Сабақтың түрі: пікір талас сабағы



Дата14.10.2018
өлшемі35.86 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: Әлемдегі ең ірі ормандар.


Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға әлемнің табиғат зоналары, таралу ерекшеліктерін, орман зонасының орналасуын түсіндіру. Ормандардың ерекше қасиеттерін үйрену. Оқушылардың кең ауқымды танымын қалыптастыру, олардың қызығушылығын ояту арқылы жеке пікірге жетелеу.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, экологиялық тәрбие - табиғатты аялауға үйрету.

Сабақтың түрі: пікір талас сабағы

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ - жауап. Сын тұрғысынан ойлау (С. Т. О.) технологиясының ой шақыру стратегиясы, академиялық дау - дамай стратегиясы, эссе стратегиясы, топтастыру стратегиясын қолдау.
2. Әңгіме - дәріс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сүреттер, Дүниежүзі климаттық белдеулер табиғат зоналар картасы

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығы.
Үй тапсырмасын тексеру:
• Климаттық белдеулерді ажыратқан кім?
• Қандай климаттық белдеулер бар?
• Қазақстан қайсы белдеуде орналасқан?

ІІ. Негізгі бөлім


1. Тайга ормандары.
2. Қатты жапырақты ормандар
3. Ауыспалы ылғалды ормандар
4. Ылғалды экваториал ормандар

1. Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Орман ылғал артық немесе жеткілікті жағдайда қалыптасады. Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га - дан астам, яғни дүние жүзінің 27 – 28%- н орман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О - ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%- н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі Жалпы Орманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі

Тайга ормандары – тек қана қылқан жапырақты ағаштар өсетін зона. Тайганың топырағы күлгін, көбінесе батпақты болып келеді. Қарағай мен шырша өседі. Ресей жерінің Оралдан шығысқа қарай жатқан бөлігі – Сібірде суыққа төзімді май қарағай, Сібір қарағайы – самырсын және қыста қылқандарын түсіретін ағаш – бал қарағай таралған. Сібір жерінде климаттың қатаң болуына байланысты тайга зонасы еуропалық бөлікпен салыстырғанда оңтүстікке қарай ығысқан және неғұрлым үлкен аумақты алып жатыр.

Аралас ормандар тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралағында орналасқандықтан, құрамында қылқанды, жалпақ және ұсақ жапырақты ағаштар аралас өседі, шөптесін өсімдіктерге байланысты топырағы шымды – күлгін болып келеді. Тынық мұхит жағалауындағы аралас ормандарда муссонды климат әсерінен емен, жөке, Амур барқыт ағашы, жабайы жүзім мен Сібір май қарағайы өседі.


Жалпақ жапырақты ормандар белдеудің жауын – шашын көп түсетін батысы мен шығысында ғана көп орналасқан. Құнарлы қоңыр топырақта өсетін бұл орманның ағаштары жылу сүйеді, ылғалды көп қажет етеді.

2. Қатты жапырақты ормандар


Жерорта теңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана.

3. Субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы Жапон аралдары мен Кореяның оңтүстігінен бастап, Тынық мұхит жағалауы арқылы Үндіқытай түбегін бойлап, субэкваторлық белдеуге де өтеді. Жерорта теңізі жағалауымен салыстырғанда, мұнда жаз ылғалды, қыс біршама құрғақ және салқынырақ болады. Ормандарда мәңгі жасыл ағаштардан магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, жалпақ жапырақтылардан емен, шамшат, шегіршін, қарағай мен кипорис өседі. Ағаштар лианалармен шырмалып, ну орман сипатына енеді. Жануарлардан жолбарыс, қабылан, аю, панда, гиббон және макака маймылдары, тотықұстармен үйректер кездеседі.

4. Ылғалды экваторлық ормандар
Экваторлық белдеудің көп жерін: Экваторлық Африканы, Оңтүстік Америкадағы Амазона өзенінің алабын, Малайя топаралдарын және Мұхиттық аралдарды экваторлық ылғалды, мәңгі жасыл ормандар белдемі (гилея белдемі) қамтиды. Күлгінденген ферраллит топырақта сан алуан өсімдік түрлері өседі (пальмалар, эпифиттер және лианалар). Мұхит және теңіз жағалауларында мангр тоғайлары кездеседі. Табиғат жағдайлары маусымға байланысты өзгермейді. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы субэкваторлық белдеулерде экватордан алыстаған сайын ұдайы ылғалды ормандар ауыспалы ылғалды ормандар белдеміне өтеді. Мұндағы ағаштардың біразы құрғақшылық маусымда суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.

ІІІ. Қорытындылау


1. Қызықты сұрақтар:
Сүт қоректілерден қайсы жануар су ішпейді? (Коала) Әлемдегі ең ірі пальма (ротанг) Бамбук ағашын жақсы көреді (панда) Амазонканың ағашта оп - оңай өрмелейтін, суда да жақсы жүзетін, құрлықта да жүйрік мысық тұқымдас, қауіпті жануары? (Ягуар)

3. Миға шабул


Неге тайга ормандарында тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі?
Орманның адамзат коғамы үшін қандай маңызы бар?

4. ЭССЕ
Құстар ормандардың досы......

5. Біз – табиғат жанашырларымыз.
Ой толғаныс сатысы.
Адам – табиғаттың досы ма? (академиялық дау - дамай стратегиясы)
ИӘ --------- ЖОҚ ----------- БЕЙТАРАП (кесте)

Әр оқушы өз пікірін айтады

6. Халық педагогикасы
Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады. Сондай - ақ қазақ дәстүрінде қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Себебі қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қырқыласың деп тыйым еткен. Яғни, дүние түгел егізден жаралған, ал егіздің сыңарын құлатқан оңбайды, көңілі қапаланып, зарығып өтеді деп қатты ырымдайды.

7. Карта мен жұмыс.



Сабақты бекіту.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1. «Ормандардың табиғаттағы орны» тақырыбына эссе жазу.
2. Жаңалықтар.
3. семантикалық карта толтыру
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет