Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата27.09.2018
өлшемі357.55 Kb.
#85203
  1   2   3



  

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 

саласындағы мемлекеттік нормативтер 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ 

 

Государственные нормативы в области 

архитектуры, градостроительства и строительства 

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 



 

 

 

 

 

СУ БАСҚАН ЖӘНЕ СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ 

КӨТЕРІЛГЕН АЙМАҚТАРДАҒЫ  

ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ 

 

ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА  

В ЗОНАХ ЗАТОПЛЕНИЯ 

И ПОДТОПЛЕНИЯ 

 

 

 

 

ҚР ҚН 2.03-02-2012

 

СН РК 2.03-02-2012 

 

Ресми басылым 



Издание официальное 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер 

ресурстарын басқару комитеті

 

 

Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального 

хозяйства и управления земельными ресурсами 

Министерства национальной экономики Республики Казахстан 

 

 

Астана 2015 

 

ҚР ҚН 2.03-02-2012

 

СН РК 2.03-02-2012 

 

 

II 



АЛҒЫ

 

СӨЗ 

 

 1

          

ӘЗІРЛЕГЕН:

 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Монолитстрой-2011» ЖШС



 

 

 

2



          

ҰСЫНҒАН:

 

Қазақстан 



Республикасы 

Ұлттық 


экономика 

министрлігінің 

Құрылыс, 

тұрғын 


үй-коммуналдық 

шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  басқару 

комитетінің 

Техникалық 

реттеу 

және 


нормалау 

басқармасы 



 

 

3



          

БЕКІТІЛГЕН 

 

ЖӘНЕ

 

ҚОЛДАНЫСҚА

 

ЕНГІЗІЛГЕН:

 

 

 

Қазақстан 



Республикасы 

Ұлттық 


экономика 

министрлігінің 

Құрылыс, 

тұрғын 


үй-коммуналдық 

шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  басқару 

комитетінің  2014  жылғы  29-желтоқсандағы  №  156-НҚ 

бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап

 

 

 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1

          



РАЗРАБОТАН:

 

АО «КазНИИСА», ТОО «Монолитстрой-2011»



 

 

 

2



          

ПРЕДСТАВЛЕН:

 

Управлением 



технического 

регулирования 

и 

нормирования  Комитета  по  делам  строительства, 



жилищно-коммунального 

хозяйства 

и 

управления 



земельными  ресурсами  Министерства  национальной 

экономики Республики Казахстан 



 

 

3



          

УТВЕРЖДЕН (ы)

 

И ВВЕДЕН В 



ДЕЙСТВИЕ:

 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства,  жилищно-



коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 

ресурсами  Министерства  Национальной  экономики 

Республики Казахстан от  29.12.2014  № 156-НҚ с 1 июля 

2015 года.

 

 

Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы 



және  құрылыс  істері  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органының  рұқсатысыз  ресми 

басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды 

 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 



воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без 

разрешения  уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры, 

градостроительства и строительства Республики Казахстан 


ҚР ҚН 2.03-02-2012 

III 


 

 

МАЗМҰНЫ 



 

 

 

КІРІСПЕ 



IV 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 



3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

4 МАҚСАТТАР МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР 



5 ЖҰМЫС СИПАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР  

5.1 Қорғау құрылыстарының сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету 



жөніндегі жалпы талаптар   

 



5.2 Аумақты су басудан қорғау жөніндегі талаптар  

5.3 Аумақты су астында қалудан қорғау жөніндегі талаптар  



5.4 Табиғат қорғау және санитарлық-гигиеналық талаптар  

10 

 


ҚР ҚН 2.03-02-2012 

IV 


 

КІРІСПЕ 

 

Осы құрылыс нормалары «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары 

мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес 

ғимараттар  мен  құрылыстардың  қауіпсіздік  деңгейін  арттыру,  сондай-ақ  нормативтік 

талаптарды  еуропалық  және  халықаралық  нормативтік  құжаттармен  үйлестіру  деңгейін 

арттыру  мақсатында  әзірленген,  ғимараттар  мен  құрылыстарды  су  басудан  және  су 

астында  қалудан  инженерлік  қорғау  шараларына  және  құрылыстарға  қойылатын  негізгі 

талаптарды мазмұндайды.  

Осы құрылыс нормалары инженерлік қорғау жүйелерін жобалау кезінде нормативтік 

талаптардың мақсаттарын белгілейді және функционалдық талаптарды тұжырымдайды.  



 

ҚР ҚН 2.03-02-2012

 

СН РК 2.03-02-2012 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ 



СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

СУ БАСҚАН ЖӘНЕ СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛГЕН АЙМАҚТАРДАҒЫ 

ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ 

 

ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА В ЗОНАХ ЗАТОПЛЕНИЯ И ПОДТОПЛЕНИЯ 

 

Енгізілген күні 

 - 2015-07-01



 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

1.1 Осы  құрылыс  нормалары  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласындағы 

мемлекеттік  нормативтерді  дамыту  және  нақтылау  үшін  халықаралық  нормалау 

қағидаларына сәйкес әзірленді.  

1.2 Осы  құрылыс  нормалары 

«Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс 

материалдары  мен  бұйымдарының  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық 

регламентінің  талаптарын  қамтамасыз  ету  мақсатында  елді  мекендердің  аумақтарын, 

өнеркәсіптік,  көліктік,  энергетикалық  және  коммуналдық-тұрмыстық  объектілерді, 

пайдалы қазбалар кен орындары мен тау-кен қазбаларын, ауыл шаруашылық жерлері мен 

орман  алқаптарын,  табиғи  ландшафттарды  су  басудан  және  су  астында  қалудан 

инженерлік қорғау жүйелерін, объектілерін және құрылыстарын жасау мен пайдаланудың 

барлық кезеңдерінде сақталуы тиіс.  

1.3 Сейсмикалық аудандарда, басқа да қауіпті үдерістер дамуы мүмкін және топырақ 

қасиеттері ерекше (отырғыш, ісінгіш және т.б.) аудандарда, сондай-ақ қазбалы аумақтарда 

инженерлік  қорғау  жүйелерін,  объектілерін  және  құрылыстарын  жобалау  кезінде  тиісті 

құрылыс нормаларының қосымша талаптары есепке алынуы тиіс.  

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы  құрылыс  нормаларын  қолдану  үшін  келесі  сілтемелік  нормативтік  құжаттар 



қажет:  

Қазақстан  Республикасының  24.06.2010  ж.  «Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын 

пайдалану туралы» Заңы. 

Қазақстан Республикасының 9.01.2007 ж. № 212 Экологиялық кодексі. 

17.11.2010 ж. № 1202 «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен 

бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.  

МҚН  2.03-02  Аумақтарды,  ғимараттар  мен  құрылыстарды  қауіпті  геологиялық 

үдерістерден инженерлік қорғау. Негізгі ережелер. 

ҚР  ҚН  EN  1990:2002+А1:2005/2011  Күш  түсетін  конструкцияларды  жобалау 

негіздері. 

ҚР  ҚН  EN  1991-1-1:2002/2011  Күш  түсетін  конструкцияларға  ықпалдар.  1-1-бөлім. 

Үлесті  салмақ,  ғимараттарға  түсетін  тұрақты  және  уақытша  жүктемелер  ұлттық 

қосымшасымен. 

ҚР ҚН EN 1998. 1-бөлім. Сейсмикалық төзімді конструкцияларды жобалау.  

 

 

 

Ресми басылым

 

 



ҚР ҚН 2.03-02-2012 

ЕСКЕРТПЕ  Осы  құрылыс  нормаларын  пайдалану  кезінде  ағымдағы  жылдағы  ахуал  бойынша 



«Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының көрсеткіші», «Стандарттау 

жөніндегі  мемлекетаралық  нормативтік  құжаттардың  көрсеткіші»,  «Қазақстан  Республикасы  аумағында 

қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-

техникалық  актілердің  тізімі»  атты  жыл  сайын  басып  шығарылатын  ақпараттық  көрсеткіштер  бойынша 

сілтемелік  стандарттар  мен  нормативтік  құжаттардың  қолданылуын  тексеру  мақсатқа  сай  болады.  Егер 

сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы нормаларды пайдалану кезінде ауыстырылған 

(өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу  қажет.  Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылмастан,  алып  тасталған 

болса, онда оған сілтеме жасалатын ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады. 



3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

3.1 Құрғату:  Жер  асты  жасанды  су  ағындарын  құрғатқыштардың  немесе  құрғату 

төтелдерінің көмегімен аумақтағы су режимін реттеу тәсілі.  

3.2 Су басу: Су ағыны, су қоймасы немесе жер асты сулары деңгейінің жоғарылауы 

нәтижесінде аумақ бөлігінде судың бос қабатының түзілуі. 

3.3 Инженерлік қорғау: Халық шаруашылығы объектілері мен аумақтың су басудан 

және  су  астында  қалудан,  жағалардың  опырылып  құлауынан  және  жылжу  үдерістерінен 

қорғалуын  қамтамасыз  ететін  инженерлік  құрылыстардың,  инженерлік-техникалық, 

ұйымдық-шаруашылық және әлеуметтік-құқықтық шаралардың кешені.  

3.4 Мониторинг: Инженерлік геологияда: 

- объектіні салу және пайдалану кезеңдерінде инженерлік-геологиялық үдерістердің, 

инженерлік  қорғау  тиімділігінің,  құрылыстар  мен  аумақтар  жай-күйінің  кешенді 

бақылануын; 

- бақылау,  есептеу  және  үлгілеу  нәтижелерінің,  инженерлік  қорғауды  күшейту, 

құрылыс конструкцияларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдардың және т.с.с. талдануын; 

- құрылыстардың  сенімділігін  және  инженерлік  қорғаудың  тиімділігін  қамтамасыз 

ету,  әлеуметтік-экологиялық  салдарды  болдырмау  жөніндегі  қосымша  іс-шаралардың 

жобалануын; 

- белсенді  геологиялық  қадағалау  кезінде  қосымша  іс-шаралардың  жүзеге 

асырылуын қамтитын бірыңғай жүйе. 

3.5 Инженерлік  қорғау  объектілері: Халық  шаруашылығы  объектілерінің,  елді 

мекендердің,  ауыл  шаруашылығы  жерлері  мен  табиғи  ландшафттардың  су  басудан  және 

су  астында  қалудан  қорғалуын  қамтамасыз  ететін  аумақты  инженерлік  қорғаудың 

жекелеген құрылыстары. 

3.6 Су  астында  қалу: Берілген  аумақта  шаруашылық  қызметтің  бұзылуына,  жер 

асты суларының физикалық және физика-химиялық қасиеттерінің, топырақтың өзгеруіне, 

өсімдік  қабатының  түрлік  құрамының,  құрылымы  мен  өнімділігінің,  жануарлардың 

мекендейтін  жерлерінің  өзгеруіне  алып  келетін  жер  асты  сулары  деңгейінің  көтерілуі 

және аэрация аймағындағы топырақтың ылғалдануы.  

3.7 Аумақты су басудан және су астында қалудан инженерлік қорғау жүйелері: 

Аумақтың су басудан және су астында қалудан инженерлік қорғалуын қамтамасыз ететін 

бірыңғай  аумақтық  жүйеге  біріктірілген  әр  түрлі  мақсаттағы  гидротехникалық 

құрылыстар.  

 

4 МАҚСАТТАР МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР 

 

4.1 Нормативтік талаптардың мақсаттары 

 

Нормативтік  талаптардың  мақсаттары  елді  мекендер  мен  халықтың,  аумақтар  мен 

қоршаған  ортаның  су  басудан  және  су  астында  қалудан  қорғалуын  қамтамасыз  ету, 


ҚР ҚН 2.03-02-2012 

  3 


 

аумақтарды  инженерлік  қорғау  жүйелерін,  объектілері  мен  құрылыстарын  жасау  және 

пайдалану болып табылады.  

 

 4.2  Функционалдық талаптары 



 

Аумақты  су  басудан  және  су  астында  қалудан  инженерлік  қорғау  жүйелерінің 

фукнционалдық талаптарына мыналар кіреді: 

- аумақтарды  су  басудан  және  су  астында  қалудан  инженерлік  қорғау  объектілері 

мен  жүйелерінің  олардың  өмірлік  циклының  барлық  кезеңдерінде,  қорғау 

құрылыстарының  сенімділігі  мен  орнықтылығын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  талаптардың 

сақталуын есепке ала отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

- қолайсыз табиғи және климаттық ықпалдар (су басу және су астында қалу) кезінде 

адамдардың  денсаулығы  мен  өмірлерін,  елді  мекендерді  және  басқа  да  тіршілікті 

қамтамасыз ету объектілерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын 

қамтамасыз ету. 

 

5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР  

 

5.1 Қорғау  құрылыстарының  сенімділігі  мен  орнықтылығын  қамтамасыз  ету 

жөніндегі жалпы талаптар  

 

5.1.1  Инженерлік  қорғау  жүйелерін,  объектілерін  және  құрылыстарын  жобалау 

кезінде  Қазақстан  Республикасы  Экологиялық  кодексінің,  Қазақстан  Республикасы  Су 

кодексінің,  Қазақстан  Республикасының  «Жануарлар  әлемін  қорғау,  қайта  өндіру  және 

қолдану  туралы»  Заңының,  Қазақстан  Республикасы  Орман  кодексінің,  сондай-ақ 

табиғатты  қорғау  және  табиғи  ресурстарды  пайдалану  мәселелері  жөніндегі  Қазақстан 

Республикасының  басқа  да  заңнамалық  актілері  мен  нормативтік  құжаттарының 

талаптары сақталуы тиіс.  

5.1.2  Инженерлік  қорғауды  жобалау  2.03-02  МҚН  талаптары  мен  ережелерінің, 

сондай-ақ: 

- құрылысқа 

арналған 

инженерлік-геодезиялық, 

инженерлік-геологиялық, 

инженерлік-гидрологиялық, 

инженерлік-гидрометеорологиялық 

және 

инженерлік-



экологиялық іздеулер нәтижелерінің; 

- жоспарлық  шешімдердің  және  инженерлік  қорғау  схемаларында  (жобаларында) 

қабылданған шешімдердің нұсқалық тиянақталуының; 

- қолданыстағы, сондай-ақ жобаланатын аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды 

пайдалану  ерекшеліктерінің  өзгеруін  болжалдай  және  белгіленген  табиғатты  пайдалану 

(қорықтар, ауыл шаруашылық жерлері және т.с.с.) режимін және санитарлық-гигиеналық 

нормаларды есепке ала отырып, осы ерекшеліктерді сипаттайтын мәліметтердің;  

- қала құрылысы қызметі объектілерін мониторингілеу нәтижелерінің; 

- инвестицияларды  негіздеудің,  техника-экономикалық  негіздеменің  және,  жол 

берілмеген  шығынды  бағалай  отырып,  инженерлік  қорғаудың  (оның  функционалдық 

қасиеттері  бірдей  болған  жағдайда)  жобалық  шешімдерінің  ықтимал  нұсқаларын 

салыстырудың негізінде орындалуы тиіс. 

Инженерлік қорғауды жобалау кезінде оның қала және объект түзу мәнін, жергілікті 

жағдайларды,  сондай-ақ  ұқсас  табиғи  жағдайларда  инженерлік  қорғау  құрылыстарын 

жобалаудың, салудың және пайдаланудың қолда бар тәжірибесін есепке алу қажет.  

5.1.3 Құрылыстарды  инженерлік  қорғау  схемаларын  және  (немесе)  инженерлік 

қорғау шараларын жобалауға арналған бастапқы материалдар: 


ҚР ҚН 2.03-02-2012 

- қорғалатын  аумақтың  географиялық  жағдайы,  шаруашылық  байланыстары  және 



шекаралары туралы мәліметтерді

- аумақтың  шаруашылық  пайдаланылуын,  оның  экологиялық  маңызы  мен  даму 

перспективаларын бағалауды; 

-  қолданыстағы  инженерлік  қорғау  құрылыстары  мен  шаралары,  олардың  жай-күйі, 

қайта құру мүмкіндіктері және оларды пайдалану қызметтері туралы мәліметтерді; 

- қауіпті  геологиялық  үдерістердің  ықпалынан  болатын  шығын  бойынша 

мәліметтерді; 

- өңірлік  геологиялық  зерттеулер  мен  инженерлік  (инженерлік-геологиялық,  -

гидрогеологиялық, -гидрометеорологиялық, - экологиялық) іздеулер материалдарын;  

- аумақты  инженерлік  даярлау  бойынша  жүргізілетін  немесе  жүргізілуі  көзделіп 

отырған  өңірлік  шаралар  және  олардың  қорғалатын  аумақтың  табиғи  жағдайлары  мен 

ресурстарына ықпалы туралы материалдарды; 

- жергілікті  құрылыс  материалдары  және  энергетикалық  ресурстар  туралы 

мәліметтерді; 

- картографиялық материалдарды; 

- қала құрылысы құжаттамасын қамтуы тиіс. 

5.1.4 Іздеулердің  нәтижелері  табиғи  және  техногендік  факторларды  есепке  ала 

отырып,  есепті  мерзімге  инженерлік-геологиялық,  гидрологиялық  және  экологиялық 

жағдайлардың  өзгеруін  болжауды,  сондай-ақ  геологиялық  қауіпсіздік  шектері  бойынша 

аумақты  аумақтық  бағалауды  (аудандастыруды)  және  инженерлік  қорғаудың  түбегейлі 

бағыттарын таңдау бойынша ұсынымдарды мазмұндауы тиіс.  

5.1.5 Инженерлік қорғау құрылыстарының есептерінде есепке алынатын жүктемелер 

мен  ықпалдарды,  сенімділік  коэффициенттерін,  сондай-ақ  жүктемелердің  ықтимал 

үйлесімдерін ҚР ҚН EN 1990, ҚР ҚН EN 1991-1-1 сәйкес қабылдау қажет. Сейсмикалық 

қауіпті аудандарда қорғау құрылыстарын жобалау кезінде ҚР ҚН  EN 1998-1 талаптарын 

сақтау қажет.  

5.1.6 Инженерлік қорғауды жобалау кезінде:  

- жүріп жатқан және олармен байланысты ықтимал қауіпті үдерістердің қорғалатын 

аумақтарға,  ғимараттар  мен  құрылыстарға  теріс  ықпалын  болдырмауды,  жоюды  немесе 

мүмкін болатын деңгейіне дейін төмендетуді; 

- жергілікті  құрылыс  материалдары  мен  табиғи  ресурстардың  неғұрлым  толық 

пайдаланылуын; 

- жұмыстардың жүріп жатқан қауіпті геологиялық үдерістердің қарқын алуына және 

(немесе) жаңаларының пайда болуына алып келмейтін тәсілдермен жүргізілуін; 

- қорық  аймақтарының,  ландшафттардың,  тарихи  объектілер  мен  ескерткіштердің 

және т.б. сақталуын; 

- инженерлік қорғау құрылыстарының тиісінше сәулеттік безендірілуін; 

- қоршаған ортаны қорғау шараларымен үйлесімді; 

- жұмыстарды  орындаудың  технологиялық  бірізділігін  қатаң  түрде  сақтай  отырып, 

құрылыстарды салу мен пайдалануға енгізудің кезеңділігін; 

- жобаланатын  құрылыстарды  жөндеу,  сондай-ақ  пайдалану  барысында  олардың 

функционалдық  мақсатын  өзгерту  мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін  конструкциялық 

шешімдер мен іс-шараларды; 

- қолданыстағы  инженерлік  қорғау  құрылыстарының  пайдаланылуын  және,  қажет 

болған жағдайда, қайта құрылуын қамтамасыз ету (қарастыру) қажет. 

5.1.7 Инженерлік  қорғау  және  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  шараларды,  оның 

инженерлік  қорғау  құрылыстарының  салынуымен  және  аумақтың  игерілуімен 

байланысты  өзгерулерінің  болжамын  есепке  ала  отырып,  кешенді  түрде  жобалау  қажет. 



ҚР ҚН 2.03-02-2012 

  5 


 

Бұл  ретте  әр  түрлі  қауіпті  үдерістерден  инженерлік  қорғау  шаралары  өзара  сабақтас 

болулары тиіс. 

5.1.8 Инженерлік  қорғау  құрылыстарын  салу  және  іс-шараларын  жүзеге  асыру 

шектес жатқан аумақтарда қауіпті үдерістердің белең алуына алып келмеуі тиіс.   

Инженерлік  қорғау  құрылыстары  мен  іс-шаралары  осы  аумақтарға  теріс  ықпалын 

(батпақтану,  жағалардың  опырылып  құлауы,  жылжымалардың  түзілуі  мен  дамуы  және 

т.б.)  тигізуі  мүмкін  болатын  жағдайда,  жобада  тиісті  бейтараптандыру-қалпына  келтіру 

шаралары қарастырылуы тиіс.  

5.1.9 Қажет  болған  жағдайда,  жобада  құрылыс  салу  және  пайдалану  кезеңінде 

қауіпті  үдерістердің  дамуы  мен  инженерлік  қорғау  құрылыстарының  жұмысын  бақылау 

үшін  бақылау-өлшеу  аппаратурасын  және  бақылау  төтелдерін,  бекеттерін,  геодезиялық 

қада  белгілерді,  таңбаларды  және  т.б.  орнату  қарастырылуы  тиіс.  Жобада  қажетті 

бақылаулардың құрамы мен режимі (мониторинг) және инженерлік қорғаудың тиімділігі 

мен  құрылыстарының  сенімділігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  тиісті  қосымша  шаралар 

қарастырылуы тиіс.  

Мониторингті  қауіпті  геологиялық  үдерістердің  белең  алуын  уақтылы  анықтау, 

ғимараттар  мен  құрылыстарды  қорғау  және  адамдардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

жөнінде  қажетті  шараларды  қабылдау  мақсатында  мамандандырылған  ұйымдар 

жүргізулері тиіс.  

5.1.10 Құрылыс  салынған  немесе  салынып  жатқан  аумақтарды  бір  немесе  бірнеше 

қауіпті  геологиялық  үдерістен  инженерлік  қорғауды  қорғалатын  аумақтар  мен 

объектілердің  меншік  нысаны  мен  тиесілілігіне  қарамастан  жүзеге  асыру,  қажет  болған 

жағдайда, іс-шаралар  мен құрылыстардың  бірыңғай аумақтық жүйесін (кешенін) құруды 

қарастыру қажет.  

5.1.11 Жаңадан  құрылыс  салынып  жатқан  және  қайта  құрылатын  аумақтарды  игеру 

жұмыстарын оларды қауіпті үдерістерден қорғау жөніндегі  бірінші кезекті іс-шараларды 

орындағаннан кейін ғана бастау қажет.  

5.1.12 Инженерлік  қорғау  құрылыстарының  жауапкершілік  деңгейін  (сыныбын) 

қорғалатын  объектілердің  жауапкершілік  деңгейіне  немесе  сыныбына  сәйкес  белгілеу 

қажет. Әр түрлі жауапкершілік деңгейіндегі немесе сыныбындағы объектілер орналасқан 

аумақтарды  қорғау  кезінде  инженерлік  қорғау  құрылыстарының  жауапкершілік  деңгейі, 

қағида бойынша, қорғалатын объектілердің басым көпшілігінің жауапкершілік деңгейіне 

сәйкес  келуі  тиіс.  Бұл  ретте  жауапкершілік  деңгейі  жоғары  жекелеген  объектілерді 

жергілікті қорғау болуы мүмкін.  

5.1.13 Сорғы  станцияларындағы  электр  қондырғылары  электр  қондырғыларын 

орнату  ережелерінің  және  ғимараттардағы  электр  қондырғыларына  мемлекеттік 

стандарттардың талаптарына сай болулары тиіс.  

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет