Мотивациялық
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Біз Балдәурен тобымыз,
Доспыз бәріміз.
Құстай қанат қағамыз,
Биікке біз самғаймыз.
Келгендеріңізге рахмет,
Қош келдіңіздер!
Салеметсіздерме!
Здравствуйте!
Good morning!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Дұрыс айтасыңдар балалар!
Қыс мезгілі суық болғандықтан, жер бетіндегі тіршілік иелері індеріне кіріп, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміздің такырыбы :
Құстардың қысқы тіршілігі-деп аталады. Бүгін сендерді құстармен таныстырамын.
Құстар 2топқа бөлінеді;
үй құстары және жабайы құстар.
Кәне балалар сендер қандай үй құстарын білесіңдер, атап беріңдерші:
Дұрыс айтасыңдар балалар,
бұлар- үй құстары деп аталады, себебі: бұларды біз үйде, қолда өсіреміз,етін жұмыртқасын жейміз.
Ал, балалар қандай жабайы құстарды білесіңдер?
Балалар бұл құстардың ішінде қыстап қалатын құстарда бар екен, олар суыққа тоңбайтын, суықты жақсы көретін,яғни қыстап қалатын құстар деп аталады.
Қыстап қалатын құстарды атайықшы-
Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы өте көп.Олар өсімдіктер мен ағаштарды зиянды жәндіктерден,құрттардан қорғайды.Балалар біз құстарғаа мейірімді,қамқор болуымыз керек.Оларды атпай,жаман адамдардан қорғауымыз керек,Оларға ұя жасап,жем шашып қамқор болуымыз керек.Құстар өз азықтарын қардың астынан шұқып,тырнағымен тырнап тауып жейді.
Ата-бабаларымыз құстарды қасиеттеген,оларды құрметтеп аққуды махаббаттың,қарлығашты мейірімділіктің,бүркітті ержүректіктің символы ретінде айтқан.
Құстар туралы слайд тамашалаңыздар!
Ал,балалар енді құстарға арналған тақпақтарымызды айтып берейік
Билингвалды компонент
Птицы-құстар
Жем- корм
Ұя-гнездо
Жемсауыт-кормушка
Қарлығаш-ласточка
Қораз-петух
Ғажайып сәт
Әтеш қонаққа кірді.
Сәлеметсіңдерме балалар,мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Балалар мен сендерден көмек сурап келдім қыс мезгілі болғандықтан менің даладағы достарыма жем тауып жеу өте қиынға соқты,сендер мейірімдісіңдерғой,біздің досымызсыңдарғой,бізге көмектесесіңдерме, жем жасап бересіңдерме!
Шығармашылық жұмыс
Қарлығаш тобы-
Жемсауытты жапсыру
Балапан тобы-
Жемді мүсіндеу
2бала ортаға шығып жұмысымен таныстырады.
Әтешке жасаған жұмысты беріп қоштасады.
Сергіту сәті
1,2,3-қарға болып ұш,
4,5,6-қарға болып қалқы,
7,8,9,10-қарға болып қон.
Дидактикалық ойын:
«Дауысын ажырат»
|
Балалар шеңбер жасап,
педагогпен бірге қайталайды.
-қыс мезгілі.
-қар жауады, боран соғады,
аяз болады,
күн суытады
Тауық, қаз, үйрек, қораз, күркетауық.
Балалар жауап береді.
-қарлығаш,қарға,
торғай,сауысқан, кептер,бұлбұл, тоқылдақ,шымшық
және т.б
Қарға,шымшық,сауысқан,
Торғай,аққу,кептер және т.б жатады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар қызығушылықпен қарайды.
Аида
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томардан-томарға,
Секең-секең ауысқан.
Кәусар
Қарға,қарға,қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қар болар,
Бұтаға келіп қонар.
Алдияр
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Заңғар
Құстар,құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
Көктем келді деп бізге,
Жақсы хабар береді.
Райана
Сары бауыр шымшықтар,
Қыстан аман шығыңдар.
Жазды көріп жайнаңдар,
Қуанғаннан сайраңдар.
Балалар қайталайды.
Сәлеметсізбе әтеш!
Жарайды, сіз қамықпаңыз,біз сізге көмектесеміз,айтқаныңызды орындаймыз.
Балалар тапсырманы орындайды.
Қимыл-қозғалысын келтіріп орындайды.
Балалар ойынға белсене катысады.
|