«Сеңгір» жазғы демалыс лагері «Бекітемін» абб бөлімінің әдіскері



Дата25.01.2017
өлшемі154.67 Kb.
#2587
«Сеңгір» жазғы демалыс лагері

«Бекітемін»

АББ бөлімінің әдіскері

_______________________

А.Калиолдин

Ғажайыпстанға саяхат

ІІІ-аусым

Психолог: М.Ж.Амантаева

22.06.2016

«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
«Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.

Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады. 

Жереби арқылы оқушылар патшаны тағайындайды

Оқушылар сурет салады. және қорғайды.



1. «Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізші «Су» - десе қолдарын алдына созады, «Ауа» - дегенде жоғары көтереді, «От» - дегенде екі қолын айналдырады, «Жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.



2. «Көңілді шеңбер»

Балалар шеңбер жасап отырады, бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды. (Гүл, орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.\


3. «Орныңды тап»

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабан немесе бубенмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.


4. «Ойыншықты сипатта»

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады (1 минут). Мысалы: қуыршақ, түлкі, қоян, түйе т.б. Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр-түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

5. «Сөзді есіңде сақта»

Тәрбиеші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді тәрбиеші өзі айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығуы керек.

1. көктем - жаңбыр

2. жаз – күн шықты

3. күз – тұман түсті

4. қыс – қар жауды

5. аспан – бұлт

6. су - балық

7. жер – шөп



«Сеңгір» жазғы демалыс лагері

«Бекітемін»

АББ бөлімінің әдіскері

_______________________

А.Калиолдин

Балалық балдәурен

ІІІ-аусым

Психолог: М.Ж.Амантаева

23.06.2016

1. «Мен жеңімпазбын»

Орындақтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан, 1 санға кем болу керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айту керек.

2. «Құлақ-мұрын»

Балалар шеңбермен тұрады.

Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын – деп құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.

3. «Өз орныңды тап»

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

4. «Дайын бол»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, ат – шабады, құс – ұшады, ләйлек – бір аяғымен тұрады.

5. «Зейінді бол»

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиістісіңдер. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.

«Сеңгір» жазғы демалыс лагері

«Бекітемін»

АББ бөлімінің әдіскері

_______________________

А.Калиолдин

Психологиялық ойындар

ІІІ-аусым

Психолог: М.Ж.Амантаева

24.06.2016

1. «Матадағы менің орным»

Жердегі жатқан мата үстіне, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәрбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

2. «Ойлан да аяқта»

- Лимон қышқыл, ал қант ... (тәтті).

- Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық ... (үстелден аласа).

- Екі, бірден көп, ал бір ... (екіден аз).

- Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал Айман ... (кейін).

-Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың ... (қолмен)

- Өзен арықтан терең, ал арық .. (таяз).

- Бала үлкейіп, ер адам болады, ал қыз ... (әйел адам).

- Пышақ та, әйнек те ... (өткір).

3. «Ойлан да аяқта»!

- ат шабады, ал қарлығаш ... (ұшады).

- ит үреді, ал қарға ... (қарқылдайды).

- жылан жорғалайды, ал балық ... (жүзеді).

- қасқыр ұлиды, ал қой ... (маңырайды).

- түйе боздайды, ал жылқы ... (кісінейді).

4. «Қарама-қарсы сөзді ата»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тиіс. Мысалы: Ащы – тұщы, жақсы – жаман

Қара –


Күн –

Аласа -


Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады. Ойын қайталанады.

«Сеңгір» жазғы демалыс лагері

«Бекітемін»

АББ бөлімінің әдіскері

_______________________

А.Калиолдин

Атомдар мен молекулалар

ІІІ-аусым

Психолог: М.Ж.Амантаева

25.06.2016

« Атомдар мен молекулалар » 

Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады . 


Жаттығу «Сезіміңді көрсет».

Жүргізуші:Ым және ишараның көмегімен карточкада жазылған сезімді көрсетіңдер.

Топ сезімді көрсетеді, қалғандары табуға тырысады.

Балаларды тапсырмаларды орындағандары үшін мақтау қажет.

Ал енді сыныпқа келгенде, достарыңмен араласқанда сендерде қандай сезім жиі болағандығын естеріңе түсіріңдерші.

Олардың қайсысын біздің ғаламшарымыздың мұхиттары мен теңіздері деп атайсыңдар.

Топтар кеңеседі, сезімдердің аттарын есте сақтап сызып белгілейді.

Содан кейін әрбір топтан бір адамнан шығып, ғаламшарға жазады.

Біз егер оған өзіміздің құндылықтарымызды, шеберліктерімізді, қабілеттерімізді жазсақ, бұл сурет толық қанды болады.

Бұлар аралдар деп есептейік.

Аралдардың макеттерінде әрбір оқушы өзінің ең жақсы шеберліктерін, қабілеттерін, сыныпқа сыйлай алатын сыйлықтарын жазулары керек.

Команданың қатысушылары әр қайсысына көмектесулері, оның жақсы жақтарын естеріне түсірулері керек.

Содан кейін құрлыққа  жүргізушінің түсініктемелерімен және мақтауларымен желімделінеді.

 

«Мейірімді сөздер» ойыны.



Жүргізуші:Сендер бүгін қызықты көп нәрсені білдіңдер деп ойлаймын. Балалар да үлкендерде өздерің мақтағанды ұнатады.

Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар.

Жүргізуші ойыншылардың біреуін, ортаға шығарып қара шынылы көзілдірікті «ол сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды.

Өзінің оң жақтағы көршіңе қара, ол сенің көзілдірігіңе қарап тұрып «Түсімде емес, өңімде, менің бойымда қандай жақсылық бар?» деген сөздерді айтсын.

«Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді оған айтсын. Көзілдірік оған қараған балаға беріледі, ал оның көршісі жаңағы сиқырлы сөзді айтады.

Керемет! Бір-бірлеріңде жиі мақтауға тырысыңдар. Осылайша өздеріңнің достарыңның көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досыңның көңіл-күйі жақсы болса, онда сіздің де көңіл- күйіңіз жақсы болады.




«Сеңгір» жазғы демалыс лагері

«Бекітемін»

АББ бөлімінің әдіскері

_______________________

А.Калиолдин

«Екі бақа» аңыз

ІІІ-аусым

Психолог: М.Ж.Амантаева

26.06.2016

«Екі бақа» аңыз ангиме.

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі шыгалмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі шыға алмайтынына көзі жетіп тұрсада, арпыласқанының бәрі бекер сияқты көрінседе секіре береді. Бірақ аяғында қаймақ әлгі бақаның секіргенінен қоюланып майға айалады. Әлгі бақа сөйтіп секіріп шыныдан секіріп кетеді.


Аяқталмаған сөйлемдер.

Лагер мен үшін.......

Лагердің мәні, ол.......

Бақытты өмір, мен үшін......

«Өмір – бағасы жоқ сый» - дегенді мен.....

Қызықты өмір сүру үшін мен......

Лагер деген сөздің мағынасын, мен......

«Оның есесіне МЕН жаттығуы»

-Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне...

-Мен шаршадым, оның есесіне....

-Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне....

-Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне....

-Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне....

-Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне....

-Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне....

-Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне....

-Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне....

Лагер мен үшін.......

Лагердің мәні, ол.......

Бақытты өмір, мен үшін......

«Өмір – бағасы жоқ сый» - дегенді мен.....

Қызықты өмір сүру үшін мен......

Лагер деген сөздің мағынасын, мен......

«Оның есесіне МЕН жаттығуы»


-Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне...
-Мен шаршадым, оның есесіне....
-Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне....
-Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне....
-Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне....
-Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне....
-Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне....
-Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне....
-Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне....


«Сеңгір» жазғы демалыс лагері

«Бекітемін»

АББ бөлімінің әдіскері

_______________________

А.Калиолдин

Лагердегі қызықты сәт...

ІІІ-аусым

Психолог: М.Ж.Амантаева

27.06.2016

Ойынға қатысушылар көп болса, екі топқа бөлуге болады.

1.     «Керісінше» жаттығуы

2.     «Әр тілде ән айту»

3.     Жағымды сезім туғызу үшін «Жыпылықтау» ойыны

Жұптың біреуі орындыққа отырады, екіншісі оның артында тұрады. Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да, отырғандарға білдіртпей біреуіне белгі береді. Сол адам оның орындығына келіп отыруы керек. Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса, бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады. Сосын отырғандар мен тұрғандар орындарын ауыстыруға болады.

Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

4.  Сөзсіз қарым-қатынас тілін пайдалану іскерлігін жаттықтыру үшін «Жұбын табу» ойыны.

Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Үнсіз қарасып, бір-бірін есте сақтаулары керек. Содан соң тарап кетеді. 1 жұптар көздерін жұмған кейіпте бөлме ішіндегі өз жұбын іздейді, ІІ жұптардың көзі ашық болады.

Жүргізуші: «Бір сөзде айтпай жұптарыңды табыңдар». Қатысушылар бір-бірін ұстап көріп, өзінің жұбын табуға тырысады. Таптым деп ойласа көзін ашады. Содан кейін жұптарын ауыстырады және әрекетті қайталайды.

Талдау: Жұптарды табуда не көмектесті? Қалай сезілді?

5.     «Көзді жұму арқылы шеңбер жасау» жаттығуы.

Қатысушылар аудиторияның ортасына жиналады. Жүргізушінің белгісі арқылы көздерін жұмып, сөйлеспей, барлығы шеңбер (үшбұрыш, төртбұрыш) жасауға тырысу керек. Бірнеше минуттан соң жүргізушінің белгісі арқылы көздерін ашып, қандай қиындық соққанын және не жеңіл болғанын талқылайды.



Рефлекция: «Майшам» ойыны.

Қандай әсерде болды, өздеріне не алды, жақсы тілектер айта отырып, бір-бірлеріне майшамды жалғастыра беріп отырады.

Жүргізуші: -Міне, біздің ойынымызда аяқталды, қорытынды сөз кезегі өздеріңе беріледі. Әр ойынның жалпы қорытындысын айтып, өздеріңнің ойларыңды білдіріңдер. Ойын несімен ұнады, ойынға деген қызығушылық болды ма?

Көзге түскен балаларды жеке  марапаттау:

*   Ең көңілді қатысушы

·        Ең мазалы қатысушы

·        Бізді таң қалдырған қатысушы

·        Топтың лидері



Жүргізуші:-Жалпы ойынға белсене қатыстыңдар. Маған сендердің ұйымшылдықтарың, белсенділіктерің, тапқырлықтарың ұнады. Қашанда осындай КЕРЕМЕТ  ТҰЛҒА  болыңдар! Ойынға қатысқандарыңа рахмет, сәттілік тілеймін  

 

«Сеңгір» жазғы демалыс лагері



«Бекітемін»

АББ бөлімінің әдіскері

_______________________

А.Калиолдин

«Жүректен жүрекке»

ІІІ-аусым

Психолог: М.Ж.Амантаева

28.06.2016

Тақырыбы: Таңғажайып көбелектің түсі.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың барысы


Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.

Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек.Балалар , мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.

Ойын: Жаңбыр (интерактивті тақтамен) 

Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.


1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)

Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? кәне артынан барайықшы

Құм салынған үстелге жақындайды.

-Құм терерапия жаттығуы.

-Қолды құмға салу.

-Саусақтарының арасынан құмды уқалау.

-Қолды құмға жасыру.

-Құмды себелеп құю.

Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі » ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?

Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.

Психолог : Міне ,біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.

«Болады, болмайды» жаттығуы.

Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз

І Қимылды ойындар


Тақырыбы: Айдаһардың құйрығы
Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу.
Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған адам –«айдаһардың басы». Ең соңғысы - «құйрығы» болады.
Ойын кезінде көңілді музыка қойылады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты – ұстатпау, қайткенде де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол - «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.

Тақырыбы: Қызыл табан


Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы лагердегі бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.

Тақырыбы: Көңілді маймылдар


Мақсаты: Еркіндік бере отырып тыңдауға, тәртіптілікке шақыру арқылы шыдамдылыққа, ұжыммен бірге қимылдауға үйрету.
Жүргізуші- «Маймылдарың апасы»:
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң-
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар!

Ойынға қатысушылар тақпақты жүргізушімен бірге қайталап, әр түрлі қимылдар жасап, әбден еркінсиді. Бірақ «үш» деген сөзден кейін қозғалмай бір орында қатып қалады. Бірінші қозғалып қойғандар ең соңғы ойыншы қалғанша шетінен ойыннан шыға береді.
Каталог: uploads -> doc -> 075f
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
075f -> Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушылырының танымдық іс- әрекеттерін белсендірудің педагогикалық жағдайлары
075f -> Сабақтың тақырыбы: Бұғы пішінін жасау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет