Семинар сабақтары -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет1/14
Дата16.07.2017
өлшемі1.29 Mb.
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Факультет деканы

________ Ж.М.Карагойшин

«______»__________ 200_ж.

Жаратылыстану-математика

Биология және экология кафедрасы

050608 «Экология»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған


Бұзылған экожүйені қалпына келтіру
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




Курс – IV

Семестр –VIII

Кредит саны -3

Дәріс – 30 сағат

Семинар сабақтары -15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – VIII - ші семестрде

Барлығы – 135 сағат

Орал 200 9 ж.

Пәннің оқу әдістемелік кешені «Бұзылған экожүйені қалпына келтіру» типтік оқу бағдарламасы Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

құрастырылған.


Құрастырушы (лар): оқытушылар Қажымұратова Ж.С

Келісілді: ОҮҰжОӘБЖ жетекшісі Какимова А.А.



Биология және экология_ кафедрасының отырысында қарастырылды.
09қыркүйек 2009 ж. № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ _Қайсағалиева Г.С._

(қолы) (аты-жөні)

Жаратылыстану-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

.

13қырқүйек 2009 ж. № 1 хаттама



Жаратылыстану-математика факультетінің

оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы Т.А.Терещенко

(қолы ) (аты-жөні)

1. «Бұзылған экожүйені қалпына келтіру» типтік оқу бағдарламасы Алматы, 2003.



5 ғимарат 34 кабинет

2. «Бұзылған экожүйені қалпына келтіру» курсының бағдарламасы (SILLABUS).
2.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
Оқытушы: Қажымұратова Жаннат Санкибаевна.

Офис: проф. В.В.Иванов атындағы ботаника кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Жаратылыстану-математика факультеті, Достық даңғылы 121

Жұмыс телефоны: 50-35-49

Е-mail:
2.2 Пән туралы мәлімет

«Бұзылған экожүйені қалпына келтіру» пәні

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Аптасына 3 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат екі байланыс сағатынан (дәріс) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі (3 кредит мысалында келтірілген):


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты

2 (дәріс )

Байланыс сағаты 1 ( семинар)


50 мин.
50 мин.

ОЖСӨЖ 3 сағат

СӨЖ 3 сағат



50 + 50 + 50 мин.


Кредит саны – 3

Өту орны: Жаратылыстану бөлімі


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


4

8

3

30

15

45

45

135

емтихан


2.3 Кіріспе
Бұзылған экожүйені қалпына келтіру пәнінің өзі жаратылыстану-ғылыми пәні болып табылады онда антропогендік фактордың әсерінен бұзылған экожүйені қалпына келтірудің іс-шаралары қарастырылады.
Курстың басты мақсаты: Болашақ мамандардың бойында табиғи ортаға әсер етудің зардаптары туралы, табиғат ресурстарының ластану жағдайларын бағалаудың әдістері туралы,табиғи экожүйеге антропогендік әсер туралы түсініктерді қалыптастыра отырып экологиялық сауатты шешім шығара алатын мамандар даярлау.
Курстың мақсаты: Студенттердің экологиялық білімдерімен экологиялық мәдениетін дамыту.
Курстың міндеттері:

1. Студенттерге биологиялық және әлеуметтік экожүйелердің тіршілік етуінің жалпы заңдылықтары туралы білім беру.

2. Мекен ету ортасын қорғау мен қалыптастыру механизмдерін көрсету.

3. Адам қызметінің жалпы экология заңдарымен үйлесімділігінің дәрежесін көрсету.

4. Қазіргі әлемдегі экологиялық мәселелердің сипаттамасын беру.

5. Экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын көрсету.


Курстың мазмұны:

I. Бұзылған экожүйені қалпына келтіру пәні, мақсаты экология ғылымы ретінде қалыптасуының қысқаша тарихы.

II. Экожүйе түсінігі. Экожүйелердің жіктелуі және энергия ағымы.

III. Биосфера – әлемдік экожүйе. Биосферадағы зат айналымы.

IV. Табиғи және антропогендік экожүйе.

V. Табиғи жүйелер адамзат әсерінің обьектісі ретінде.

VI. Табиғи жүйелердің құрылымы мен қасиеттері.


  1. Адамның табиғи жүйелерге әсері.

  2. Табиғи антропогендік жүйелер және олардың жіктелуі

  3. Табиғат ресурстары пайдалану, қалпына келтіру. Минералды ресурстарды тиімді пайдалану.

  4. Климаттық, су, жер ресурстарын тиімді пайдалану және қалпына келтіру.

  5. Биологиялық ресурстар, ландшафт және табиғи антропогендік ландшафттарды тиімді пайдалану және қалпына келтіру.

  6. Табиғатты тиімді пайдалану жүйесі және жіктелу.

  7. Қорықтар − табиғат лабораториялары. Экологиялық каркас және ауданды экологиялық жоспарлау.

  8. Өсімдіктерді және жануарларды қорғау және тиімді пайдалану.

  9. Су экожүйесі оны қалпына келтіру.

  10. Мелиорация туралы түсінік. Жіктелуі.

  11. Жерді суландыру, фитомелиорация

  12. Климаттық, химиялық мелиорация.

  13. Мелиорация және табиғатты қорғау.

  14. Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру

  15. Қала экожүйесі, оны жақсарту жолдары.

  16. Орман экожүйесі, оны қалпына келтіру.

  17. Арал теңізінің экологиялық мәселелері, оны қалпына келтіру.

  18. Балқаш және Каспий экожүйесінің қазіргі жағдайы.

  19. Семей полигонының экологиялық мәселелері,қалпына келтіру.

  20. Капустин Яр және Азғыр полигондарының экологиялық мәселелері.

  21. Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері.

  22. Пайдалы қазбаларды өндіруде техногенді неорельеф.

  23. ҚМГКО экологиялық мәселелері.

  24. Табиғи техникалық геожүйелердің мониторингі және экологиялық бақылау.

Оқыту әдістемесі: Оқыту дәріс және семинар сабақтары ретінде өткізіледі. Сол сабақтарда негізгі білімдік мәліметтер қарастырылады. Білімнің бақылауы ауызша жауаптары, жазбаша бақылау жұмыстары, жеке өзіндік жұмыстары және үй тапсырмалары түрінде өткізіледі. Сонымен қатар әр апта сайын қосымша кеңестер (консультация) жүргізіліп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет