Сармантаев А. С., Ануар С., Иманбетов А. Н., Абдрахманов З. А



Дата26.06.2017
өлшемі73.23 Kb.
#16128

Сармантаев А.С., Ануар С., Иманбетов А.Н., Абдрахманов З.А.


Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
Дене тәрбиесі сабағында спорттық дайындықтарда қимыл- қозғалыс ойындары мен эстафеталық жаттығулардың маңызы
Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.

Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының манызды кепілі.

Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарықталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы керек [1].

Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзі, лақтырыу, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акрабатика, снорядта жаттығу тағыда басқалар.

Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімдік, икемдік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады,дене қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, әдептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне нақты шешім қабылдау қабылеті.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена , денешынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарында күн ырғағын, дене жаттықтыру, организімді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы тағы басқа жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс [2].

Дене тәрбиесі ең басты ырғағын, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.

Негізгі ырғақтар қатарына әр түрл іс-әрекеттер түрлерінің ұзақтығы,және олардың кезетесуі белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды.

Оқу, еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде оқушылардың әрбір жастық топтары еске алынып жасалады [3].

Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына келетін негізгі мәселелер:

1 Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.

2 Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, оқушыларды жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.



3 Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді,

Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында, спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды-міндеттерді еске алған жөн:

1 Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу

2 Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру

3 Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту

4 Негізгі қозқалтқыш сапаларын дамыту

Дене тәрбиесі денсаулықты нығайтуға, тіршілік үшін маңызды дағдылар мен ептіліктерді игеруге, жоғарғы жұмыс қабілетіне жетуге бағытталған. Оның адамды өнімді еңбекке даярлауда зор маңызы бар. Мұнда адамның жылдамдық, күш, ептілік, төзімділік секілді дене қасиеттерінен басқа, табандылық, ерлік , мақсаттылық, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу секілді бағалы психикалық қасиеттері де дамиды. Алуан түрлі дене жаттығулары, қимылды ойындар, спорт-дене тәр-биесінің құралдары болып табылады. Олармен үйде гимнастика-зарядка, мектепте дене шынықтыру сабақтары, спорт және туристік секцияларда, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде айналысады [4].

Әр түрлі бұлшық ет топтарын, буындар мен сіңірлерді ұдайы жаттықтыру олардың олардың атқаратын қызметі мен үйлесімділігін күшті дамытады. Дене еңбегі организмнің мүшелері мен системаларын жаттықтырады, қимыл апаратының қалыпты жұмыс істеуін, зат алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мөлшерде әр түрлі жаттығуларды күн сайын орындап отыру, оларды алдын ала белгіленген көлемде, өзіңді ешбір босаңсытпай дұрыс істеуге тырысу белгілі әдетті, одан соң мінез-құлық ережелерін бұлжытпай орындау мұқтаждығын қалыптастырады. Осының арқасында адамның тәртіптілігі артып, оның еркі нығаяды.

Ерлер мен әйелдер организімінің дене мүмкіндіктері әр түрлі. Ерлер шұғыл дене еңбегін оңай атқарады, олардың күшті, қимым амплитудасы көбірек. Әйелдер төзімдірек, бірқалыпты ұзақ жұмысты жақсы атқарады. Сондықтан ұлдар мен қыздарға дене тәрбиесін беру дістері де біраз өзгеше болады. Төзімділікті, жылдам-дықты, қимыл дәлдігін дамытатын жаттығулар екі жыныстағы оқушыларға да бірдей пайдалы, бірақ ұлдарға бұған қосымша күшті дамытуға, ал қыздарға - икемділікті дамытуға арналған жаттығулар қажет [5].

Көптеген жас өспірім қыздар мен бойжеткендер дене шынықтыру жаттығуын жете бағаламайды. Олар дене шынықтыру жаттығуларын енжар орындайды, сондықтан да кейде 10-12 жастағы қыздардың дене мүмкіндіктері 16-17 жастағы бойжеткендерден жоғары болатындығы кездейсоқ емес. Бұл әйел адамның қалыптасуына теріс әсерін тигізеді.

Ұлдарға, жас өспірімдер мен жігіттерге өздерінің дене мүмкіндіктерін асыра бағалау мен белгілі бір абайсыздықтың, мұны өзі, кейде олардың шамасы келмейтін салмақты көтеруіне, үлкен биіктіктен секіруіне, сөйтіп орынсыз күш, батылдық және т.с.с. көрсетуіне себепші болады [6].

Олар дене күшін көбіне асыра бағалап, көзге түсе бермейтін, бірақ әсіресе төзімділік секілді өмірлік маңызды сапаларды жете бағаламайды.


Әсіресе, қандай көзге түсерлік болса да дене артықшылықтарын көрсету жолымен емес, пайдалы істерді атқару арқылы айналадағылардың сый құрметіне бөленуге болатындығын жас өспірімдер мен жігіттер есте сақтауы керек.

Дене тәрбиесі организмге дамытушы, жетілдіруші және оңдаушы әсер етеді.

Ол омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік секілді мүсін кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, дене шынықтыру жаттығуының жәрдемімен көбірекқабысыңқылығын, иық қушықтығын, бұлшық ет әлсіздігін оңдауға болады. Организмнің ерекшеліктерін және ерлер мен әйелдердің сымбатына қойылатын эстетикалық талаптарды ескеретін ерлер мен әйел жынысына арналған арнаулы жаттығулар комплексі бар. Сонымен қатар, дене шынықтыру жаттығулары адамның психикалық күйін жақсартып, жалпы тіршілік тонусын арттырады [7].

Адамның күші оның бұлшық еттерінің дамып, жетілуіне байланысты болады.

Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттерінің күші аз болады. Тек 10 жастан бастап қана бұлшық еттер біртіндеп жетіліп, күші молая береді.

Төменгі сынып оқушыларының бойы тез өсетін болғандықтан, бұлшық еттері көбінесе ұзынынан созылып өседі. Сондықтан оның күші аз болады. Бұлшық еттердің күшін арттыру үшін қосымша дене шынықтыру жаттығуларын орындау қажет.

Балалардың күші олардың сүйек бұлшық еттері жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.

Бой тез өскенде, бұлшық еттер мен кеуде баяу өседі. Ал, керісінше, бойдың өсуі баяуласа, бұлшық еттер тез өсіп-жетіледі.

Бұлшық еттерді жетілдіруде ең алдымен барлық бұлшық ет топтарының жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу қажет. Әдетте балалардың қарын, қол, аяқ және дененің басқа да көлденең бұлшық еттері нашар дамыған күйде болады. Сондықтан осы аталған бұлшық ет топтарын жетілдіру үшін мынадай арнайы жаттығулар орындау қажет:

- гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулары;

- батпан көтеру және іші нығыздап толтырылған допты лақтыру;

- күшті молайтуға арналған ойындар ойнау: арқан тарту, жаяу тартыс (екі бала ат болып, екі бала соларға мініп алып, бір-бірімен тартысу), қолмен салмақ (жүк) көтеріп тұру;

- аралас жаттығулар орындау (гимнастикалық бөрененің үстімен жүру, допты қолды созған қалыпта ұстап тұру);

- ауыр және жеңіл батпандармен орындалатын, сондай-ақ күш пен жылдамдықты қатар жетілдіретін жаттығулар орындау;

- гимнастикалық құралдар (тартылу, биіктікке көтерілу жабдықтары) арқылы және акробатикалық жаттығулар орындау;

- алаңдарда өткізілетін жаттығуларды пайдалану (тас лақтыру, белгілі бір салмақты (жүкті) көтеріп отырып-тұру, құмның үстімен және су ішінде жүгіру, тауға шығу).

Жекелеген бұлшық еттерді дамыту үшін күшті молайтуға арналған арнайы жаттығулар орындалады.

Бұлшық еттерді дамыту үшін жүру мен жүгірудің, екі адам бір-біріне қарсылас ретінде шығып жаттығулар орындаудың және жүйелі түрде тыныс алудың маңызы ерекше [8].

Жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығуларға негізінен жүгірудің әрқандай түрлері және жылдамдықпен тікелей байланысты болып келетін қимыл-қозғалыс ойындары жатады.

Жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулардың түрлері мынадай:

1) орындалуы қиындатылған жаттығулар: жотаға (дөңеске) 3-4 рет жылдам жүгіріп шығу немесе баспалдақпен көтерілу; ағаш үгіндісі төгілген жолмен жүгіру;

2) соқпақ жолда уақытты белгілей отырып жоғары карқынмен жүгіру;

3) жоғарыдан төмен қарайғы жақын қашықтыққа бар екпінмен жүгіру.

Жылдамдық қабілетін жетілдіру жаттығуларын орындау алдында бұлшық еттерді қозғап, қыздырып алу керек.

Төменгі сынып оқушыларының төзімділік қабілеті әлі жетілмеген күйде болады. Мәселен, 9-10 жастағы баланың 9 минут бойы жұмыс істеу кезіндегі төзімділігі ересек адамдардың осы уақыт ішіндегі жұмыс қуаты мен төзімділігінің 40%-індей ғана. Тек 10 жастан бастап баланың төзімділік қабілеті біртіндеп арта береді [9].

Төзімділік қабілетін жетілдіре бастау үшін де арнайы жаттығулар орындау керек. Мысалы, әр түрлі қашықтыққа жүгіру, шаңғымен жүгіру және басқа да денеге күш түсіретін күрделі жаттығулар адамды төзімді болуға жаттықтырады.



Пайдаланған әдебиеттер
1.Қазақтың ұлттық ойындар. Е. Сағындықов 1993 жылы Алматы “Рауан”.

2.Қазақтың ұлттық ойындары Б. Төтенаев Алматы қаласы “Қайнар” 1994жыл.

3.Ұлт тағылымы №6 200жыл.

4.Қазақтың ұлттық ойындары. Р.Н. Нұрғалиев Алматы -1990жыл.

5.Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері - Алматы “Атамұра” 2005ж.

6.Тайжанов С., Қасымбекова С. Дене тәрбиесі 7 сынып -Алматы. “Мектеп”

2004ж.

7.Ю. Тілеуғалиев Қ., Адамбеков С., Қасымбеков Дене тәрбиесі-7 сыныпқа



арналған оқулық. Алматы “Атамұра” 2003ж.

8.Сынып жетекшісі журналы “Ұстаз” 2002ж. №6 [39-40 б.]



9.Тұрыскелдин М. Төменгі және ортаңғы буындағы дене тәрбиесі -Алматы

“Мектеп” 1991ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет