Шейх Абдул-Азиз Ибн Баздың (Аллаһ оны рахым етсін) білім ізденушілерге берген кеңесі



Дата10.04.2018
өлшемі31.92 Kb.
#65503
Білім ізденушілерге кеңес

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Шейх Абдул-Азиз Ибн Баздың (Аллаһ оны рахым етсін) білім ізденушілерге берген кеңесі

Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын! Аллаһтың Елшісі Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

 Әрі қарай: Білім іздену Аллаһқа жақындаудың ең жақсы әрі ең абзал жолдарының бірі екеніне күмән жоқ. Бұл Келесі Өмірдің сәтті болуының кепілі болып табылады, бірақ, әрине, егер адам Аллаһқа өзінің біліміне сай құлшылық ететін болса. Білім талап ету жолындағы ең маңызды нәрселердің бірі ықылас болып табылады, себебі білім ізденуші білімді басқа нәрсеге қол жеткізу мақсатында емес, тек бір Аллаһ үшін ізденуі керек. Сонда ғана адам фәниде де, бақи өмірінде де жетістікке жетеді.

Хадистердің бірінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мынандай сөздері жеткізіледі: «Аллаһтың Дидары үшін емес, басқа бір дүниелік себептермен білім ізденетін адам Қиямет Күні Жәннаттың иісін де сезбейді». Бұл хадисті Абу Дауд хасан иснадпен келтірген.

Әт-Тирмизи Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ғалымдармен бақталасуға ұмтылып, немесе ақымақтармен айтысу үшін, немесе бір адамдарды басқалардан артық көру үшін білім ізденетін адамды Аллаһ Тозаққа кіргізеді», - деген хадисті жеткізеді, дегенмен онда әлсіздік бар.

Мен әрбір білім ізденушіге және жалпы әрбір мұсылманға осы сөздерге мұқият болуды әрі өзінің барлық амалдарында ықыласты болуды өсиет етемін. Себебі Аллаһ Тағала былай деді: «Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Аллаһқа жасаған құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін» («әл-Кәһф» сүресі, 110-аят). Ал Муслимнің «Сахихында» Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисі келтіріледі: “Аллаһ Тағала былай дейді: «Мен серіктерге мұқтаж емеспін. Сол себепті кімде-кім Маған әлдебір істе серік қосса, онда Мен оны және оның ширкін тастап қоямын»”.

Мен сондай-ақ әрбір білім ізденушіге және әрбір мұсылманға Аллаһтан қорқуды және Ол оны барлық жерде көріп тұрғанын сезуді өсиет етемін. Аллаһ Тағала былай деді: «Дұрысында сондай Раббыларынан Оны көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар» («әл-Мүлк» сүресі, 12-аят). Сондай-ақ Ол: «Ал кім Раббысынан қорыққан болса, соған екі Жәннат», - деді.

Кейбір салиқалы мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының өкілдері: «Білімнің басы – Аллаһтан қорқу», - деген екен. Абдуллаһ бин Мас’уд (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Кімнің тақуалығы болса, соған білім жетіп асады, ал Аллаһқа қатысты адасып жүрген адамға надандық жетіп асады».

Кейбір салиқалы мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының өкілдері: «Кім Аллаһ туралы көбірек білсе, сол Одан көбірек қорқады», - деген екен.

Бұл сөздердің шындық екендігіне Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, мен сендердің араларыңда ең тақуамын әрі Аллаһтан ең қатты қорқамын», - деп айтқаны нұсқайды.

Сол себепті наным-танымның күші өзіңнің құлшылығың мен тақуалығыңның кемелдігін көбейтудің тәсілі болып табылады.

Сол себепті де Аллаһ Тағала Құранда былай деді: «Шын мәнінде, пенделерінің ішінде Аллаһтан ғалымдары қорқады. Рас, Аллаһ Өте Үстем, Аса Жарылқаушы» («Фатыр» сүресі, 27-аят). Аллаһтың дініндегі ғалымдар ең тақуа әрі иманында ең берік адамдар болып табылады. Олардың басшысы Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ал олар оның соңынан ілесті.

Бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың құлының бақытты тағдырының белгісі болып оның дінді дұрыс түсінуі болып табылатыны туралы хабарлаған. Му`аууияның сөздерінен жеткен әрі екі «Сахихта» да келтірілетін хадисте былай делінген: «Егер Аллаһ Өзінің әлдебір құлына жақсылық қаласа, Ол оны дінде фақиһ (дұрыс түсінік иесі) етеді».

 Дінді дұрыс түсіну Аллаһтың құлын Аллаһтың бұйрықтарын орындауда табанды болуға, Одан қаттырақ қорқуға және өзінің мойнына жүктелген міндеттіліктерді орындауға, Аллаһтың ашуынан қорқуға және өзінің мінез-құлқы мен қылықтарын жақсартуға әрі құлшылығында Аллаһқа ықыласты болуға итермелейді.



Мен Аллаһ Тағаладан бізге, сондай-ақ білім ізденушілерге әрі барша мұсылмандарға дінде дұрыс түсінік беруін және осыда мығым болуды нәсіп етуін сұраймын. Біз өзіміздің нәпсіміздің бен амалдарымыздың жамандығынан Аллаһтан пана тілейміз. Ақиқатында, Ол – Аса Құдіретті әрі Өте Жақын. Әрі Аллаһтың елшісі Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Оның игілігі мен сәлемін болсын.
Алынған дереккөз: «Праведная мусульманка» сайты

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайты
Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Зуһдтық және бұл дүниені тәрк ету
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> ТҮркістанды, арыстан бабты, Т. С. С. Жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың Қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Ажырасудың Исламдағы үкімі
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің Исламдағы орны (әл-‘Урф)
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Наурыз – парсы отқа табынушыларының мерекесі, әрі ханафи мәзһабының ғалымдары оны тойлауға қарсы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет