Самар тарихи- өлкетану мұражайының 2018 жылдың іі--тоқсанында өткізілген іс-шаралар ақпараты 2018 жылдың 5 -6 сәуір айында Чернобыль апатына 32 жыл толуына орай «Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең »



Дата14.10.2018
өлшемі55.63 Kb.
Самар тарихи- өлкетану мұражайының 2018 жылдың ІІ--тоқсанында өткізілген іс-шаралар ақпараты

2018 жылдың 5 -6 сәуір айында Чернобыль апатына 32 жыл толуына орай «Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең..... » атты ерлік сағаты өтті. Сынып сағатына Самар бастауыш мектебі және Ж.Болғанбаев лицей мектебінің оқушылары қатысты. 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды, оның - 24 біздің жерлестеріміз. Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр.

Іс-шара соңында оқүшылар Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, «Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда» — деп мұражай менгерушісі Дюсюпова Г.Ж. тәрбие сағатын аяқтады.




2018 жылдың 23 сәуір айында Самар кітапханашыларымен бірлесе отырып «Қасым Қайсенов –өмірлік ерлік» тематический кешті өткіздік. Іс-шараға Кок-жота мектебінің және Бастаушы аулынын Абай атындағы мектебінің оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Біз бүгінгі ерлік сабағын Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Қасым Қайсенов туралы айтпақпыз. Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Ол1918 жылы 23 сәуірде  Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген ал  2006 жылы 30 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды- деп кітапханашы Бакиева Г.К. оқушыларды Қасым Қайсенов  өмірбаянымен таныстырды. Іс- шара соныңда мұражай экскурсоводы оқушылардымұражай залдарымен қысқаша таныстырып өтті.





2018 жылдың 3 мамырында Самар ауылының тарихи-өлкетану мұражайында «Самар аграрлық-техникалық колледжінің» №22 топ студенттері, шебері Солтанбекова Д.А, тәрбие ісінің меңгерушісі Қарымбаева Ш.М.Жеңіс күнін мерекелеуге арналған «Соғыс жылдарындағы әндер» -әдеби-музыкалық компазициясынақатысты. Самар кітапханасының кітапханашылар Бакиева Г.К. және Тобыкпаева З.С. студенттерге ән туралы әңгіме өткізді.Әңгіме барысында Ұлы Отан Соғыс жылдарында айтылған «На безымянной высоте», «Смуглянка», «Журавли», «Темная ночь», «Огонек», «Эх, дороги»атты видеоклиптер көрсетілді.Салтанатты іс-шара «Жеңіс күні» бірлескен өлеңімен аяқталды.



2018 жылдың 4 мамыр Ж.Болғанбаев атыңдағы мектеп- лицей және Бастаушы аулынын Абай атындағы мектебінің оқушыларымен экскурсиялар өткіздік. Мұражай меңгерушісі оқушыларды Даңқ бұрышымен,ондағы экспонаттармен таныстырып,ардагер-жерлестеріміз туралы қызықты әңгіме өткізді. Соғыстан қыйтпаған үш мыңнан астам жерлестеріміздің аты-жөні жазылған «Естелік кітабымен» таныстырды.





2018 жылдың 5 мамыр күні Самар № 1 орта мектеп 5 сынып оқушыларымен «Дети войны» сынып сағат өткіздік.

Соғыс – ол тыл еңбек еткен сіз сияқты жас балалардың маңдай терімен өсіп шыққан бидай, көз ілмей станоктың жанында тұрған тәуліктер, осы сөздермен, мұражай менгерушісі сынып сағатын бастап, оқушыларды аудан 1941-1945 жылдардын тарихимен таныстырды. Міне, осындай жолмен келген жеңістің құнын білмеуге бола ма, соғыста қаза тапқан, тылда еңбек еткен, ортамызда жылдан жылға қатары сиреп бара жатқан отандастарымызды, олардың ерлігін ұмытуға бола ма! Ешқашан да, біз оны – ұмытпаймыз! Шара соңында Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды еске алу «Үнсіздік минутасы» болды .



2018 жылдың 18 мамыр Самар ауылының тарихи-өлкетану мұражайында 31- мамыр – Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне «Жазықсыз жапа шеккендер» атты іс-шара өтті.Жаппай саяси қуғын-сүргін -- қалған қайғылы оқиғалардың бірі Қазақстан тарихы беттерінде. Қазақстан территориясында болған ең ірі лагерь құрылымы Гулаг -АЛЖИР, Степлаг, Карлаг. Республика іс жүзінде айналды бір үлкен түрмеге. Жылдары қуғын-сүргін лагерьлерге Қазақстанның латыш жер аударылған 5 миллионнан астам адам. Бұл шараға Ж.Болғанбаев атындағы лицей – мектебінің 7 сынып оқушылар және оқытушысы Карменова Б.,қатысып, біздің ауданын 1940-шы жылдар депортацияланған немістер түралы тарихымен танысты. Іс- шара соныңда мұражай экскурсоводы оқушылардымұражай залдарымен қысқаша таныстырып өтті.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері тарихи тамырлары мен дәстүрлері бар жас егемен мемлекеттің көрінісі. Сондықтан  әр адамға қасиетті өз елінің рәміздеріне шын жүректен құрмет пен игі ниет жас ұрпаққа берілуі тиіс.  Ту, Елтаңба, Гимн - мемлекеттік рәміздерін  игеру, маңыздылығы мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстан азаматтарын тәрбиелеуде негізгі бағыт болуы тиіс.



Осыған байланысты 4 маусымда музейдеМемлекеттік рәміздер туралы іс-шара өтті. Осы мерекеге Самар медициналық-әлеуметтік мекемесінің қызмет алушыларықатысты. Келушілерге Қазақстан рәміздері туралы айтып, тақырыптық иллюстрация- кітап көрмесін дайындап, іс-шара қызықты өтті.



5 маусымда Самар ауылының мешітінің Наиб имамы Сәуелбай Женісбек, ұстаз Асылбаев Дидар мешіт шәкірттерін мұражайға алып келді.

Келушілер өлкеміздің тарихымен, батыр жерлестеріміз – соғыс ардагерлерінің өмірбаянымен , аудан жетістіктерімен танысып, көп қызықты , керекті деректер алды, өйткені олар уақыт өте келгенде, туған өлкелерінің дамуына өз үлестерін қосады.



2018 жылдың 6 маусымда Мемлекеттік рәміздеркүніне орай Ж.Болғанбаев атындығы мектеп-лицей жазғы лагерінің оқушылары мерекегеқатысты.Балалар «Казақстан» атты сөз – жұмбаққа белсене қатысып және бірігіп шешті.

Мұндағы мақсатымыз – балаларға Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.



22 маусымда Аққала ауылы «Октябрь мектеп- балабақша кешені» КММ «Толағай» жазғы – сауықтыру лагері екінші сезон оқушылары экскурсияға келді.



Оқушылар мұражай залдарымен қысқаша танысып, мұражайымыздағы аудан табиғат бұрышы, яғни ауданымызда кездесетін құстар,жануарлардың макетін көру өте кызықты болды. Балалар мұражайдан қызығушылықпен кетті.
Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет