Семинар барысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың жас кезеңдеріне сай шығармашылық топтарға бөліну арқылы жүргізіледі. Топты тьютор бағыттап, бағдарлап отырады



Дата28.10.2017
өлшемі263.35 Kb.
#43039
түріСеминар

Алғы сөз
Табиғат көп нәрсені үйретіп қана қоймайды, тәрбиелейді. Сондықтан тәрбиеші туған табиғатты жете білуі тиіс және оның барлық ерекшелігі мен байлығын, әсемдігі мен әдемілігін, мекен етушілерін балаларға таныстырып, сырын аша білуі керек.

Белгілі әдіскер, профессор В.Е.Райнов тірі және өлі табиғатқа бақылау жасау арқылы балалармен одан бұрын байқамаған көп ғажайып сырларды ашуға болатынын айтқан.

Табиғат аясында жасалатын бақылаулар балаға мынадай нақты деректер алып, өзін-өзі одан әрі дамытуға жол ашады:

Заттарды бақылап, тану арқылы қисынды ойлау қабілеттері дамиды, өзгерістерді өздігінен бақылап қорытынды жасайды. Мысалы: жыл мезгілдерінің, құстардың, жабайы аңдар мен үй жануарларының маусымдық ауысуы, жәндіктер, ағаштар, олардың жапырақтары мен гүлдері, гүлзардағы гүлдердің өзгеріске түсуі және т.б.

Серуен кезіндегі бақылаулар бала бойындағы зейінінің тұрақтануына, есте сақтау мен тапқырлық, білімге қызығушылық қасиеттерінің дамуына себепкер болады. Серуен кезіндегі жүйелі түрдегі дұрыс ұйымдастырылғанбақылау – мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерімен қоса еңбек сүйгіштік, ұқыптылық, жауапкершілік, шапшаң жұмыс жасау шеберліктерін дамытады.

Ұсынылып отырған «Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын қимылдық, танымдық белсенділіктерін серуендегі бақылау негізінде арттыру» тақырыбындағы қалалық семинар мектепке дейінгі ұйым және шағын орталық тәрбиешілері мен әдіскерлеріне тәжірибелік көмек боларына сенімдіміз. Семинардың негізгі мақсаты мен алға қойған міндеттері «Не білгім келеді?!» тренингі негізінде бастау алады.

Семинар барысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың жас кезеңдеріне сай шығармашылық топтарға бөліну арқылы жүргізіледі. Топты тьютор бағыттап, бағдарлап отырады.

Семинарды қорытындылау рефлексивті бағалаумен аяқталады.Сондықтан бүгінгі семинарға қатысушылар ментьюторларғе сәттілік тілеймін.


Құрметпен,c:\users\comp1\desktop\2015-04-21 55\55 001.jpg

20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжай



директоры: В.А.Аубакирова

СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ


Уақыты (сағ)

Мазмұны

Өтілетін жері

Жауаптылар


ТАҚЫРЫБЫ: «Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын қимылдық, танымдық белсенділіктерін серуендегі бақылау негізінде арттыру»

08.30 - 09.00

Қонақтарды қарсы алу (тіркеу)

1 қабат


Слямбекова Ж.С.,

Анаш Серікгүл



09.00 – 09.05

Тезистік сөз

Музыка залы

Балабақша-бөбекжай директоры Аубакирова В.А.

09.05 – 09.15

Тренинг: «Не білгім келеді?!»

Музыка залы

Алладин: Тайф Елка

Жын:Көкенаева Н.М.


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ


09.20 – 10.00

1-ші шығармашылық топ



«Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын серуен кезіндегі қимылдық ойындар негізінде арттыру»



Спорт зал

(1-ші қабат, сол жағалау)





Тьюторлар:

Нажбиева Жұпар Мураткановна.,

Мұратбек Айдынгүл


09.20 – 10.00

2-ші шығарма-шылық топ



«Орта топ балаларының танымдық белсенділіктерін серуен кезіндегі мақсатты бақылау барысында жүзеге асыру»


Хореография залы

«Еркін микра-фон» бағдарлама-сы негізінде.

(2-ші қабат)


Тьюторлар:

Құрмаш Бақытгүл., Қалинұр Күлайхан




09.20 – 10.00

3-ші шығарма-шылық топ



Ересек тобы балаларымен серуен кезіндегі бақылауды «Ізденісті –эксперименталды іс әрекеттер» негізінде жүзеге асыру.

Балкон

(2-ші қабат, оң жағалау)




Тьютор:

Өнерхан Айнагүл.,

Турсынгалиева Г.Т.


10.00-10.20

КОФЕ - БРЕЙК

10.20- 10.30

«СЕРУЕН КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ»

әдістемелік нұсқаулықтың тұсау кесері

Музыка залы


Балабақша-бөбекжай директоры Аубакирова В.А.


10.30 – 11.00

РЕФЛЕКСИЯ:

Семинарды қорытындылау



Музыка залы

ҚББ мектепке дейінгі бөлімінің әдіскері Касымова А.М.,

Балабақша-бөбекжай әдіскері Зәкиева Н.З.



c:\users\comp1\desktop\2015-2016 уч год\106photo\sam_2642.jpgc:\users\comp1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_0095.jpg



Тренинг:

«Не білгім келеді?!»

ТРЕНИНГТІ ЖҮРГІЗУШІ ТЬЮТОРЛАР


http://i043.radikal.ru/1106/db/e1ff379e4c88.jpg


http://i043.radikal.ru/1106/db/e1ff379e4c88.jpghttp://new.oink.ru/uploads/news/27102014.jpg

http://multiki-kartinki.narod.ru/alladin/aladdin12.jpg



Топ тәрбиешісі

ТАЙФ ЕЛКА

Логопед

КӨКЕНАЕВА

НАЗЫМ МӘДЕНИЕТҚЫЗЫ
http://svega25.narod.ru/disney/al7.gif



Мақсаты: Семинар барысында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен әдіскерлеріне тәжірибелік көмек көрсете отырып өз бетімен мәселені анықтап, шешім қабылдауға үйрету. Сұрақтарға сауатты жауап таба білу шеберліктерін арттыру. Кәсіби ойлау мүмкіндіктері мен өз ісін жетік меңгеруге көмектесу.

Алдын ала дайындық және керекті құралдар: тренингке қатысушыкейіпкерлердің киімдері мен шәйнекті , Алладин клемщесін дайындау. Семинардың тақырыбын жазып ілу.

Тренинг барысы:

Семинарға қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бөлменің бір шетінде шәйнек тқрады. Баяу музыка әуенімен ортаға Алладин келеді.

Алладин:c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5243.jpg

  • Сәлеметсіздер ме, мен қайда тап болдым?. Бұл жерде не болып жатыр?

Қатысушылар:

  • «Нұршуақ» балабақшасына келдіңіз. Бүгін бұл жерде «Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын қимылдық, танымдық белсенділіктерін серуендегі бақылау негізінде арттыру» атты қалалық семинар болғалы жатыр.

Алладин:

  • Бәрекелді, жақсы екен. Бұл семинардан не білгілер келеді?

Семинарға қатысушылардың ойлары мен сұрақтары тыңдалады. Асықпай тыңдап тұрған Алладин қатысушыларға қарап.

Алладин:

  • Тұра тұрыңдар, шуламаңдар. Олай болса мен мына кілемінен түсіп сендерге жақынырақ келейін. Содан соң қайта айтарсыңдар.c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5248.jpg

Алладин шеңбердің сыртына шығып кілемшесінен түсіп қайта шеңберге жақындай бергенде, сол жерде тұрған шәйнекке сүйкеніп кетеді. Осы мезетте шәйнек қозғалып барып, қақпағы ашылып ішінен «Жын» шығады.

Жын: (Алладинге қарап)

  • О, менің әміршім! Сізге мың алғыс, мен сіздің барлық арман-тілектеріңізді орындауға дайынмын.

Алладин: (күлімдеп)

  • Ой, батырым көмек маған емес, мына тұрған ханымдарға керек. Соларды бір тыңдап көрші.

Жын: (семинарға қатысушыларға қарап)c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5255.jpg

  • Ал айтыңыздар, не арман-тілектеріңіз бар?

Семинарға қатысушылар семинар тақырыбына сай тағы да өздерінің білгілері келген мәселелерін айтады.

Жын:

  • Айтқандарың болсын сұлу ханшайымдар. Ол үшін бүгін маған мына қалпақтар көмектесетін болады.

Жын шәйнектің ішінен «Балапандар», «Құртақандар» және «Саяхатшылар» қалпақтарын алып шыққанда ортаға құртақан, балапан және зерттеуші-саяхатшы (тьюторлар) шығады.

Олардың қолдарында балалардың жас ерекшеліктері көрсетілген нұсқау қағаздары болады.

Мысалы:


  1. «Балапан» - І-ші және ІІ-ші кіші тобы

  2. «Құртақан» - орта топ

  3. «Саяхатшы-зерттеуші» - ересектер тобы үшін. Осылайша семинарға қатысушылар шығармашылық топтарға бөлінеді.


c:\users\comp1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_0094.jpg
«БАЛАПАНДАР»

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫНЫҢ

ТЬЮТОРЛАРЫ
c:\users\comp1\desktop\сборники-2015 год\8 марта, 1 день\sam_2641.jpg

http://i043.radikal.ru/1106/db/e1ff379e4c88.jpg


http://new.oink.ru/uploads/news/27102014.jpghttp://i043.radikal.ru/1106/db/e1ff379e4c88.jpg
http://cs622331.vk.me/v622331717/f5b9/dx1rolt---g.jpg
Тәрбиеші, жоғарыбілімді:Нажбиева

ЖұпарМураткановна

Тәрбиеші, жоғары білімді, «Үздік тәрбиеші-2015» қалалық сайысы-ның «Бас жүлде» иегері:

Өнерхан Айнагүл


http://cs622331.vk.me/v622331717/f5b9/dx1rolt---g.jpg

Тақырыбы:«Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын серуен кезіндегі қимылдық ойындар негізінде арттыру»

Семинар мақсаты: Серуен кезіндегі қимылды ойындар арқылы балалардың қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын арттыру мүмкіншіліктерімен танысу.Қимылды ойындарды тиімді қолдану жолдары арқылы әлеуметтік ортадағы қарам-қатынас іскерліктерін жетілдіру.

Қатысушылар: балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері.

Қажетті құралдар: карындаштар, фломастерлер, аққағаздар, мөлшерліқұжаттар, ұсынылатын әдістемелік әдебиеттер тізімі.

Семинарды өткізудің негізгі түрі:теориялықдәрісжәнепрактикалықіс-әрекет.

Алдын- алажұмыс:І-ші және ІІ-ші кіші топ балаларына арналған қимылды ойындардыңатрибуттары. Семинар барысында қолданылатын заттарды даярлау.

Семинар амандасудан басталады.



Таныстыру кезеңі

Тьютор:

  • Қайырлы күн әріптестер! Бүгінгі семинарымызды бастамас бұрын бір-бірімізбен таныс-біліс болайық. Олай болса «Танысу» ойынынан бастасақ.

Семинарға қатысушылар шеңбер бойына тұрады.Әрбір қатысушы өз есімін атайды да, есімнің бастапқы әріпінен басталатын өз бойындағы бір қасиетті атайды, осылайша ойын әрі қарай жалғасады.

Мысалы:


  • Менің атым Жайнагүл, жарқын мінезді.

  • Менің атым Сауле, сәулелі және т.б.

Тьютор:

  • Енді біз жұмысымыз әрі қарай нәтижелі болу үшін бір-біріміздің бойымыздағы жақсы қасиетімізді білсек! Ол қасиет есіміміздің басқы әрпінен басталатыны болуы керек. Ендеше бастайық!

Тютор:c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5313.jpg

  • Рахмет құрметті әріптестер! Әріптесім Жұпар Мұратханқызы барлығымызды таныстырып өтті. Енді барлығымыз шағын шығармашылық топтарға бөлінейік. Ол үшін сіздер мына сопақша пішіндерді бір-бірден алыңыздар.

Қатысушылар сопақша пішіндердің астында жазылған мына табиғаттың құбылыстары бойынша бөлінеді «Жел», «Жаңбыр», «Боран» бұл құбылыстарды іс-әрекетпен немесе дыбыспен көрсетеді.

Тютор:

  • Жайғасып отырыңыздар! Енді жұмысымызды бастайық. Сіздерге мынандай тапсырма.

  • Жалпы серуен деген не?

  • Серуен дегенді қалай түсінесіздер?

  • Алдарыңыздағы құралдарды пайдалана отырып осы сұраққа жауап іздеп көріңіздер!.

Қатысушылар сұраққа жауап беріп, ортаға шығып немесе орындарынан қорғайды.

Тьютор:

  • Жарайсыздар! Енді экранға назар аударайық. Жалпы серуенге тоқталып өтсек.

Баяндама тақырыбы: «Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоцияналдық қатынастарын серуен кезіндегі қимылдық ойындар негізінде арттыру».

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5332.jpg

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты.

Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа - райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады.

Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Баланың жан - жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну - танып білу - жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет.

Ол үшін тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.


Төменде берілген серуен кезінде ұйымдастырылатын бақылау үлгілері тәрбиешіге баланы қоршаған ортамен таныстыруға, серуенді дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Тапсырма:

1. Серуен кезіндегі «Желге» бақылаудың жоспарын жазыңыздар.

2. Серуен кезіндегі «Бұлтқа» бақылаудың жоспарын жазыңыздар.

3. Серуен кезіндегі «Ағаштарға» бақылаудың жоспарын жазыңыздар.



Семинарға қатысушылар «Серуенді ұйымдастырудың әдістемесіне» сүйене отырып толық ақпарат беруге тырысады. Өздерінің теориялық және практикалық білімдеріне сүйенеді. Содан соң тьютордар теориялық тұрғыда дәлелдемелерге тоқталып өтеді.
1сызба: Серуенді ұйымдастыру әдістемесінің моделі

Серуенді ұйымдастыру әдістемесі

Алдын ала жұмыс

Серуен тақырыбы

Ізденісті іс-әрекет (Тәжірибе)

Табиғат пен еңбек

Жеке жұмыс

Ерікті ойын

Ойын

(қимылды, сюжетті-рөлді, дидактикалық)

1

3

6

7

8

9

10

Көркем сөздер

5

Мақсаты

2

Мазмұны мен сұрақтар

4


Серуен дегеніміз – мектепке дейінгі мекемеде баланың ойын сабақтан тыс уақытының режимдік сәттерін ескере отырып ұйымдастырғаніс – әрекеттің бір түрі.

Серуен мақсаты – Қоршаған ортадағы нысандармен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, сонымен қатар өзін –өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен әлеуметтік мәдениет негіздерін меңгерту.

 Серуеннің ең негізгі бөлімі – ойын. Ал балаларды серуенге шығаруда ең кемінде үш ойын ойналу керек. Күндізгі серуенге  ойын таңдағанда, серуеннің алдындағы  балалардың айналысқан қызметін есепке алу қажет. Тыныш сабақтардан кейін қозғалысы молдау ойын таңдау қажет. Серуеннің басында барлық топпен ойнау керек. Дене тәрбиесі және музыкалық сабақтарынан  кейін  қозғалысы орталау ойын жоспарлаған жөн. Ондай ойындарды серуеннің ортасында немесе аяғында ойнату қажет. Балалардың қозғалыс дағдыларын пысықтайтындай, дамитындай жаңа ойындарды  жоспарлап жазып үйрету керек.  Бір жыл бойы шамамен 10 - 15 жаңа ойындар өткізу керек.

Ойынды таңдау жыл мезгіліне, ауа райына, серуеннің өткізілу уақытына байланысты. Әрбір топта ойындар картотекасы болу керек. Осы компоненттердің бәрі серуенді қызықты және қанықты етеді. Серуенді ауа-райына, бақылайтын нысанға, өтілген сабақтарға байланысты әр түрлі жүйелілікте жүргізуге болады. Ең бастысы, серуеннің  әрбір компоненті балалардың дене тәрбиесінің дамуына, денсаулықтарын шыңдауға, сонымен қатар көңіл-күйлерін көтеруге әсерін тигізеді.

Серуенде неғұрлым қимылды ойындар басты орын алады. Ойын - тек көңіл көтеру ғана емес, сондай-ақ оның көмегі арқылы жас балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып саналады. Балалар неғұрлым аз болған сайын олармен жүргізілетін білімдік - тәрбиелік жұмыстардың тәсілі ретінде ойын да соғұрлым жиірек қолданылады. Негізінен балалар ойыны әр түрлі типтерге бөлінеді. Мәселен: дидактикалық, аулада ойналатын еркін ойындар, серуен, экскурсия кезінде ойналатын ойындар, табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар, рөлдік ойындар, т.б.



Құрметті қатысушылар, серуен тақырыбы төңірегінде әлі де әңгіме өрбіте беруге болады. Жалпы біздің балабақша-бөбекжайда серуен жүйелі түрде жоспарланып, жүзеге асады. Олай болса іс-тәжірибемізден бейнефильмдерге назар аударуларыңызды сұраймыз.

  1. І-ші сәбилер тобы: «Киіз үйге» бақылау.

  2. ІІ-ші сәбилер тобы: «Қоянға бақылау»

Бейнероликке тоқталу, сипаттау.
Тютор:

  • Жалпы серуен кезіндегі ойналатын қимылды ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл белсенділіктерін, ептіліктерін ой-өрістерін дамытады. Олай болса осы серуен кезінде ойналатын мынандай қимылды ойынды өзіміз ойнап көрелік.

Ойын тақырыбы: «Көңілді қошақандар»

Қолданылатын көрнекіліктер: үйдің макеті, қошақандардың бас киімі.

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қүштарлықтарын дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, көңіл күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдққа, қызыға ойнауға баулу. Белсенділіктерін арттыру. Балалардың төрт түліке деген сүйіспеншілліке тәрбиелеу.

Ойын шарты: Алаңда ұзын сызық сызылады. Көпірдің аржағында қошақандардың үйі болады, қошақандар әуенмен билеп жүреді. Әуен тоқтағанда қошақандар жарыса отырып, көпірден өтіп үйлеріне жетулері керек.

Тьютор:

  • Серуен кезінде ойналатын қимылды ойындар атрибуттары эстетикалық талғамға сай, балалардың ұстауына, қолдануына ыңғайлы, сапалы болу керек.

Рефлексия:

  • Құрметті әріптестер, көңіл күйлеріңіз қалай?

  • Олай болса бүгінгі семинарымызды қорытындылап, бүгінгі іс-әрекетімізге талдау жасап жіберейік. Алдарыңызда екі түрлі жапырақ қойылды. Ашық және қанық түсті жапырақ.

  • Егер де бүгінгі семинардан пайдалы мағлұмат алдым, көңіліме жағымды болды. Әрі қарай өз іс-тәжірибемде қолдануға болады десеңіздер онда қанық жасыл түсті жапырақты алып шелектеріңізге салыңыздар.

  • Ал мен үшін бүгінгі семинардың танымдық бағыты болған жоқ, барлығы дәстүрлі. Уақтым зая кетті ғой дегендеріңіз болса онда ашық жасыл түсті жапырақтарды алыңыздар.

  • Сіздермен кездескенімізге өте қуаныштымыз, алдағы уақыттада осылай іс-тәжірибе алмасуда кездесіп тұрайық.



«ҚҰРТАҚАНДАР»

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫНЫҢ

ТЬЮТОРЛАРЫ
c:\users\aa\documents\39 001.jpg d:\фото семинар\dcim\101canon\img_0060.jpg

http://new.oink.ru/uploads/news/27102014.jpg


http://i043.radikal.ru/1106/db/e1ff379e4c88.jpghttp://i043.radikal.ru/1106/db/e1ff379e4c88.jpg

http://uchni.com.ua/pars_docs/refs/14/13537/13537_html_m1c3d6fa4.jpg


http://hovrashok.com.ua/images/jan/08/88101ce5538b21288b1152d7f8236a32/micro_1.jpg
Тәлімгер-тәрбиеші,

жоғары білімді,



Қалинұр Күлайхан

Тәрбиеші, жоғарыбілімді:

Магистр



Құрмаш Бақытгүл

Тақырыбы: «Орта топ балаларыныңтанымдық белсенділіктерін серуен кезіндегі мақсатты бақылау барысында жүзеге асыру»

Семинар мақсаты: Күн тәртібінің негізгі бөлігі болып табылатын – орта топ балаларының танымдық белсенділіктерін серуен кезіндегі мақсатты бақылау барысында жүзеге асыру, серуен және оны қызықты етіп ұйымдастыру жолдарын іздестіру, түрлі ойындар мен әдіс-тәсілдерді меңгеру.

Қатысушылар: балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері.

Қажеттіқұралдар:карындаштар, фломастерлер, аққағаздар, мөлшерліқұжаттар, ұсынылатын әдістемелік әдебиеттер тізімі.

Семинардыөткізудіңнегізгітүрі:теориялықдәрісжәнепрактикалықіс-әрекет.

Алдын- алажұмыс:тәрбиешілерге серуенбарысындақолданыпжүргентүрліойындардыжәнеоғанқажеттіатрибуттардыәкелутуралыұсынысжасалады.

Семинар амандасудан басталады.



Амандасу. Семинарға қатысушылар шеңбер бойында тұрады. Тьютор өз атын атап, қолындағы допты келесі көршісіне тілек тілек айтып береді.

Мысалы:


  • Менің есімім Бақытгүл, мен сізге жақсылық тілеймін.

  • Менің есімім Айнаш, сізге шығармашылық тілеймін т.с.с.

Семинарға қатысушылар бір-бірінің есімдерін біліп, танысып алған соң шығармашылық топтарға бөлінеді.

Тьютор:

  • Әріптестер, біз бір-бірімізмен танысып алдық. Енді бүгінгі іс-әрекетіміз сәтті болу үшін ең алдымен шағын шығармашылық топтар құрып алайық. Ол үшін мен сіздерді «Дауысынан таны» атты ойынға шақырамын. Ол үшін мен сіздерге мынадай суреттер таратып беремін.

Тьютор қатысушыларға сиыр, қой, түйе және олардың төлдері қозы, бұзау, боталардың суреттерін таратып береді.

Тьютор:

  • «Әукім, әукім!».

  • Мен қандай жануарды шақырдым. Ия сиырды. Ал сиыр М................... нелерін шақырады?

Қатысушылар:

  • Бұзауларын шақырады.

Тьютор:

  • Ал олай болса сиыр мөңіреп бұзауларын шақырсын.

Топ құрамымен бірге алдын-ала дайындалған үстел басына жайғасады.

Тьютор:

  • «Пұшайт, пұшайт!».

  • Мен қандай жануарды шақырдым. Ия қойды. Ал қой М.................. нелерін шақырады?

Қатысушылар:c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5337.jpg

  • Қозыларын шақырады.

Тьютор:

  • Ал олай болса қой маңырап қозыларын шақырсын.

Топ құрамымен бірге алдын-ала дайындалған үстел басына жайғасады.

Тьютор:

  • «Аух-аух-аух!».

  • Мен қандай жануарды шақырдым. Ия түйені. Ал түйе Б...................... нелерін шақырады?

Қатысушылар:

  • Боталарын шақырады.

Тьютор:

  • Ал олай болса түйе боздап боталарын шақырсын.

Топ құрамымен бірге алдын-ала дайындалған үстел басына жайғасады.

Тьютор:

  • жұмыс орнымызға жайғасып болсақ, сіздерге тапсырма.

Тәжірибелі сабақ: «Затты сипатта»

Семинарға қатысушылар үш топқа бөлініп отырады.

Үстел үстіне «Тордағы қоян», «акваримдағы тасбақа» және ағаш пен қалам беріледі.

Қатысушылар осы нысанаға зерттеу жасай отырып, сипаттама береді.



Қорытынды:кез-келген затты немесе нысананы түрлі сипаттауға болады. Бала қоршаған ортаны танып білуі үшін балабақшадағы уақытты кеңінен қолдана білуіміз қажет, әсіресе серуен барысында балалар түрлі қызықты мәліметтер ала алады. Олай болса бүгінгі семинар тақырыбы бойынша қысқаша тоқталып өтейін.
Семинар тақырыбы: «Орта топ балаларының танымдық белсенділіктерін серуен кезіндегі мақсатты бақылау барысында жүзеге асыру»c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5268.jpg

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Таным» білім беру саласының мазмұны мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Баланы табиғатпен таныстыра отырып, оның сан қырлы бояуларын балаларға көрсетіп, түсіндіру әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті. c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5269.jpg

Табиғат - баланың ақыл-ойын нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.

Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Таным белсенділіктері арттады.

Құрметті әріптестер:


  • осы жерде сіздерге тағы бір сұрақ қойғым келеді.

  • Таным дегеніміз не?. Танымдық әрекеті дегеніміз не?. Сіз оны қалай түсінесіз?. Кішкене ой толғау жасап жіберейікші.

Тьютор осылайша семинарға қатысушыларды диалогтық қарым-қатынасқа шақырады, ой бөліседі.
Таным дегеніміз – объективтік шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыратын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ал таным қызығушылығы – ғылым жаңалықтарын , қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық.

Танымдық әрекет дегеніміз -білім алушының ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі.

Ал танымдық қабілет дегеніміз- жеке тұлғаның білу, түсіну, қолдану, талдау, зерделеу т.б.сияқты іс-әрекет атқарудағы икемділігін айқындайтын өзіндік психологиялық ерекшелігі болып табылады. Танымдық әрекеттің негізінде танымдық белсенділік қалыптасады.



Танымдық белсенділік дегеніміз-баланың окуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: тәрбиешінің баяндап тұрған материалын түсіну үшін баланың оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстарын істеуі керек. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмларды белсенді орындауы жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

Құрметті әріптестер:



  • Серуен дегеніміз не?. Бақылау дегеніміз не?. Сіз оны қалай түсінесіз?. Кішкене ой толғау жасап, серуен, серуеннің мақсатын, серуеннің міндеттерін, серуенді ұйымдастыру әдістемелерін қағаз бетіне түсіріп көрейік.

Тьютор осылайша семинарға қатысушыларды топпен жұмыс жасауға шақырады.
Серуен дегеніміз- мектепке дейінгі мекемедегі бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты- бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организімде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.

Серуеннің міндеті:қарапайым жағдайда организімді шынықтыру, мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру, баланың қимыл-белсенділігін арттыру, баланың танымдық-көркемдік, эстетикалық, әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.

Мақсатты серуеннің түрлері:

  1. Балабақша аумағында

  2. Мектепке дейінгі мекеменің териториясынан аулаққа жаяу серуен ересек топтар 2км дейін (баланың киіміне қойылатын талаптар жыл мезгіліне сай болу керек).

Серуеннің мазмұны:

  1. Бақылау

  2. Еңбекке баулу

  3. Қимыл белсенділігін арттыру, қимылдық-спорттық, ойындар мен жаттығулар

  4. Баламен жеке жұмыстар

  5. Балалардың өз бетінше әрекеті.

Жоғарда айтып өткендей, мектепке дейінгі мекемеде, серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте арқылы талдау әдіскерждің де тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап қойып отырғанын біледі және серуенді ұйымдастырғанда жан –жақты ескеріп отырады.

Серуенді ұйымдастыру әдістемесі:

  1. Серуен тақырыбы.

  2. Мақсаты.

  3. Алдын-ала жұмыс.

  4. Мазмұны мен сұрақтар.

  5. Көркем сөздер.

  6. Тәжірибе.

  7. Табиғат пен еңбек.

  8. Қимылды, сюжетті-рөлді және дидактикалық ойындар.

  9. Жеке жұмыс.

  10. Ерікті ойын.

Құрметті әріптестер:



  • Енді осы өзіміз анықтаған «Серуенді ұйымдастырудың әдістемесін» қолдана отырып балалардың жас ерекшеліктер сақтап, серуенді жоспарлап көрейік.

Тьютор осылайша семинарға қатысушыларды теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға жағдай жасайды.

Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру – экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті. Сондықтан тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары табиғат аясында өтеді. бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға және қала сыртына саяхаттар жасайды.Табиғат аясында болғанда балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол – байқау, қадағалау. Сол себепті, біз баланың бойында біліктілік, танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет деп есептейміз. Жеңілден ауырға қарай іс-әрекеттерінің мәселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз керек.Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді.Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет естігеннен де, бір рет көрген артық» деген сөз бар, ол тегін айтылмаса керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, балалардың орман ішіне серуенге шығуы, құстардың шиқылдаған дауыстары, самал желдің дауысы естіледі. Сиқырлы серуенде ойламаған жерден қиын жағдайлар болып қалады да, табиғатқа көмек көрсету керек болады. Ондайдабалаларойланбастанкөмекберугеасығады. СЕМИНАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5271.jpg

Ортаға ағаш қойылады. Семинарға қатысушылардың

І-ші тобы қысқаша өз ойларын айтып, ағашқа жапырақтарын орналастырады.

ІІ-ші топ ағашқа алма гүлдерін іледі.

ІІІ-ші топ ағашқаалмаларды іледі. Ал семинарды жүргізген тьюторлар ортадағы алма ағашының безендірілуіне қарай өз іс-әрекеттеріне қорытынды жасауға мүмкіндік алады.


c:\users\comp1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_5363.jpgc:\users\comp1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_5367.jpg


Семинарға қатысушылар бағалау кезінде де белсенділік танытуда



«Серуен кезіндегі бақылау» атты әдістемелік құралының тұсауы кесілді.

Авторы: «Нұршуақ» балабақшасының директоры В.А.Аубакирова
c:\users\comp1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_5347.jpg

c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5386.jpg


Семинар тақырыбына сай «Ойындар жинағы» көрмесі ұйымдастырылды



Семинарға қатысушылар өз ойларымен бөлісуде
c:\users\comp1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img_5370.jpg c:\users\comp1\desktop\семинар\img_5380.jpg

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. ҚР МЖМБС 1.001-2012 ж Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

  2. Балбөбек. «Қазақ балабақшаларына арналған бағдарлама». Алматы, 2006 жыл.

  3. С.А.Веретенникова «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру».

  4. Как знакомить дошкольников с природой. Состовитель Каменева Л.А. Москва. «Просвещение» -1978 ж.

  5. Л.Н.Павлова. «Знакомим малыша с окружающим миром». Москва «Просвещение» - 1987 ж.

  6. В.Г. Нечаева., Т.А.Маркова. «Балалар бақшасында адамгершілікке тәрбиелеу». Алматы. «Мектеп» - 1980 ж.

  7. Балабақшадағы оқыту. СССР Педагогика ғылым академиясының толық мүшесі А.В.Запорожец. Алматы «Мектеп»-1987 ж.

  8. Хрестоматия: «Красота окружающего мира». Москва, «Авангард»-1992 ж.

  9. «Мен-жеке тұлға». 3-6 жастағы балаларға арналған тәрбиелеу мен оқытудың модулді-блокты-рейтингті бағдарламасы.

  10. Е.Өтетілеуов. «Әдептілік әліппесі». Алматы кітап баспасы – 2009 ж.

  11. Қ.Ж.Атыманова. «5-6 жастағы балалардың әлеуметтік-коммуникативтік іскерліктерін жетілдіруге арналған ойын-сабақтар жинағы». Алматы. «Інжу-маржан» полиграфиялық фирмасы -2008 ж.

  12. В.А.Аубакирова. «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған серуен кезіндегі бақылау». Өскемен. «Шығыс» полиграфиялық фирмасы -2016 ж.

  13. С.К.Раева. Қуырмаш. Алматы «Алматы кітап» ЖШС-2006 ж.

  14. Н.Н.Поддъяков. «Мышление дошкольника». Москва – 1977 ж.

  15. Дошкольная педагогика. Учеб.пособие для учащихся пед. уч-щ по спец. 2002 «Дошкольное воспитание» и 2010 «Воспитание в дошк. учреждениях» / В. И. Ядэшко, Ф. А. Сохин, Г. А. Сохина.– 2-е изд., испр. и доп. – М.: Просвещение, 1986. – 415 с.

  16. Зебзеева, В. О формах и методах экологического образования дошкольников // Дошкольное воспитание. – №7. – 2004. – с. 44-49

  17. Как знакомить дошкольников с природой: пособие для воспитателей дет.сада / Л. А. Каменева, А. К. Матвеева, Л. М. Маневцова и др.; сост. Л. А. Каменева; под. ред. П. Г. Саморуковой. – 2-е изд., дораб. – М.: Просвещение, 1983. – 207 с.: ил.

  18. Методика ознакомления детей с природой в детском саду: учеб.пособие для пед. уч-щ по спец. «Дошк. Воспитание», Л. А. Каменева, Н. Н. Кондратьева, Л. М. Маневцова, Е. Ф. Терентьева; под ред. П. Г, Саморуковой. – М.: Просвещение, 1991. – 240 с.: ил. 95-100

  19. Николаева С. Н. Теория и методика экологического образования детей: учеб.пособие для студ. высш. учеб. заведений Светлана Николаевна Николаева.– 2-е изд., испр. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

  20. Тихеева, Е. М. Развитие речи детей (раннего и дошкольного возраста): Пособие для воспитателей дет.сада / под. ред. Ф. А. Сохина. – 5-е изд. – М.: Просвещение, 1981. – 159 с.

  21. А.Т.Юрьева. «Совершенствование профессионального мастерства воспитателей по руководству игровой деятельностью детей».

  22. В.А.Варюхина. «Индивидуальный подход к детям в процессе руководства игравой деятельностью»

  23. Т.В.Антонова. «Особенности социального поведения детей в игре».

  24. Е.Дүйсенбай. Санамақ,өлеңдер. Алматы «Ана тілі»-1996 ж.

  25. Қ.Мырза., Қ.Баянбай. Өлеңдер, ертегілер. Алматы «Балауса» - 2007 ж.

  26. Жануарлар туралы ертегілер. Алматы. «Аруна» баспасы – 2006 ж.

  27. Төрт түлік. Алматы «Білім» - 2005 ж.

  28. Жануарлар туралы ертегі. Алматы – 2003 ж.

  29. «Балдырған» журналы. 2007, 2008, 2009, 2010, 2011,2013, 2014, 2015жж.

  30. «Айгөлек» журналы. 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015 жж.

  31. Интернет желісі бойынша материалдар жинағы.




Каталог: upload -> Files -> pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Балаларға судың пайдасы, қасиеті жайлы түсінік беру. Суды үнемдеу керек екенін түсіндіру
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> БАҒдарламасы (Вариативтік бөлік) Бағдарламаны құрастырушылар: Қ. Т. Аяпова, Г.Ө. Скакова Қызылорда, 2014 жыл
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Дидактикалық ойын баланың ақыл – ойын дамыту құралы Мединиева Света Нұрмұқашқызы Атырау қалалық, №20 «Алтын балық»
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Жұмағалиева Әлия Жардемқызы. Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Мүмкіншіліктері шектеулі балалармен ойын арқылы жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары. Каримова Айнур Ерболатновна «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Ертегі балалар болашағының ертеңі Мақтаншақ қоян ертегісінің қойылымы Молдагалиева Маржангүл Тажикаловна №20 «Алтын балық»
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> А. Т. Боранбаева Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Балалардың орманда өздерін дұрыс ұстау ережелері Құрастырған: Б. А. Шынгожина Құстардың ұясын бұзбаңдар!


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет