Саяси тәртіп ж. Б. Жүнісова Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ



Дата19.07.2017
өлшемі68.39 Kb.
ӘОЖ 32 Ж 91

САЯСИ ТӘРТІП

Ж.Б. Жүнісова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Саяси тәртіп – саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп екіге бөледі. Саяси тәртіптерді жіктеу негіздері. Саяси тәртіптерді салыстырмалы талдау үшін бірінші кезекте салыстыру негіздерін, яғни өлшемдерін анықтау қажет. [1]

Бірінші өлшем – билік құрушы элитаның әртүрлі фракциялары арасындағы басшылық үшін күрес сипаты. Бұл күрес ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Жеңушілер мен жеңілушілерді анықтауға мүмкіндік беретін арнайы, заңды процедуралардың болуы билік үшін күресті ашық сипатта деп айтуға негіз болады. Мұндай процедуралар ретінде, бірінші кезекте, сайлау айтылады. Оппозициялық қызметке тыйым салынған жағдайда, ал саяси басшылық мұрагерлікпен немесе тіптен күшті қолдану арқылы ауыстырылуы да мүмкін. Осы көрсетілген саси басшылық үшін күрестің екі тәсілі саяси тәртіпті ашық және жабық деп сипаттауға негіз болып табылады.

Сайлау – мақсаты мен нәтижесі белгілі бір уақытқа басқару және шешім қабылдау функцияларын жүзеге асыратын адамдарды сайлау жолындағы іс-әрекеттің жиынтығы. Сайлау – басқарушы элита құрамына кандидатты жай іріктеу ғана емес, өте маңызды даму жолын анықтайтын саяси үрдіс болып табылады. Сайлау саяси жүйе қызметі ауқымында қарастырылуы керек. Ашық саяси жүйе төменнен ұсынылған талап-тілектерге жоғары деңгейдегі икемділігімен ерекшеленеді. Ашық және таза сайлау өткізудің маңызды, шешуші алғышарты сайлау үрдісі барысында қоғамдық сенімнің қалыптасуы. Ал, жабық қоғамға кез-келген бастама мен ұжымдық іс-әрекеттерге қатысты нәубеттік іс-шаралар ұйымдастыру тән. Мұндай жағдайда сайлау мен партиялар жұмылдырушылық функциясын орындайды. Сайлауды ұйымдастыруға байланысты әлем елдері – сайлау бәсекелестікке негізделген елдер; - сайлау жартылай бәсекелестікке незізделген елдер; - сайлау бәсекелессіз өтетін елдер деп жіктеледі.

Екінші өлшем – ішкі жіктелу жағдайына байланысты элита сипаты. Кейбір қоғамдарда экономикалық элита билік құрушы элитамен бірігуіне байланысты билік құрушы элита ішінде әкімгершілік және саяси функциялар бөлінбейді. Мұндай элитаны біз тұтас, ал оның қарама-қарсы түрін жіктелген деп анықтаймыз. Элитаның тұтас сипатының салдарлары: билік құрушы элита фракциялары арасында билік үшін күрестің болмауы. Бірақ билік үшін күрес мүлдем жоқ деп те айта алмаймыз. Ол негізінен әртүрлі саяси субьектілер арасында емес, тұтастықты құраушы жеке бөліктер арасында жүзеге асырылады.

Үшінші өлшем – саясатқа бұқара халықтың қатысу деңгейі. Әрине жауапты шешімдерді қабылдау тек азшылық, яғни элита еншісінде. Бірақ кейбір саяси тәртіптер бұқара халықтың белгілі бір деңгейдегі саяси белсенділігіне мүмкіндік береді. Тіптен оны саяси тәртіп тұрақтылығына қажетті алғышарт ретінде қарастырады. Мұндай тәртіптер ашық та, жабық та болуы мүмкін. Ал бұқара халықтың саяси қатысу түрлері және саяси шешімдерді қабылдау үрдісінде орындайтын функциялары да әртүрлі. Мінеки, осыған байланысты тұрғындарды саяси өмірге қатысу механизмдерімен қамтамасыз ететін саяси тәртіптер қатыстырушы, ал оған қарама-қарсы бұқара халықты саясаттан тыс қалдыратын тәртіптер қатыстырмайтын деп анықталады. [2]

Саяси тәртіп түрлерін салыстыру. Автолитарлық тәртіптер. Автолитарлық тәртіптер қатарына жабық немесе қатыстырмайтын өлшемдер арқылы сипатталатын кез-келген саяси тәртіп жатады. Дәстүрлі тәртіп: жабық,элитасы тұтас,қатыстырмайтын. Әлемдегі барлық елдер дәстүрлі тәртіпті басынан кешірген. Танымал зерттеуші С. Эйзенштадт саяси жүйелердің келесі түрлерін көрсетеді: рулық империялар, көшпенділер немесе жаулап алушылар империясы,қала-мемлекеттер, феодалдық жүйелер, орталықтандырылған бюрократиялық империялар. Хронологиялық тұрғыдан келгенде бұл жіктеу көне дәуірден қазіргі заманғы кақытқа дейін өмір сүрген мемлекеттерді қамтиды. Қазіргі замандағы дәстүрлі тәртіптерге Сауд Аравиясын, Парсы шығанағындағы князьдіктер жатады.4

Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған. Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:


  • күшті орталықтанған билік

  • бір топтың немесе партияның билікке монополиясы

  • элитаның қалыптасуы

  • оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы

  • билік өзгеруінің күштеу мінезі

  • шектелген плюрализм

  • билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы

  • өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.

  • халықты билікке жібермеуі

  • қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.

Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді. Мысалы:

  • Азаматтық қоғамның дамымағандығы

  • Экономиканың артта қалуы

  • Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі. [3]

Дәстүрлі тәртіптерде билік мұрагерлікпен беріледі, ал кейде күшті қолдану арқылы да өзгереді. Экономикалық элита билік құрушы элитамен сәйкес келеді. Кейбір зерттеушілер мұндай қоғамдарда «меншік-билігі» үстемдігі орнайтынын баса көрсетеді.

Бәсекелестік олигархия: ашық,қатыстырмайтын тәртіп. Бәсекелестік олигархия ретінде 1688-1832 жж. аралығындағы Англия саяси жүйесін айтуымызға болады. Мұндай билік үшін күрес қала мен ауылдық ірі меншік иелерінің арасында ашық, заңды жүзеге асты. Сонымен қатар әртүрлі мүліктік шектеулер мен жемқорлыққа байланысты сайлаушылар саны көп болған жоқ.

Оңтүстік Америка елдерінің басым көпшілігінде бәсекелестік олигархия XX ғ. басына дейін үстемдік етіп келді. Бұл елдердегі тәртіптің сыртқы бейнесі демократиялық сипатта болғанымен, іс-жүзінде ірі жер иеленушілер бірлестігі сайлау нәтижелеріне алдын-ала сенімді болды. Мысалы, Колумбияда 1957 ж. Негізгі партиялар өзара келісімге отырды. Олар келісім негізінде президенттік пост пен министрлік орындарға кезекпен отырған. Бұл келісімнің ресми мақсаты елдегі азаматтық соғысты тоқтату. Ал іс-жүзіндегі тұрғындардың басым көпшілігін саяси үрдістен алыстатуға алып келді.

Авторитарлық- бюрократиялық тәртіп: жабық, элитасы жіктелген, қатыстырмайтын. Мұндай тәртіп мәні – экономикалық элитаның әртүрлі фракциялары мен басқа әлеуметтік күштер арасындағы амалдау. «Бюрократиялық авторитаризм» ұғымын алғаш зерттеуші О.Доннеллмен және тағы басқа ойшылдармен XX ғ. 70 жж. Латын Америка мемлекеттеріндегі әскери тәртіптерді сипаттау үшін қолданған.

Эгалитарлық-авторитарлық тәртіп: жабық, элитасы тұтас, қатыстырушы. Эгалитаризм – экономикалық теңсіздікті жоюға ұмтылатын идеология. Мұндай идеология қатарына коммунизмді жатқызуға болады.

Популистік тәртіп сияқты эгалитарлық-авторитарлық тәртіп халықтың басым көпшілігінің саяси оянуы жағдайында пайда болды. Бірақ популистік тәртіпті халық атынан басқара отырып, оларды іс-жүзіндегі жағдаймен келісуге мәжбүр етсе, ал эгалитарлық-авторитарлық тәртіп жағдайында бұқара белсенділігіне сүйене отырып түбірлі өзгерістерге ұмтылады. Эгалитарлық-авторитарлық тәртіптің басты белгісі меншік қатынастарының түбірімен өзгеруі. Экономикалық өмір мемлекет бақылауына өтеді, ал бұл өз кезегінде билік құрушы элита экономикалық артықшылықтары бар топқа айналатынын көрсетеді. Эгалитарлық-авторитарлық тәртіп «меншік-билігі» құбылысын қалыптастырады. Партияның жетекші рөлі конституциямен бекітіледі. Элита тұтастығы экімгершілік элита мен саяси элита арасындағы айырмашылықтың жойылуынан көрінеді. Эгалитарлық-авторитарлық тәртіп жағдайында шенеунік саясаттан тыс бола алмайды. [4]

Бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігі сақталады. Мұндай тәртіпте қоғамдық өмірдің саясилануы жоғары. Эгалитарлық-авторитарлық тәртіпке халықтың саяси қатысуы реттелген сипатта.

Авторитарлық-инэгалитарлық тәртіп: жабық, элитасы жіктелген, қатыстырушы. Эгалитарлық-авторитарлық тәртіптен авторитарлық-инэгалитарлық тәртіп айырмашылығы теңсіздік идеясына негізделуінде. Авторитарлық-инэгалитарлық тәртіп меншік қатынастарын түбірімен өзгертуге ұмтылмайды.



Әдебиеттер:


  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. 

  2. Алмонд Г.,Пауэлл Дж.,Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня: Мировой обзор: Учебное пособ/Сокр.пер.с англ. А.С. Богдановского, Л.А. Галкиной; Под ред. М. В. Ильина, А.Ю. Мельвиля. – М.,2002.

  3. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. М., 2002.

  4. Чарльз Ф. Эндрейн Сравнительный анализ политических систем. /пер.с англ. М., 2001.

Резюме

Жүнісова Жазира Бейсенбаевна,ТарГПИ,преподаватель,+77471918261


Resume

Zhunisova Zhazira Beisenbayevna,TarSPI , lecturer, +77471918261


Түйіндеме

Берілген мақалада саяси тәртіп ұғымы, саяси тәртіптерді жіктеу, саяси тәртіптер түрлері қарастырылады. Автор мақалада негізгі саяси тәртіптердің түрлеріне сипаттама бере отырып, талдайды.



Аннотация

В данной статье раскрывает понятие и сущность политического режима, соотношение понятий политический режим и политическая система. Автор в статье рассматривает общественно-политические отношений, их основные признаки и специфические особенности.



Annatation

Political discipline In this article discusses the political system. Political discipline and the state discipline and their development.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет