Сапабеков досмухамед кылышбекович



бет1/9
Дата14.10.2018
өлшемі2.27 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
С. Торайғыров атындағы павлодар мемлекеттік университеті

ӘОЖ 371.13:378 Қолжазба құқығында




САПАБЕКОВ ДОСМУХАМЕД КЫЛЫШБЕКОВИЧ


Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері

6D010300 – Педагогика және психология

Философия докторы (PhD)

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Ғылыми кеңесшілер

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ғ. М. Кертаева

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Л. В. Мардахаев
Қазақстан Республикасы

Павлодар, 2013



МАЗМҰНЫ


АНЫҚТАМАЛАР......................................................................................

3

КІРІСПЕ......................................................................................................

7

1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫСТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................

14


1.1 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін

қалыптастырудың педагогикалық негіздері................................................


14


1.2 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін

қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидалары................................


32


1.3 Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінің деңгейліктері................................................................................................

47


2 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖҮЙЕСІ ........................................................................................................................

64


2.1 Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісіндегі қолданылатын білім беру технологиялары..............................................

64


2.2 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнер

қалыптастырудың мүмкіндігі....................................................................


84


2.3 Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыруды элективті

курс арқылы эксперименттік-тәжірибеден өткізудің қорытындысы..........................................................................................



97


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................

120

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................

123


АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:

Педагогика – (греч. paidos – бала, ado – тәрбиелеуші, жетектеуші) –жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы.

Психология – (греч. Hsuche – жан, logos - ілім) – тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым.

Психология – (греч. Hsuche – душа и logos – учение, слово) – наука о законах порождения и функционирования психического отражения объективной реальности в процессе деятельности человека и поведения животных.

Мониторинг – оқу үдерісінде қолданылған педагогикалық құралдардың тиімділігін және мазмұнының, әдістер мен формалардың оқыту мақсатында, білім алушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің дәрежесіне, оқу ортасы мен жағдайларына сәйкестігін анықтайды.

Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер, не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.

Жан душа – адамның, жан-жануардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік.

Мультимедиа технологиясы (Мультимедия) – аудиовизуальды ақпаратты жасау, өңдеу, сақтау, тасымалдаудың амал, тәсіл және әдістерінің жиынтығы. Мультимедиалық оқыту бағдарламасы – мультимедиа технологиясына негізделініп жасалынған электрондық оқу басылымы.

Оқу бағдарламасы – әр оқу пәні бойынша игеруге тиісті білім, білік және дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

Жүйе – система – (греч. – составленное из частей, соединенное) – совокупность элементов, находящихся в отношениях и связях между собой и образующих определенную целостность, единство.

Когнитив – (лат. Cognitio – білім, таным) – айналаны қоршаған кеңістіктің таныс бейнесі.

Өнер – искусство – специфическая форма общественного сознания и человеческой деятельности, представляющая собой отражение действительности в художественных образах, один из важнейших способов эстетического освоения мира.

Өнер - 1) бір істі ұқсатып жасаушылық, шеберлік; 2) өмір шындығын көркем образдар арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы.

Амал (Тәсіл) – способ – бір істі атқарудың тиімді жолын іздестіргендегі адамның іс-әрекеті.

Оқу курсы – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізген пән, сонымен қатар қосымша және ұсынылған пән, ЖОО-да игеру үшін сәйкес оқу жоспарында белгіленген және ғылым мен әрекет саласынан іріктеліп алынған білім, білік және дағдылардың дидактикалық негізделген жүйесі.

Рейтинг – қорытынды аттестациялаудың нәтижелері бойынша құрылған білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші.

Рух – ой мен сананың шоқтығы, адамның психикалық белсенділігінің көрінісі, адамның сана-сезімі мен қимыл-әрекетінің озық болжампазы, тарихи тәжірибенің идеалды түрі.

Рух – 1) табиғи материалдық бастамадан өзгеше, затсыз, идеалды бастаманы білдіретін философиялық ұғым; 2) рухани күш, қуат. Батылдық.

Тәнтело – 1) адамның денесі, тұлға бойы; 2) біреуге, бір нәрсеге қатысты, телулі.

Таным познание – көз таныс, үйреншікті, белгілі, таныс.

Технология – материалды өңдеу және оны дайындау тәсілдерінің жиынтық аты.

Педагогикалық мониторинг – ақпаратты жинау, деректерді есепке алу, талдау жасау, соған сәйкес тиімді басқарушылық шешім қабылдау, оқыту үдерісінің құрылымдық компоненттерінде қабылданған шешімге сәйкес өзгертулер жасау арқылы үдерісін үздіксіз қадағалау.

Білім алушылардың өздік жұмысы – дидактикалық міндеттерді өздігінен орындауға бағытталған, танымдық әрекеттерге қызығуын қалыптастыруға, ғылымның белгілі бір саласы бойынша білімдерін толықтыруға бағытталған білім алушының ерекше оқу әрекеті.

Білім алушының оқытушының жетекшілігімен жасайтын өздік жұмысы – сабақ кестесінде көрсетілген, оқытушының жетекшілігімен жасайтын білім алушының өздік жұмысы.

Білім алушының оқудағы жетістігі – оқу үдерісінде білім алушылардың алатын білімі, білігі мен дағдысы, құзыреті және жеке тұлғаның дамуындағы қол жеткізген деңгейінің көрінісі.

Өзіндік бақылау – қол жеткізген нәтижелерін және оған жету жолындағы қиын тұстарын алдын-ала болжау, түзету және реттеу арқылы көрінетін білім алушының өз оқу-танымдық әрекетін саналы түрде басқаруы.

Іскер ойындар – нақты болмысқа өте жақын ойын түрінде жүргізілетін тәжірибе, жаттығулар, жаттықтырғыштар, яғни кәсіби немесе басқа да әрекеті берілген ойын тәртібі бойынша үлгілейтін жағдайларды имитациялау әдісі. Іскер ойындар оқыту әдісі түрінде, зерттеу жұмысы ретінде де қолданылады.

Құзыреттілік - білімге, тәжірибеге, құндылыққа, бейімділікке негізделген оқудың арқасында алған білім алушының жалпы қабілеті.

Білім алушылардың білімін модульдік-рейтингтік тексеру – бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың білімін тестілеу және басқа түрдегі нысандар негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру рәсімі.

Пән бағдарламасы – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттері, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқуытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы.

Оқу жоспары – білім беру деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің тізілімі мен көлемін, оларды игеру реті мен бақылау формаларын реттейтін негізгі құжат.

Өзіндік бақылау – қол жеткізетін нәтижелерін және оған жету жолындағы қиын тұстарын алдын-ала болжау, өзінің оқу әрекетінің барлық кезеңдерінде жоспарлау, бақылау, бағалау, түзету және реттеу арқылы көрінетін білім алушының өз оқу-танымдық әрекетін саналы түрде басқаруы.

Үлгі – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.).

Үлгілеу – үлгіні құру үдерісі, түпнұсқаның құрылымы мен қасиеттерін үлгі арқылы зерттеу үдерісі.

Парадигма – ақиқаттың маңызды сипатын білдіретін түсініктер жүйесінде іске асырылған ғылыми теория; нәтижелі тұжырымдамалы схема, мәселені қою және шешу үлгісі.

Дидактика – оқыту мазмұны және білім беру мазмұнының теориялық қосындысы.

Гносеология – грек сөзі: - білім, ілім – таным теориясы – сын және таным теориясын зерттеумен шұғылданатын философиялық пән.

Аксиология – грек сөзі: құнды, ілім – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және әлемнің құрылымы туралы философиялық ілім.

Инновация - өнімнің, ұйым көрсететін қызметтің, оның қазіргі имиджді қамтамасыз ететін және шыңдайтын технологиясы, формалары мен басқару әдістерінің, қызмет сапасы, басқа ұйымдармен бәсекелесу қабілетінің жаңашылдануы.

Синергетика – гр. сөзі: ынтымақтастық – күрделі жүйелердің бейне-берекет күйден реттелген күйге өту үдерісін зерттейтін және осы жүйе элементтерінің арасындағы белгілі бір байланыстарды сипаттайтын ғылым.

Гуманизм (адамшылық, азаматтық) – адам құндылығын қабылдайтын, ерік-жігер құқығымен дамытатын іскерлігін көрсете алатын, қоғамдық қарым-қатынастарда адам игілігін бағалаудың өлшемдік түсінігі.

Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс-түрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамның негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) – белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер – этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негізгі мағынасын ұлттық сипатын, сондай-ақ оның құраушы элементерді білдіретін негізін қалаушы категория.

Ұлттық сана сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым-қатынасы, олар жағымды да жағымсыз реңде болуы мүмкін.

Ұлттық соқыр сенім – этностық қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.

Халықтық педагогика - әртүрлі буын өкілдерінің өзара қарым-қатысы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы, сақталған этностық мәдениеттік салт-дәстүрінде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. ХХІ ғасырда жоғары оқу орнында болашақ мамандар даярлау үдерісінде қоғамымыз жаңа міндеттер қойып отыр. Жаһандану кеңістігінде инновациялық технологияның алар орны ерекше. Осыған орай, бүгінгі студенттердің парасатты ойлау өнерін заманауи мүддесіне сәйкестендіру, унификациялау көкейкесті мәселенің өткірлігін көрсетеді. Біздер «технология» ұғымын «ойлау өнері» мағынасында ұсынып, оны парасатты іс-әрекет негізінде зерделеудің тиімді екенін байқадық.

Аталған проблеманы шешу үшін бүгінгі таңда жоғары оқу орны білімденудің жаңа технологияларын нәтижеге бағдарлау жүйесін әр мамандыққа бағыттап құруы көзделеді. Оқытудың жаңа технологиясын саралау білім мазмұнының ерекшелігін, мәнін, мазмұнын, ықтимал жауаптарын студенттердің ойлау өнеріне түрткі болар жағдайда қарастырылады. Соңғы жылдары оқытудың білім беру технологиясына қатысты педагогика ғылымына қарқынды түрде жаңа ұғымдар енгізілуде. Білім беру технологиясының даму тарихы, оның кезеңдері отандық және жаһандық ғылым жетістіктерінің ішінде әлемдік көрнекті ғалым-зерттеушілерінің еңбектерімен тығыз байланысты болып отырғанын зерттеу барысында аңғардық.

Қазақ халқы ойшылдарының парасатты іс-әрекетке, ойлау өнерін шарықтау шегіне жеткізу тұрғысында қарастырған еңбектері айтарлықтай: Әбу Насыр әл-Фараби [1], Ж. Баласағұни [2], Қ. Ясауи [3], А. Құнанбайұлы [4], Ы. Алтынсарин [5], А. Байтұрсынов [6], Ж. Аймауытов [7], М. Жұмабаев [8], Мәшһүр-Жүсіп Көпеев [9], Ш. Құдайбердиев [10] т.б.

Ж. Аймауытов «Психология» деген оқулығының екінші бөлімінде оқыту, білім мазмұны сияқты нысандарға ғылыми тұрғыда тұжырымдар жасаған. Анықтап айтсақ, парасатты іс-әрекетті «жұлма жад» сыңайында зерделеп: ілтипат, мүдде, перцептив, апперсепсе, феноменін табу, ассоциативті бағамдау, пайымдау, түйіндеу деген ұғымдармен анықтаған.

Интеллектуалды ұлт құрау мәселесін шешуде біздер Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың [11] «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық проектісіндегі мақсатын, жан-жақты дамыған білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру секілді іс-әрекеттерге басымдық берудің қажеттілігін түсінеміз. Соның ішінде, «интеллектуалды ұлт» проектісінің екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру дегенде парасатты ойлау өнерінің атқарар рөлін бағамдаймыз.

Интеллектуалды ұлт құрау үдерісінде студенттердің ойлау өнерінің басымдықта келуін қадағалау деген тұжырым жасаймыз. Өйткені студенттер – біздің болашақ ұлт құраушы тұлғалар. Парасатты ойлау өнері аталған проектінің аспектілеріндегі: 1) терең білімді игеруге; 2) кәсіби алғырлыққа; 3) жоғары біліктілікке; 4) ұлттық мүддеге қызмет етуге; 5) ел алдындағы парыз ұғымына сүйенуге; 6) обал мен сауапты ескеруге; 7) рухани құндылықтарды кәсіби құзыретіне сәйкес сұрыптауға; 8) жасампаздыққа; 9) заманның озық технологияларын пайдалануға; 10) индустриялдық өркендеудің ақпараттық өрлеуіне; 11) жаңа философиялық пайымдамаға; 12) ділі және рухы биік кемелді болуға мүмкіндік жасайды. Жолдан таймай бүкіләлемдік елдердің қатарынан орын тебуге аталған тұғырлы 12 сапалық көрсеткіштердің индикаторы функционалды сауаттылық дер едік.

Біздер функционалдық сауаттылықты орфографиялық, фонологтық, сөйлесім, айтылым, жазылым тұрғысындағы сипатын айтып отырғанымыз жоқ. Функционалдық сауаттылық – кәсіби құзыреттілікті ілгерілету дегенмен түсіндіріледі.

Жоғарыда келтіріліп өткен интеллектуалды ұлт құраудың тірегі студенттің парасатты ойлау өнерін меңгеруге тиісті кәсіби құзыретін ұдайы арттыруына қозғаушы күш болуын жүзеге асырмақ.

Ресей ғалымдарының ішінде ойлау мәселесін алға ілгерілетушілер: С. Л. Рубинштейн [12], Л. С. Выготский [13], П. Я. Гальперин [14], А. Н. Леонтьев [15], Б. П. Есипов [16] т. б. Аталған зерттеушілердің еңбектерінде ойлау өнеріне қатысты таным теориясын терең зерттеп, дүниетанымның сыртқы сезім мүшелеріне байланыстылығын айқындаған. Өйткені, түйсікте болмаған нәрсе ойда болу мүмкін емес; ғылымның ақиқаттылығы мен анықтылығы тек сезім арқылы дәлелденеді; түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; сезім мүшелерімен қабылдаған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.

Еске сақталатын нысандар, былайша айтсақ, білім мазмұнының рухани құндылығы бүгінгі мемлекеттік сұранымға, тапсырысқа тірек боларлық сапада келуіне біздер басымдық береміз. Оның себеп-салдары сананы өте тиімді ұстанымда бағдарлау тек қана парасатты ойлау өнеріне бағынышты екені ескеріледі. Талданып өткен көрсетілген зерттеушілердің еңбектерін негізге алудағы мақсатымыз да осы.

Жоғары оқу орнына қатысты білім беру мен оқыту туралы ғылыми еңбектер жазған зерттеуші-ғалымдар: С. А. Архангельский [17], А. Д. Бондаренко [18], Қ. М. Нағымжанова [19], В. И. Загвязинский [20], Н. Д. Никандров [21], Б. А. Оспанова [22], Т. С. Садықов [23], А. Е. Әбілқасымова [24], И. А. Құдайқұлов [25], Н. Д. Хмель [26], Ғ. М. Кертаева [27], Н. Э. Пфейфер [28], Е. И. Бурдина [29], А. Л. Сейтешов [30], Е.Жұматаева [31] т.б.

Ойлау іс-әрекетінің танымдық қызметін жүзеге асыруға ерекше назар аударғандар: В. В. Трифонов [32], Г. А. Уманов [33], Қ. Б. Жарықбаев [34], Қ. Қ. Жампеисова [35], Н. Н. Хан [36], Р. М. Қоянбаев [37], И. Нугуманов [38], Е. Ө. Медеуов [39], Б. А. Әлмұхамбетов [40], О. Сәлімбаев [41] және т.б.

Мектепте білім беруді ізгіліндіру теориясы мен практикасын зерделеп, гумандық білім тағылымын жан-жақты зерттеген ғалым – А. А. Бейсенбаева [42].

Н. Д. Хмель [26,с. 53] кәсіби білім берудің теориялық негізін айқындап берді.

Болашақ кәсіби педагог-мамандарды жоғары оқу орнына даярлау мәселелерін қарастырған ғалым – Г. К. Ахметова [43].

Көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастырудың психологиялық мәселелері, 12 жылдық білім беру тиімділігінің психологиялық мәселелерін; психология және психотерапия; ұстаздық кәсіби-жеке тұлғалық дамуы мәселелерін қарастырған ғалымдар – Б. А. Тургунбаева [44], Ә. С. Әмірова [45], Б. Қ. Әбдіғұлова [46], Ж. И. Намазбаева [47], С. М. Джакупов [48], Ф. Ш. Оразбаева [49], Ш. Б. Байнеш [50], А. К. Рысбаева [51], Б. С. Сарсекеев [52], Ш. Нургожина [53], О. С. Жубаева [54], А. Т. Чакликова [55].



Демек, талдау негізінде жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасалған талдау жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін өркендетудің қажеттілігі мен оның педагогика ғылыми тұрғысынан жүйелі зерттелмеуінің арасында қарама-қайшылықтар анықталды. Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру барысында зерттеу проблемасын анықтап тақырыпты «Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін анықтаудың мазмұны мен әдістерін жасау.

Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру айқындалса, оның ұғымдық жүйесі ғылыми тұрғыда сұрыпталса, өрлеу заңдылықтары есепке алынса, қоғамның сұранымына сай педагогикалық негіздері құрылса, соның негізінде студенттерді жаңаша оқытудың технологиясы жасалса, бұл жағдайда болашақ мамандар өздерінің парасатты ойлау өнерінің субъектісі бола алады.

Зерттеудің міндеттері

  1. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің педагогикалық негізін айқындау.

  2. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидаларын жасау.

  3. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың деңгейліктерін ашу.

  4. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінде қолданылатын технологияларды ұсыну.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет