Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының тау-кен кәсіпорындары



бет1/3
Дата13.10.2018
өлшемі486.59 Kb.
#86476
  1   2   3
Сәтбаев қаласының

орталықтандырылған кітапхана жүйесі
c:\documents and settings\administrator\мои документы\pdf612.jpg c:\documents and settings\administrator\мои документы\pdf623.jpg
Сәтбаев қаласының

тау-кен кәсіпорындары

(Сәтбаев қаласының 40 жылдығына арналған әдістемелік құрал)

Горнорудные предприятия

города Сатпаев

(Методическое пособие, посвященное 40-летию города Сатпаев)

c:\documents and settings\administrator\мои документы\pdf605.jpg c:\documents and settings\administrator\мои документы\pdf616.jpg


Сәтбаев, 2013

Сәтбаев қаласының өнеркәсіп орындарынан «Қазақмыс» корпорациясының қарамағына алты кеніш – Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Анненск, Степной кеніштері, шахта проходкалау тресі, байыту фабрикасы және тау-кен жабдықтары зауыты кіреді.

Из промышленных объектов города Сатпаев в подчинение корпорации «Казахмыс» входят шесть крупных рудников – Южный, Северный, Восточный Западный, Анненский, Степной рудники, шахтопроходческий трест, обогатительная фабрика, и завод горно-шахтного оборудования.

Оңтүстік Жезқазған кеніші

c:\documents and settings\administrator\мои документы\pdf605.jpgОңтүстік Жезқазған кеніші №№3,44,45 шахталар құрамында 1965 жылы жылдық өнімділігі 2,8 млн. тоннаға есептеліп құрылған. 1975 жылы №65 шахтаның пайдалануға берілуіне байланысты ОЖК-ң жобалық жылдық өнімділігі 5,5 млн. тоннаға дейін артты. 1984 жылы №67 шахта пайдалануға берілді. Құрамында №45,65,67 шахталары бар ОЖК-нің жылдық жоспары 8,1 млн. кен мен 9072 тонна металды құрады.

«Жезқазған кентінің оңтүстік бағытында жаңа алып шахта салынып жатыр» деген хабар бір өңірге ғана емес, тұтас елімізге сүйіншілеп жетті. Жер-жерден шахта салу ісінің шеберлері шақырылды. Тұтас бір кеңестік елдегі түсті металлургия министрлігі өздерінің ең білікті, тәжірибелі мамандарын жіберіп, көмектің қажетті түрлерін дер кезінде ұсынып отырды. Нәтижесі ойлағандай болып шықты.

«Құлақ естігенді көз көреді» деген. Оңтүстік бағытқа салынып жатқан жаңа шахтаның сырт сұлбасының өзі кімді болса да алыстан мен мұндалап шақырып тұрғандай, көз тартарлықтай сымбаттанып бой көтергенін ел көрді. Сөйтіп, Оңтүстік Жезқазған кеніші құрылғаннан кейін одан тура он жылдан соң салынып біткен шахта көптің көз жауын алды. Осылайша, №65 шахтаның 1975 жылдың мамырында бірінші кезегі, ал желтоқсанында екінші бөлігі пай-далануға берілді. Жаңа шахтаның іске қосылуы Оңтүстік кеніштің жоспарына едәуір өзгеріс енгізді. Жылдық кен өндіру мүмкіндігі екі еселенді. Осылайша Оңтүстік кеніш жылына 55000 тонна кен өндіру мүмкіндігіне ие болды. Бұл әрине, бүгінгі өлшеммен алғанда айтарлықтай көрсеткіш болмаса да, сол жылдардағы өзі қатарлы кеніштермен салыстырғанда айтарлықтай деуге келетін. Жаңа шахтадағы еңбек көрігі қыза түсті. Мол табыстың көзі ашылғандай. Кеншілер де, оларға көмектесетін қанаттас салалардың да ма-мандары да, жалпы алғанда тұтас кеніш ұжымы әр ай сайын жоспар орындау ды межелі мөлшерге айналдырып алды. Осыған орай, кеніш құрамына және бір жаңа шахта қосылды. Бұл 1984 жылы пайдалануға беріліп, Оңтүстік кенішің қанатын кеңге жаюына мол үлес қосушы №67 шахта дер едік. Кеніш тегі жаңа шахталарға жаңа алып техникалар әкелініп, олар іске қосылды.c:\documents and settings\administrator\мои документы\pdf608.jpg

Оңтүстік кеніш «Озаттар отаны» деген ауызекі әңгімеде айтылатынындай келісті кеніш болып қалыптасты. Әрине, кеніштің тың көрсеткіштері көңілді қанша көтеріп, еңбектің нәтижесіне қол жетіп жатқанымен, кейінде «тоқырау» деген атпен есте қалған жылдардағы жағдай бірте-бірте өз әсерін тигізе бастағанын айтпай кетуге болмас. Қанша көлемде кен алынғанымен мысты өткізетін жердің азаюы, оның сұранысы төмендей бастауы жалақыға да, басқа да жағдайларға әсер ете бастады.Тұтас бір елдің экономикасына, мәдениеті мен әлеуметтік саласына елеулі үлес қосып отырған Жезқазған өн-дірістік аймағындағы осы бір қиын-қыстау шақты Елбасы Н.Ә.Назарбаев дер кезінде аңғарып, өндіріске шетелдік инвесторларды тартуды қолға алып, тендерлік конкурс шарттарын ұсынды. Оған әлемдегі бірнеше алып алпауыт-тар қатысып, Жезқазған кеніштерінде бақ сынауға үміт артты. Солардың іші-нен Елбасы бұрын металлургия саласымен толық айналыспаса да, ұсынған шарттардың талаптарын орындауға толық келісімін берген «Самсунг-Дойч-ланд» компаниясымен жұмыс істеуді қалады. Бұл дер кезінде қабылданған өте дұрыс шешім болды. Бүгінгі күні бүкіл әлем танып-біліп, мойындаған «Қа-зақмыс» корпорациясының өндірісті басқару ісін қолына алуына жол ашты. Осылайша Жезқазған жеріндегі өндіріс ошақтарының екінші тынысы ашылды «Самсунг» компаниясынан енші алып, өз жолын салған «Қазақмыс» корпо-рациясының президенті В.С.Ким мырза кеніштердегі жағдайлармен терең таныса келіп, оның өндіріс саласындағы барлық буынды жаңа өмірге, нарықтық қатынастарға сай қалыптасудың алғышарттарын ұсынды. Корпора ция президенті Басқарма төрағасына осы кеніштердің жағдайын жақсы білетін білікті мамандар арасынан Р.Б.Юн мырзаны ұсынып, бірге қызмет ат-қаруға шақырды.

Еңбек жолын кеніштерде қатардағы кеншіліктен бастап директорлыққа дейінгі жолдан сатылап, тек өзінің білімі мен іс тәжірибесінің арқасында өсіп, кеншілердің үлкен құрметіне ие болған Руслан Борисович Басқарма төрағасы қызметінде корпорацияның барлық өндіріс орындарына бірдей зер салып, басшылық етті. Солардың ішінде ол өзі 1989 жылы директор болып жаңа техникаларды жер астындағы кен жұмыстарында іс жүзінде пайдаланудан өткізіп, көптеген жаңалықтар ашып, тың табыстарға қол жеткізуіне ықпал ет-кен «Оңтүстік» кенішке ерекше назар аударды десек артық айтқандық емес. Кезінде өзі бастап кеткен жаңа техникаларды пайдаланудың енді тұтастай жаңа кешенді бағдарламаларын өндіріске енгізді. Ең бастысы, осында еңбек пен жалақы мәселесіне қатаң тәртіп орнатты.

Әрине, бастауын әріден, дұрыс ұйымдастырудан бастап алған «Оңтүстік» сол өзінің «алып» деген атынан айнымады. Ең алғашқы директоры Рүстем Дәуітовтен кейін мұнда тұтастай бір басшылықтың баспалдағынан өткен жас та, білікті маман-басшылар қалыптасты. Мәселен, Х.К.Қанафин, ағайынды Руслан мен Александр Юн, Т.Мағзұмов, М.Әліпбергенов, А.Минигулов, И.Тыныбеков, Г.Төлеубаев, Р.Есімов, Е.Әлкенов, Ж.Бөрібаев есімдері кенші-лер арасында құрметпен аталады.

«Оңтүстік кеніш – озаттар кеніші» деп шынында да бекерден-бекер айтылмаған. Осы өңірдегі кеншілер арасындағы ерен еңбектері үшін жоғары марапатқа, наградаларға ие болғандары жағынан да осы кеніш оқ бойы озып тұр. Кеніш құрылғаннан бері 25 адам «Кенші даңқы» белгісімен марапатталыпты. Ал, кеудесіне «Алтын жұлдыз» таққан айтулы үш кеншінің үшеуі де осы кеніштің нағыз шамшырағы болғанын айтпай кетуге әсте болмас. Осы кеніште 1956 жылдан еңбек еткен ҚР-ң Құрметті кеншісі Әубәкір Құсайынов кеңестер кезеңіндегі ең жоғары атақ Социалистік Еңбек Ері атанса оның сол бір өнегелі жолын есімдерін елі сыйлаған даңғайыр кеншілер Соц. Еңбек Ерлері Қазымхан Кентаев пен Демберген Баймағанбетов жақсы жалғастырды. Үзіліссіз еңбек етіп, табыстың тайқазанын тасытқандардың бірі - №45 шахтаның забойшысы Тайғара Естаев Ленин орденін омырауына таққан еді. Дәл осындай құрмет пен марапатқа №65 шахтаның забойшылар бригадирі Н.Я.Сидоренко де ие болып, Ленин орденін тақты. Халықтар Досты ғы орденінің иегері №65 шахтадағы забойшылар бригадирі Жоламан Жұмаев тың да кен алу ісінде өзіндік ерекше қолтаңбасы қалғанын айтсақ, еңбектің мерейін өсіргеніміз болар.

Жезқазған өңіріндегі кен өндірісінің 30 пайыздан астам өнімін беретін кеніштің келешегі кемел, ертеңі тың табыстарға ұштасып жатарына ешкімнің таласы болмаса керек. Қалай дегенде де Алыптың аты алып емес пе? Ендеше Оңтүстік кеніш алыпқа лайық аяқ алысынан жаңылыспасы хақ.



Григорий Гаврилович Савчук

Еңбек және жалақы

бөлімінің бастығы.ір Құсайынов кеңестер кезеңіндегі ең жоғары атақ Социалистік Еңбек
Южно-Жезказганский рудник

Южно-Жезказганский рудник в составе шахт №№3,44,45 был создан в 1965 году с расчетом производительности – 2,8 млн. тонн в год. В 1975 году в связи с вводом шахты №65 проектная годовая производительность ЮЖР уве-личилась до 5,5 млн. тонн. В 1984 году была сдана для эксплуатации шахта №67. Годовой план ЮЖР в составе шахт №№45,65,67 составил 8,1 миллиона тонн руды и 9072 тонны металла. Перед новым рудником были поставлены высокие цели, трудные задачи. Тогда годовой объем производства руды трех шахт составлял 28000 тонн, этот показатель ни горняков, ни руководство не удовлетворял. Скажете, почему? В недрах находится несметное богатство. А его нужно добыть, как положено, но дальше слов ничего не продвигается. Вот, потому-то назрело время строительства новых шахт.

Радостная весть о строительстве шахты на южном направлении поселка Жезказган обошла не только один регион, но и всю страну. С других регионов были приглашены мастера шахтостроительного дела. Министерство цветной металлургии единой советской страны прислало самых лучших, опытных спе-циалистов, своевременно оказывая всю необходимую помощь. Результат был положительный.

Есть поговорка «То, что услышено, глаза обязательно увидят». Народ увидел внешний силуэт, строящейся новой шахты на южном направлении, притягивающий взор любого своей красивой формой. Она была построена через десять лет после создания Южно-Жезказганского рудника. Так в мае 1975 года была введена первая очередь, а в декабре – вторая очередь шахты №65. Пуск новой шахты внес коррективы в план Южного рудника, его годо-вая производительность увеличилась в два раза, то есть – 55000 тонн в год. Конечно по сегодняшним меркам это не лучший показатель, но по тем временам в сравнении с другими рудниками был значительным. На новой шахте работа закипела. Открылся источник больших доходов. И горняки, и вспомогательные службы, в целом весь коллектив рудника взяли за обязательство – ежемесячно выполнять план. В состав рудника была добавлена еще одна новая шахта. Эта была шахта №67, введенная в 1984 году, которая внесла неоценимый вклад в развитие Южного рудника. На но-вых шахтах рудника была пущена в эксплуатацию новая гигантская техника в соответствии с внедрением новых технологий на рудниках. Годовой объем по производству руды в целом рудника после ввода шахты №67 вырос до 6 миллионов тонн.

Одним словом, Южный рудник сформировался как лучший во всех отношениях, и был достойным украшением красивой шутки, существовав-шей в народе, «Южный рудник – это Родина передовиков».

Несмотря на то, что радовали душу новые показатели, добивались больших трудовых достижений, нельзя не сказать о влиянии периода, который остал- ся в памяти как годы «застоя». Сужение рынка сбыта меди, уменьшение спроса повлияли и на зарплату, и на многие другие обстоятельства. В этот тя-желый период для Жезказганского промышленного региона, который вносил весомый вклад в экономику, культуру и социальную сферу целой страны, Глава государства Н.А.Назарбаев, взяв инициативу в свои руки, предложил пригласить на производство иностранных инвесторов на тендерных условиях. Многие компании мирового уровня изъявили желание померить силы на жезказганских рудниках. Среди них наш Президент выбрал компанию «Самсунг-Дойчланд», которая хотя, не полностью занималась ме-таллургической отраслью, но дала полное согласие выполнить условия дого-вора. Это было своевременное и мудрое решение. Оно тогда открыло доро-гу корпорации «Казахмыс», признанной сегодня на мировом рынке, к осу-ществлению управления производством. Так у предприятий Жезказгана от-крылось второе дыхание. Президент корпорации «Казахмыс», правопреем-ника ПО «Жезказганцветмет», господин Ким В.С. подробно знакомясь с поло жением на рудниках, предложил условия формирования всех звеньев сферы производства в соответсвии с рыночными отношениями. На должность Пред седателя Правления он пригласил из числа квалифицированных специалистов, хорошо знающих положения всех рудников Юна Р.Б.

Руслан Борисович начавший свой трудовой путь простым рядовым горняком и выросший до директора рудника, добившийся карьерного роста и большого уважения горняков только благодаря своему знанию и опыту, на должности Председателя Правления осуществлял руководство, уделяя оди-наковое внимание ко всем производствам корпорации. Среди них он особо относился к Южному руднику, где в 1989 году, являясь директором, проводил практическую эксплуатацию новой техники на подземных горных работах, внедрил новшества, содействовал достижению новых успехов. Теперь уже внедрил в производство целостную комплексную программу эксплуатации новой техники, работа по которой была начата в свое время им самим. Самое главное, установил жесткий порядок в вопросах труда и зара-ботной платы.

Конечно, изначально правильно организованный «Южный» не сдавал свои позиции «гиганта». После первого директора Рустема Даутова здесь сформировалась целая плеяда молодых, знающих специалистов-руководите лей, которые прошли по ступенькам одной карьерной лестницы. В народе и среди руководителей было сложено хорошее словосочетание «Южный – куз-ница кадров» Начиная с Рустема Даутова, были сформированы крупные личности, имена которых среди производителей горнорудного производства называют с уважением: Х.К.Канафин, братья Руслан и Александр Юны, Т.Маг зумов, М.Алипбергенов, А.Минигулов, И.Тыныбеков, Г.Толеубаев, Р.Есимов, Е.Алькенов, Ж.Борибаев.

Да, «Южный» рудник не зря назван «Рудником передовиков». С начала создания рудника 25 человек были награждены знаком «Кенші даңқы». Будет совершенно несправедливо, если не сказать о трех героях труда, настоящих маяках рудника, на груди которых сверкает «Золотая звезда». Доблестный путь Почетного горняка Казахстана, Героя Соц. Труда СССР, тру-дившегося на руднике с 1956 года, Абубакира Кусаинова продолжили Герои Соц. Труда Казымхан Кентаев, Демберген Баймаганбетов. Отличился предан-ностью профессии, огромными трудовыми успехами также забойщик шахты №45 Тайгара Естаев, награжденный орденом Ленина. Такой же награды и почета был удостоен бригадир забойщиков шахты №65 Н.Я.Сидоренко. Свое-образный отпечаток оставил в горном деле бригадир забойщиков шахты №65, обладатель ордена Дружбы народов СССР Жоламан Жумаев.

Думаю, ни у кого не будет сомнения в дальнейшем успешном развитии рудника, который сегодня выдает более 30 процентов продукции всего гор-норудного производства в Жезказганском регионе. Гигант есть гигант! Поэто-му шаги Южного рудника всегда будут гигантскими, это однозначно.


Савчук Г.Г.

начальник отдела труда и

заработной платы
Солтүстік Жезқазған кеніші
«Қазақмыс» корпорациясының ең ірі кәсіпорындарының бірі. Кеніш Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының құрылуынан бастап жұмыс істеп келеді. «Гипротүстіметалл» институтының жобасымен «Анненск» карьері (Батыс Анненск, Шығыс Анненск, Солтүстік Анненск,, Карпиенский, Никольский карьерлері), «Кресто-Орталық карьерлері құрылды. 1948 жылы қазан айынан бастап Анненск карьеріне қазба жұмысы жүргізіле бастады. 60-70 метрлік тереңдіктегі «Кресто-Орталық», «Никольский» карьерлерінің әрқайсысы 200-300 мың тоннаға дейін жылдық өніммен қамтамасыз етіп отырды. Ал, «Анненск» карьері жер бетіндегі ұзындығы 1,5 км, ені 0,5 км, 60-80 метрлік тереңдіктен 500-600 мың тоннаға дейін кен алады. 1955 жылы ең ірі карьер Златоуст-Беловский құрылысы басталды. 1960 жылы «Анненск» және «Зла-тоуст-Беловский» карьері негізінде Солтүстік Анненск кеніші пайда болды. 1981-1982 жылдары Ақши-Спасск карьері ашылды. Бұл карьер жаңа техникамен жабдықталып, сынақтан өтті. 110 тонналы БелАЗ-71191, Экг-10 экскаваторлары т.б. техникалар қолданылды. Бұл карьердің ұзындығы 1500 метр, ені 1300 метр, тереңдігі 180 метр. Златоуст-Беловский, Ақши-Спасск карьерлерінің өндіріс алаңында механикалық жөндеу цехы, электр жөндеу депосы т.б. техникалық қызмет көрсететін орындар ашылды. c:\documents and settings\administrator\local settings\temporary internet files\content.word\pdf610.jpg

Қазіргі таңда Солтүстік Жезқазған кеніші Ақши-Спасск, Орталық-Спасск, Кресто- 8, Итауыз, Батыс Сарыоба, Шығыс Сарыоба, Қыпшақбай, Қарашошақ, Тасқора карьерлерінде ашық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыланды карьерінің өндіріс алаңында үлкен жүк таситын көліктерін жөндеу гараждары бар. Итауыз карьері Жыландының батысында орналасқан. Ұзындығы 2,3 км, ені 0,5 км, жоба тереңдігі 180 метр. Кеніш жоғары сапалы технологиямен қамтамасыз етілген. Солтүстік Жезқазған кеніші жылына 3,0 млн. тонна кен өндіреді.

«Қазақмыс» корпорациясының шикізат көзін молайту бағытындағы іс-шараларды жүзеге асырауда Солтүстік Жезқазған кенішінің алар орны ерекше. Қажетті ресурстарды табуға, байыппен бағалауға және шебер пайдалануға қабілетті кәсіпқойлардан тұратын ұжым қалыптасқан бұл жерде. Солтүстік Жезқазған кеніші еңбеккерлері Ақши, Қыпшақбай карьерлеріндегі төрт бөлімшеде еңбек етеді. Ақши ашық кен орнының «Жезқазғантүстімет» ӨБ-не қарасты байыту фабрикасын шикізатпен қамтамасыз етудегі үлесі мол. Дәл қазіргі таңда тереңдігі 200 метрден асатын карьерден тәулігіне 20300 текше метр тау жынысы шығарылып, жүктелген міндет абыроймен атқарылуда. Екі жүзден аса адам еңбек ететін жерде еңбек қауіпсіздігін сақтауға барынша көңіл бөлінген. Белгіленген жоспарға сай айына 579 мың текше метр көлемінде тау жынысы, яғни сульфидті кен өндіріледі бұл жерде. Ұжым ұйымшыл, қалыптасқан дәстүрі бар.c:\documents and settings\administrator\мои документы\pdf611.jpg

Солтүстік Жезқазған кенішінде кезінде еңбегімен даңқы шыққан арда-герлер Ленин орденінің иегерлері Р.Жанжігітов, Ғ.Молдағалиев, С.Жездібаев, экскаваторшылар бригадасының жетекшісі, «Қызыл Ту» орденінің иегері А.Х. Ротермель; «Еңбек ардагері», 3-ші дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Р.М.Гаевой т.б. еңбек етті.

Солтүстік Жезқазған кенішінің әр кездердегі директорлары В.Звездинский, С.Асатов, К.Канафин, В.Вахрушев, Ю.Семидалов, М.Боранбаев т.б. білікті басшылар болды.
Северный Жезказганский рудник
Северо-Жезказганский рудник –один из старейших рудников корпора-ции «Казахмыс». Рудник работает со дня строительства горно-металлургичес кого комбината. По проекту «Гипроцветмет» строились «Анненский» (запад-ный, восточный, северный Анненск, Карпиенский, Никольский карьеры), «Кресто-Центр» карьеры. 1948 году с октября месяца на Анненском карьере велись раскопочные работы. «Кресто-Центр», «Никольский» карьеры обеспечивали до 200-300 тысяч тонн выработки в год. «Анненский» карьер длиной 1,5 км, шириной 0,5 км из глубины 60-80 метров добывает до 500-600 тысяч тонн руды.

В 1955 году началось строительство самого крупного карьера Златоуст-Беловский. 1960 году на основе карьеров «Анненский» и «Златоуст-Беловский» образовался Северо-Анненский рудник. 1981-1982 гг. открылся Акчи-Спасский карьер. На этом карьере, снабженный новой техникой, было произведено испытание. Использовались 110 тонный БелАЗ, экскаваторы Экг-10 и другая техника. Длина этого карьера 1500 м, ширина 1300 м, глуби-на 180 метров. На производственных площадках Златоуст-Беловский, Акчи-Спасского карьеров открылись ремонтно-механические цеха, электро-ремонтное депо и другие места, оказывающие техническое обслуживание.

В настоящее время Северо-Жезказганский рудник проводит на карьерах Акчи-Спасский, Центро-Спасский, Сарыоба, Восточный Сарыоба, Кыпшакбай, Карашошак, Таскора раскопочные работы. На производственной площадке Жыландинского карьера есть гаражи, в которых производятся ремонты большегрузных машин. На западе Жыландинского находится карьер Итауыз – длина 2,3 км, ширина 0,5 км, глубина проекта 180 м. Рудник обеспечен высоко качественной технологией. Северо-Жезказганский рудник вырабатывает 3,0 млн тонн руды в год.

Северо-Жезказганский рудник занимает особое место в корпорации «Ка-захмыс» в увелечении сырьевых ресурсов. Здесь налажен опытный коллектив, способный находить нужные ресурсы и умело их использовать. Работники СЖР трудятся на четырех подразделениях карьеров Акчи, Кыпшакбай. Значимая доля открытого карьера Акчи в обеспечении сырьем обогатительной фабрики, относящаяся ПО «Жезказганцветмет» огромна.

В настоящее время из глубины 200 м. карьера в сутки добывается 20300 кв.метров горной породы, тем самым достойно выполняется возложенная обязанность. На производстве, где работают более 200 человек, строго соблюдается трудовая безопасность. Здесь за месяц, согласно установленно-го плана добывается в объеме 579 тысяч кв.метров горной породы, т.е. суль-фидная руда.Коллектив Северо-Жезказганского рудника организованный, слаженный, со своими традициями.

В Северо-Жезказганском руднике в свое время работали ветераны труда награжденные Орденом Ленина Р.Жанжигитов, Г.Молдагалиев, С.Жездиба-ев; бригадир экскаваторщиков А.Х.Ротермель; обладатель орденов «Еңбек ардагері» (Ветеран труда) и «Даңқ» (Слава) 3-ей степени, лауреат Гос.премии КазССР Р.М.Гаевой и другие.

Директорами СЖР в разные годы были В.Звездинский, С.Асатов, К.Канафин, В.Вахрушев, Ю.Семидалов, М.Боранбаев и другие опытные руководители.
Батыс Жезқазған кеніші

c:\documents and settings\administrator\мои документы\pdf612.jpg

Кен жұмыстарын интенсивтендіру (үдету) мақсатында 1957 жылы №55 және №57 алып шахталардың негізі қаланды. Бұл кеніштерде алғаш рет елімізде кен өндіру мен ұңғылау жұмыстары өздігінен жүретін жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асты. Жерасты жағдайында экскаваторлар, электрлі жүкті өздігінен түсіретін аударғыш машиналар (самосвал), бұрғылау кареталарын өндірісте игеру мақсатында 1959 жылы комбинат құрамында Орталық жобалау-зерттеу тәжірибелік зертхана (ОЖЗТЗ) ашылды. Зертхана өздігінен жүретін жабдықты жасап, оны сынақтан өткізіп соның арқасында еңбекті ұйымдастырудың жаңа тәсілін өндіріске енгізу мүмкіндігі туды.

№55 шахта –Батыс Жезқазған кеніші 1965 жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Сол жылдары Орталық жобалау-зерттеу тәжірибелік зертханасы 75 жаңа шетелдік, отандық, өндірістің жеке өзіне меншікті машиналарын сынақ-тан өткізді, зерттеп және пайдаланылуын тексерді. Оның ішінде 20 шақтысы комбинат инженерлерінің күшімен №55,57 шахталарда енгізілді. Кен қазу жұмыстары автоматтандырылды, жөндеу, монтаждау және қосалқы операциялар механикаландырылды. Кен өндірудің жаңа техника мен технологиясы кеншілердің еңбектерін едәір жеңілдетті, жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етті.

Батыс Жезқазған кеніші (№55 шахта) Жезқазған қаласынан батысқа қарай 25 шақырым, Сәтбаев қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан. Ба-тыс Жезқазған кеніші құрамына №55, 31, «Ақши» кеніші кіреді. Кеніштің жылдық жобалық және нақты өндірісі 2,190 тонна болып саналады. Жұмыс-шылар саны орта есеппен 830 адамды құрайды, оның ішінде қауіпті өндірісте 520 адам еңбек етеді. Кеніш қорының өңделуі камерлік-бағаналық жүйеге негізделіп, бұрғылап өндіріледі. Кеніште 3 өндіруші учаскеде «Аксера», екі «Соло» бұрғылау қондырғылары, 7 ТОРО, 5 Cat, шөмішті ТОРО бар. Сондай-ақ 180 горизонтта 4 электровоз жұмыс істейді.

2010 жылы №55 алып шахтаның алғашқы пайдалануға берілгеніне 45 жыл толды. Содан бері 187 млн тонна кен өндіріліпті.. Одан 2 657 597 тонна мыс, 274 496 тонна қорғасын, 18 230 тонна мырыш алыныпты. Осы деректерге ой жіберілсе кеншілердің кесек тұлғасы көз алдымызға келеді. «Еңбек дәстүріне адалдықтың жарқын көрінісі осындай-ақ болар!» деп риза боласыз.

Батыс Жезқазған кенішінде кезінде Зейнеп Әбілбекова КОКП 26-шы съезінің делегаты; Т.Садуақасов «Кенші даңқы» белгісінің толық иегері; Б.Марцинкевичус забойшылар бригадасының жетекшісі т.б. озаттар еңбек етті.



Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет