Сабақтың түрі: сыныптан тыс іс-шара Сабақтың әдісі: сұхбат, бейнебаян қарау, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру



Дата30.06.2017
өлшемі50.94 Kb.
#17470
түріСабақ
Ақтөбе қаласы

Тарих пәні мұғалімі

Нурмагамбетова Салтанат Куандыковна

Сыныптан тыс іс-шара: «Тас жүрек қоғам, тастанды балаң»

Мақсаты: Оқушылардың бойына қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық, жылулық шуағын себу. Біздің қоғамымыздағы орын алып отырған қайғылы жағдайларға бей-жай қарамауға тәрбиелеу. Жақсылық жасауға, ұлағатты істерге бастама жасауға, оқушыларға ой салу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс іс-шара

Сабақтың әдісі: сұхбат, бейнебаян қарау, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнебаян.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Келген қонақтармен таныстыру.

Мұғалім: Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға, өзекті өртер өкінішке толы.Қарттар үйі… Бұл — қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын.

Бейнебаян көрсету.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметі бойынша еліміздегі қарттар үйі 67-ге жетіп, онда 12 мың адам тұрып жатыр.

Олардың басым бөлігі:

  • Шығыс Қазақстан облысында 11 қарттар үйі, 2380 орын орналасқан.

  • Ақмола облысы 10 қарттар үйі 1103 орындық бар,

  • Қостанай облысы 9 қарттар үйіндегі 1129 егде адамға қамқорлық көрсетіп отырған үшінші орында екен.

  • Ведомство жүргізген зерттеу бойынша қарттар үйінің саны 87-ге, ондағы қариялардың саны 35 мыңға жеткен. Олардың 45,5 пайызын әйелдер қауымы құрайтыны белгілі бол­ды. Бірақ министрлік қамқорлықсыз қал­ған қариялардың қанша пайызы қай ұлттың өкілі екенін жариялаған жоқ.

  • Статистика бойынша 100 пайыздың 70 пайызы өзге ұлт өкілдері(татар, қырғыз, т.б.). 30 пайызы қазақтар.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде «Ата-ананың қартайған шағында олардың екеуін яки бар біреуін разы етіп, күтпеген перзент қор болсын, қор болсын, тағы да қор болсын!» деген. Қазіргі кезде балалардың өз ата-аналарынан бас тартуына не себеп?

Кішкентайынан әлпештеп өсірген ба­ла­ла­ры ата-ана­сын сол бір қараң қалғыр шаңыраққа апа­рып тас­тап жа­та­ды. Беті бүлк ет­пес­тен ая­у­лы ана­сы­нан, асқар та­у­дай әкесінен бас тартқан балаларға не де­уге бо­ла­ды!? Қандай ша­ра қолданамыз?!
Оқушылардың сұрақтары:

1.Әке-шешесін, ата-әжесін қарттар үйіне тастаудың себебі қандай?

2. Бүгінгі таңда қарттардың қарттар үйіне түсуіне не себеп болуы мүмкін?

3.Қазіргі таңда қарттар саны көп пе?.

4. Кең пейілді қазақ даласында бұрын соңды қарттар үйі болған жоқ. Бұл ұғым, бұл үрдіс қазаққа қашаннан бері енді?

5.Қарттар үйіндегі жағдай қалай деп ойлайсыз?

6.Қарттар өздерін қарттар үйінде қалай сезінеді?

7.Қарттарды қалай жігерлендіреді?

8.Ата-аналарына жиі келіп тұратын адамдар бар ма?

9.Қарттар үйіне жиі барасыз ба?

Ата-анасынан бас тартқандардың кейбіреуі бұл әрекетін дұрыс деп есептейді. “Олар жұмысқа кетіп қалады, балалары сабақта. Үлкен кісі шайын қойып та іше алмайды. Таңнан қара кешке дейін жалғыз қалады. Іші пысады” дейді. Адамның жасы ұлғайып, дене мүшелері әлсірегенмен, көңілі қартаймайды демеуші ма еді.

Мысалы,


  • Германияда зейнетке шыққаннан кейін зейнеткерлер саяхатқа шығады екен. Олар үшін бұл кезең “жастықтың қайта оралатын бақытты шағы”.Ал біздегі бәрі демейміз, көптеген зейнеткерлердің жағдайы қалай? Зейнетақы жыл сайын көбейіп отыр. Көбейген зейнетақымен жарыса, таласа баға да өсіп отырған жоқ па?

  • Ал АҚШ-та қарттарға арналған арнайы курстар бар. Онда компьютерлік сауатын ашады, шахмат ойнайды, кітап оқиды тігін, тоқыма істерімен айналысады. Бәлкім, бізге де керегі сол шығар. Балалары жұмысқа, немерелері оқуға кеткенде, жалпы қалаған уақтында келіп тұратын қарттардың демалыс орнын ашса қалай болар еді? Мейлі, ақылы түрде болсын делік. Алайда, қарттардың өмір сүру деңгейімен мемлекеттің жағдайын анықтауға болады. Өкімет белгілі мөлшерде ақша аударса, демалыс орны арнайы медпункт, асхана, арнайы мұғалімдер, психологтармен қамтамасыз етілсе. Бұның барлығы қарттар үйінде бар. Бірақ қарттар үйінің қызметі мен мақсаты мүлдем басқа. Онда тек жалғызбастылар ғана қабылдануы тиіс орындалмайтын заң бойынша.

 Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген өскен халық. Алайда соңғы уақытта іштен шыққан баласын далаға тастап, ана атанып жүргендер қаншама? Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты — балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған — тергенін балаларының жолына, қолына берген. Кез-келген адам баға жетпес бақытты ұрпағының жалғасып, өсіп-өнуін тілейтіні белгілі. Ал, қазірігі таңда кейбір жандар өз бақытын байлықтан, мансап пен қызметтен іздейтін сияқты. Соның есебінен елімізде жәутеңдеп қара көздердің саны едәуір артып, жетімдер үйі көбеюде. Кейде таң қаласың, кейбір жандар балаға зар болып, күні-түні үмітін үзбей, Алладан жалбарынып тілейді. Енді біреулер Алланың берген сәбиін көрінгеннің қолына тастайды. Тұрмыс жағдайын, тағдыр тауқыметін сылтау етіп, балаларынан бас тартады. Көзі қиып, жүрегі шыдап, шырылдаған сәбиін панасыз қалдырған тасбауыр жандар жер басып қалай жүреді екен?

Бейнебаян. 

1. Тастанды балалардың көп болуы не себепті деп ойлайсыздар?


2. Кәмелетке толмаған қыздардың мұндай жағдайға түсуіне не себеп?
Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім бала бар екен.

Олардың ішінде:



  • жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала;

  • мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала;

  • балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала;

  • кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала;

  • ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала;

  • отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала тәрбиеленуде.

Қазақстан халқының жалпы саны 16 миллионнан асар-аспас. Бұның 4,5 миллионы – балалар. Елiмiздегi ата-ана қарауынсыз күн кешкен бала саны 46 мыңнан асады. Ал олардың 16 мыңы мемлекеттiң қарауында. Соңғы он жыл шамасында шетелге сатылған балалар саны 6014 болса, олардың 5308-iн АҚШ-қа жөнелтiппiз. Осындай көрсеткiшпен елiмiз қазiргi кезде шетелге бала сатудан әлем бойынша үшiншi орынға шықты. Бала сатудың ең көп деректерi Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында тiркелгенiн ескерсек, бұл аймақтардың басым көпшiлiгiн өзiмiздiң қаракөздерiмiз құрайтынын ұмытпайық.
2011 жылы Жамбыл облыстық IIД ұйым­дасқан қылмыспен күрес бөлiмi қыз­­меткерлерiнiң кәмелеттiк жасқа толмаған балаларды сатуға қатысты 6 оқиғаны тiркеген. Ал Оңтүстiк Қазақстан облысында соң­ғы екi жылда өз баласын саудалаған бiрнеше оқиға тiркелiптi. Тiркелген нақты оқиғалардың бәрiнде сәбилердiң құны әрi кетсе 5-6 мың АҚШ долларына бағаланған. Кейбiрi тiптi 100 мың теңгеге баласын бөтен адамға сатуға да келiскенi жөнiнде дерек бар. Сайып келгенде, бұл – Қазақстандағы әлеуметтiк тұрмыс пен қоғамдық сананың жарқын көрiнiсi. Бiрiншiден, мұқтаждық пен жетiспеушiлiк, яғни әлеуметтiк проблема азаматтарымызды тиын-тебенге бауыр етi баласын сатуға мәжбүрлеуде. Ал екiншi жағынан, сәбиi жоқ отбасылардың бала асырап алуына кедергi көп. Сәбилерiмiздiң осындай солақай саясаттың құрбанына айналып жатқаны – орны толмас өкiнiш.

Бейнебаян көрсету.( Мөңке бидің айтқаны)

Қорытынды: Қарттар мәселесі бұрында айтылған, бүгінде аз айтылған жоқ. Егер бойда намыс болса, жігер болса, әлі-ақ ардагерлер үйі жабылады. Ондағы ақсақалдар үйіне қайтады.

Ата-аналардың балаларынан оңай бас тартып, жетім балалардың көбеюі күн санап артып келеді. Осындай жағдайларды қарап отырып, қазақ халқының бойын сіңірген мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттерінің жоғалып, жолдан тайып бара жатыр-ау деп күмәнданамыз! Әрбір адам баласы дүниеге жетім болу үшін келмейді. Сондықтан да қатыгездікке жол бермеген абзал ағайын!



Ән: Сәби бақыты. Ұлықпан Жолдасов.
Каталог: uploads -> doc -> 114b
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
114b -> Сабақ тақырыбы Вирустық аурулар және олардың алдын алу
114b -> «Алтын күз» мейрамы» Мақсаты
114b -> Итоговый тест по теме «Южная Америка»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет