақтаныңдар». (Бақара, 281)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Сол күні, адам баласы, амалдары көрсетілуі үшін368 топ-топ369 келеді. Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді». (Зілзәлә, 6-8)

368Яғни, Аллаһ Тағала оларға амалдарын көрсету үшін, немесе олар өздерін амалдарына сай не күтіп тұрғанын көруі үшін

369Бұл жерде, олардың жағдайлары әртүрлі: біреулері – үрейде, енді біреулері қауіпсіздікте болатыны туралы сөз болуда.

Бұған басқа да аяттар дәлел бола алады.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері хабар етілген:

«Кімнен толық есеп алынса370, ол жазаланады». Айша сұрады: «Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағала:

«Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі»,-деген емес пе еді?» (Иншиқақ, 8). Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл ұсынуға ғана (қатысты)371, бірақ, кімнен толық есеп алынса, ол жазаланады»,-деді. (Бұхари, Термизи, Ахмад)

370Қиямет күнінде

371Бұл жерде есеп-қисап немесе таразыларда тарту үшін адамдардың амалын көрсететіндігі туралы айтылуда. Ол кезде әр адамға Аллаһ Тағала оның күнәларын кешіріп қаншалықты есепсіз мейірімділік жасағанын түсінуі үшін оның барлық амалы көрсетіледі.

Бұдан бұрын біз Қиямет күні адамдардың жиналатыны, олардың Соттың басталуын күтіп тұрғандағы жағдайлары, Таразылар, амалдар жазылған дәптерлердің таратылатыны, сол амалдардың Сотқа ұсынылатыны, есеп-қисап, Сират көпірі, шапағат түрлері мен және басқа нәрселер туралы келген Құран аяттары және хадистер жайлы айтқанбыз. Осы арқылы адамдардың осы дүниеде Аллаһ Тағалаға бойсұнуы мен бойсұнбауларының дәрежелеріне қарай Ахыреттегі олардың жағдайлары және адамдардың дәрежелердегі айырмашылықтары әрі олардың арасында озушылар, ортада болушылар мен өздеріне зұлым жеткізушілер372 белгілі болады.

«Фатыр» сүресінің 362-ші аятында айтылған:

372«Және олардан әлдекім өзіне кесір тигізеді* де кейі ортада болады*. Ал тағы біреулері, Аллаһтың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерілеуші* болады…».

*Бұл жерде яки ауыр күнә істеуші мұсылман туралы яки жаман амалдары жақсы амалдарынан көп адам туралы айтылуда.

*Бұл жерде ауыр күнә жасайтын немесе жаман амалдарының саны жақсы амалдарының санына тең түсетін адам туралы айтылуда.

*Мұндай адамдарға Аллаһ Тағала Қиямет күні бәрінен бұрын рахымшылық жасайды. Бәлки, ешқандай есеп-қисапсыз жәннәтқа кіретін адамдар туралы айтылуда.

Егер бұл саған түсінікті болса, онда Құран аяттарында және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Сүннеті болып табылатын хадистерде айтылғандардан білгін, және Исламның алғашқы буыны, біздің алдымызда өткен ізгілеріміз болған сахабалар, олардың соңынан таза жүрекпен ергендер, әсіресе Құранды ең үздік түсіндіруші муфассирлер мен Сүннеттің білгірлері, бірқұдайшылдық (таухид) дінін ұстанушылардан болған күнәһарлар негізінде олар үш сатыға бөлінеді:

Бірінші: Бұған жақсы амалдары жаман амалдарынан басым түсетіндер жатады; олар жәннәтқа кіреді, және оларға тозақ оты ешуақытта тимейді.

Екінші: Бұған жақсы амалдары мен жаман амалдары тең түсетіндер жатады, нәтижесінде жаман істері олардың жәннәтқа кіруіне мүмкіндік бермейді, ал жақсы амалдары оларды оттан сақтайды.

Бұл адамдар «Ағраф»373 делінетін жерде тұрады, Аллаһ Тағала олардың жәннәт пен тозақ арасында Өзі қалаған уақытқа дейін тоқтатып тұрылатынын айтқан, содан кейін олардың жәннәтқа кіруіне рұқсат беріледі. Аллаһ Тағала бұны айтудан бұрын жәннәттықтар жәннәтқа кіретінін, ал тозақтықтар тозаққа тасталынатынын және сол уақытта бұл адамдар (Ағрафта тұрғандар) оларға (жәннәттықтарға және тозақтықтарға) тіл қататыны туралы баян еткен-ді.

373«Ағраф» (жекеше түрі – «арф»). Бұл жерде шарбақ яки жәннәт пен тозақ арасындағы қырат жер туралы айтылуда. Сол жерде болатын адамдар туралы түрлі тәфсиршілер әртүрлі пікір айтқан, жазбагер солардің біреуін ұстанған. Басқа түсініктемелер бойынша, бұл жерде періштелер немесе есеп-қисабы табыспен аяқталатындар және өз кезегін күтетіндер тұрады.

Аллаһ Тағала айтты:

«(Жәннәттағылар мен тозақтағылардың) арасында374 далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын375 біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем!» деп жәннәттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жәннәтқа кірмеген, үміт ететіндер376. Қашан олардың көздері тозақтықтар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге ете көрме!»,-дейді. Ағрафтағылар тозақтағы әлпетінен танығандарға377: «Сендерге көптіктерің378 және менмендіктерің пайда бермеді ме?» деп айғайлайды. (Оларға жәннәттағыларды көрсетіп): «Бұларға Аллаһтың рахметі тимейді деп ант ішкен адамдарың емес пе? (Ағраф тұрғындарына Аллаһ Тағала): «Жәннәтқа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ, әрі сендер қайғырмайсыңдар»,-(дейді). (Ағраф, 46-49)

374Яғни жәннәт пен тозақ арасында

375Бұл жерде жәннәттықтарды ақ жүздерінен, тозақтықтарды қара жүздерінен білуге (тануға ) болатыны туралы айтылуда.

376Яғни, олар жәннәттан күдерін үзбейді.

377Бұл жерде тозақтықтар туралы айтылуда.

378Яғни Аллаһ Тағаланың жолынан бездіру үшін сендер өз маңдарыңа жиып алған адамдарың

Үшінші: Бұл топқа кіретін адамдар үлкен күнә жасап, азғындыққа берілуден тиылмаған қалпында, бірақ таухид дінінде болып, иманын сақтаған халде Аллаһ Тағалаға жолығады. Олардың жаман амалдары жақсы амалдарынан ауыр келеді де, өз күнәларына лайық тозаққа кіреді: от олардың арасындағы біреулердің қызыл асығына дейін, енді біреулердің сирағының жартысына дейін, біреулердің тізелеріне дейін жетеді, ал қайсыбіреулердің бүкіл денесі отқа оралған күйде болады, (олардың) тек Аллаһ Тағала отқа тиым салған сәжде іздері ғана тозақ отынан аман қалады.

Міне осы топтың адамдары үшін Аллаһ Тағала біздің Пайғамбарымызға (с.а.с.), одан кейін басқа пайғамбарларға, шыншылдарға, періштелерге және кімді құрметтесе, соларға (тозақтағы адамдарды) шапағат ету құқығын сыйлайды.

Сонсоң Ол олар үшін белгілі шек қояды, және олар (шапағатшылар) оларды (тозақтағы адамдарды) тозақтан шығарады, бұдан кейін Аллаһ Тағала тағы да жаңадан шек белгілейді, олар тағы да адамдарды оттан шығарады. Осылайша олар алдымен жүрегінде бір динардың салмағындай ізгілік379 бар адамдарды шығарады, сонсоң жүрегінде динардың жартысының салмағындай ізгілік бар адамдарды шығарады, сонсоң жүрегінде бидай дәнінің салмағындай ізгілік бар адамамдарды шығарады, сөйтіп олар жүрегінде тозаңның салмағындай ізгілік бар адамдарға дейін шығарып болғанша осы істерін жалғастырады. Содан кейін шапағатшылар: «О, Тәңіріміз, біз онда (тозақта) ешқандай ізгілік қалдырмадық»,-дейді, сөйтіп жасаған амалдары қандайлығына қарамастан, таухид дінін ұстанып жүріп өлгендердің ешқайсысы тозақта мәңгі қалмайды.

379Яғни; шын иман

Мұндай адамдардың иманы үлкен болып, күнәсі жеңіл болса, тозақтағы азабы жеңіл болады және олар от ішінде соншалықты аз уақыт қалады және олар тозақтан соншалық тез шығарылады.

Және, керісінше, олардың иманы қаншалықты әлсіз болып күнәсі үлкен болса, олар соншалықты ауыр және ұзақ азапқа түседі. Бұл туралы көптеген хадисте айтылған және Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл туралы былай деген:

«Кім «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» десе, (бұл сөздер) оған тіпті жаза беріліп қойылған болса да380 күндердің бір күні оған пайда әкеледі». (Хайсами)

380Қиямет күнгі жаза туралы айтылуда.

Туасы, бұл – пайымдаулары шатасқан, табандары тайған, адамдар қайшы пікірлерге түскен орын. Ал Аллаһ Тағала айтты:

«Сонда Аллаһ иман келтіргендерді, олар381 тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізді. Аллаһ қалағанын даңғыл жолға салады». (Бақара, 213)

381Яғни, бұрынғы діни қауымның өкілдері

182-сұрақ:

Әртүрлі күнәлар үшін шариғат белгілеген жазаларды қолдану сол күнәлардың жуылуы (кәффараты) бола ма?

Жауабы:

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с) өзінің сахабалары арасында болғанда, былай дегені риуаят етіледі:

«Аллаһ Тағаламен қатар еш нәрсеге табынбасқа, ұрлық істемеске, зинақорлық (ойнастық) жасамасқа, өз балаларыңды өлтірмеске, ойлап табылған өтірікті таратпасқа, (шариғат) мақұлдаған нәрсеге қарсы әрекет істемеске ант беріңдер. Қайсың (бұл антқа) адал болса, оны Аллаһ Тағала марапаттайды, ал кім қандай да бір нәрседе мұны бұзса, ол осы дүниеде жазаланады. Бұл оның (күнәларының) жуылуы болады. Егер кімде-кім қандай да бір нәрседе мұны бұзса, ал Аллаһ Тағала оны жасырса, онда (оның тағдырын) Аллаһ Тағала Өзі шешеді, қаласа кешіреді382, қаласа жазалайды».

Убада383 (р.а.): «Біз бұл туралы оған ант бердік»,-деді». (Бұхари, Мүслім)

382Бұл жерде Аллаһ Тағаланың көпқұдайшылдықтан (ширктен) басқаның бәрін кешіретіні туралы айтылуда.

383Убада ибн Самит –сахаба, біз қарастырып отырған хадис осы кісінің сөзінен алынған.

183-сұрақ:

Жоғарыда айтылған хадистегі Пайғамбарымыздың (с.а.с):

«...онда (оның тағдырын) Аллаһ Тағала Өзі шешеді, қаласа кешіреді, қаласа жазалайды»,-деген сөздерін бұдан бұрын айтылған «кімнің жаман істері жақсы амалдарынан ауыр келсе, ол тозаққа кіреді»,-деген сөздермен қалай сиыстыруға болады?

Жауабы:


Бұлардың арасында ешқандай қайшылық жоқ. Өйткені Аллаһ Тағала кімді кешіруді қаласа, одан Ол егжей-тегжейлі есеп талап етпейді, Пайғамбарымыз (с.а.с) мұндай жағдай амалдарды Сотқа ұсынған кезде орын алатынын айтқан, түсіндірген. Ол айтты:

«Сендердің әрқайсың өз Тәңіріне соншалық жақындайсыңдар, Ол сендерді жасырады, және Ол: «Сен мына нәрсені, мына нәрсені істедің бе?»,-дейді. Пенде: «Иә»,-дейді. Және Ол: «Сен мына нәрсені, мына нәрсені істедің бе?»,-дейді. Пенде: «Иә»,-дейді. Сонсоң Ол айтады: «Расында, Мен сені жердегі өмірде жасырып едім, ал бүгін Мен сені кешіремін». (Бұхари)

Ал өздерінің күнәларына лайық отқа кіргендер туралы айтар болсақ, олар ауыр есеп-қисапқа түседі, бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с):

«Кімнен егжей-тегжейлі есеп талап етілсе, ол азапталынады»,-дейді. (Бұхари, Термизи, Ахмад)

184-сұрақ:

Аллаһ Тағала басқа жолдармен жүруге тиым салып, тек осы жолмен жүруге бұйырған тура жол (Әс-сиратул-мустақим) деген не?

Жауабы:

Бұл жерде Аллаһ Тағала Өз пайғамбарларымен жіберген және өзі түсірген Кітаптарда айтылған Ислам деп аталатын дін туралы сөз болуда. Бұл діннен басқа ешнәрсе ешкімнен қабылданбайды, бұл жолмен жүрмегендерден басқа ешкім құтыла алмайды, ал бұл жолмен жүрмегендер үшін жолдар тарамданып, оларды басқа жаққа әкетеді.

Аллаһ Тағала айтты:

«Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Сендерді Аллаһтың жолынан айыратын басқа жолдарға түспеңдер». (Әнғам, 153)

Риуаят етіледі: Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) жерге түзу сызық сызды да: «Бұл – Аллаһ Тағаланың тура жолы»,-деп, сонсоң ол сол тура сызықтан оңға да, солға да көп сызықтар тартты: «Бұлардың ішінде шайтан болмаған және оған шақырмаған бірде-бір жол жоқ»,-деді. Сонсоң мына аятты оқыды:

«Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Сендерді Аллаһтың жолынан айыратын басқа жолдарға түспеңдер» (Әнғам, 153). (Ахмад, Хаким)

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с) былай дегені хабар етіледі:


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет