Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/ Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.10.2018
өлшемі64.79 Kb.
түріСабақ
Темірастау орта мектебі

Бекітемін: _______________

Оқу ісі орынбасары: Ж.Мұхтар

Пікірсайыс



Тақырыбы: Компьютер пайдалы ма, зиянды ма?

("жаратылыстану және техникалық пәндер" бірлестігінде)


Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі Мұхтарова Гүлшат Жарасқызы
Жаныс би 2012

«Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?» атты пікірсайыс

Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютер , бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, мамандыққа бағыт бағдар беру, интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға, оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, жақтаушы, даттаушы деп жазылған қағаз,тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар,мультимедиа құралдары

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: екі топты, сарапшыларды, пікірсайыс кезеңдерімен таныстыру

  2. «Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?» мәтін оқу

  3. Сайыс кезеңдерінің орындалуы:

  1. Пікірлер

  2. Сұрақ жауап

  3. «Компьютерлі болашақ-біздің көзімізбен...» топ басшы спикерлерінің қортынды сөзі

  1. Әділқазылар алқасының қортынды сөзі, марапаттау

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?» атты пікірсайысқа қош келдіңіздер!(Слайд) .Қазіргі өмірде адам баласын информатика ғылымынсыз елестеу қиын.Информатиканың ұдайы дамуы кез алдымызда тізіліп өткен поезд вагондары секілді. Мұндай өзгеріске тез үйреніп кеттік.Бірақ күнделікті қолданып жүрген қарапайым дербес компьютерді, бәріміз жақсы үйреніп алдық. Енді осы компьютердің зияны мен пайдасын білеміз бе? Қауіпсіздік ережесін жетік меңгердік пе? Балаларды баурап алаған компьютерлік ойындар несімен пайдалы? деген сұрақтан санамызға маза бермейтіні рас. Міне, осы сұрақтарға бүгінгі ұйымдастырып отырған «Компьютер пайдалы ма, зиянды ма?» атты пікір сайысымыздан жауап таба аламыз деген үміттеміз.

Қазіргі ХХ1-ғасыр техниканың даму ғасыры болып саналады. Өмірімізге тез енген компьютердің пайдасын, осыған қоса зиянын білеміз бе? Деген сауалға жауап іздейміз. Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 9,10 сынып оқушылары білімдерін сынамақ. Олай болса ортаға «Даттаушылар» тобының мүшелерін шақырайық: дарынды оқушы, «жыл оқушысы 2012» байқауының номинация иегері Сағынбай Науан осы топтың басшы спикері, үлгілі, тәртіпті, озат оқушы Әбдіғаппар Асқарбек, түрлі сайыстардан көрініп жүрген, озат оқушы Айса Сәңкібай, төменгі класстың өскелең оқушыларына үлгі боларлықтай инабатты оқушы Әбдіғапар Гүлсая.Енді «Жақтаушылар» тобын ортаға шақырайық: топ басшы спикері Әбдіхайдар Айболған озат оқушы, топ құрамы қыздар Атығай Гүлбақыт, Әбіл Тұрсын, Төлеутай Қамар барлығы да қоғамдық жұмысқа өте белсенді араласатын, үлгілі оқушылар.

Ең алдымен сіздерге осы пікірсайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі: Жарас ағай

Мектептің тәрбие ісі меңгерушісі Нұртілек ағай

Физик, әрі информатик Нұрлан ағай

Мектебіміздің медбикесі Мәншүк апай

Енді бүгінгі сайыстың кезеңдерімен және бағалау әдісімен таныстырып өтейін



  1. Пікірлер

  2. Сұрақ жауап

  3. «Компьютерлі болашақ-біздің көзімізбен...» топ басшы спикерлерінің қортынды сөзі

1-тур. «Жақтаушы», «Даттаушы» топтардың өз пікірлері. Әр топтан 3 оқушы өз пікірлерін ортаға салып, компьютердің пайдалы екенін немесе зиянды екенін қорғап шығуы керек. Компьютерде белгіленген уақытты сақтауы керек. (әділқазылар алқасы спикерлердің түсіндіре, жеткізе білуін, жылдамдығын ескереді)

Жақтаушылар: Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Робаттай адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене?

Тындыратын бар істі

Көрсететін киносын

Есіңде сақтап қояды

Білгеніңді жинасаң

Компьютер емей немене?

Солай да солай достарым

Компьютер болсың достарың

Меңгере алсаң сен оны

Өмірде озып тасқаның деген ұранмен келіп отырған жақтаушылар тобына сөз кезегін берейік

Даттаушылар:

Оқушы мына жастардың

Келешегін ойланам

Интернетпен агент тұр

Бар әлемді жайлаған

Алыстатып білімнен

Жастардың жолын байлаған

Оқып білім алмаған

Дей ме екен жастар «қой бағам»

Тосқауыл қойып агентке

Ден қою керек білімге

Өмірге керек қорегің

Ойлансаң жастар білімде деген ұранмен ортамызға өз пікірлерін айтуға келіп отырған даттаушылар тобына сөз кезегін берейік.



2-тур. «Сұрақ- жауап». Екі топ бір-біріне 4 спикер, 4 сұрақтан қояды. Дайындалуға уақыт берілмейді, қай спикер жауап берсе ұпай соның еншісінде. Көрермендерден сұрақ қоюшылар бар болса қоюына рұхсат.

3-тур.

«Компьютерлі болашақ-біздің көзімізбен...» сайысты қортындылау. Әр топтің спикерлері бір бірден компьютерлік терминді қоса отырып, өздерінің көтеріп отырған мәселелерін бір ауыз сөзбен қорытады.Мысалы: даттаушыларға: «Пернетақтаның пернелері қаншалықты көп болса, компьютерден келер зиянда соншалықты көп, олай болса денсаулығымызды күте білейік достар», «Жарқыраған сұйық кристалды монитор тәрізді жарқыраған жанарымызды сақтайық!», жақтаушыларға: «санау жүйелерінің сансыз сырлары сияқты, ашылмаған құпияларды компьютер көмегімен ашайық! », «біздің бүгінгі айтқан пайдалы кеңестерімізді принтер сияқты шығарып тастамай, сканер тәрізді өзімізге енгізіп алайық достар!» Дайындалуға уақыт беріледі.

Сайыскерлер дайындалып болғанша, отырған оқушыларға сұрақтар беремін:



  • Бұтақ орнында мың бір инесі бар, Компьютер жанын мекендейді (кактус)

  • Монитордың жанына қандай гүл қойылады, не себепті?

  • Жоқ өзінде бас та, қас та , мойын да,

Ұзіндығы жазулы тұр бойында

Ақпаратты басып шығарады

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)


  • Зиянды сәуледен қорғану жолдарын ата?

  • Батырмасын басасың,

Қажетті файды ашасың (тышқан)

  • Әрбір компьютердің жанында немесе компьютер кабинетінде тұратын журнал қалай аталады, оны не себепті толтырамыз?

  • Монитор мен адам арасындағы қашықтық қанша сантиметрден кем болмауы керек?

  • Сендер компьютер кабинетінде сабақта отырсыңдар, мұғалімдеріңде өздеріңмен бірге, кенет сендерге басқа пәннен сабақ беретін мұғалім есікті ашып кіріп келді сендердің әрекеттерің қандай болмақ, не істейсіңдер?

(топ спикерлері қортынды термин сөздерін айтады)

Енді топ басшы спикері «Компьютерлі болашақ­- біздің көзімізбен...» атты қортынды сөзі

Енді осымен біздің пікірсайысымыз аяқталды. Пікірсайыстың басында сіздерге екі түстен жетон тарқатылған болатын сол жетондарды қай топ жақсы қатысты десеңдер сол топқа дауыстарыңды беріңдер. Бұл жетондарды әділқазылар алқасы санайды.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда,жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып,тасып,

Біреу ығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді таланттарға

Ендігі кезекті әділқазылар алқасына берейік. Жарыс болғанан кейін бір топ жеңіледі, бір топ жеңеді. Сонымен қай топтың жеңімпаз атанғанын анықтайық.



Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! (Слайд)




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет