Шейх Хафиз ибн Ахмад әл-Хаками АҚида бойынша



бет12/16
Дата09.04.2019
өлшемі2.29 Mb.
#102640
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

159-сұрақ:

Амалдарда көрінген имансыздық жоғарыда кіші имансыздық деп аталған еді, ендеше пұттарға, яғни тау-тас, ағаштарға табыну, Құдайға менменси қарау, елшіні балағаттау, дінді мазақ ету секілді нәрселер адамды қалайша дін шекарасынан шығарады?

Жауабы:


Білгін, жоғарыда аталған төрт амал және соларға ұқсаған амалдар дене мүшелері жәрдемімен орындалған амалдар арқылы көрініс тапса ғана имансыздықтың (куфр) көрінісі болып табылады және оны адамдар көреді. Бірақ, бұл (төрт ) амалды орындау ниетке, шыншылдыққа, махаббат пен бойсұнуға қатысты жүрек амалдары бүтіндей тоқтаған жағдайда ғана орын алады. Сөйтіп, бұл амалдардың барлығы сырттай іс-қимылдарда көрініс тапқан имансыздықтың білінуі болғанымен, олар сенімге қатысты имансыздыққа міндетті түрде байланысты болады және бұл төрт амал я ақиқат жолынан адасқан екіжүзділер яки қасарысқан қыңырлар тарапынан орындалуы мүмкін. Тек осы ғана Табук жорығы кезінде, Құран Кәрімде:

«Расында олар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар мұсылман болғаннан кейін кәпір болды. Тағы олар, бойлары жетпейтін нәрседен ой қылды323» (Тәуба, 74), деп айтылғандай екіжүзділерді аятта айтылған амалдарды орындауға мәжбүр етті.

Олар туралы Құранда және былай айтылған:

«Егер олардан сұрасаң: «Әрине, біз әншейін сөзге кірісіп ойнап едік»,-дейді. Оларға: «Аллаһпен, аяттарымен және Елшісімен қылжақтаған болдыңдар ма?» де. Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар324». (Тәуба, 65-66)

323Бұл жерде мұсылмандар арасына іріткі салу немесе Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіру мақсатында қастандық жасағысы келу ниеттері туралы сөз болуда.

324Яғни сендер белгілі бір мерзім ішінде өздеріңді мұсылман ретінде көрсетуге әрекеттендіңдер, сонсоң өздеріңнің имансыз екендіктеріңді білдірдіңдер.

Сонымен қатар біздер кіші имансыздықты тек қана амалдарда көрініс тапқан имансыздық ретінде анықтама берген емеспіз, бірақ сенімге қатысты болмаса, жүрек сөздері мен жүрек амалдарына қайшы келмесе, ол кіші имансыздық болады деп айтқанбыз.

160-сұрақ:

Әділетсіздік (зұлым)325, пасықтық (фисқ)326 және екіжүзділік (нифақ) секілді нәрселер қанша бөлікке бөлінеді?

325Аллаһ Тағалаға адамдар тарапынан әділетсіздік жасалуы деген сөз, ең алдымен, түрлі көріністегі көпқұдайшылдық, басқаша айтқанда, Аллаһ Тағаламен қатар басқа да құдайлар бар немесе әлемдегі болып жатқан (құбылыстарды) Аллаһ Тағаладан басқа да басқаруға қабілетті біреу бар деген жалған тұжырым, жалған пікірлер.

326Бұл сөз «фасақа» – шегіну, ауытқу, күнәлі іске бару деген ұғымды білдіретін етістіктен алынған.

Жауабы:


Бұлардың әрқайсысы екі бөлікке бөлінеді: үлкен бөлігі (имансыздық, куфр), кіші бөлігі: «имансыздық, куфрден аз төмен болатын барлық нәрселер).

161-сұрақ:

Негізінде үлкен және кіші зұлымдықтың мысалы не болады?

Жауабы:


Үлкен (зұлымдықтың) мысалы ретінде Аллаһ Тағаланың ескертпесінде атап-атап көрсетілген нәрселерді айтуға болады:

«Және де Аллаһтан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Сонда егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боласың». (Юнус, 106)

«...күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық». (Луқман, 13)

«Кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған жәннәтты харам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ». (Мәида, 72)

Ал бұдан кіші зұлымдық туралы айтар болсақ, Аллаһ Тағала «Талақ» сүресінде көрсеткен нәрселерді айтуға болады:

«Раббыларың Аллаһтан қорқыңдар. Оларды үйлерінен шығармаңдар327 әрі олар да шықпасын. Бірақ олар ашық бір арсыздық істесе328, ол басқа. Міне, бұл Аллаһтың шектері. Ал кім Аллаһтың шектерінен шықса, расында ол, өзіне қастық қылған болады». (Талақ, 1)

327Бұл жерде ерлерінен ажырасқан әйелдер туралы айтылуда.

328Бұл жерде шариғат заңы бойынша жазалануы (хадд) тиіс ойнастық туралы айтылуда.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала және айтты:

«Оларды зиян салып қинау үшін ұстамаңдар329. Кім осыны тілесе, рас өзіне зұлымдық қылған болады». (Бақара, 231)

329Күйеуі өлген соң немесе ажырасқан әйелдің жаңадан күйеуге шығуына болмайтын шариғат заңы белгілеген уақытты (идданы) әдейі созу сөз болуда.

162-сұрақ:

Үлкен және кіші пасықтыққа (азғындыққа) не мысал бола алады?

Жауабы:


Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағала үлкен пасықтық туралы былай деген:

«Расында мұнафиқтар, олар пасықтар». (Тәуба, 67)

«Жыннан330 болған ол (ібіліс), Раббының әміріне пасықтық жасап...». (Кәһф, 50)

330«Жын», құранда айтылғандай, оларды Аллаһ Тағала оттан жаратты және олар мұсылман немесе кәпір болуы мүмкін.

«Лутқа (а.с.) хикмет331, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен құтқардық. Рас, олар, жаман пасық (бұзық) ел еді». (Әнбия, 74)

331«Хикмет» – бұл жерде пайғамбарлық туралы айтылуда.

Кіші пасықтық (яғни үлкен пасықтықтан кемірек пасықтық) туралы Аллаһ Тағала былай деген:

«Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне, солар пасықтар». (Нур, 4)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Әй, мүміндер! Пасық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. әйтпесе, білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер». (Хужурат, 6)

163-сұрақ:

Үлкен және кіші екіжүзділікке не нәрсе мысал бола алады?

Жауабы:

Үлкен екіжүзділікке мысал ретінде «Бақара» сүресінің бас жағындағы аяттарды келтіргенбіз (қараңыз: 157-ші сұрақтың жауабы). Аллаһ Тағала және айтты:

«Мұнафиқтар Аллаһты алдамақшы болады. Негізінен Аллаһ оларды Алдаушы332. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Аллаһты өте аз еске алады. Олар, осы екі арада дел-сал333. Не бұларда жоқ, не оларда жоқ. Аллаһ біреуді адастырса, оған әсте жол таба алмайсың. Әй, мүміндер! Мүміндерден өзге кісілерді дос тұтпаңдар. өз зияндарың үшін ашық дәлел қылуды қалайсыңдар ма? Негізінен мұнафиқтар тозақтың ең төменгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың». (Ниса, 142-145)

332Бұл сөзді сөзбе-сөз түсінуге болмайды. Бұл жерде мұнафиқтардың Аллаһ Тағаланы алдамақ болған әрекеттері Қиямет күні өздеріне қарсы зиян боп тиетіні туралы айтылуда.

333Бұл жерде олардың (мұнафиқтардың) мұсылмандар мен көпқұдайшылдардың қайсысына қосылуын білмей аласұратыны жайлы айтылуда.

Аллаһ Тағала және айтты:

«(Мұхаммед (с.а.с.)) саған мұнафиқтар келген кезде: «Сені, анық пайғамбар деп айғақ боламыз»,-деді. Сенің хақ пайғамбар екеніңді Аллаһ біледі. Сондай-ақ Аллаһ Тағала расында мұнафиқтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді». (Мунафиқун, 1)

Дәлел ретінде басқа да аяттарды келтіруге болады.

Ал кіші екіжүзділік туралы айтар болсақ, бұған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері дәлел:

«Мұнафиқтардың үш белгісі бар: сөз сөйлесе – жалған сөйлейді, уәде берсе, (уәдесін) бұзады, ал қашан оған аманат тапсырылса, қиянат жасайды» 334. (Бұхари, Мүслім)

334Яғни мұнафиқтар аманатқа қиянат қылады. Сонымен қатар бұл жерде барлық опасыздық жасайтындар туралы айтылуда.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және былай деген:

«Хақиқи мұнафиққа (яғни екіжүзді адам) төрт қасиет тән, олардың біреуімен танылған (адам), ол қасиеттен арылғанша, мұнафиқтықтың (екіжүзділіктің) бір қасиетімен белгіленеді (таңбаланады). Қашан оған сенген кезде, сатып кететін, (бір нәрсе туралы) сөйлесе, жалған сөйлейтін, келісім түзсе, опасыздық жасайтын, (біреумен) жауласса, заңсыздыққа баратын (яғни қиянат жасайтын) адам (осы төрт қасиетке лайық мұнафиқ адам)». (Бұхари, Мүслім)

164-сұрақ:

Сиқыр мен сиқыршыларға қатысты шариғат үкімдері қандай?

Жауабы:


Сиқыр деген нәрсе бар, ал олардың әсер етуі туралы, Аллаһ Тағала:

«Сонда да олар екеуінен335: ер-әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар, Аллаһтан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды» (Бақара, 102), деп айтқандай, тағдырға дәл келіп қалуынан басқа өзге емес.

335Вавилонда ескертіп болған соң ғана адамдарды сиқырға үйреткен Һарут пен Марут атты періштелер туралы айтылуда.

Сиқырдың әсер-ықпалы жайлы сахих хадистерде айтылған336. Ал сиқыршы туралы айтар болсақ, егер ол сиқырды шайтандардан қабылдаған болса, ол имансыз (кәпір) болады, бұл туралы жоғарыдағы «Бақара» сүресінің аятында айтылды. Аллаһ Тағала айтты:

«Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар (яғни, кәпір болмаңдар)», деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: ер-әйелдердің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар Аллаһтан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді337». (Бақара, 102)

336Сиқырдың шынында да әсері болатынын Мұхаммед (с.а.с.) әкелген нәрселерге сенбейтіндерден басқалардың бәрі теріске шығармайды, өйткені, Адам ұрпақтарының мырзасы, адамдардың ең абзалы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзін де бәну Құрайза қабиласынан Ләбид ибн әл-Аъсам деген адам сиқырлаған болатын. Бұл алты айға созылған-ды. Ибн Хажар «Фатхул Бәриде» Мазиридің мынандай сөзін келтіреді:

«Жаңалық ендірушілердің (бидғатшылардың) базбіреулері: «Бұл пайғамбарлықтың маңызын төмендетіп оның пайғамбарлығына адамдарда күдік туғызады» деп бұл хадистің ақиқаттығын теріске шығарған. Олар: «Осындай мазмұндылардың бәрі жалған», деді және мұндай жорамалға жол беру олар орнатқан заңға деген сенімді жояды, өйткені, егер мұндай хабарлардың дұрыстығын мойындасақ, онда Пайғамбар (с.а.с.) Жәбірейілді (а.с.) шын мәнінде көрген жерінде емес, басқа жерде көрді деуге де болады, сондай-ақ оған ешқандай уахи келмеген, тек оған уахи келген сияқты болып көрінген деуге де болады»,-деді».

Мазири және былай деді:

«Барлық мұндай мәлімдемелер теріске шығарылуы тиіс, өйткені Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһ Тағаладан адамдарға жеткізгені шүбәсіз ақиқат екеніне дәлелдер жеткілікті және сондай-ақ оны (Аллаһ Тағаланың уахиын) жеткізу кезінде ол (Пайғамбарымыз (с.а.с.)) кез-келген сыртқы әсерлерден қорғалған болатын.

Бұл айтылғанға мұғжизалары мен кереметтері дәлел бола алады, ал бұған қарама-қарсы келетін барлық нәрсе жалған. Егер тіршілік істерімен байланысты нәрсе туралы айтар болсақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға ол (тіршілік қамы) үшін жіберілген емес және уахи, аяттары оған дүние істері үшін түсірілген емес, ал егер, мәселен, ауыруы туралы айтар болсақ, ол Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа адамдар сияқты мұндай әсер-ықпалға ұшырауы мүмкін-ді. Сондықтан, дүнияуи істерде Пайғамбарымызға (с.а.с.) шын мәнінде болмаған нәрсе, оған солай (яғни болған нәрседей) көрінуі мүмкін деуге болады. Ал дінге байланысты істерде ол толық қорғалған болатын».

337Яғни, Аллаһ Тағаланың тиым салғанына қарамай сиқырды үйренген адамға зиян келтіретін

165-сұрақ:

«Нушра» деген не және ол туралы шариғат үкімдері қандай?

Жауабы:


Сиқырланған адамнан сиқырдың арбауын кетіруді осылай атайды. Егер бұл іс сиқыр жәрдемімен орындалса, онда бұл шайтан істерінен болады, ал егер бұл іс шариғат заңдастырған дем салу338 арқылы орындалса, онда мұның ешқандай сөкеттігі жоқ.

338Бұл жерде «Фалақ» және «Нәс» (муаууизатани) сүрелерін оқу, сондай-ақ Аллаһ Тағалаға Пайғамбарымыз (с.а.с.) үлгісімен жалбарынып дұға жасау туралы айтылуда.

166-сұрақ:

Шариғат заңдастырған және тиым салған дем салушылық не нәрсе?

Жауабы:

Шариғат заңына сәйкес келетін дем салу кезінде (пайдаланылатын сөздер) тек Құран мен Сүннеттен алынады, тек арабша айтылады және дем салушы да, дем салынушы да (дем салу кезінде айтылатын) бұл сөздер тек қана Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағаланың рұқсат-қалауымен шипа болады деп сенеді. Мәселен, Пайғамбарымызға (с.а.с.) Жәбірейіл (а.с.) дем салған және Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі де көптеген сахабаларына дем салған339, сондай-ақ сиқырдың болатынын айтып қана қоймай, осылай дем салуға бұйырған, ол үшін ақы алуға да рұқсат еткен. Бұл туралы екі «Сахихта» да және басқа да көптеген жинақтарда келетін хадистерде айтылған.

339Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дем салғандарының ішінде Хасан мен Хусайн да болған. Дем салу кезінде ол: «Шын мәнінде, сендердің аталарың Исмаил мен Исхаққа қорғау туралы осының жәрдемімен Аллаһ Тағалаға жалбарынған»,-деді. Бұл жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ибраһим (а.с.) туралы айтқан-ды. Сонымен бірге ол дұға сөздерін келтірді:

«Кез-келген шайтан және улы жәндіктер мен жаман көзден Аллаһ Тағаланың кемел сөздерімен сендерді пана сұратамын». (Уъизукумә бикәлимәтилләһит-тәәммәһ, мин кулли шайтаниу-уә һәәммәһ, уә мин кулли айнил-ләәммәһ) (Бұхари)

Құран мен Сүннетке қатысты болмаған әрі арабша айтылмаған барлық нәрсеге тиым салынады. Мұндай істер – шайтанның амалдарынан, оны пайдалану, ол сүйетін нәрселермен оған жақындау болып табылады. Мұндай істермен айналысып жүрген алаяқ, дүмше, адасушылар өте көп. Олар хақиқи Исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, ислам дұшпандарының құрастырған кітаптарында жазылған түрлі бойтұмар, тағы басқа секілді нәрселер туралы оқиды әрі олар адамдарды қорғайды-мыс деп түсінеді.

167-сұрақ:

Түрлі орындарда іліп қоятын тұмар, кәрі жілік, жүзік, жіп, таға, адыраспан секілді нәрселер340 туралы шариғаттың үкімі қандай?

340Бұған жаман көзден сақтайды деп балалардың мойнына көзмоншақ тағып қою да жатады: кейде олар күншілдерден сақтайды деп ішіне көздің суреті салынған қолдың бейнесін салып қояды, ал базбіреулер үйлерінің есігіне, бау-бақшасына аттың тағасын тағып қояды. Бұның бәрі көпқұдайшылдыққа жатады, өйткені, ондай адамдар мұндай істермен айналысқанда мұндай заттар Аллаһ Тағаланың тағдыр еткенін қайтарады деп есептейді.

Жауабы:

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді:

«Кімде-кім бір нәрсені ілсе, ілген нәрсесіне тапсырылады». (Ахмад, Термизи, Хаким)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кейбір сапар кезінде адамдарға алдын-ала хабаршы жіберетіндігі жайлы, олар түйелерінің мойындарында сіңірден және де басқа соған ұқсас заттардан жасалған алқаларды қалдырмай міндетті түрде кесіп алып тастау туралы ескерткеніні риуаят етіледі.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Ақиқатында руқа341, тұмар (көзмоншақ), тәмәим342 және сиқыр (тиуәлә) 343 – ширк». (Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ, Ахмад)

341Бұл жерде жындардан көмек сұрау немесе түсініксіз бірдеңелердің жәрдемімен тиым салынған дем салу туралы айтылуда.

342Бұл жерде жаман көзден сақтайды деп арабтар балаларының мойындарына асып қоятын моншақ туралы айтылуда. Шариғат мұндай нәрселерді теріске шығарады. Бірақ біздің кезімізде де мұндай істермен айналысушылар, өкінішке орай, жеткілікті.

Айша (р.а.) айтқан:

«Моншақ (тамима) Аллаһ Тағаланың тағдыр еткені келуден бұрын, оны қайтару үшін мойынға тағылатын нәрсе».

343Бұл жерде ерінің өз әйеліне махаббатын ояту үшін істелінетін сиқыр туралы айтылуда.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Кім тұмар (көзмоншақ) тақса, ол ширкке түсіпті». (Ахмад)

Риуаят етіледі: бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) біреудің қолындағы жүзікті көрді де: «Бұл не?»,-деп сұрады. Ол: «Бұл – әлсіздіктен (құтқарады)»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұйырды:

«Ақиқатында, ол саған әлсіздікті қоспаса азайтпайды, оны лақтырып таста, егер оны алып тастамаған қалпыңда өлсең, онда ешуақытта (тозақтан) құтылушылардан болмайсың».

Сондай-ақ, бір күні Хузайфа344 (р.а) қолына жіп байлап алған бір адамды көріп, жіпті кесіп тастағаны жайлы және ол мына аятты оқығаны туралы риуаят етіледі:

«Олардың көбі Аллаһқа серік қосқан халде иман келтіреді». (Юсуф, 106)

344Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы

168-сұрақ:

Көріпкел-сәуегейлер (куһһан) туралы не айтуға болады?

Жауабы:

Олар тағуттар345 тобына кіреді және олар шайтандардың достары. Аллаһ Тағала:

«Расында шайтандар өз сыбайластарына сыбырлайды»,-деді. (Әнғам, 121)

345Тағут – көпқұдайшылдыққа апаратын барлық нәрсенің атауы.

Көріпкелдерге шайтандар түседі, өздері періштелердің әңгімелерінен есітіп қалған сөздерін бұларға жеткізеді, сонсоң көріпкелдер хақиқи рас сөздерге өздерінің жанынан жалған сөздерді қосып айтады.

Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген:

«Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар әрбір өтірікші, күнәһарға түседі. Олар құлақ салады346, олардың көбі347 өтірікші». (Шуғара, 221-223)

346Яғни шайтандар періштелердің сөзін тыңдауға тырысады.

347Бұл жерде шайтандар туралы айтылуда.

Сыбырлау туралы хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені айтылады:

«Оларды бірінің үстіне бірі орналасқан тыңшылар348 тыңдайды және олардың әрқайсысы бір нәрсені есітеді де, (естіген сөздерін) өзінен төмен орналасқан (тыңшыға) жеткізеді, ол да өзінен төменгі тыңшыға жеткізеді, сөйтіп ол сөздер сиқыршыға немесе көріпкел-сәуйегейге (олардың біреуі) жеткізгенше, осылай жалғаса береді. Кей кезде қуалаушы жұлдыз шайтан естіген сөздерін жеткізіп үлгергенше (шайтанды) жоқ қылады, кей кезде ол (өзін жұлдыз жоқ қылғанға дейін) естіген сөздерін жеткізіп үлгереді және (бір хақиқи шын сөзбен бірге) ол жүз жалған сөзді жеткізеді». (Бұхари, Ибн Мәжәһ, ұзын хадистен үзінді)

348Бұл жерде Аллаһ Тағаланың аяттарын (уахилерін) және Аллаһ Тағаланың кімге аят (уахи) түсіретіні жайлы аспандағы періштелердің әңгімелерін ұрланып барып тыңдайтын шайтандар туралы айтылуда.

Құран аяттары жазылған тұмарды тағуға бола ма?

Бұған кейбір ғалымдар рұқсат бергенмен Абдуллаһ ибн Масъуд (р.а.) сияқты сахабалар ілу, тағу жөніндегі тыйымның жалпы болғаны үшін, аятты дәретсіз былғамау үшін, жүректің Аллаһтан өзгеге бұрылып қалмауы үшін тыйым салған.

Бұл айтылғандар құмалақпен пал ашу, кофеге қарап, тағы басқа да пал ашуға қатысты.

169-сұрақ:

Көріпкел-сәуегейге сенген адамның үкімі не?

Жауабы:


«(Мұхаммед (с.а.с.)): «Көктер мен жердегі көместі Аллаһтан басқа ешкім білмейді...» (Нәміл, 65)

«Көместің кілттері Оның қасында. Оны Ол, Өзі ғана біледі». (Әнғам, 59)

«Не жасырын ғылым олар (соны) жаза ма?» (Қалам, 47)

«Оның жанында құпия білім болып, шындықты сол көре ме?» (Нәжім, 35)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер». (Бақара, 216)

Ал, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені риуаят етіледі:

«Палшыға немесе көріпкел-сәуегейге келуші және олардың сөзіне сенуші – Аллаһ Тағаланың Мұхаммедке түсірген нәрселеріне қарсы келуші». (Әбу Дауд, Ахмад, Хаким)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Палшыға келіп, одан бір нәрсе туралы сұраған және соған сенген адамның құлшық-намазы қырық күн бойы қабыл болмайды». (Мүслім, Ахмад)

170-сұрақ:

Жұлдыз бойынша пал ашу туралы үкім қандай?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Ол, құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратты». (Әнғам, 97)

«Расында Біз дүние аспанын шамдармен (жұлдыздармен) безендірдік. Оны шайтандарды атуға жасадық». (Мүлік, 5)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Жұлдыздар да Оның әміріне бағынышты». (Нахыл, 12)

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Жұлдыздарға қарап пал ашумен айналысушы – сиқырдың бір түрімен айналысады, және (мұндай пал ашудың) қанша (түрін білсе), сонша (сиқырға кіре береді)». (Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ, Ахмад)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Менің үмметімнен қауіптенетінім: жұлдыздарды растаулары, тағдырға сенбеулері және имамдардың әділетсіздігі».

Ибн Аббастың, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, «әбжәдті»349 жазған және жұлдыздарға қараған адамдар туралы:

«Бұлай ететіндерге Аллаһтың қасында бір несібе бар деп ойламаймын»,-дегені туралы риуаят бар.

349Бұл жерде төрт бұрыштың ішіне жазылатын белгілі бір цифрлық мәні бар араб алфавитінің әріптері туралы сөз болуда. Астрологтар бұлардың көмегімен адамдардан жасырын алдын-ала белгіленген (яғни тағдыр етілген) уақиғаларды білуге болады және жұлдыздар жер бетіндегі істерге әсер етеді деп есептейді. Сол сияқты алақанның сызығына қарап, құмға қарап пал ашу, т.б. осыған жатады. Мұның бәрі жындар мен адамдардан болған шайтандардың өзара қатынастығында қолданатын алдау-арбаулары болып табылады. Ал біздер Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды мұндай бақытсыздықтан аман сақтауды тілейміз.

Қатаданың, оған Аллаһ Тағала рахмет етсін:

«Аллаһ Тағала жұлдыздарды үш мақсатпен жаратты: көктерді безендіру үшін, шайтандарды атқылау үшін және жол табуға жәрдемдесетін белгі қызметін атқаруы үшін. Егер біреу олардан тағы да бірдеңелерді күтетін болса, ол адам өз бақытсыздығына бұл істі істейді, және өзінің жеке тағдырын өлтіреді, сондай-ақ біліммен табылмаған() нәрсеге кіріскен болады350»,-деген сөзі риуаят етілген.

350Бұхари бұл сөздерді «Жаратудың басталуы туралы Кітапқа» түсініктеме түрінде келтірген. Ал Ибн Хажар «Фатхул Бәриде» Абд ибн Хумайданың сөзін келтіреді:

«Пәлен жұлдыз туылғанда ағаш отырғызса пәлен-түген болады, пәлен жұлдыз туылғанда жолға шықса пәлен-түген болады, өміріммен ант етемін, қайсы бір жұлдыз туылғанда, соған …ұзын және қысқа, қызыл және ақ, сұлу және кейіпсіз нәрсе туылмайтын бір де бір жұлдыз жоқ» дейтіндерге Аллаһ Тағаланың бұйрығынан бейхабар адамдар жұлдыздар туралы сұрақтармен барады, ал шындығында, жұлдыздар да, құстар да, жандылардың да ғайбқа (жасырын сырға) ешқандай қатысы жоқ».

171-сұрақ:

Аспандағы күн мен ай, жұлдыздардан жаңбыр сұрау туралы не айтуға болады?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жалғанға шығарасыңдар ма?» (Уақиға, 82)

Ал, Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Менің үмметімнің мүшелері жәһилиятқа351 қатысты төрт нәрседен бас тартуға (әлі күнге шамасыз болып жүр): өз ата-тегімен марқаю, (басқаларды) олардың шыққан тегімен масқаралау, аспан шамшырақтарына352 жаңбыр туралы жалбарыну және өлгендер туралы қатты дауыстап жоқтау айту». (Мүслім, Термизи)

351Яғни надандық әрі көпқұдайшылдық кезеңіне

352Бұл жерде аспан шамшырақтарының орын өзгертуіне жердегі оқиғалар байланысты деп сенгендер туралы айтылуда.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Сіздердің Тәңірлеріңіздің не айтатынын білесіздер ме?»,-деді. Олар: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Аллаһ Тағала айтты: «Бүгін таңда353 Менің құлдарымнан (біреулері) Маған сенушілерден болып қалды, ал (кейбіреулері) кәпір болды. «Жаңбыр Аллаһ Тағаланың қамқорлығы мен мейірімділігінің арқасында жауды» дегендер Маған сенеді және аспан шамшырақтарына сенбейді, ал «Жаңбыр пәлендей шамшырақтың (орналасуына байланысты) жауды» деген, ол Маған сенбейді, аспан шамшырақтарына сенеді». (Бұхари, Мүслім)

353Аллаһтың бұл сөздері уақыттың белгілі бір кезеңін көрсетеді, бірақ ол сөздер басқа да түрлі жағдайларға қатысты болады.

172-сұрақ:

Жаман ырымдарға (тиараға)354 сену және оның не нәрсе келтіретіні туралы не айтуға болады?

354Бұл сөз арабтың «таир» – құстар деген сөзінен пайда болған, бұл арабтардың құстың оңға немесе солға ұшқанына қарап жаман немесе жақсы ырымға балап пал ашуына байланысты, соған сәйкес өздерінің ниеттерінен қайту секілді әдет-ғұрыптарынан туындаған нәрсе, қазақтар арасындағы алдынан қара мысық өтсе жаман ырымға балайтыны секілді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай нәрселер қандай да бір пайда не зиян жеткізе алады деген нанымның қате екенін көрсетті. Біздің кезімізде бұған мысал ретінеде қарапайым адамдардың қарғаның қарқылдағаны және соған ұқсас нәрселерді жақсы немесе жаман белгі санап, соған сенетіндіктерін айтуға болады.

Егер Аллаһ Тағаладан үміт етіп өзіне қажет жұмысты істесе, онда адам жүрегінде пайда болған қалау (жұмысты істегісі келу) немесе қаламау ырым-сырымға сенуге ешқандай қатысы болмайды, бұл туралы Ибн Аббас, ол екеуінен Аллаһ разы болсын:

«Егер жалғастырсаң, демек, үміт еткенің (яғни Аллаһ Тағалаға сиынғаның), ал егер бас тарсаң, демек, ырым-сырымға сенгенің»,-деген.

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Олардың ырымдары – Аллаһ тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді». (Ағраф, 131)

Ал, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Ауру (Аллаһ Тағаланың бұйырығынсыз) жұқпайды және құстың (ұшуы), байғыз жаман ырым емес. Сондай-ақ сапар (айы) ешқандай жамандық әкелмейді355». (Бұхари, Мүслім)

355Бұл сөздердің мағынасы бұл аталған заттар өздігінше ешқандай әсер ете алмайды, жақсылық пен жамандық Аллаһ Тағаланың еркіндегі нәрсе дегенді білдіреді. Мәселен, жұқпалы аурудың жұғуы Аллаһ Тағаланың еркіндегі іс. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) байғыз және сапар айы туралы айтқан себебі, арабтар кімнің үйінің үстіне байғыз қонса, ол үйдегі адамның біреуінің ажалы жақын деп, ал сапар айы жаман ырым деп есептеген.


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет